Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Қатар Мемлекетінің Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министріне сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Қатар Мемлекетінің Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министріне сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

09.11.2026 12:11:00 190

Доха, 26 шілде 2026 – Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Бақыт Батыршаев Қатар Мемлекетінің Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Сұлтан Әл-Мурейхиге сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды.

Сұлтан Әл-Мурейхи Қазақстан Елшісін дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, екі ел арасындағы достық пен серіктестік қатынастарды одан әрі нығайту жолындағы қызметіне табыс тіледі.

Кездесу барысында тараптар Астана мен Доха арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ жоғары деңгейдегі келісімдерді іске асыру барысын талқылады. Саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ықпалдастықты тереңдетуге ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1314670?lang=ru