ДЕНСАУЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ: ҚАЗАҚСТАНДА «ӘР ТАМШЫ ҚАНДА ӨМІР» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

ДЕНСАУЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ: ҚАЗАҚСТАНДА «ӘР ТАМШЫ ҚАНДА ӨМІР» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

09.02.2025 13:52:08 836

15 ақпанда атап өтілетін Дүниежүзілік балалар ісік ауруына қарсы күрес күні аясында Денсаулық сақтау министрлігі «Әсел Байсейітова» қайырымдылық қоры» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Әр тамшы қанда» ізгі ниет акциясын жариялады.
3 ақпаннан 27 ақпанға дейін жалғасатын акцияның мақсаты - Қазақстан Республикасындағы халықты, медицина саласының дамуы туралы ақпараттандыру Гемопоэтикалық дің жасушаларының (ГСК) донорларының ұлттық тізілімін толықтыруға назар аудару.
Акция аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және еліміздің барлық облыстарының денсаулық сақтау басқармалары қызметкерлерінің қатысуымен жергілікті деңгейде «Сүйек кемігінің донорлығы» тақырыбында дәрістер оқылып, донорлардан қан тапсырылады.
5 Дүниежүзілік балалар ісікке қарсы күрес күнін атап өтеді. Бұл күн халық пен медицина қауымының уақтылы диагностика мен емдеу қажеттілігі, сондай-ақ балалар онкологиясының жетістіктері мен проблемалары туралы хабардарлығын арттыру мақсатында белгіленді. Бұл күн сондай-ақ осы ауыр дертке қарсы күресте медицина қызметкерлерінің, қоғамдық және қайырымдылық қорларының күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын еске салады.
Жыл сайын Қазақстанда 600 балада қатерлі ісік алғаш рет анықталады. Заманауи емдеу әдістерін қолдану қатерлі ісікке шалдыққан балалардың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Балалардағы қатерлі ісіктерді емдеудің тиімді әдістерінің бірі гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялау болып табылады. Науқасқа трансплантация қажет болғанда, бірінші кезекте туыстарының арасынан донор іздеу керек.
Бірақ қолайлы генотипі бар адамды табу мүмкіндігі 10 000 жағдайдан тек 1-де ғана. Сондықтан сүйек кемігі донорлығын дамыту ісікпен ауыратын балаларды емдеу үшін үлкен маңызға ие.
Әрбір қан донорлығы онкогематологиясы бар жас пациенттер үшін құтқарушы бола алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/929799