Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Қатар Мемлекеті Ішкі істер министрінің орынбасарымен кездесті

Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Қатар Мемлекеті Ішкі істер министрінің орынбасарымен кездесті

09.11.2026 15:10:41 187

Доха, 19 тамыз 2026 – Елші Бақыт Батыршаев Қатар Мемлекеті Ішкі істер министрінің орынбасары Абдулла бен Халаф бен Хаттаб Әл-Каабимен кездесу өткізді.

Министрдің орынбасары Қазақстан Елшісіне дипломатиялық қызметінде сәттілік тілеп, екі ел арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған бастамаларға қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қатар қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму келешегін, сондай-ақ қауіпсіздік және құқық қорғау салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1314695?lang=ru