Жаңалықтар
6 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» акциясы ұйымдастырылды. 30.06.2026
6 маусым күні іс-шараға «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының 100-ден астам сарбазы қатысып, Елек өзенінің жағалауында санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді. Акция барысында өзен маңы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қоршаған ортаның тазалығын сақтау мен экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды.Табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осындай игі бастамалар азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға үндейді. Сонымен қатар, бұл шаралар жастардың экологиялық санасын қалыптастырып, табиғатты аялау мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1236266?lang=ru
Қаржылық ынтымақтастық пен инвестициялар: Қазақстан–Кувейт әріптестігінің жаңа перспективалары 30.06.2026
Әл-Кувейт, 2026 жылғы 7 маусым – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Мемлекетінің Қаржы министрі Якуб Әл-Рефаимен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржылық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан мен Кувейт арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру барысын талқылады.Қазақстан-Кувейт сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының төртінші отырысын өткізуге дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазақстан тарапы Комиссияның кезекті отырысын 2026 жылдың екінші жартысында өткізуді ұсынып, аталған тетіктің екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту және бірлескен бастамаларды іске асыру үшін маңызды екенін атап өтті.Сонымен қатар, тараптар Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Кувейт Мемлекеті Үкіметі арасындағы табыстарға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу туралы келісімге қол қоюға дайындық барысын талқылады. Құжат бойынша жұмыс аяқталу сатысында екені, ал оған қол қою екі ел арасындағы экономикалық әріптестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болатыны атап өтілді.Қазақ Елшісі сұхбаттасушысын елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерімен таныстырып, Қазақстан экономикасының тұрақты өсімін және оның Орталық Азиядағы жетекші экономикалардың бірі ретіндегі ұстанымын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен кувейттік инвестицияларды тартудың перспективалы бағыттары таныстырылды.Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін Парсы шығанағы елдеріне тұрақты жеткізу тізбектерін қалыптастыруға бағытталған бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне де ерекше назар аударылды.Сонымен қатар, Кувейт Мемлекетінің Қаржы министріне Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің екі тарап үшін қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыру хаты табыс етілді. Алдағы сапар екі ел арасындағы қаржы-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына қосымша серпін беретіні атап өтілді.Кувейт тарапы шақыруды ризашылықпен қабылдап, Қазақстан тарапының сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бастамаларын қарастыруға қызығушылық білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1236283?lang=ru
Қорғаныс министрі Ұлттық қорғаныс университетінің түлектеріне дипломдар табыстады 30.06.2026
Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің «Бас штаб академиясы» факультетінің офицер-түлектері мен докторанттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.Іс-шараға Ұлттық қорғаныс университетінің басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы, өзге күштік құрылымдар басшылығының өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері және түлектердің туыстары қатысты.Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Ұлттық қорғаныс университетінің елдің кадрлық әлеуетін нығайтудағы маңызды рөлін атап өтіп, мамандарды жоғары деңгейде даярлаған оқытушылар құрамына алғыс білдірді.– Әскери-стратегиялық ахуалдың қарқынды өзгеруі жағдайында мемлекетке терең білімді, стратегиялық ойлай алатын және ұлттық қауіпсіздік мүддесі жолында жедел әрі салмақты шешім қабылдауға қабілетті жоғары білікті әскери басшылар қажет. Сіздердің алған білімдеріңіз бен кәсіби дағдыларыңыз ең күрделі әрі жауапты міндеттерді абыроймен орындауға, Қарулы күштердің дамуына және елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға қызмет етеді деп сенемін, – деді ведомство басшысы.Салтанатты жағдайда қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов «Бас штаб академиясы» факультетінің түлектері мен Ұлттық қорғаныс университетінің докторанттарына оқу орнын тәмамдағаны туралы дипломдарды табыс етті.Түлектер атынан үздік диплом иегері, топ командирі полковник Ержан Ембергенов сөз сөйлеп, оқу орны ұжымына ризашылығын білдірді.– Ұлттық қорғаныс университетінде оқу біз үшін кәсіби әрі тұлғалық дамудың маңызды кезеңіне айналды. Біз білім мен тәжірибе жинақтап, еліміздің үздік оқытушылары мен әскери мамандарынан тәлім алдық. Мемлекет сенімін ақтап, Отанымыздың игілігі жолында қызмет ету әрбіріміз үшін – үлкен мәртебе әрі жауапкершілік, – деді Ержан Ембергенов.Түлектердің жақындары үшін де бұл күн қуанышқа толы болды. Нұрбаевтар отбасында ерлі-зайыптылардың екеуі де әскери қызметке өмірін арнаған. «Бас штаб академиясы» факультетінің магистрі подполковник Мерген Нұрбаев диплом алу бүкіл отбасы үшін маңызды оқиға болғанын атап өтті. Оның кәсіби жолында жұбайы – кіші сержант Жанар Нұрбаева әрдайым қолдау көрсетіп келеді.Магистр полковник Асхат Ұлубаевтың анасы Нұрипа Назарымбетова да қуанышын бөлісті.– Менің педагогикалық еңбек өтілім – 40 жыл. Балаларымның бойына әрдайым патриоттық сезімді сіңіріп, оларды Отан қорғауға дайын, елге адал азамат етіп тәрбиелеуге тырыстым. Бүгін отбасымыз үшін ерекше қуанышты күн. Ұлымның еліміздің жетекші әскери жоғары оқу орындарының бірі – Ұлттық қорғаныс университетін тәмамдап, магистр дәрежесін алғанын мақтан тұтамыз. Осы жылдарда оған қолдау көрсеттік. Бүгін міне, оның жетістігіне бірге куә болып отырғанымызға қуаныштымыз, – деді ол.Іс-шара Орталық әскери оркестрдің сүйемелдеуімен және Құрмет қарауыл ротасы әскери қызметшілерінің қатысуымен өтті. Салтанатты рәсімнен кейін қонақтар Әскери-тарихи музейге экскурсия жасады.Айта кетсек, ҚР Ұлттық қорғаныс университеті құрылғаннан бері жоғары буындағы әскери кадрларды даярлайтын маңызды білім ордасына айналды. Оқу орны Қарулы күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға мыңдаған офицер даярлады. Мұнда шетелдік әскери қызметшілер де білім алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1236289?lang=ru
“Өндіріс орта мектебі” КММ ұйымдастыруымен “Мектепке дейінгі балалардың ерте дамуына арналған жаңашыл ойын технологиялары” тақырыбында аудандық семинар өтті 30.06.2026
2026 жылғы 13 мамыр күні “Өндіріс орта мектебі” КММ ұйымдастыруымен “Мектепке дейінгі балалардың ерте дамуына арналған жаңашыл ойын технологиялары” тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға ауданның МДҰ педагогтері қатысып, жаңа ой мен тәжірибие алып, тәжірибиелерімен алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1236302?lang=ru
Электрондық сауда тауарларын әкелудің жаңа ережелері туралы 30.06.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылдың екінші жартысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде Temu, AliExpress, iHerb және басқалары сияқты шетелдік маркетплейстерде сатып алынатын тауарлар үшін жаңартылған ережелер күшіне енетінін хабарлайды. Азаматтар нені білуі керек Егер сатып алу құны 200 евродан аспаса, ештеңе өзгермейді:- кедендік баждар мен салықтарды төлеудің қажеті жоқ;- сәлемдеме бұрынғыдай жеткізіледі;- кеден органдарына өз бетінше жүгіну талап етілмейді;- сатып алушының атынан декларацияны электрондық сауда операторлары рәсімдейді.Шетелдік маркетплейстерден жеке тұлғалар сатып алатын тауарлар «электрондық сауда тауарлары» атты жеке санатқа жатқызылады.Олар үшін кедендік декларацияның жаңа түрі – «электрондық сауда тауарларына арналған декларация» енгізіледі. Мұндай декларацияда әртүрлі жеке тұлғаларға тиесілі 999 тауар туралы мәлімет көрсетуге болады. Аталған декларацияны сатып алушылардың атынан кеден органдарына электрондық сауда операторлары ұсынады. Бұл – кеден ісі саласындағы жаңа институт.Сонымен қатар салмақтық шек (31 кг) алынып тасталады. Ал бажсыз әкелу лимиті 200 еуро деңгейінде сақталады.Өзгерістер негізінен құны жоғары сатып алуларға қатысты болады. Егер тауар құны 200 еуродан асса:- тауар құнының 5%-ы мөлшерінде кедендік баж;- 16% мөлшерінде қосылған құн салығы (ҚҚС) төленеді.Есептеу мысалдары:250 еуро – 12,5 еуро кедендік баж (шамамен 7 мың теңге) + ҚҚС;500 еуро – 25 еуро кедендік баж (шамамен 14 мың теңге) + ҚҚС.Салыстыру үшін айта кетсек, қазіргі уақытта мұндай тауарларға бажсыз әкелу лимитінен асқан сомаға 15% мөлшеріндегі бірыңғай төлем (ҚҚС-пен қоса алғанда) қолданылады.Жаңа ережелер интернет-сауданы реттеуге және жеке пайдалану үшін сатып алынған тауар ретінде көрсетіліп, коммерциялық партиялардың әкелінуіне жол бермеуге бағытталған.Бұл өзгерістер ЕАЭО аумағында кедендік рәсімдеуден өтіп қойған және Wildberries, Ozon, Kaspi.kz сияқты жергілікті интернет-алаңдар арқылы сатылатын тауарларға қолданылмайды.Осылайша, жеке пайдалану үшін құны 200 еуроға дейінгі тауарларға тапсырыс беретін азаматтардың басым бөлігі үшін сатып алу және сәлемдемені алу тәртібі бұрынғыдай қалады.Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өз сатып алуларын жаңа нормаларды ескере отырып жоспарлауды ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1236304?lang=ru
«Daryn Robotics Cup 2026» 30.06.2026
2026 жылдың 13–14 мамыр күндері өткен «Daryn Robotics Cup 2026» республикалық турнирінде «Жалпы білім беретін №1 орта мектеп» КММ-нің NOVA командасы финалист атанды! Алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілеймізАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1236306?lang=ru
Алматы облысында ауыл шаруашылығы форумы өтті 30.06.2026
Алматы облысының Райымбек ауданында алғаш рет ауыл шаруашылығы форумы өтті. Шара ауданның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылды. Онда тыңайтқыштар, дрондар және өсімдік шаруашылығына арналған заманауи технологиялар көрмесі ұсынылды. Жергілікті кәсіпкерлер өз өнімдерін таныстырып, шаруашылықтар ғылыми зерттеу институттарымен меморандумға қол қойды. Форумға шаруа қожалықтарының өкілдері, сала мамандары, ғалымдар мен аудан тұрғындары қатысты. Іс-шара ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін арттыруға, кәсіпкерлер мен ғалымдар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Райымбек ауданының тыныс-тіршілігі ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты. Табиғат жағдайы, жердің құнарлылығы бұл бағытты дамытуға толық мүмкіндік береді. Форумда түрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер өз жұмыстарын таныстырды. Олар ет, сүт, бал, балық өнімдерін өңдеп, халыққа ұсынып отыр. Солардың бірі – «Әшірақын Диас» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі. Кәсіпорын 2025 жылдан бері жұмыс істейді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 27 млн теңге несие алып, осы қаражатқа қора-жай салып, 3000 бас тауық сатып алған. Қазіргі таңда Райымбек, Кеген аудандарын экологиялық таза тауық етімен, сапасы жоғары жұмыртқамен қамтамасыз етуде. Ал «Райымбек омарташылары» өндірістік кооперативі табиғи, қантсыз бал өнімін өндірумен айналысады. Қазіргі таңда онда 100-ден астам омарта бар. Балдан бөлек емдік қасиеті бар 15 түрлі өнім алынады. Болашақта омарта санын 500-ге дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Кооператив басшысының айтуынша, бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға, пайдалы әрі таза өнім көлемін арттыруға септігін тигізеді.Форум барысында ауыл шаруашылығы зерттеу институттары бұл саладағы топырақ деградациясы, мал ауруы және өзге де қауіп-қатерлердің алдын алуға бағытталған жобалары жайлы баяндады. Шаруалар институттармен келісімге келіп, бірігіп жұмыс істеуге уағдаласты. Сондай-ақ кәсіпкерлерге лизингке ауыл шаруашылығы техникалары берілді.Райымбек ауданының әкімі Дастан Құдабаевтың айтуынша, бүгінде бұл саланы дамытуға бағытталған тың бастамалар қолға алынған. Атап айтқанда, «Altyn DAN» ЖШС Орта Азиядағы танымал «PepsiCo Central Asia» компаниясы және «Magnum» сауда желісімен ірі жобаларды іске асыруда. Бүгінгі таңда ауданда 2500 гектардан астам жерде су үнемдеу қондырғылары пайдаланылуда. Биыл тағы 1800 гектар аумаққа заманауи технологиялар орнатылмақ.Ирригация саласында 6 су қоймасы, 8 магистральдық канал мен 13 ішкі шаруашылық каналын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл ауданның ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыруға, экспорт әлеуетін арттыруға және су ресурстарын ұтымды пайдалануға жол ашады.Қазіргі таңда ауданда 66 мың ірі қара, 267 мың қой мен ешкі, 42 мың бас жылқы бар. 2316 шаруа қожалығы тіркеліп, жұмыс атқаруда.«Райымбек ауданында ірі қара малын асылдандыру және мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда ірі қара мал тұқымын асылдандырумен 12 шаруа қожалық, ал асыл тұқымды ұсақ мүйізді мал өсірумен 6 шаруа қожалық айналысуда. Онда «Ангус», «Герефорд», «Қазақтың ақ бас сиыры», «Қалмақ» тұқымды ірі қара, сондай-ақ «Архар меринос» және «Иль-де-Франс» тұқымды қойлары өсірілуде. Осы бағыттағы жұмысты жүйелеу мақсатында биыл аудан әкімдігі мен Қазақ ұлттық аграрлық университеті арасында мал тұқымын асылдандыру жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Бұл келісімнің нәтижесінде университет ғалымдары шаруашылықтарда мал тұқымын жақсарту ісіне ғылыми жетекшілік жасап, әдістемелік қолдау көрсететін болады», – деді Дастан Сұлтанмұратұлы. Сондай-ақ шаруашылықтардың материалдық-техникалық базасына да тоқталып өтті. Айтуынша, соңғы жылдары ауданда 200-ге жуық трактор, 100-ден аса агрегат алынып, жаңарту көрсеткіші 60%-дан асқан. Алдағы уақытта мал бордақылау алаңдарын құру, егін және мал шаруашылығын жаңғырту жұмыстарын жандандыру жоспарланған.Форум ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті. Сондай-ақ шаруалардың тәжірибе алмасуына, жаңа жобалармен танысуына жағдай жасады. Сондықтан бұл форум алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын таппақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1236313?lang=ru
«Digital Urpaq: Ayagoz-2026» 30.06.2026
“Digital Urpaq: Ayagoz-2026” аясында FIRST халықаралық стандарттары бойынша өткен робототехника жарысының дайындық матчы – Challenge-де басты жүлделі 1-ші орынға ие болған NOVA командасын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!Бұл сайыс – жас инженерлер мен дарынды оқушылардың білімін, шығармашылығын және заманауи технологияларға деген қызығушылығын танытатын ерекше алаң. Қатысушылардың роботтарды арнайы тапсырмаларға сай бағдарламалап, инновациялық жобаларын қорғауы – олардың табандылығы мен болашаққа деген үлкен қадамының айғағы.Әрбір тәжірибе – үлкен жетістікке бастар жол. Еңбектеріңіз жана берсін, білім мен технология әлемінде жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1236319?lang=ru
“Хор-ұжымы” 30.06.2026
Балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің білім алушылары арасында өткен Республикалық фестиваль-байқауда “Хор-ұжымы” номинациясы бойынша Абай облысы Бесқарағай ауданы Балалар өнер мектебінің оқушылары жоғары көркемдік деңгейі мен кәсіби орындаушылық шеберлігін көрсетіп, жүлделі ІІ орын иеленді! Жас өнерпаздарды және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1236321?lang=ru
Аудан мектеп директорларының қатысуымен жиналыс өткізілді 30.06.2026
Бесқарағай ауданы білім бөлімінің басшысы Медет Кәдірбекұлы Кәдірбековтың төрағалығымен Zoom платформасында аудан мектеп директорлары, директор орынбасарлары, іс-қағаздар жүргізушілері және білім бөлімінің мамандарының қатысуымен жиналыс өткізілді.Жиналыста келесі мәселелер қаралдыБілім бөлімінің бас маманы - Тусупова Камила Есенгелдіқызы1. “Педагогті жұмысқа қабылдау” модулі, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде кемшіліктерді болдырмау, Е-өтініш жүйесімен жұмыс жасау мәселелері.2. Өзгеде мәселелер бойынша білім бөлімінің басшысы келесі жұмыстарды тапсырды- “Таза Қазақстан” бағдарламасы бойынша мектептерге ағаш отырғызу, гүлдендіру, абаттандыру мен тазалық жұмыстарын жүргузі;- Соңғы қоңырауда заңсыз ақша жинауға, дастархандар ұйымдастыруға, автокөліктермен шерулер жасауға жол бермеу;- Педагогтерге арналған тегін жасанды интеллектіні пайдаланып, жұмыс жасау;- Бюджеттің дұрыс жоспарлануы мен игерілуі;- ҰБТ қатысатын оқушыларға психологиялық қолдау көрсету және т.б. ағымдағы сұрақтар қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1236323?lang=ru
2025-2026 оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады 30.06.2026
Құрметті Бесқарағай ауданының тұрғындары, ата-аналар және оқушылар!2025-2026 оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.Оқу жылының аяқталуына орай жалпы білім беретін мектептерде «Білімім – Отаныма!» атты республикалық сынып сағаты өткізіледі.Оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын мектеп бітіруші 9 және 11-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады.Қорытынды емтихандар мен аттестат табыстау мерзімдері:-9-сынып бітірушілері үшін қорытынды емтихандар: 29 мамыр – 11 маусым;-11-сынып бітірушілері үшін мемлекеттік емтихандар: 2 – 15 маусым;-аттестат табыстау салтанаты: 17–18 маусым.Аттестат табыстау салтанатты іс-шарасын ұйымдастыруҚазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында заңсыз ақша жинауға және бітіру іс-шараларын өткізуге жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» №106-НҚ бұйрығына сәйкес, аниматорларды, мерекелік агенттіктерді және жеке студияларды тартуға, мерекелік дастархандар ұйымдастыруға, автокөліктермен шерулер өткізуге, әкімшілікке және педагогикалық ұжымға сыйлыққа қаражат жинауға ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1236339?lang=ru
ШҚО бойынша МКД-де мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметшілерге арналған оқыту өткізілді 30.06.2026
2026 жылғы 05 маусымда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшілерге арналған оқыту өткізілді.Іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Қойшинов Қ.К. қатысушыларға мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі талаптарын түсіндірді.Оқыту барысында мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мәселелеріне, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларына ерекше назар аударылды.Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға байланысты шектеулерді сақтау және заңнамада көзделген жағдайларда мүлікті сенімгерлік басқаруға беру тәртібі түсіндірілді.Кездесу соңында қызметтік әдеп нормаларын, адалдық, заңдылық және өз қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі жауапкершілік қағидаттарын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1236341?lang=ru
«Ақ-қайын 2026» и «Мерейлі Бесқарағай – 2026» 30.06.2026
«Ақ - қайын 2026», «Мерейлі Бесқарағай – 2026» 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Бесқарағай ауданында дәстүрлі гала-концерті өтті.Ауданның барлық білім беру ұйымдарынан іріктелген 250-ден астам дарынды бала ән, би және шығармашылық өнерлерін көпшілікке паш етті. Байқаудың мектепішілік және аудандық кезеңдері наурыз-сәуір айларында өткізіліп, үздік 42 өнер нөмірі гала-концертке жолдама алды.Мереке барысында өнер көрсеткен барлық балаларға жалпы құны 1.8 млн теңгеге қаражат сөлшерінде естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегері атанған мектептер арнайы марапатталып, қатысушыларға 6 арнайы номинация бойынша марапаттар берілді.Балалардың шат күлкісі мен жарқын өнері мерекенің басты сәніне айналып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1236353?lang=ru
«Артық білім — кітапта…» 30.06.2026
Бесқарағай ауданының OQY CLUB ұйымының бастамасымен және Бесқарағай аудандық білім бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының қолдауымен №1 жалпы білім беретін орта мектебі базасында мектеп оқушыларының, кітапхана қызметкерлері мен педагогтердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау мақсатында «Артық білім — кітапта…» облыстық кітап байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға аудан бойынша 7 мектеп қатысты.Байқау нәтижесі бойынша: I орын — «Өндіріс орта мектебі» КММ II орын — «Сосновка орта мектебі» КММ III орын — «Глуховка орта мектебі» КММЖеңімпаз атанған оқушыларымыз бен ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1236311?lang=ru
Парламент депутаттары Атырау облысының тұрғындарымен Каспий теңізі мен Жайық өзенінің экологиялық мәселелерін талқылады 30.06.2026
Бүгін Атырауда Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасында Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның XII отырысы өтті. Жиында қатысушылар Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу аясында Каспий теңізі мен Жайық өзенінің су экожүйелерін орнықты басқару мәселелерін талқылады. Сондай-ақ сенаторлар өңір жұртшылығымен және бірқатар әлеуметтік, өндірістік нысандардың еңбек ұжымдарымен кездесті.Комиссия отырысында өңірдегі су бассейндерінің экологиялық ахуалына қатысты өзекті мәселелер қозғалды. Сенат Төрағасы ластану деңгейінің артуы, балық қорының азаюы және өңірдің экожүйесіне антропогендік әсердің күшеюі ерекше назар аударуды қажет ететінін атап өтті.- Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі әлдеқашан өңірлік шеңберден шығып, жаһандық сипат алғанын әрдайым айтып келеді. Осы сын-қатерді еңсеру үшін Қазақстан Каспий теңізінің су ресурстарын сақтау жөніндегі мемлекетаралық бағдарлама әзірлеуге бастамашы болды. Мемлекет басшысы су мәселері бойынша халықаралық күн тәртібін ілгерілету мақсатымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында Астанада Су проблемаларын талдау орталығын құруды да ұсынды. Сондай-ақ БҰҰ-ның мамандандырылған агенттігі ретінде Халықаралық су ұйымын құру бастамасын көтерді. Жайық өзеніне қатысты мәселе де аса өзекті. Бұл түйткілдерді бір-бірінен бөлек қарастыруға болмайды. Оларды шешу үшін ведомствоаралық үйлестіру, ғылыми негізделген шешімдер, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың, сарапшылар қауымдастығының, экологиялық қоғамдық ұйымдардың және халықаралық серіктестердің белсенді атсалысуы қажет, – деді Мәулен Әшімбаев.Кездесуде Каспий теңізіне қатысты мәселеде жүйелі тәсілдің жеткіліксіз екені де айтылды. Жайық өзенінің атырауы мен Маңғыстау облысының жағалауы маңында теңіз 30-35 шақырымға дейін шегініп, соның салдарынан топырақтың тұздануы, экожүйелердің тозуы және балықтардың уылдырық шашу орындарының қысқаруы байқалып отыр. Құрамында улы шөгінділері бар шаңды дауылдардың туындау қаупі артып отырғанына да мән берілді. Парламенттік комиссияның Төрағасы Каспий теңізі мен Жайық өзенін сақтау мәселесі ұзақмерзімді экологиялық қауіпсіздіктің, азаматтардың өмір сүру сапасының және бүкіл Каспий маңы өңірінің орнықты дамуының кепілі екенін тілге тиек етіп, Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында мемлекет, ғылым, азаматтық қоғам, бизнес және халықаралық серіктестердің алдағы бірлескен жұмысының негізгі бағыттарын айқындап берді.Парламенттік комиссияның отырысына Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы, Экология және табиғи ресурстар, Ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері қатысты.Іс-шарада БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа, су ресурстарын басқару және климаттың өзгеру мәселелері жөніндегі халықаралық сарапшы, Орталық Азия су ресурстарын басқару және климаттың өзгеруі жөніндегі платформаның үйлестірушісі Болат Есекин, өңір әкімдіктерінің басшылығы, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері баяндама жасады.Мемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылар алдағы бірлескен жұмысты ұйымдастыруға қатысты ұсыныстар мен бастамаларын ортаға салды. Сенат Төрағасы олардың іске асырылу барысы қоғамның және барлық мүдделі тараптың бақылауында болатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1236361?lang=ru
Мәулен Әшімбаев Атырау жастарымен кездесті 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Атырау өңіріне жұмыс сапары аясында жастармен кездесті. Жиында Сенат Спикері жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарына тоқталып, оны мемлекетті дамытудың және саяси жүйені жан-жақты жаңғыртудың ұзақмерзімді бағытын айқындайтын стратегиялық құжат деп атады. Сенат Төрағасы елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды жаңғыртулардың қазіргі сын-қатерлерге жедел жауап бере алатын икемді мемлекеттік жүйе қалыптастыруға мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар ол жаңа Ата Заңның табысты іске асырылуы жастардың белсенділігіне, біліміне және жауапкершілігіне де байланысты екеніне тоқталды.- Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 15 наурызда республикалық референдум өтті. Нәтижесінде халық Мемлекет басшысының бастамасын қолдап, еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Жаңа Ата Заң биылғы 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді. Шын мәнінде, бұл – нағыз Халық Конституциясы. Ол Тәуелсіздік, Мемлекеттілік және азаматтардың құқықтары мен мүдделері ең жоғары құндылық саналатын Әділетті Қазақстан құрудың жаңа кезеңіне жол ашты. Бүгінде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар мен жаңартылған институционалдық ортаның барлығы өскелең ұрпақтың игілігі үшін жасалып отыр. Жаңа Конституция жастарға зор мүмкіндіктер береді әрі үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан жас буын осы реформалардың тарихи маңызын терең түсініп, оны жүзеге асыруға белсенді қатысуы қажет, – деді Сенат Төрағасы.Мәулен Әшімбаев Әділетті Қазақстан құруда жастардың белсенді рөлі ерекше мәнге ие екенін айтып, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларына және ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын құндылықтарға назар аударды. Оның айтуынша, бұл бағыттағы басты бағдар – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абайдың «Толық адам» іліміне негізделген «Адал азамат» тұжырымдамасы. Аталған тұжырымдамада еңбекқорлық, адалдық, кәсіби біліктілік, үздіксіз білім алу және отаншылдық әр азамат үшін басты құндылықтар ретінде айқындалған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1236369?lang=ru
Енді elicense.kz порталы арқылы Әзербайжан, Түркия және Қырғызстанға жүк тасымалдауға арналған рұқсаттарды электрондық форматта алуға болады 30.06.2026
Қазақстандық жүк тасымалдаушылар енді Әзербайжан, Түркия және Қырғызстан аумағына кіруге арналған электрондық рұқсаттарды онлайн рәсімдей алады. elicense.kz порталында шетелдік рұқсат бланкілерін алуға болатын бағыттар тізімі кеңейтілді.Шетелдік рұқсат бланкісі – қазақстандық тасымалдаушыға белгілі бір шет мемлекеттің аумағында жүк тасымалдауға құқық беретін құжат. Мұндай рұқсаттар мемлекеттер арасында екіжақты негізде алмасылады.«Бұл тасымалдаушылар үшін мемлекеттік органдарға бару санын азайтып, жұмысқа көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді. «Е-лицензиялау» платформасы рұқсат беру үдерістерін кезең-кезеңімен онлайн форматқа көшіру бағытында дамып келеді», – деді ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары Ержан Ақтаев.Қызметті Қазақстан Республикасында тіркелген және халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсаты бар көлік құралдарына ие қазақстандық тасымалдаушылар (заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер) пайдалана алады.Қызметті пайдалану үшін пайдаланушыға:elicense.kz порталында авторизациядан өтіп, «Көлік» бөліміне өту;«Халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауды тұрақты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру» қызметін таңдап, «Онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу;өңірді/қаланы және РММ-ні таңдау;ұйымның БСН-ін, өкілдің аты-жөнін және лауазымын енгізу;заңды тұлғаның тіркеу деректерін және мекенжайын толтырып, «Келесі» батырмасын басу;көлік құралы туралы мәліметтерді және шетелдік рұқсаттарға қажеттілікті көрсету (ел атауы, бланк түрі, саны);ҚР Көлік министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы тексеріс нәтижесінде электрондық шетелдік рұқсат бланкісі брондалады;мемлекеттік бажды төлеп, өтінімді қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен растау.Қызмет көрсету мерзімі – 2 жұмыс күні. Рұқсат дайын болған соң құжат elicense.kz порталындағы Жеке кабинетке жіберіледі. Бланктің жарамдылық мерзімі жеке кабинетке хабарлама түскен сәттен бастап 30 күнді құрайды. Қызмет құны – бір бланк үшін 1 АЕК.Функционал ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Көлік министрлігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде іске асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1238427?lang=ru
Атырау облысында бизнесті қолдау және орнықты даму мәселелері талқыланды 30.06.2026
Атырау облысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаевтың қатысуымен орнықты даму, кәсіпкерлікті қолдау және инвестициялар тарту мәселелеріне арналған бірқатар іс-шаралар өтті.Негізгі алаңдардың бірі ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Тұрақты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі Парламенттік комиссияның XII көшпелі отырысы болды. Талқылаудың басты тақырыбы Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу аясында Каспий теңізі мен Жайық өзенінің су экожүйелерін орнықты басқару мәселесі болды.Қатысушылар су ресурстарын сақтау, өңірдің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету және Тұрақты даму мақсаттарының қағидаттарын еліміздің батыс өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалдастыру мәселелерін қарастырды.Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында вице-министр Атырау облысының бизнес өкілдерімен кездесті.Өңір кәсіпкерлерімен өткен кездесуде бизнесті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары, сондай-ақ іскерлік ахуалды одан әрі жетілдіру жөніндегі жоспарлар таныстырылды. Іс-шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев қатысты.Бүгінде өңірде 57,5 мың кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында тартылған инвестициялар көлемі 408,3 млрд теңгені құрады. Жыл соңына дейін жалпы құны 717 млрд теңге болатын 21 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.Ерлан Сағнаев атап өткендей, Ұлттық экономика министрлігі шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыруда.«Министрлік шағын және орта бизнес үшін барынша ашық әрі ынталандырушы орта қалыптастыруға бағытталған. Биыл мемлекеттік қолдау құралдары аясында Атырау облысына 10 млрд теңге бөлініп, сондай-ақ 12,1 млрд теңге көлемінде кредиттік кепілдіктер берілді. Бұл – іскерлік белсенділікті арттыруға және жаңа өндірістерді іске қосуға бағытталуы тиіс нақты ресурстар», – деп атап өтті вице-министр.Ашық диалог барысында бизнес өкілдері «Іскер аймақ» өңірлік бағдарламасын іске асыру, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, салық заңнамасын жетілдіру, қаржылық қолдау тетіктері және отандық өндірушілердің мемлекеттік сатып алуларға қолжетімділігін кеңейту мәселелерін көтерді.Өнеркәсіп секторын дамыту мәселелеріне де ерекше назар аударылды. «Гранд Материк» ЖШС, «Талшықтекс» ЖШС және «Кенен Интернешнл Кетринг» ЖШС кәсіпорындарының алаңдарында өндірістерді жаңғырту, жергіліктендіру деңгейін арттыру және отандық компаниялардың экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту перспективалары талқыланды.Кездесулер қорытындысы бойынша кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, инвестициялар тартуға және өңір экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1236499?lang=ru
Ұлттық қорғаныс университетінің 161 түлегіне магистр дипломы табысталды 30.06.2026
Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің түлектеріне диплом тапсыру сәті салтанатты түрде өтті.Іс-шараға Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан дипломатиялық корпусының өкілдері, Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектерінің қолбасшылары, өзге де күштік құрылымдардың басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері сондай-ақ түлектердің туған-туыстары мен жақындары қатысты.– Сіздер кәсіби тұрғыда қалыптасудың тағы бір маңызды кезеңінен өттіңіздер. Меңгерген білімдеріңіз бен жинаған тәжірибелеріңіз Отанға адал қызмет етуге, елдің қорғаныс қабілетін нығайту және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін жемісті орындауға ықпал етеріне сенімдімін. Сіздерге зор денсаулық, жаңа кәсіби жетістіктер, мансаптық өсу және Отан қорғаушының жоғары миссиясын абыроймен атқаруға тілектеспін, – деді генерал-лейтенант Қ. Әбубәкіров.Дәстүр бойынша түлектер әскери ұжымның қасиетті нышаны, ар-намыс, ерлік пен даңқтың символы саналатын университеттің Жауынгерлік Туымен қоштасты.– Екі жылғы қарқынды оқу, сабақтар мен емтихандар артта қалды. Осы уақыт ішінде алған біліміміз бен дағдыларымыз кәсіби құзіреттерімізді едәуір арттырып, қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы заманауи сын-қатерлерге стратегиялық көзқарасымызды кеңейтті. Осы жолда бізге қолдау көрсетіп, кәсіби қалыптасуымызға үлес қосқан барша жанға алғысымды білдіремін, – деді Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшісі, магистрант майор Саян Қөпбосынов.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті – Қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар үшін жедел-тактикалық және жедел-стратегиялық басқару буындарына жоғары білікті кадрлар даярлайтын еліміздің жетекші әскери оқу орны. Биыл білім ордасын 161 магистрант тәмамдады. Олардың қатарында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттерден: Тәжікстаннан – 10, Қырғызстаннан – 5 түлек болды. Сонымен қатар, Өзбекстан елінің 2 өкілі де оқуды тәмамдады.– Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына жоғары кәсібилігі, баға жетпес тәжірибесі, қолдауы мен тәлімгерлігі үшін алғыс айтамыз. Біз, шетелдік тыңдаушылар үшін, бұл уақыт Ұлттық қорғаныс университетінде білім алу жаңа құзіреттерді игерудің және практикалық тәжірибе жинақтаудың маңызды кезеңіне айналды. Өзімізбен бірге білім ғана емес, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін кәсіби байланыстарды да алып кетеміз, – деді Өзбекстаннан келген әскери қызметші майор Рустам Якушкин.Салтанатты шара түлектердің саптық алаң бойымен салтанатты маршпен өтуімен жалғасты. Құрмет қарауыл ротасының әскери қызметшілері қарумен дефиле көрсетіп, жоғары саптық даярлық пен іс-қимыл үйлесімділігін көрсетті.Қонақтарға Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің өнерпаздары концерттік бағдарлама қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1236500?lang=ru
Қазақстан мен Сауд Арабиясы аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 30.06.2026
Рияд, 2026 жылғы 7 маусым – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Өнеркәсіп және минералды ресурстар вице-министрі Халед Әл-Мудайфермен келіссөздер жүргізді.Кездесу барысында тараптар тау-кен өнеркәсібі саласындағы Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, стратегиялық және аса маңызды минералдарды барлау, өндіру және өңдеу мәселелеріне ерекше назар аударды.Тараптар екі елдің салалық мемлекеттік органдары, ұлттық компаниялары және іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды.Кездесудің қорытындысы бойынша қазақ-сауд байланыстарын одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1236513?lang=ru