Art Forum: Креаторлар мен арт-менеджерлер Қазақстандағы креативті индустриялардың дамуын талқылады

Art Forum: Креаторлар мен арт-менеджерлер Қазақстандағы креативті индустриялардың дамуын талқылады

07.12.2024 10:23:37 814

Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Art Forum өтті. Іс-шарада мәдениет пен коммуникация саласындағы менеджерлер, креаторлар, сарапшылар және мемлекеттік орган өкілдері бас қосты.
Қатысушылар маркетинг, монетизация, технологиялар мен шығармашылықты біріктіру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, жиын барысында қазақтілді контентті тұтыну бойынша зерттеулер таныстырылды.
Бұдан бөлек, форум аясында PR ROOM AWARDS үздік PR-жобалар байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл байқауға PR-қоғамдастық өкілдері, қоғаммен байланыс мамандары, паблик авторлары, баспасөз қызметтері және қазақстандық компаниялардың PR-бөлімшелері қатысты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/898288