Астанада бірыңғай есеп беру күні өтті.

Астанада бірыңғай есеп беру күні өтті.

29.09.2026 02:06:19 199

2026 жылғы 24 қыркүйекте Елордада бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдындағы Бірыңғай есеп беру күні өтті. Іс-шараға Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Азамат Нұрлыбеков, прокуратура, Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының мамандары қатысты.
Кездесудің мақсаты — мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелерін ашық талқылау, заңбұзушылықтардың алдын алу және бизнестің түйткілді мәселелерін шешу. Шара аясында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Азамат Нұрлыбеков департаменттің атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, салықтық әкімшілендіру саласындағы негізгі бағыттарға тоқталды.
Жиын қорытындысы бойынша айтылған барлық ұсыныс пен сұрақ мемлекеттік органдарға әрі қарай пысықтау үшін бағытталды. Бұндай кездесулер кәсіпкерлерді заңнама талаптарымен таныстыруға, бизнес-қоғамдастықпен кері байланыс орнатуға және бақылау шаралары заң шеңберінде ғана жүзеге асырылатын өзара әрекеттестіктің түсінікті қағидаларын қалыптастыруға бағытталған.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1300038?lang=ru