Салықтарды есепке алу мен қайтару, салық төлеушілер нені білуі керек!
24.09.2026 11:46:31 256
📢Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге артық немесе қате төленген салықтарды, бюджетке төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару тәртібі туралы хабарлайды.
📌 Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, артық немесе қате төленген салықтар мен бюджетке төлемдерді қайтаруды мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушінің өтініші негізінде жүзеге асырады. Қаражат өтініште көрсетілген банктік шотқа аударылады. 🏦
📝 Салықтарды, бюджетке төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және (немесе) қайтару туралы салықтық өтініштің нысаны ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы №637 бұйрығымен бекітілген.
🏢 Қайда жүгіну қажет?
🔹 Жеке шоттары жүргізілетін салықтар мен бюджетке төлемдерді қайтару жеке шоттар жүргізілетін жердегі мемлекеттік кірістер органы арқылы жүзеге асырылады.
🔹 Жеке шоттары жүргізілмейтін төлемдерді, мысалы, мемлекеттік баж бен тіркеу алымын, қайтару олар төленген жердегі мемлекеттік кірістер органы арқылы жүргізіледі.
⚠️ Маңызды! «Салықтарды, бюджетке төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару» мемлекеттік қызметі e-Otinish бірыңғай платформасы арқылы көрсетілмейді❌
📲 Артық немесе қате төленген сомаларды уақытылы қайтару үшін белгіленген нысандағы салықтық өтінішті мына тәсілдердің бірі арқылы беруге болады:
💻 Электрондық түрде:
1️⃣eGov.kz цифрлық үкімет веб-порталы арқылы,
2️⃣«Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы арқылы,
3️⃣e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы.
📄 Қағаз түрінде:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы.
⏰ Назар аударыңыз: өтініш белгіленген нысан бойынша және тиісті тәсілмен берілуі қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1297633?lang=ru