Риддер қаласы әкімінің өкіміне сәйкес белгіленген сауда үстемесінің сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізетін мониторингтік топтар құрылды.
28.09.2026 13:18:17 232
Риддер қаласы әкімінің өкіміне сәйкес белгіленген сауда үстемесінің сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізетін мониторингтік топтар құрылды.
Аталған жұмыс халық үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қолжетімділігін қамтамасыз етуге және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге бағытталған.
2026 жылдың басынан бері сауда нысандарына 25 рет сапар жүзеге асырылды.
Мониторинг барысында сауда үстемесінің мөлшері, баға белгілерінің болуы және олардың сәйкестігі, сондай-ақ белгіленген бағалардың негізділігі тексеріледі.
Белгіленген 15 пайыздық сауда үстемесінің ықтимал асып кету фактілері бойынша ШҚО Сауда департаментіне 13 материал жолданды.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 10 жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде:
* 4 кәсіпкер – ҚР ӘҚБтК-нің 193-бабының 4-бөлігі бойынша;
* 6 кәсіпкер – ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабының 1-бөлігі бойынша.
Бағаларға бақылау жүргізу жұмыстары жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1299525?lang=ru