Темір аудандық мәслихаты жаңа аудан әкімінің лауазымына ұсынылған кандидатураны қолдады

Темір аудандық мәслихаты жаңа аудан әкімінің лауазымына ұсынылған кандидатураны қолдады

17.12.2024 10:56:28 2325

Бүгін, 17 желтоқсан күні, Темір аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы өтті. Сессияға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров пен аудандық мәслихат төрағасы Болат Шаимов қатысты.
Сессия барысында облыс әкімі Темір ауданының әкімі лауазымына Алмас Жақсылықұлы Жақсылықовтың кандидатурасын ұсынып, оның өмірбаянын таныстырды. Аудандық мәслихат депутаттары облыс әкімі ұсынған кандидатураны қолдап, бірауыздан дауыс берді.
Өңір басшысы мен депутаттар жаңа аудан әкіміне алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Ақпарат Темір ауданы мәслихатының сайтында жарияланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/903753