Павлодарда бақылау және қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдындағы Бірыңғай есеп беру күні өтті
25.09.2026 20:18:13 224
Павлодарда бақылау және қадағалау органдарының жыл сайынғы Бірыңғай есеп беру күні өтті. Іс-шара «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнес-қоғамдастық, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен ашық диалог форматында ұйымдастырылды.
Кездесудің басты мақсаты – жұмыстың аралық қорытындыларын шығару, салықтық және кедендік әкімшілендірудің өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ кәсіпкерлерге әкімшілік жүктемені азайту бойынша бірлескен шешімдер әзірлеу.
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2026 жылдың 8 айындағы қызметінің қорытындылары туралы баяндамасымен Департамент басшысы Ержан Тоқтарханов сөз сөйледі. Департамент басшысы атап өткендей, есепті кезеңде салықтық және кедендік түсімдердің тұрақты динамикасы қамтамасыз етілді. Республикалық бюджетке салықтық түсімдер бойынша жоспар 103,7%-ға орындалды: 370,3 млрд. теңге жоспарланғанда, нақты 383,9 млрд. теңге түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 141,1%-ды құрады. Жергілікті бюджетке 305,4 млрд. теңге түсті, ал кедендік төлемдер 21 млрд. теңгеден асты.
Кездесу барысында бақылау функцияларына тәсілдерді өзгертуге және бизнеске түсетін жүктемені төмендетуге ерекше назар аударылды. Ағымдағы жылдың 8 айында салықтық тексерулер саны 60%-ға қысқарды, өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 800 тексеруге қарсы 480-ге жуық тексеру жүргізілді. Кәсіпкерлікті қолдау шеңберінде шағын және шағын кәсіпкерлік субъектілерін олардың салықтық міндеттемелері бойынша тексеру тоқтатылды. Бақылау жұмысының басты басымдығы профилактикалық камералдық бақылау болып қала береді, ол салық төлеушілерге айыппұл санкцияларын қолданбай қателіктерді өз бетінше жоюға мүмкіндік береді. Қосымша есептелген 5,5 млрд. теңге салықтың 3,5 млрд. теңгеден астамын бизнесмендер өз еркімен аударды.
Бизнес-қоғамдастық өкілдері туындаған мәселелерді жедел шешу үшін осындай іс-шараларды жүйелі түрде өткізуге мүдделілік білдірді.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
және Байланыс-орталығы басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1298536?lang=ru