«Астана» мен «Челси» футбол командалары арасындағы матч жанкүйерлерінің қаперіне: ойын аяқталғаннан кейін барлығына трансферлер қолжетімді

«Астана» мен «Челси» футбол командалары арасындағы матч жанкүйерлерінің қаперіне: ойын аяқталғаннан кейін барлығына трансферлер қолжетімді

15.12.2024 16:12:11 1848

Қала әкімдігі жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін 8 тегін автобус бағытын ұйымдастырды, әр бағытта 10 автобус жүреді. Маршруттар Орталық стадионға дейін және кері қайтады.
Жиналу нүктелерін 2GIS сервисі арқылы көруге болады:
* Қалқаман шағын ауданы (№7 Қалалық аурухана аялдамасы) – Орталық стадион.
* Орбита шағын ауданы (Мұстафин-Торайғыров көшелерінің қиылысы) – Орталық стадион.
•Айнабұлақ шағын ауданы (Мақатаев-Павлодар көшелерінің қиылысы) – Орталық стадион.
* «Халық Арена» аялдамасы (солтүстік бағыт) – Орталық стадион.
* Алматы-1 теміржол вокзалы аялдамасы – Орталық стадион.
* «Райымбек батыр» метро бекеті – Орталық стадион.
* Наурызбай ауданының ХҚКО – Орталық стадион.
* Момышұлы-Мөңке би көшелерінің қиылысы аялдамасы – Орталық стадион.
Автобустар сағат 16:00-ден бастап толғанына қарай жүре бастайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/902531