Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Қатар Мемлекеті Спорт және жастар министрінің орынбасарымен кездесті
09.11.2026 15:10:39 185
Доха, 20 тамыз 2026 – Елші Бақыт Батыршаев Қатар Мемлекеті Спорт және жастар министрінің орынбасары Ясир бен Абдулла бен Ахмад Әл-Жамалмен кездесу өткізді.
Министрдің орынбасары Қазақстан Елшісіне дипломатиялық қызметінде сәттілік тілеп, екі ел арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған бастамаларға қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қатар қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму келешегін, сондай-ақ спорт және жастар саясаты салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1314696?lang=ru