Қазақстан мен Қытайдың әскери қызметшілері әскерлерді геоақпараттық қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасты
16.11.2024 18:28:14 1833
Астанаға Қытай Халық Республикасы Орталық әскери кеңесі Біріккен штабы жауынгерлік жағдайды қамтамасыз ету басқармасының бастығы генерал Ван Чао бастаған әскери топографтар келді.
Кездесу аясында ҚР Қарулы күштері Бас штабы Геоақпараттық қамтамасыз ету департаментінің мамандары, Қытай Халық азаттық армиясының әскери топографтары мен метеорологтары тәжірибе алмасып, одан әрі ынтымақтастық бағыттарын анықтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/876954