2024 жылдың 11 айында өңдеу өнеркәсібі саласы 5,3%-ға өсті

2024 жылдың 11 айында өңдеу өнеркәсібі саласы 5,3%-ға өсті

24.12.2024 20:17:08 1657

11 айдың қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіптің негізгі секторларында оң динамика байқалады, өсім 5,3%-ды құрады. Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша өсім – 6,1%. Бұл туралы Үкіметтің отырысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков мәлім етті.
Өсімге металлургия өнеркәсібінің 7,2%-ға, машина жасау саласының 6,9%-ға, химияның 8,4%-ға, дайын металл бұйымдарының 29,5%-ға, жиһаздың 12,8%-ға көрсеткіштерінің артуы есебінен қол жеткізілді.
Металлургия өнеркәсібі 2016 жылдан бері алғаш рет 7,2%-ға өсті. Ол «Қазхром», «ЕвразКаспианСталь», «ҚазФерроСталь» сияқты бірқатар ірі кәсіпорындардың өндіріс көлемінің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар Qarmеt-тің толыққанды жұмысын қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өткен жөн.
Соның ішінде, қара металлургия саласына өсім 10,8%-ды құрады. Саланың оң көрсеткішке жетуіне отандық өндірушілерді металл сынықтарының қажетті көлемімен жүктеу шаралары оң әсерін тигізді. Шойын өндірісі 14,4%-ға, болат 6,3 %-ға жалпақ илектеу 20,4 %-ға артты.
Түсті металлургия саласы мыс өндіру көлемінің 13,3%-ға, мырыштың 0,8%-ға және алюминий өндірісінің 1,5%-ға ұлғаюы есебінен 4,8%-ға өсті.
Машина жасау саласында ауыл шаруашылығы техникасы 15,4%-ға, темір жол көлігі 1,6 есе, электр жабдықтары 8,1%-ға, электронды-оптикалық жабдықтар және компьютерлер көлемі 1,7 есе артты.
Жаңа өндірістерді іске қосу есебінен тұрмыстық техника өндірісі 4,4 есе өсті , 2023 – 52 мың, 2024 жылғы 11 айда 231,1 мың бірлік болды.
Химия өнеркәсібінде күкірт қышқылы 20%-ға, сары фосфор 13,2%-ға, сондай-ақ полипропилен өндірісінің жоспарлы жобалық қуатының 49%-ға ұлғаюы есебінен өндіріс көлемі 8,4%-ға өсті.
Сондай-ақ, дайын металл бұйымдарын өндіру 29,5%-ға, жиһаз – 12,8%-ға, қағаз өндрісі 10,2%-ға өсіп, оң динамика көрсетті.
Бұл салалардың жалпы жиынтық өсімі, жеңіл өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі сиякты өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі төмен салалардағы төмендеуді жауып отыр.
Жалпы, өңдеу өнеркәсібінің өсу серпінін сақтау және арттыру үшін Министрлік шикізат өндірушілермен келісімдер жасау арқылы отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз етуді жалғасуда. Бүгінде түсті металлургияда 25 келісімге қол қайылды.
Қажетілікке қарай ұлттық режимнен алып тастауға жататын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі кеңейтілуде. 4,5 мыңнан астам отанық тауар ұлттық режимнен алып тасталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/904129