Облыс әкімі комиссия отырысын өткізді

Облыс әкімі комиссия отырысын өткізді

13.12.2024 06:15:25 1971


Ведомствоаралық комиссия отырысында жастар арасындағы құқықбұзушылықтар мен отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері қаралды. Шара облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өтті.
Өз кезегінде Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мейірхан Ермағанбетов жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Басқарма жастардың қатысуымен түрлі рейдтер, заң сағаттары, спорттық жарыстар, жиналыстар ұйымдастырады. Жыл басынан бері барлығы 120 818 жастың қатысуымен 682 іс-шара өткізілген. «Jastarga – kenes» жобаларын іске асыру аясында оқу орындарында «Ұрпақ және ұлттық құндылықтар» тақырыбында кездесулер ұйымдастырылып, «ESIRTKIGE JOL JOQ», «TAZA ORTA!», «ALAYAQ.NET» есірткі сатумен байланысты хабарландыруларды жою бойынша рейдтер жүргізілуде. «Заң және тәртіп» және «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» науқандары аясында оқу орындарында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін полицейлермен кездесулер ұйымдастырылуда.
Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ардана Саймағамбетовтің ақпараты бойынша, аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдауға ерекше назар аудару қажет. Сондай-ақ, жастармен профилактикалық жұмысты және ата-аналардың бақылауын күшейту керек.
Баяндамашыларды тыңдаған өңір басшысы қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету үшін мобильді топтардың жұмысын жандандыруды, әйелдер мен балалардың құқықтары туралы халықты хабардар етуді, аудандарда отбасын қолдау орталықтарын ашу мәселесін шешуді, 2025 жылы отбасылық құндылықтар және гендерлік теңдік жөніндегі жобаны қаржыландыруды қарауды тапсырды.
Сондай-ақ, Асхат Шахаров жастар арасында қылмыс пен нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейтуді жауаптыларға міндеттеді.
«Біз жастарды өз құқықтары мен міндеттері туралы хабардар етіп, оларды спорттық секцияларға, клубтарға және спорттық іс-шараларға тартуға ерекше назар аударуымыз керек. Ұйымдастырылмаған бос уақыт - бұл біз азайтуға міндетті тәуекел. Денсаулық сақтау, білім және спорт басқармаларына нашақорлықтың алдын-алуға бағытталған іс-шараларды қаржыландыруды ұлғайту мәселесін пысықтауды тапсырамын. Бұл жұмысты күшейту қажет, өйткені жастардың денсаулығы – біздің қоғам болашағының басты факторы. Халықтың қауіпсіздігі үшін қоғамдық орындарда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қоғамдық орындарда және тұрғын үйлердің аулаларында бет-әлпетті тану функциясы бар бейнебақылау камераларын орнату қажет. Бұл біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігін арттырады», - деп облыс әкімі алға қойылған міндеттердің маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/902104