Электромобильділікті және зарядтау инфрақұрылымын дамыту
14.12.2024 07:15:59 1001
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) бірлесіп, электромобильділік пен зарядтау инфрақұрылымын дамытуға арналған семинар ұйымдастырды.
Семинарды Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж.Әлиев өз сөзімен ашты.
Бұл семинар 2025-2035 жылдарға арналған электромобильділікті дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеуді қолдау бойынша IFC бастамалары шеңберінде ұйымдастырылды. Іс-шара ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстанның ұлттық басымдықтары мен сектордың жаһандық үрдістеріне сәйкес келетін шешімдерді әзірлеуге бағытталған.
Семинар барысында: жол картасын әзірлеу және Қазақстанда электромобильділікті көру, Қазақстанда зарядтау инфрақұрылымын өрістету мәселелері талқыланды.
Семинар барлық мүдделі тараптар үшін бағдарларды және дамудың негізгі бағыттарын белгілеген электромобильділік стратегиясы мен жол картасын әзірлеу шеңберінде жеке сектормен өзара іс-қимылдың алғашқы алаңы болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/902109