МКК бизнес өкілдерімен кедендік декларациялау мәселелерін талқылады

МКК бизнес өкілдерімен кедендік декларациялау мәселелерін талқылады

30.09.2026 20:47:08 264

   2026 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұловтың басшылығымен 1Атамекен1 Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының өкілдерімен, сондай - ақ көлік саласының өкілдерімен —кеден брокерлері мен тасымалдаушылар қауымдастығымен кездесу өтті.

   Кездесудің негізгі тақырыбы «КEDEN» ақпараттық жүйесінде тауарларға декларацияны толтыру тәртібі болды.

   Кездесу барысында кедендік декларациялаудың, өткізу пункттері арқылы жүктердің өтуінің, тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың өзекті мәселелері қаралды.

   Бизнес өкілдері іс жүзінде туындайтын мәселелерді белгілеп, кедендік декларациялау рәсімдерін жетілдіру және мемлекеттік шекара арқылы жүктердің өтуін оңайлату жөнінде ұсыныстар енгізді.

   Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылардың ұсыныстары мен ескертулері Комитет құзыреті шегінде қарауға қабылданды. Аталған мәселелер бизнес-қоғамдастық өкілдерімен одан әрі өзара іс-қимыл шеңберінде пысықталатын болады.

   Мұндай кездесулерді өткізу кедендік әкімшілендіруді және кедендік ресімдеу процесінде пайдаланылатын цифрлық құралдарды жетілдіру кезінде нарыққа қатысушылардың практикалық тәжірибесін ескеруге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1301513?lang=ru