Қазақстан мен Бразилия екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды көздеуде
09.02.2025 14:23:41 594Астана, 2025 жылғы 4 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Бразилия Федеративтік Республикасының Елшісі Марсело Фортуна Биатомен кездесті.
Кездесу барысында тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, көпжақты форматтар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.
А.Рахметуллин биылғы жылы халықаралық сахнадағы бразилиялық дипломатияның белсенді рөлін атап өтіп, Белемдегі БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы (COP30) және Рио-де-Жанейродағы БРИКС саммиті сияқты алдағы іс-шаралардың сәтті өтуін тіледі.
Қорытындылай келе, тараптар екіжақты және көпжақты деңгейлерде өзара тиімді диалогты тереңдетуді жалғастыруға келісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/931065