Қорғаныс министрлігі Digital Almaty 2025 көрмесінде инновациялық шешімдерді ұсынды

Қорғаныс министрлігі Digital Almaty 2025 көрмесінде инновациялық шешімдерді ұсынды

09.02.2025 13:51:24 952

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Алматыда «Өнеркәсіптік АИ: жаңа дәуірдің технологиялары» ұранымен басталған VII халықаралық Digital Almaty 2025 форумында қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы заманауи цифрлық бастамаларды таныстырды .
Форумда ұсынылған негізгі жобалардың бірі әскери есепке алуды автоматтандыруға арналған «Әскери міндетті 2.0» жүйесі болды. Бұл әскерге шақырылушылармен жұмыстың ашықтығын арттыруға, жұмылдыру дайындығын оңтайландыруға және азаматтардың қажетті ақпаратқа қолжетімділігін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Жүйе деректерді автоматты түрде талдайды, әскерге шақырылғандардың санаттарын анықтайды, SMS-хабарламалар жібереді және әскерге шақырылғандарды қандай әскер түрлеріне жіберуге болатынын ұсынады.
— Өткен жылдардан айырмашылығы, Digital Almaty 2025 жасанды интеллектті қолданатын шешімдерге арнайы бағытталған. Осыған байланысты біздің баяндамамыз да, ұсынылған стенд те қорғаныс саласындағы цифрлық инновацияларға арналған. Жасанды интеллект қазірдің өзінде әскерге шақыру науқаны мен үгіт-насихат жұмыстары аясында ғана емес, сонымен қатар әскери қызметкерлердің күнделікті өмірін цифрлық түрлендіруде белсенді түрде қолданылуда. Бұл бірқатар тапсырмаларды орындауды жеңілдете отырып, күнделікті процестерді автоматтандыруға көмектеседі, деп атап өтті Дархан Ахмедиев.
Қорғаныс өнеркәсібіне озық технологияларды енгізуге бағытталған қорғаныс технологиясын дамытуға ерекше назар аударылады. Оған хакатондар, дөңгелек үстелдер, стратегиялық сессиялар және акселерация бағдарламалары кіреді. 2023 жылы Astana Hub-да Defence Tech кеңсесі ашылды, ал жақын арада Алматыда Офицерлер үйінде өкілдік ашылады деп жоспарлануда, бұл қорғаныс саласындағы инновацияларға технологиялық компанияларды белсендірек тартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар форумда Даму институтының, Қару-жарақ саласындағы инновацияларды дамыту және Қазақстандағы технологияларды енгізуге қолдау көрсететін Қорғаныс Технологиялық орталығының стенді
Қорғаныс секторындағы цифрлық шешімдерді дамыту Қорғаныс министрлігінің жаңа цифрлық дәуірде еліміздің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін озық технологияларды енгізуге ұмтылысын көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/929448