Қарағандылық сурдотаэквондошылар халықаралық жарыстан күміс және төрт қола медаль жеңіп алды
06.12.2024 15:15:37 1868
Қарағандылық сурдотаэквондошылар X Азия-Тынық мұхиты ойындарында сәтті өнер көрсетуде. Олардың қоржынында бес медаль бар – күміс және төрт қола.
Халықаралық жарыстар Малайзия астанасы Куала-Лумпурда өтуде. Оларға 24 елден 1300-ге жуық есту қабілеті нашар спортшылар қатысады. Олар спорттың 10 түрінен жарысады. Қазақстан құрамасы жеңіл атлетика, таэквондо, дзюдо, еркін және грек-рим күресі, бадминтон, шахмат және үстел теннисінен жарыстарға қатысатын 80 сурдоспортшыдан тұрады.
Ұлттық команда құрамына Қарағанды облысынан бес сурдотаэквондошы кірді. Олардың барлығы марапаттарға ие болды. Айжамал Әбдіқатова күміс алды, Аян Әбдіраш, Виктор Фрундин, Нұрдәулет Жақып және Аида Мұратова Азия-Тынық мұхиты ойындарының қола жүлдегерлері атанды.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/897483