БАРЛЫҚ СӨЗДІКТІ, СОНЫҢ ІШІНДЕ ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІКТІ ЖАҢАРТАТЫН УАҚЫТ КЕЛДІ
10.11.2026 18:52:46 431.jpeg)
Осы жерде тағы бір өзекті мәселеге тоқталып өткен жөн деп санаймын. Бұл – тілдегі бірізділік мәселесі. Өкінішке қарай, қазір қазақ тіліндегі кейбір сөздер, ұғымдар, тіпті, түсініктер әртүрлі қолданылып жүр. Бұл – жылы жауып қоя салатын жеңіл-желпі дүние емес. Себебі, мұндай жағдай жұртты шатастырып, тіл тазалығына кері әсерін тигізеді. Сондықтан, қазақ тілін қолдану ісінде нақты жүйенің, белгілі бір тәртіптің болуына баса мән берген жөн. Жалпы осы мәселеге кең ауқымда қараған дұрыс.
Ең алдымен, емле мен ережені түгендеп, жүйелеу керек.
Бұған қоса, барлық сөздікті, соның ішінде орфографиялық сөздікті жаңартатын уақыт келді.
Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен ресми түрде бекітілген Қазақ тілінің Орфография сөздігі
Кеңес заманында, яғни 1983 (мың тоғыз жүз сексен үшінші) жылы шыққан. Әрине, одан кейін де бірнеше сөздік жарық көрді.
Алайда, олардың ешқайсысы мемлекеттік деңгейде бекітілмеген, заңды күші жоқ.