Жаңалықтар
Қазақстан мен Кения ғарыш саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 30.06.2026
Рутоның Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары (2026 жылғы 19-20 мамыр) барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында, 2026 жылғы 3-5 маусым аралығында ҚР Кениядағы Елшілігінің ықпал етуімен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қ.Қожаев бастаған Қазақстан Республикасы делегациясының Найроби қаласына сапары өтті.Сапар аясында Қ.Қожаевтың Кения ғарыш агенттігінің (Kenya Space Agency) Бас директоры доктор Хиллари Бивотт Кипкосгеймен (Dr. Hillary Biwott Kipkosgey) кездесуі өтті. Кездесу барысында Кения Президентінің Қазақстанға жасаған ресми сапары шеңберінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Кения ғарыш агенттігі арасында жасалған «Жерді қашықтықтан зондтау, ғарыш жүйелерін әзірлеу және ғарыш технологияларын қолдану саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға» сәйкес тараптардың ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі жоспарлары талқыланды.ҚР делегациясы сондай-ақ «Global Data Festival 2026 and Kenya Space Expo & Conference 2026» халықаралық форумына қатысты.Форумда сөйлеген сөзінде Қ.Қожаев ауыл шаруашылығын дамыту, қоршаған ортаны мониторингілеу, табиғи ресурстарды басқару және тұрақты даму міндеттерін іске асыру үшін ғарыш технологиялары мен аналитикалық шешімдерді іс жүзінде қолдану туралы айтты.«Жасанды интеллекттің маңызы зор, алайда оның өзі ғана жеткіліксіз. Тиімді шешімдер қабылдау үшін сенімді әрі өзекті деректер қажет. Жасанды интеллектті, ғарыштық технологияларды, Жерді қашықтықтан зондтауды, геокеңістіктік талдауды және цифрлық платформаларды біріктіру адамдар мен мемлекеттерге нақты пайда әкелетін шешімдерді жасауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Қайыржан Қожаев.Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басшылығының Кения ғарыш агенттігінің басшылығымен кездесулері және «Global Data Festival and Kenya Space Expo & Conference 2026» шарасына қатысуы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, қазақстандық ғарыш технологияларын шетелдік нарықтарда ілгерілетуге, сондай-ақ Жерді қашықтықтан зондтау, геоақпараттық қызметтер және деректерді талдау саласындағы серіктестік жобаларды дамытуға ықпал етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1236032?lang=ru
Агроөнеркәсіп кешенінің даму қарқыны тұрақты бақылауда 30.06.2026
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егін егу жұмыстарының қорытындысы мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысы арнайы жиын өткізіп, жауапты сала басшыларына бірқатар маңызды тапсырма жүктеді.–Соңғы жылдары аймағымызда вегетациялық кезең күрделі су тапшылығы жағдайында өтуде. Мемлекет басшысының суды көп қажет ететін дақылдар көлемін оңтайландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, биыл күріш егісінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 10 900 гектарға қысқартылып, 70 мың гектарға егілді. Қысқартылған күріш алқаптарының орнына суды аз қажет ететін, өнімділігі жоғары дақылдар егу қолға алынды.Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру және су үнемдеу технологияларын енгізу үшін алдағы үш жылға 34 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Оның 10 млрд теңгеге жуығы биыл бөлінді. Осыған байланысты 2028 жылға дейін егіс алқаптарын әртараптандырудың Жол картасын әзірлеуді тапсырамын, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Биыл облыста 185 800 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары, оның ішінде 70 мың гектарға күріш егіліп, суға бастырылды. Сондай-ақ 10 мың гектарға жүгері, 9,7 мың гектарға басқа да дәнді дақылдар себілді.Су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында ылғал үнемдеу технологиялары енгізілген алқап көлемі 14 200 гектарға жетті. Егістіктердегі су шығынын азайту үшін 65 мың гектар күріш алқабы лазерьмен тегістелді.Облыстың мал шаруашылығы саласында да тұрақты өсім қалыптасып, өндірілген өнім көлемі артып келеді. Қазір агроөнеркәсіп кешеніндегі жалпы өнімнің 30 пайыздан астамы мал шаруашылығының үлесіне тиесілі.Жыл басынан бері өңірде 11,7 мың тонна ет және 13,4 мың тонна сүт өндірілді. Бұл көрсеткіштерді одан әрі арттыру мақсатында екі жобаны іске қосу жоспарлануда. Атап айтқанда, жылына 3 500 тонна ет өндіретін құс фермасы мен сүт өндіретін ферма пайдалануға беріледі.Жалпы, аймақта асыл тұқымды ірі қара саны 18,1 мың, асыл тұқымды қой саны 252, 7 мың, жылқы саны 3,3 мың, ал түйе саны 700 басқа жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1236050?lang=ru
«Елімнің рәміздері – тәуелсіздіктің белгісі» атты дөңгелек үстел 30.06.2026
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Бастаушы ауылдық кітапханасында «Елімнің рәміздері – тәуелсіздіктің белгісі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Іс-шара барысында қатысушылар Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның тарихы мен маңызы туралы ой бөлісіп, олардың ел тәуелсіздігі мен ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі жөнінде пікір алмастық. мемлекеттік рәміздердің авторлары туралы мәліметтер беріп, Отанды сүюге, мемлекеттік нышандарды құрметтеуге шақырдық.Дөңгелек үстел еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ойларын ортаға салып, рәміздердің ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1237579?lang=ru
Мемлекетіміздің дамуындағы маңызды кезең 30.06.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енетінін хабарлайды. Бұл Негізгі Заң біздің мемлекетіміздің демократиялық, құқықтық және әлеуметтік дамуындағы маңызды кезеңді білдіреді, мұнда адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық болып қала береді.Жаңа Конституция – салықтық және кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін берік құқықтық негіз. Салық және бюджет саласы үшін маңызы бар түйінді ережелер Жаңа Конституция мемлекеттік бюджеттің қалыптасуы мен орындалуына тікелей әсер ететін бірқатар іргелі нормаларды бекітеді:- Салықтарды төлеу жөніндегі міндет (35-бап): Заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу – әр адамның борышы мен мiндетi болып қалады. Бұл заңның үстемдігі мен оның алдындағы барлығының теңдігі принципін көрсетеді.- Өкілді органның өкілеттігі: бір палаталы парламент – Құрылтай — республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер енгізеді және мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді. Бұл мемлекеттік қаржыны бақылаудағы халық өкілдерінің рөлін күшейтеді.- Меншікті қорғау және экономикалық даму: Конституция меншіктің барлық түрлерін тануға және тең қорғауға кепілдік береді. Қаржы саласындағы ерекшеліктерді қоса алғанда, өңірлердің жедел экономикалық дамуы үшін арнайы құқықтық режимдердің мүмкіндігі көзделген.- «Әділ Қазақстан» қағидаттары: адами капиталға, инновацияларға, экологияға және әлеуметтік мемлекетке баса назар аудару бюджет қаражатын халық игілігі үшін ашық және тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Бұл салық төлеушілер мен бизнес үшін нені білдіреді Жаңа Конституция қолданыстағы салық ставкалары мен рәсімдерін тікелей өзгертпейді — олар ҚР Салық кодексімен реттеледі. Алайда ол құқықтық тұрақтылықты нығайтады:- Салық саясатының болжамдылығына кепілдік береді.- Салық міндеттемелерін уақтылы және толық орындау үшін жауапкершілікті күшейтеді.- Әкімшілендіруді цифрландыру және оңайлату жөніндегі шараларды қолдайды (Мемлекеттік кірістер органдарының электрондық сервистері, көлденең мониторинг, салық төлеушілерге сервистік тәсіл).Жаңа Конституция – бұл біздің құқықтарымыз бен міндеттерімізді бекітетін жалпы құжат. Салықты уақтылы төлеу – бұл аймақтарды дамытуға, мектептер мен ауруханалар салуға, инфрақұрылымды қолдауға және әлеуметтік бағдарламаларға тікелей үлес.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1237580?lang=ru
Аманөткел ауылында 150 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Арал ауданына жұмыс сапары барысында Аманөткел ауылындағы 150 орындық мәдениет үйінің ашылу рәсіміне қатысып, ауыл ақсақалдарымен кездесті.Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және ел ағалары, ардагерлер, ауыл тұрғындары қатысты.Өңірде 2022-2026 жылдары 200-ден астам әлеуметтік нысан салынып пайдалануға берілді. Оның ішінде 22 мәдениет нысаны ел игілігіне қызмет етуде.Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Бүгінде Арал ауданында тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Ертең Сексеуіл кентінде «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының демеушілігімен «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебінің» іргетасы қаланады. Сонымен қатар, Шижаға ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілмек. Абай елді мекені орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылады.Аймақ басшысы мәдениет ел руханиятының тірегі екенін атап өтіп, жаңа мәдениет үйі ауылдың тыныс-тіршілігіне серпін беретініне тоқталды.«Мемлекет басшысы «Мәдениет – ұлттың төлқұжаты. Жаһан жұрты елімізді, ең алдымен, өнеріміз арқылы танып біледі», – деген болатын. Мәдениет – елдің рухани тірегі, ұлттың ұлы мұрасы. Жаңа мәдениет үйінде дәріптелген ұлттық құндылықтарымыз арқылы рухани қазынамызтолығады деп сенемін. Жаңа нысан жастарымыздың талантын ұштауға қызмет ете берсін! Ауыл тұрғындарына жаңа тыныс сыйлап, мәдени жаңғырудың орталығына айналсын», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Рәсімде ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен жаңа нысанды салған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Мемлекет және қоғам қайраткері Биғали Қаюпов сөз сөйлеп, ауыл ақсақалы Шыңдалы Әбдіраманов батасын берді.Кейінгі жылдары Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен мәдениет саласында ауқымды жұмыс атқарылды. Жаңашылдықтар ауыл клубтарын, облыс орталығындағы мәдениет мекемелерін түгел қамтыды. Төрт жылда 55 млрд. теңгеге жуық, биыл 6 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Барлық ауданда «Руханият орталықтары» бой көтерді.Қызылорда қаласында «Өнер орталығы», «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы» салынып, халыққа қызмет етуде. Тарихи-өлкетану музейі, «Достық үйі» пайдалануға берілді. Балалардың шығармашылық, зияткерлік әлеуетін арттыру мақсатында «Оқушылар сарайы», «Сыр жұлдыздары» академиясы ашылды.Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес жаңа драма театрдың, Президенттік кітапхананың құрылысы басталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1236062?lang=ru
Еуропалық қайта құру және даму банкінің Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысы 30.06.2026
2026 жылғы 5–6 маусымда Рига қаласында Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, Еуропалық қайта құру және даму банкінің (бұдан әрі – ЕҚДБ) Басқарушылар кеңесіндегі Қазақстан атынан Баламалы басқарушы Дәурен Кеңбеил бастаған қазақстандық делегация ЕҚДБ Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысы мен Бизнес-форумына қатысты.Іс-шара аясында Қаржы вице-министрі Д. Кеңбеилдің, Ұлттық экономика вице-министрі А. Дарбаевтың және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы М. Елібаевтың қатысуымен «Қазақстанның жаңа инвестициялық циклі» тақырыбында Қазақстан бойынша инвестициялық сессия өтті.Д. Кеңбеил өз баяндамасында мемлекеттік борышты басқару саясаты, Қазақстанның қор нарығына шетелдік қатысушыларды тарту тетіктері, сондай-ақ жүргізіліп жатқан бюджет-салық саясатының негізгі басымдықтары туралы айтты.Сессияға трансұлттық корпорациялардың, халықаралық қаржы институттары мен банктердің өкілдері, экономика, инвестициялар, қаржы және технологиялар саласындағы сарапшыларды қоса алғанда, 200-ден астам қатысушы қатысты.Жыл сайынғы отырыс алаңында ЕҚДБ-ның Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Хусейн Өзханмен, Австрия/Израиль/Кипр/Мальта/Қазақстан/Босния және Герцеговина бойынша директоры Элизабет Вихтуммен, сондай-ақ ЕҚДБ-ның Еуразия елдері бойынша инфрақұрылым департаментінің директоры Екатерина Мирошникпен екіжақты кездесулер өтті. Кездесулер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.Кездесулер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЕҚДБ арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен экономикалық өсіміне жәрдемдесуге бағытталған ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі Негіздемелік әріптестік туралы келісімге, сондай-ақ 2013 жылғы 1 шілдедегі Техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЕҚДБ арасындағы техникалық ынтымақтастық шоты туралы келісімге Қосымша келісімге қол қойылды.Аталған құжаттар жобаларды қаржыландыру, техникалық көмек көрсету, талдамалық зерттеулер жүргізу, мемлекеттік органдардың институционалдық әлеуетін нығайту, озық халықаралық тәжірибені енгізу, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға, цифрландыруға, жеке сектор мен «жасыл» экономиканы қолдауға жәрдемдесу арқылы құрылымдық реформалар мен мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын іске асыруды қолдауды көздейді. Бұл шаралар ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1236065?lang=ru
Аралдың туристік әлеуетін және жол инфрақұрылымын дамытудың маңызды жобалары таныстырылды 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және ел ағалары Арал ауданындағы жұмыс сапары кезінде Қамыстыбас ауылдық округіне барып, ондағы «Аққұмшық» жағажайының қазіргі тыныс-тіршілігімен танысты. Өңірдегі туризмді дамытуда ерекше маңызға ие демалыс аймағы «Арал геопаркі» жобасына енгізілген. Соның нәтижесінде өткен жылы бұл аймаққа 100 мыңға жуық адам қызығушылық танытып келген. Аумағы екі гектар демалыс аймағында бүгінде 21 кәсіпкер келушілерге сапалы қызмет көрсетуде, 110 демалыс үйі қамтылған. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолы салынған, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнекамералар орнатылған. Демалушыларға арнайы орындар мен үш волейбол алаңы да жасалған. Облыс әкімі келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, қызмет көрсету сапасын жақсарта түсуді тапсырды.Бұдан кейін Мұрат Нәлқожаұлы «Самара-Шымкент» тас жолындағы орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Өткен жылы «Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент» республикалық маңызы бар автомобиль жолының Әйтеке би кенті мен Арал қаласы аралығындағы учаскесін орташа жөндеу қажеттігі туындаған болатын. Осыған байланысты биыл «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ 9,5 шақырым жолды қолға алды. Жауапты мердігер – «Арал Құрылыс» ЖШС, жұмыс жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, «Қызылорда – Сексеуіл» автомобиль жолын реконструкциялау жобасы аясында қайта жаңғырту көзделген. Аталған жоба бойынша техника-экономикалық негіздемеге оң қорытынды алынған.Жөндеу барысымен танысқан аймақ басшысы жол сапасына қатысты жауапты сала жетекшілері мен мердігер мекеме жұмысын қатаң сынға алды. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-на тез арада жол-көлік қозғалысын ретке келтіруді, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауды, жұмысшылар санын көбейтуді қатаң тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1236076?lang=ru
«Арал теңізі» теміржол вокзалы жолаушылар үшін жайлы нысанға айналады 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және ел ағалары Арал қаласында салынып жатқан жаңа теміржол вокзалының құрылыс алаңына барды.Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңғыртудан өтіп жатқан еліміздегі 124 вокзалдың қатарында Қызылорда облысының барлық аудан орталықтарындағы және Төретам, Сексеуіл станцияларындағы вокзалдар, Жаңақорған ауданындағы Талап бекетінің платформасы бар. Былтыр сол кезде аймақты басқарған Нұрлыбек Машбекұлы бұл тізімге облыстағы барлық вокзалды енгізу үшін тиісті мекемелерге нақты ұсыныстар беріп, ескі ғимараттардың уақыт күттірмей жаңғыртылу керектігін дәлелдеді. Өйткені өңірдегі вокзалдардың ең ескілерінің салынғанына бір ғасырдан астам уақыт болған.«Арал теңізі» теміржол вокзалының құрылысы өткен жылы басталып, жобаға 1,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Құрылыстың бас мердігері – «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС. Жаңа ғимараттың жалпы ауданы 459,47 шаршы метр, ал биіктігі 4,2 метр.Қазір мұнда металл конструкцияларын монтаждау, ішкі бөлігін сылау және әрлеу, сыртқы қасбетін қаптау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс алаңында 25 жұмысшы еңбек етеді.Жаңа теміржол вокзалы аудан тұрғындары мен жолаушыларға сапалы, қолайлы қызмет көрсететін, Арал қаласының сәулеттік келбетін айшықтайтын көрікті ғимараттың біріне айналмақ.Нысанды аралаған кезде облыс әкімі жауапты сала басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс сапасына қатысты міндеттер жүктеп, жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды, уақытылы пайдалануға беруді ескертті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1236080?lang=ru
Тұрғындардың өтініші назардан тыс қалмайды 30.06.2026
Бүгін бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі Жандос Еркінбек тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді.Мемлекет басшысының халықпен ашық диалог орнату және азаматтардың өтінішіне жедел ден қою жөніндегі тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған қабылдауға 15-ке жуық тұрғын өз ұсыныстары мен мәселелерін жеткізді.Жеке қабылдауда тұрғын үй алу кезегі, тұрақты және қоғамдық жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ өзге де жеке сауалдар көтерілді.Жандос Еркінбек әрбір өтініш иесін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша заң талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жауапты сала басшыларына азаматтардың өтініштерін толық зерттеп, тиісті шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берді.—Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалуы - тұрақты бақылауда және заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады,- дейді аудан басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1236087?lang=ru
Экологтар күніне орай мерекелік шара өтті 30.06.2026
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің тапсырмасымен 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және Экологтар күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.Мерекелік жиынды аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев жүргізіп:-Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына ерекше назар аударып келеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ауданымызда да қарқынды жүзеге асырылуда. Аудан орталығындағы көшелерді, қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, тынымсыз еңбек етіп жүрген жерлестеріміздің арқасында ауданымыздың келбеті көркейіп, таза елді мекенге айналып келеді. Осы жауапты қызметтеріңіз үшін ерекше алғысымды білдіремін! Табиғатымыз көркейіп, киелі мекеніміз гүлдене берсін,- деді.Салтанатты іс-шара барысында ел игілігі жолында абыройлы еңбек етіп жүрген бірқатар сала мамандары аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.Тағылымды кездесуде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, су шаруашылығы саласының ардагері Темірбек Пернебаев және Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің Орманды қорғау және күзету бөлімінің бас инженері Бақытбек Санеев сөз сөйлеп, өз ізгі тілектерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1236093?lang=ru
Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму бағдары пысықталды 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Арал ауданына жұмыс сапары аясында «Руханият орталығында» аудан активімен кездесті. Онда өңірдің, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдары мен алдағы міндеттер талқыланды.Мемлекет басшысы Қызылордадағы Ұлттық құрылтайда жылдар бойы атқарылған жұмыс нәтижесінде Кіші Арал теңізінің қалпына келе бастағанын айрықша атап өтті. Сонымен бірге «Бейнеу – Сексеуіл» бағыты бойынша жол құрылысының биыл басталатынын, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің Қызылорда – Ақтөбе бағытындағы бөлігін төрт жолаққа кеңейту жобасы қолға алынатынын айтты.Ерекше атап өту қажет, «Бейнеу – Сексеуіл» автожолының жалпы ұзындығы 559 шақырым, оның 189 шақырымы Арал ауданының Сексеуіл, Қосаман, Ақеспе, Ақбасты және Құланды елді мекендері арқылы өтеді.Аймақ басшысы ауданның туристік әлеуетін тиімді пайдалану және оны нақты жобаға айналдыру қажеттігіне тоқталды. Туристерге қолайлы орта қалыптастыру, сервистік қызмет сапасын арттыру, кәсіпкерлерді осы салаға тарту және қызмет көрсету мәдениетін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру керек.Соңғы төрт жылда барлық ауданда жаңадан 1 800-ге жуық, Арал ауданында 310 пәтер пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысы биыл да жалғасады. Осыған байланысты құрылыс сапасына қатаң бақылау жүргізу және дайындықты уақытылы ұйымдастыру тапсырылды.Ауданды газдандыру деңгейі 72 пайыз, Арал қаласы, Сексеуіл және Жақсықылыш кенттері, Қамыстыбас және Аққұм ауылдық округтеріне табиғи газ қосылған. Қалған елді мекендерге газ жеткізуді кезең-кезеңімен жалғастырып, тиісті шаралар қабылдау міндеттелді.Аймақ басшысы актив отырысынан кейін аудан тұрғындарын жеке қабылдады.Қабылдауда Арал қаласында ақпан айынан бері табиғи газ төлемінің артық есептелуіне қатысты мәселе көтерілді. Бұл тұтынушылар наразылығын туғызған.Аталған мәселеге қатысты Арал ауданының әкімдігі мен «РЦКУ-Қызылорда» ЖШС өкілдері түсіндірме берді. Олардың айтуынша, газ төлемі есептегіш құралдардың нақты көрсеткіштері негізінде есептеледі. Ал көрсеткіштер уақытылы ұсынылмаған немесе есептегіштің тексеру мерзімі өтіп кеткен жағдайда, төлем қолданыстағы нормативтерге сәйкес жүргізіледі.Сондай-ақ тұрғындарға есептегіш құралдарының тексеру мерзімін бақылауда ұстап, көрсеткіштерді уақытылы жолдау қажеттігі түсіндірілді. Есептегіш тексеріліп, нәтижесі дұрыс болса заңнамаға сәйкес қайта есептелуі мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1236094?lang=ru
Тазалық пен абаттандыру жұмыстары бақылауда 30.06.2026
Бүгін аудан көлемінде ұйымдастырылған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында аудан әкімі Жандос Еркінбек аудан орталығындағы жағажай аумағында жүргізіліп жатқан тазалық және абаттандыру жұмыстарын аралады. Ауқымды акция барысында жағалау аумағын ретке келтіру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында атқарылған жұмыстар қаралды.Сондай-ақ аудан басшысы ауданға қарасты ауылдық округтерді аралап, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өткен сенбіліктердің барысын бақылады. Елді мекендердің санитарлық тазалығы, көшелер мен қоғамдық орындардың жай-күйі тексеріліп, атқарылып жатқан жұмыстар бағаланды.Жандос Еркінбек ауылдық округ әкімдеріне тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру жөнінде тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1236102?lang=ru
Сексеуілде «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебінің» іргетасы қаланды 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және ел ағалары Сексеуіл кентіндегі 100 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебінің» іргетасын қалау рәсіміне қатысып, тұрғындармен кездесті.Аймақта 2022-2026 жылдары 200-ден астам әлеуметтік нысан бой көтерді. Білім беру саласында, жеткіншектерге қосымша білім беру инфрақұрылымын дамытуда ауқымды жұмысатқарылып, 46 заманауи білім беру нысаны ел игілігіне табысталды.Бүгін іргетасы қаланған «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебінің» құрылысына «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы демеушілік етеді.Еске салайық, жас жеткіншектердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға маманданған мұндай орталықтар кейінгі жылдары Жалағаш, Жаңақорған және Шиелі аудандарында салынып, жас ұрпақ игілігіне айналған болатын. Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын көптен күткен игілікті істің басталуымен құттықтады.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы:«Ұл-қыздарымыздың парасатты, жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтарымыздың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау –мемлекетіміздің басты міндеті», – деп атап өтті.Бүгін іргетасы қаланатын жаңа білім ордасынан алдыңғы буынның жолын жалғаған білімді, талантты шәкірттер шығатынына сеніміміз мол.Бұл – балаларымызға заманға сай жаңа дағдыларды үйрететін, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыратын, асқақ армандарға қанат қақтыратын бірегей нысан болмақ. Санасы сергек, ұшқыр ойлы, бәсекеге қабілетті оқушыларымыз көп болсын! Егемендігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Шарада ел ағасы Имамадин Оңғарбаев сөз сөйлеп, ардагер Қази Әйімбетов батасын берді.Президент бастамасымен өңірде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 10 жаңа мектеп салынды. Сонымен қатар физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты, музыкалық колледждің жаңа оқу ғимараты мен жатақханасы пайдалануға берілді.«Оқушылар сарайы» мен «Сыр жұлдыздары» академиясы бой көтерді. Қызылорда қаласында жыл бойы жұмыс істейтін заманауи лагерь,Ботаникалық білім беру орталығы ашылды.Рәсімнен кейін облыс әкімі тұрғындармен кездесті.Онда өңір үшін маңызды инфрақұрылымдық жобаның бірі – «Сексеуіл–Бейнеу» автомобиль жолының құрылысы басталатындығы айтылды. Жол Бейнеуден емес, Сексеуілден басталады.Бұдан бөлек, тұрғындар ұзақ уақыттан бері көтеріп келе жатқан Сексеуіл кентіне кіреберіс автомобиль жолының жай-күйі де сөз болды. Халықтың ұсыныс-тілегіне сәйкес, бұл жолға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі қаралып, тиісті шара қабылданатын болды.Кездесуде тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1236110?lang=ru
«Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекеті ашылды 30.06.2026
Бүгін Алдашбай Ахун ауылдық округінде «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.Іс-шараға аудан әкімінің тапсырмасымен аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов қатысып, жаңа нысанмен құттықтады. Сондай-ақ Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Жасұлан Түйменов, төтенше жағдайлар саласының ардагерлері, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.Жаңа өрт сөндіру бекеті төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, алдын алу мен салдарын азайтуға, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.Салтанатты рәсім барысында Самат Қыдырбекұлы:-Ауылдық округте өрт сөндіру бекетінің құрылысын салу мақсатында 2025 жылы төртінші деңгейлі бюджет қаражаты есебінен құрылыс материалдары сатып алынып, ауыл азаматтарының қолдауымен гараж құрылысы жүргізілді. Биыл да жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлініп, нысанның материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Қазіргі таңда арнайы өрт сөндіру автокөлігі алынып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.Осындай игі іске қолдау білдіріп, өз үлесін қосқан ауыл азаматтарына, демеушілерге, атсалысқан барша жандарға ерекше алғысымды білдіремін,-деді.Іс-шарада бекеттің құрылысына және жабдықталуына үлес қосқан азаматтарға Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының «Алғыс хаты» табысталды. Сонымен қатар ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, жаңа нысанның ел игілігіне қызмет етуіне тілектестік білдірді.Салтанатты шара аясында өрт сөндіру бекеті мен арнайы техниканың кілттері табысталып, нысанның лентасы қиылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1236111?lang=ru
Сексеуіл вокзалында құрылыс жұмыстары жалғасуда 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және ел ағалары Сексеуіл теміржол вокзалы құрылысының барысымен танысты.Жоба «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ тапсырысымен жүзеге асырылуда. Бас мердігер «Техоснастка-Ремсервис» серіктестігі қолға алған жобаға 700 млн теңге бөлінген.Қазір құрылыс алаңында 15 жұмысшы, 4 арнайы техника жұмылдырылған. Нысанның сырты қапталып, ішкі әрлеуі біткен, есік орнатылған. Бүгінде аумағын абаттандыру, жаяу жүргіншілер жолын ретке келтіру және инфрақұрылымдық жұмыстар атқарылуда.Жаңа вокзалда жолаушыларға қолайлы жағдай жасалады, қызмет көрсету сапасы артады.Нысан пайдалануға берілгеннен кейін өңірдің көлік-логистикалық әлеуетіне, жолаушы тасымалына оң әсерін тигізеді.Айта кетейік, облыс аумағынан ұзындығы 1051,7 шақырым магистральдық теміржол желісі өтеді. Теміржол инфрақұрылымында 8 вокзал мен 2 қызмет көрсету пункті жұмыс істейді. Тәулігіне 15 жұп жолаушылар пойызы қатынайды. Қызылорда қаласынан Астана, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан қалаларына 6 жұп жолаушылар пойызы ұйымдастырылған.Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар «Қызылорда – Бесарық – Түркістан» жолаушылар пойызы облыстың оңтүстік бағытындағы 26 елді мекен тұрғындарын көлік қызметімен қамтамасыз етіп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1236118?lang=ru
АРАЛ АУДАНЫ АБАЙ ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ АУЫЗСУ ЖЕТКІЗІЛДІ 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер Абай елді мекеніне ауызсу қосу рәсіміне қатысты.Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен мемлекетке қайтарылған актив қаражаты есебінен 8 млрд. теңгеден астам қаржыға жүзеге асты.Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерді атап өтті.«Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен, Нұрлыбек Машбекұлының тиімді ұйымдастыруымен облыс бюджеті 809 млрд теңгеге жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 2 есе ұлғайды.Даму бюджеті соңғы 4 жылда 4,3 есеге артты. Бұл қаражат аймағымыздың ең өзекті мәселелерін шешуге, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталды.Бүгінде облыс тұрғындары 100 пайыз орталықтандырылған сапалы ауызсумен қамтылған.Жыл соңына дейін 10 елді мекенді газдандырып, халықты көгілдір отынмен қамту деңгейін 85 пайызға жеткіземіз.Таза ауызсу ауылдықтардың тұрмыс сапасына, әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң әсер етеді деп сенеміз.Бүгінгі игілік барша отбасына бақыт пен шаттық әкелсін!«Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», - деді Мұрат Нәлқожаұлы.Шарада қоғам қайраткері Имамадин Оңғарбаев сөз сөйлеп, ел ағасы Иманбай Әйтімов ақ батасын берді.Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар мен ауылға ауыз су тартқан мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.Бүгінде Абай елді мекеніне дейінгі 51 шақырым және елді мекенішілік 32,9 шақырым ауызсу желісі тартылып, 297 су құдығы орнатылды.Сонымен қатар, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге су апару үшін 400 шығару нүктесі монтаждалды.Енді Абай елді мекенінің тұрғындары сапалы ауызсумен тұрақты қамтамасыз етіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-qaraqym/press/news/details/1242119?lang=ru
Шижағада дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және ел ағалары Шижаға елді мекеніндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне қатысты.Соңғы жылдары өңірде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде 2022-2026 жылдары 200-ден астам әлеуметтік нысан бой көтерді. Оның 25-і - спорт нысаны. Аймақ басшысы тұрғындарды құттықтап, спорт саласындағы жетістіктерді атап өтті.«Президентіміз Үкімет пен облыс әкімдеріне мемлекет қолдауын тиімді, мақсатты пайдаланып, ауыл халқының табысын арттыру міндетін қойды.Бүгінде Арал ауданында серпінді жобалар сәтті жүзеге асуда.Күні кеше Аманөткел ауылындағы 150 орындық мәдениет үйінің жаңа ғимаратын ел игілігіне табыстадық.Бүгін Сексеуіл кентінде «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясының демеушілігімен 1 млрд. теңгеге салынатын «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебінің» іргетасын қаладық.Сонымен қатар, Абай елді мекенін орталықтандырылған сапалы ауызсуға қосамыз. Осындай игі істердің жалғасы ретінде Өздеріңізбен бірге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған Шижаға ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін табыстаймыз.Жаңа спорт кешені дені сау ұлт қалыптастыруға қызмет етіп, осы жерден әлемдік ареналарда Қазақстанның көк Туын көкте желбірететін чемпиондар шығады деп сенеміз»,- деді Мұрат Нәлқожаұлы.Рәсімде қоғам қайраткері Айтбай Көшербай сөз сөйлеп, Аққұм ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақытжан Сматуллаев ақ батасын берді. Ауданың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен ғимарат құрылысын сапалы салған мердігер мекеме өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.Айта кетейік, өткен жылы Президент қолдауымен Қызылорда қаласында 11 мың орындық стадион, «Теннис орталығы» және инклюзивті спорт кешені пайдалануға берілді. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Шиелі және Жалағаш аудандарында спорт кешендері ашылды.Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен құрылған 80 спорт-ойын алаңы балалар игілігіне айналды. Бүгінде облыс орталығында «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешені, «Қайсар» футбол клубының академиясы салынуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1236161?lang=ru
«Қарлаң» көпірінің құрылысы кезең-кезеңімен жүргізілуде 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және ел ағалары Қазалы ауданындағы «Қарлаң» көпірінің құрылысымен танысты.«Қазалы–Қожабақы–Бозкөл–Кәукей» автомобиль жолының 16-шақырымында орналасқан Қарлаң учаскесіндегі Сырдария өзені арқылы өтетін темір-бетон көпір құрылысы қарқынды жүргізілуде.Жоба өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға, елді мекендер арасындағы қатынасты жақсартуға және жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.«Нұрлы-Тау ЛТД» серіктестігі салып жатқан көпірдің ұзындығы – 248,29 метр, 6,3 млрд теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Толық аяқталғаннан кейін ауданаралық көлік қатынасы тұрақтанып, логистикалық байланыс едәуір жақсарады.Облыс әкімі құрылыс сапасын назарда ұстап, белгіленген кестеге сәйкес аяқтаудың маңызын атап өтті. Мердігер мекемеге барлық талапты қатаң сақтай отырып, көпірді уақытылы пайдалануға беру міндеті жүктелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1236178?lang=ru
Қазалы ауданындағы инфрақұрылымдық жобалар қарқыны сараланды 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және ел ағалары Қазалы ауданына жұмыс сапары аясында Жанкент ауылының тұрғындарымен кездесіп, «Руханият орталығында» аудан активін өткізді.Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы негізгі міндеттер талқыланды.Аймақ басшысы аудан әкімдігіне инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруды, су үнемдеу технологияларын тиімді пайдалануды, құрылыс сапасы мен мерзімін қатаң бақылауды, инфрақұрылымдық жобалардың уақытылы аяқталуын қадағалауды тапсырды.Соңғы төрт жылда Қазалы ауданында 280 пәтер тұрғындар игілігіне берілді. Осы ретте салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары мен құрылыс бөлімінің басшысы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар құрылысының сапасына ерекше назар аударып, тұрақты бақылауы қажет.Қазалы ауданын газдандыру деңгейі бүгінде 75 пайызға жеткен. Биыл Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Түктібаев елді мекендерін газдандыруға республикалық бюджеттен 680 млн теңге бөлініп, жұмыс басталды. Сонымен қатар құжаттары дайын алты ауылды газдандыру жобасын энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен, салалық министрліктермен бірлесіп үйлестіру тапсырылды.Аудандағы маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – «Қарлаң» көпірінің құрылысы. Былтыр оған 6,3 млрд теңге, биыл облыстық бюджеттен 2,2 млрд теңге бөлініп, жұмыс жоспарға сәйкес жүргізілуде. Мұрат Нәлқожаұлы жауапты сала басшыларына жұмыс барысын тұрақты бақылауды, белгіленген мерзімде пайдалануға беруді тапсырды.Әрі қарай аймақ басшысы «Руханият орталығында» ауданның белсенді жастарымен кездесіп, олардың тың жобаларымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1236198?lang=ru
Әлемге танымал блогерлер Қызылордадағы Президент саябағымен танысты 30.06.2026
Облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, қала әкімі Нұржан Ахатов Қызылорда қаласына арнайы келген әлемге танымал блогерлер Дастан Мұхамедрахым мен Джо Хаттабқа (HATAB JEHAD JAMAL TAWFIQ) қайта жаңғыртылған Президент саябағын таныстырды. Қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналған Президент саябағының аумағында заманауи субұрқақтар, амфитеатр, спорт және ойын алаңдары, би және шахмат аймақтары, баскетбол мен футбол алаңдары орналасқан. Сондай-ақ мұнда биіктігі 50 метрлік айналмалы шолу дөңгелегі, велосипед және жүгіру жолақтары, санитарлық пункттер салынған.Жалпы аумағы 31 гектар саябаққа 2 мыңнан астам ағаш, 50 мыңнан астам сәндік бұта және 17 түрлі көпжылдық гүл егілген.Саябақ аумағын тиімді пайдалану мақсатында бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, 300 орындық заманауи балалар лагері мен Ботаникалық білім беру орталығы пайдалануға берілген. Сонымен қатар 8,2 гектар аумақта тоғыз қабатты 15 тұрғын үй салынып жатыр. Бұдан бөлек, 200 төсектік жаңа перинаталдық орталық, жаңа драма театр және заманауи Президенттік кітапхана бой көтеруде.Кездесуде қонақтарға өңірдің туристік әлеуеті, Қызылорданың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны және қаладағы ауқымды инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды.Айта кетейік, Джо Хаттаб – халықаралық деңгейде кеңінен танылған араб тревел-документалисі, режиссер, бейнеграф және YouTube блогері. Қазіргі уақытта оның әлеуметтік желілердегі жалпы аудиториясы 25 миллионнан асады.Ол жай ғана туристік орындарды таныстыратын блогер емес, деректі фильмдер түсіретін контент авторы ретінде танымал. Шығармашылығының негізгі бағыты – сирек мәдениеттер мен әлемнің шалғай өңірлеріндегі адамдардың өмірін көрсету. Джо Хаттаб Эверест тауларындағы шерпалардың тұрмысы, Амазонка джунглилеріндегі тайпалардың өмір салты, сондай-ақ әлемдегі ең оқшауланған мемлекеттердің бірі саналатын Солтүстік Корея мен Куба туралы бірегей жобалар әзірлеген.Сонымен қатар ол түрлі елдердегі ерекше кәсіп иелерінің өмірін, тағдырлы адамдардың оқиғаларын және экология, кедейлік секілді жаһандық мәселелерді арқау еткен деректі фильмдерімен танылған. Блогердің Joe Hattab Production жеке медиа өндірістік компаниясы жұмыс істейді. Ол түсірілім барысында ең заманауи техникалар мен дрондарды пайдаланып, бейнематериалдарына кинематографиялық стиль береді.Джо Хаттаб халықаралық деңгейдегі бірқатар ірі компаниялардың, атап айтқанда Sony, Emirates, Samsung, Facebook және Google брендтерінің ресми амбассадоры болған. Оның Қазақстан, Сауд Арабиясы және Жапония туралы түсірген бейнежобалары халықаралық аудиторияның қызығушылығын арттырып, аталған елдерге шетелдік туристер ағынының көбеюіне ықпал еткен.Алдағы екі күнде танымал блогерлер Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалдық кешеніне бармақ. Сондай-ақ, Байқоңыр ғарыш айлағында деректі фильм түсіруді жоспарлауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1236234?lang=ru