Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Қатардың Көлік министрімен кездесті

Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Қатардың Көлік министрімен кездесті

09.11.2026 13:10:48 165

Доха, 4 тамыз 2026 – Елші Бақыт Батыршаев Қатардың Көлік министрі шейх Мұхаммед бен Абдулла бен Мұхаммед Әл Тәнимен кездесу өткізді.

Шейх Мұхаммед Әл Тәни Қазақстан Елшісіне дипломатиялық қызметінде сәттілік тілеп, екі ел арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар көлік-логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту, әуе және транзиттік-көлік қатынастарын дамыту, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар бойынша өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1314680?lang=ru