Алматы қаласы бойынша МКД-да ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті
25.09.2026 21:21:00 205
23 қыркүйекте Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының көшпелі отырысы өтті.
Кездесуде мемлекеттік қызметтердің 2025–2026 жылдардағы көрсеткіштері мен динамикасы, ішкі бақылау нәтижелері және анықталған бұзушылықтарға жүргізілген салыстырмалы талдау қаралды. Сонымен қатар, қызмет берушілер, қызмет алушылар және ақпараттық жүйелер арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері жеке талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және анықталған мәселелерді шешуге бағытталған ұсыныстар әзірленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1298576?lang=ru