Самар ауданында азаматтық қорғау бойынша кешенді оқу-жаттығу өтті

Самар ауданында азаматтық қорғау бойынша кешенді оқу-жаттығу өтті

28.09.2026 13:18:10 299

Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупі мен орын алуы кезіндегі басқару органдарының іс-қимылдары тақырыбында азаматтық қорғау бойынша кешенді оқу-жаттығу өтті.

Оқу-жаттығу Шығыс Қазақстан облысының аумағында өткізілетін оқу-жаттығулар мен жаттығулар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Негізгі мақсат — төтенше жағдай туындаған кезде ауданның басқару органдары, азаматтық қорғау күштері мен жедел қызметтердің дайындығын тексеру, сондай-ақ олардың өзара іс-қимылын пысықтау.

Оқу-жаттығуға Самар ауданының әкімдігі мен ауылдық округ әкімдіктерінің өкілдері, төтенше жағдайлар бөлімі, полиция, медицина қызметкерлері, ветеринариялық қызмет, «Қазақтелеком» АҚ филиалы, аудандық электр желілері (РЭС), санитариялық-эпидемиологиялық қызмет (СЭС), сондай-ақ азаматтық қорғау жүйесіне кіретін басқа да ұйымдар мен қызметтер қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар төтенше жағдайдың туындау қаупі кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібін пысықтады. Басқару құрамын және халықты уақтылы құлақтандыруға, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыруға, қалыптасқан жағдайды бағалауға және тиісті басқарушылық шешімдер қабылдауға ерекше назар аударылды.

Практикалық кезеңде Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару бөлімшелері жергілікті қызметтермен бірлесіп, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу элементтерін пысықтады. Сонымен қатар шартты апат аймағынан тұрғындарды эвакуациялау және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібі көрсетілді.

Оқу-жаттығу барысында қызметтер арасындағы өзара іс-қимылға да ерекше көңіл бөлінді. Төтенше жағдай орын алған жағдайда әрекеттің тиімділігі әкімдік пен құтқарушылардан бастап медициналық, коммуналдық, энергетикалық, байланыс және ветеринариялық қызметтерге дейін барлық құрылымдардың үйлесімді жұмысына байланысты.

Қатысушылар ауданның күштері мен құралдарының төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылға дайындығын, сондай-ақ жауапты бөлімшелер арасында ақпарат алмасу және үйлестіру тәртібін тәжірибе жүзінде тексерді.

Мұндай оқу-жаттығулар ықтимал кемшіліктерді дер кезінде анықтауға, өзара іс-қимыл алгоритмдерін жетілдіруге және табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Өткізілген кешенді оқу-жаттығудың негізгі мақсаты — басқару органдары мен азаматтық қорғау күштерінің төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимылға дайындығын тексеру, сондай-ақ барлық тартылған қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтау. Бүгін біз әкімдік, ауылдық округтер, құтқару бөлімшелері, полиция, медициналық және ветеринариялық қызметтер, энергетиктер, байланыс қызметкерлері және басқа да ұйымдардың қаншалықты үйлесімді жұмыс істейтінін көрдік. Мұндай оқу-жаттығулар іс-қимыл алгоритмдерін тәжірибе жүзінде тексеруге, ықтимал кемшіліктерді анықтап, оларды дер кезінде жоюға мүмкіндік береді. Жалпы, қойылған міндеттер орындалды, қатысушылар төтенше жағдай туындаған жағдайда әрекет етуге дайын екендерін көрсетті», — деді Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Ерік Еркінбекұлы.

Кешенді оқу-жаттығу қорытындысы бойынша қойылған міндеттер пысықталып, қатысушылардың іс-қимылдары бағаланды. Алынған тәжірибе Самар ауданындағы азаматтық қорғау жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1299570?lang=ru