«Ауыл аманаты» бағдарламасының негізгі бағыттары, шарттары және қатысу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді Кеген ауданында ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына және шаруашылығын дамытуына қолдау көрсететін «Ауыл аманаты» бағдарламасының негізгі бағыттары, шарттары мен қатысу тәртібін түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұхтар Батырханұлы төрағалық етті. Кездесуде «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, қаржыландыру тетіктері, құжаттарды рәсімдеу тәртібі және ауыл тұрғындары үшін қарастырылған мүмкіндіктер кеңінен түсіндірілді. 2026 жылы Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылығына бекітілген лимитке сәйкес, Кеген ауданына 21 жобаға 317 млн теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Бөлінген қаржы бірнеше бағытты қамтиды: мал шаруашылығы – 10 жоба, оның ішінде 1 кооператив; өсімдік шаруашылығы – 4 жоба, оның ішінде 1 кооператив; қайта өңдеу – 3 кооператив; өзге де қызмет түрлері – 45 жоба. Қазіргі таңда мал шаруашылығы бағыты бойынша 9 жеке кәсіпкер мен 1 кооперативтің құжаттары «СПК Қонаев» АҚ-ға тапсырылған. Сонымен қатар 2026 жылдың басында 2024 жылы тапсырылған 40 құжат «СПК Қонаев» тарапынан кері қайтарылған.

08.10.2026 19:57:12 183