2025 жылы отандық әуе компаниялары әлеуметтік маңызы бар 24 әуе бағытын пайдаланатын болады
09.02.2025 13:14:00 682
Ел ішіндегі қалалар арасында әуе қатынасын одан әрі дамытып, жолаушылар сұранысын қанағаттандыру үшін 2025 жылы субсидияланатын әуе рейстерін орындайтын әуе компаниялар конкурс нәтижесіне сәйкес айқындалды. Субсидияланатын маршруттар ел тұрғындарына қолжетімді бағамен саяхаттауға мүмкіндік беріп қана қоймай, ішкі әуе нарығының дамуын қамтамасыз етпек.
Билеттерді әуе компаниялардың ресми сайттарынан сатып алуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/928568