Жаңаөзенде түнде жарқырап тұратын «Домбыра» инсталляциясы орнатылды
09.12.2024 19:14:40 1298
Жаңаөзен қаласының кіреберісіне биіктігі 10, ені 4 метр болатын «Домбыра» инсталляциясы орнатылды.
Бұл арт-объект селфи үшін тартымды орын ғана емес, қазақтың үні мен асыл дүниесін жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру бағытында маңызды рөл атқармақ.
- Домбыра - біздің тарихымыз, ұлттың үні. Ата-бабамыз ішкі күйзелісін де, қуанышын да домбырамен жеткізген. Келіннің бетін де ұлттық аспаппен ашқан. Біз Жаңаөзенді қаймағы бұзылмаған салт-дәстүр мен мәдениеттің ошағы, білім мен өркениеттің қаласы екенін көрсеткіміз келді, дейді Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы Әділет Сәми.
Қазіргі уақытта инсталляция аумағына қосымша жарық шамдар қойылып, аббаттандырылуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/899188