ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ СОҒЫС АРДАГЕРІ ЯХИЯ ТАСЫРОВ ДАУЫС БЕРДІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ СОҒЫС АРДАГЕРІ ЯХИЯ ТАСЫРОВ ДАУЫС БЕРДІ

29.11.2026 10:24:45 241

Тереңөзек кентіндегі №155 сайлау учаскесінде Қызылорда облысындағы көзі тірі жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері, 104 жастағы Яхия Тасыров Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.

Ғасырдан астам ғұмыр кешкен майдангер ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, азаматтық белсенділіктің өнегелі үлгісін көрсетті. Қан майданның куәгері, бейбіт өмірдің қадірін терең түсінетін ардагердің сайлауға қатысуы – ел болашағына деген жанашырлық пен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Өз таңдауын жасаған Яхия ақсақал мәслихат депутаттарын сайлаудың жергілікті маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, халық қалаулылары елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етіп, тұрғындардың талап-тілегін билікке жеткізуде маңызды рөл атқарады.

– Еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін әр азамат өз таңдауын жасауы керек. Мәслихат депутаттары халықтың талап-тілегін жеткізіп, елді мекендердің даму