Жерлестеріміз марапатталды

Жерлестеріміз марапатталды

12.12.2024 20:11:21 2258

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Алтын домбыра» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Биыл «Төрлет, еңбек адамы!» тақырыбында ұйымдастырылған айтыс еңбекқор халыққа арналған.
Шара аясында облысымыздың айтыс өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан ақындар марапатталды. Көп жылғы еңбегі мен айтыстың дамуына қосқан үлесі үшін ақын, ұстаз Дәметкен Омарбаева «Еңбек Ардагері» медалімен марапатталды.
Сонымен қатар, ақын, ұстаз, Халықаралық айтыс және жыршы-термеші ақындар одағының Абай облыстық филиалының төрағасы Дәулет Сметов «Мәдениет саласының үздігі» медалін иеленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/902153