Қазақстан және Ресей сыртқы істер министрлері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясы аясында кездесті
2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстан және Ресей сыртқы істер министрлері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясы аясында кездесті

26.09.2026 13:03:22 233

Нью-Йорк, 2026 жылғы 25 қыркүйек – Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясы жоғары деңгейдегі апталығы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті.

Тараптар Қазақстан-Ресей екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, Қазақстан мен Ресейдің көпжақты форматтар шеңберіндегі өзара іс-қимылына ерекше назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік расталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1299142?lang=ru