Исламабадта Қазақстан Әскери-теңіз күштері әскери қызметшілерінің қайғылы қаза болуына байланысты қазақ халқына көңіл айтылды
26.09.2026 12:51:18 140
Исламабад, 2026 жылғы 25 қыркүйек – Әскери қызметшілердің қайғылы қаза табуына және Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялануына байланысты Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінде Мемлекеттік Ту төмен түсіріліп, көңіл айту кітабы ашылды.
Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде орын алды. Оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райы жағдайының күрт нашарлауы және желдің күшеюі салдарынан 17 әскери қызметшіні теңізге ағызып әкетті, олардың 14-і қаза тапты.
Қаза тапқандарды еске алып, Қазақстан халқына қолдау білдіру үшін Елшілікке дипломатиялық миссиялардың басшылары мен өкілдері, шет мемлекеттердің әскери қолбасшылық өкілдері, сарапшылар қауымдастығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келді.
Көңіл айту кітабына Пәкістан Сыртқы істер министрінің орынбасары Елші Б. Хайи, Беларусь Республикасының Пәкістандағы Елшісі А. Метелица, Ресей Федерациясының Пәкістандағы Елшісі А. Хорев, Әзербайжанның Пәкістандағы Елшісі И. Давудов, Тәжікстанның Пәкістандағы Елшісі Ю. Шарифзода, Түркияның Пәкістандағы Елшісі И. Незироглу, Румынияның Пәкістандағы Елшісі Д. Стоенеску, Палестинаның Пәкістандағы Елшісі З. Заид, АҚШ-тың Уақытша сенімді өкілі Н. Бейкер, Қырғызстанның Уақытша сенімді өкілі А. Тілебалиев, Ресей Федерациясының әскери атташесі В. Фенченко, Ирактың әскери атташесі генерал-майор М. Аббас, АҚШ-тың әскери атташесі бірінші рангты капитан Н. Амирал, Жапонияның әскери атташесі Т. Такэси, Малайзияның әскери атташесі Н. Бинотман, Әзербайжанның әскери атташесі Э. Мовсумов, Мысырдың әскери атташесі М.Файез, ЮНИСЕФ өкілі әрі БҰҰ-ның Пәкістандағы Тұрақты үйлестірушісінің м.а. П. Айронсайд, Малайзия, Оман, Мысыр, Өзбекстан, Түрікменстан және Непал елшіліктерінің дипломаттары, сондай-ақ Пәкістанның сарапшылар қауымдастығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері көңіл айту жазбаларын қалдырды.
Келушілер қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына терең көңіл айтып, осынау қаралы сәтте Қазақстан халқымен ынтымақтастықтарын білдірді.
Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі орны толмас қазаның қайғысын бөлісіп, көңіл айту және қолдау сөздерін жеткізген баршаға шынайы ризашылығын білдіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1299127?lang=ru