«Ашық есік күні» аясында салық салудың өзекті мәселелері түсіндірілді
25.09.2026 19:47:49 210
Бүгін 24 қыркүйекте Целиноград ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні» өтті.
Іс-шара барысында салық заңнамасындағы өзекті өзгерістер мен Салық кодексіне енгізілетін түзетулер жобасының негізгі ережелері бойынша түсіндіру жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру, салық агенттері мен маркетплейстердің функцияларын кеңейту, цифрлық активтерге салық салу, әлеуметтік салықтық шегерімдерді қолдану, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен шаруа қожалықтарына салық салу, инвестициялық тетіктер және бейрезиденттердің табыстарына салық салу мәселелері қаралды.
Іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, салық заңнамасын қолдану бойынша практикалық түсіндірмелер алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1298518?lang=ru