Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Жанымыздың жыр-сазы: Бейімбет Майлин ауданында Домбыра күніне арналған айлық басталды! ​Бүгін, 5 маусымда Әйет ауылының «Батыр арена» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ерекше шығармашылық пен музыкалық атмосфера орнады. 30.06.2026
Бұнда Ұлттық домбыра күніне орайластырылған мерекелік айлықтың ресми ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанат Нұғманова қонақтар мен қатысушыларды құттықтап, домбыраның халқымыздың мәдени кодын, ұлттық құндылықтары мен мұрасын сақтаудағы маңызды рөлін атап өтті.​Бұл ауқымды шара облыстық акцияның аясында ұйымдастырылып, дәстүрлі өнердің 50-ге жуық шын жанашырының басын қосты. Халық театрының әртістері қасиетті қара домбыраға және оның терең мән-мағынасына арналған әсерлі шағын қойылым ұсынып, мерекенің көркін қыздыра түсті. Ал жас таланты домбырашылардың орындауындағы жеті күй тыңдарман қауымды ерекше күйге бөлеп, кештің нағыз музыкалық тартуына айналды. Сондай-ақ «Даймондс» үлгілі би ұжымы өздерінің тамаша хореографиялық нөмірлерін тарту етіп, іс-шараға ерекше серпін мен мерекелік реңк сыйлады.​Домбыра — тек музыкалық аспап қана емес, бұл қазақ халқының жаны, тарихы мен ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі. Мерекелік айлықтың негізі қаланды, алда аудан тұрғындарын әлі де көптеген жарқын мәдени іс-шаралар күтуде!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1235694?lang=ru
Қазақстандағы май өндіру саласы төрт жыл ішінде экспорттық кірісті төрт есе – $963 млн-ға ұлғайтты 30.06.2026
Қазақстандық май саласының экспорттық кірісі төрт жылда төрт есеге өсіп, 963 млн АҚШ долларына жетті. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Астанада өткен FОС 2026: Fats and Oils Conference V Халықаралық май конференциясының ашылуы кезінде хабарлады.Конференция жұмысына 18 мемлекеттің, халықаралық ұйымдардың, жетекші әлемдік компаниялардың, қаржы институттарының, салалық қауымдастықтар мен сараптамалық қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.Конференцияны ашқан ҚР Премьер-министрінің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин соңғы жылдары май өндіру саласы агроөнеркәсіптік кешен сегментінің бірінен ұлттық экономиканың стратегиялық маңызды бағытына, экономиканы әртараптандырудың, қайта өңдеуді дамыту мен қосылған құны жоғары өнім жасаудың табысты үлгісіне айналғанын атап өтті.«Небәрі төрт жылдың ішінде қазақстандық май өнімі экспортының валюталық түсімі төрт есеге, 240 млн-нан 963 млн АҚШ долларына дейін өсті. Өндіріс рекордтық 1,6 млн тоннаға, қайта өңделген ауылшаруашылығы өнімі экспортындағы саланың үлесі 27%-ға жетті. Бұл отандық өндірушілерді қолдау, қайта өңдеуді дамыту мен инвестиция тартудағы дәйекті мемлекеттік саясаттың нәтижесі. Қайта өңдеумен бірге ауыл шаруашылығы да дамып, майлы дақыл алқабы кеңеюде. Фермерлік шаруашылықтың табыстылығы артты. Жаңа жұмыс орындары ашылып, көлік және экспорттық инфрақұрылым дамуда», — деп атап өтті вице-премьер.Бүгінгі таңда Қазақстан күнбағыс майын экспорттау жөнінен әлемде алтыншы орында. Ол өнімді Қытай нарығына екінші ірі жеткізуші. Сондай-ақ, республика Еуропалық Одаққа күнбағыс ұнын басты жеткізушілер қатарына кіріп, Орталық Азия мемлекеттерінің қажеттілігін толықтай өтей алады.Серік Жұманғариннің айтуынша, саланың алдағы міндеті – ірі экспорттаушы мәртебесінен әлемдік көшбасшының біріне өту. Ол үшін 2026-2028 жылдарға арналған май өнімі экспортын дамыту жөніндегі жол картасы жүзеге асырылуда.«Біздің мақсатымыз – саланың валюталық түсімін жылына $1,5 млрд-тан аса ұлғайту. Қазақстанның күнбағыс майының ірі әлемдік экспорттаушылары арасындағы позициясын нығайтып, саланың әлемдік көшбасшыларының үштігіне кіру үшін негіз құру қажет», — деп атап өтті ол.Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жоғары рентабельді майлы дақылдың егіс алқабын кеңейту, заманауи агротехнология есебінен өнімділікті арттыру, терең өңдеуге инвестиция тарту, сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымды және халықаралық сауда бағыттарын дамыту жұмысы жалғасады.Қазақстан ұлттық қайта өңдеушілер қауымдастығының төрағасы Ядикар Ибрагимов сала экспорттық географияны белсенді түрде кеңейтіп, логистикалық шешімді жетілдіруде екенін жеткізді.Мәселен, 2026 жылы Ақтау портында алғаш рет теңіз кемесіне өсімдік майын ауыстырып тиеу жүзеге асырылды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ қолдауымен Қытай бағытында Достық – Алашанькоу шекаралық өткелі арқылы астық таситын көлікпен түйіршіктелген күнбағыс ұнын тәжірибелік жеткізу басталды.Сонымен қатар 2025 жылғы күзде Қазақстан тарихында алғаш рет Шығыс Қазақстан облысынан Қытайдың Цзянсу провинциясына флекситанктер арқылы күнбағыс майы 40 футтық контейнермен жөнелтілді. Жүк 12 күнде 4 700 шақырымды жүріп өтіп, контейнермен тасымалдаудың тиімділігі мен жоғары жылдамдығын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1235697?lang=ru
Түменбай елді-мекеніне мал емдеу қашасы жасалынып халықтың игілігіне пайдалануға берілді. 30.06.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1235702?lang=ru
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы 30.06.2026
Бүгін Атырау облысы бойынша Экология департаментінде 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және Экологтар күніне орай «Эколог сағаты» атты танымдық-тәжірибелік шара өтті.Іс-шараға өңірдің экобелсенділері, тәуелсіз экологтары, жас мамандар мен студенттер қатысып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешудің тиімді жолдарын талқылады.Жиын барысында өңірге белгілі экологиялық жоба авторлары мен тәуелсіз экологтар Күләш Амандықова, Сұлтан Ахмет, Дмитрий Ургачев және Жансая Нәкімжанова сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөлісті.Баяндамашылар қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау мәдениетін қалыптастыру, еріктілер қозғалысын дамыту, экологиялық жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыру, табиғатқа жанашырлық таныту, сондай-ақ күнделікті өмірдегі қарапайым экологиялық әдеттердің маңызы туралы мазмұнды баяндамалар жасады.Қатысушылар қоршаған ортаны қорғау бағытындағы табысты жобалармен танысып, экологиялық бастамаларды жүзеге асырудағы тәжірибелер мен тың идеялар жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, табиғатты сақтау әрбір азаматтың жауапкершілігі екені және үлкен өзгерістердің шағын қадамдардан басталатыны ерекше атап өтілді.Экология сағатының басты мақсаты – жас сала мамандары мен студенттерге экобелсенділер мен тәуелсіз экологтардың тәжірибесін насихаттау, олардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы бастамаларға қызығушылығын ояту және табиғатқа деген жауапкершілік көзқарасын қалыптастыру.«Эколог сағаты» қатысушылар үшін пайдалы ақпарат пен жаңа идеялар алаңына айналып, қоршаған ортаны қорғау ісіндегі өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.#ӨзіңненБаста #ТазаҚазақстан #Экологкүні #ДеньэкологаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1235720?lang=ru
Қазақстан Бледтегі Халықаралық су форумында су саласындағы бастамаларын ілгерілетуде 30.06.2026
Блед, 2026 жылғы 4 маусым – Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев «Су және көгілдір экономика – су ресурстары саласындағы жаңа стратегиялар» тақырыбында өткен 11-ші Блед халықаралық су форумына (BWF) қатысты.Форум Словения Президентінің жұбайы, BWF Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алеш Мусар мен Литваның бірінші ханымы Диана Науседененің қатысуымен өтті. Жиынға 60-тан астам елдің, соның ішінде ЕО мемлекеттерінің, Орталық және Шығыс Еуропа, Балқан аймағы, Кавказ, Орталық Азия, Таяу Шығыс, Латын Америкасы елдерінің, Сингапурдың бейінді агенттіктерінің сарапшылары мен өкілдері, сондай-ақ АЭХА (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік) және басқа да халықаралық ұйымдардың, ғылыми институттар мен жеке сектордың өкілдері жиналды. Форум өзінің инновациялық тәсілдері үшін халықаралық марапаттар мен сыйлықтарға ие болып, лайықты танымалдылыққа ие болған.Қазақстан Елшісі қатысушыларға арнаған сөзінде осы жылдың сәуір айында Астанада Орталық Азия, Кавказ мемлекеттері басшыларының және халықаралық серіктестердің қатысуымен өткен Өңірлік экологиялық саммиттің негізгі қорытындылары туралы айтып, бүгінгі таңда су мәселесі аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің негізгі элементі екенін атап өтті.Алтай Әбибуллаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасына және Саммит аясында өткен халықаралық консультациялардың бірінші кезеңінің қорытындыларына ерекше назар аударды. Бұл қадамдар жаһандық үйлестіруді күшейтуге, халықаралық су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыруға, бытыраңқылықты жоюға және Әбу-Дабиде өтетін БҰҰ-ның 2026 жылғы су жөніндегі конференциясына дайындық аясында неғұрлым үйлесімді әрі нәтижелі су күн тәртібін ілгерілетуге бағытталған.Форумға қатысу ұлттық және аймақтық су күн тәртібін, Қазақстанның мамандандырылған су ұйымын құру жөніндегі бастамасын ілгерілетудегі, сондай-ақ халықаралық серіктестермен су ресурстары саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты талқылаудағы маңызды қадам болды.Мемлекет басшысының Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасы Форумның барлық қатысушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды және іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан Блед халықаралық су форумының Сарапшылар кеңесінің құрамына ресми түрде шақырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1235724?lang=ru
Қазақстан Елшісінің Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі дикастериясының префектісімен кездесуі туралы 30.06.2026
Ү.ж. 5 маусымда Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Елшілігінің бастамасымен Елші Т.Пірімбетовтің Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі дикастериясының префектісі кардинал Дж.Кувакадпен кездесуі өтті.Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Апостолдық нунций архиепископ Дж.Панамтундил және Дикастерияның бөлім басшысы Л.Баcанезе қатысты.Әңгіме барысында тараптар 2026 жылғы қазанда Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығы аясында жоспарланған іс-шараларға, сондай-ақ Конфессияаралық және дінаралық диалог жөніндегі халықаралық орталық ұйымдастыратын Қазақстан-Ватикан коллоквиумына Қасиетті Тақ делегациясының қатысу мәселелерін талқылады.Тараптар Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы дінаралық және мәдениетаралық диалог саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың, сондай-ақ бітімгерлік күн тәртібін ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.Қазақстандық дипломат Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің рухани көшбасшылар диалогын дамытудағы ерекше рөлін атап өтіп, қазақстандық тараптың Астанада өтетін алдағы іс-шараларға дайындық шеңберінде Қасиетті Тақпен тығыз өзара іс-қимыл жасауға дайын екенін растады.Кездесу нәтижесі бойынша тараптар мазмұндық және ұйымдастырушылық мәселелер бойынша қоян-қолтық жұмысты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vatican/press/news/details/1235736?lang=ru
Еуразиялық жоғары білім көшбасшылары форумы жұмысы бес жылдан кейін қайта жанданды 30.06.2026
Еуразиялық жоғары білім көшбасшылары форумы жұмысы бес жылдан кейін қайта жандандыЕуразиялық жоғары білім көшбасшылары форумы (Eurasian Higher Education Leaders’ Forum, EHELF) Nazarbayev University-де өтіп, оқу орындары, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар, бизнес және сарапшылар қауымдастығының өкілдерін қайтадан бір алаңға жинады.2011–2019 жылдар аралығында тұрақты түрде ұйымдастырылып келген форум осы кезеңде жоғары білімді дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылайтын беделді халықаралық алаң ретінде танылып үлгерді. Бес жылдық үзілістен кейін EHELF Астанаға қайта оралып, кәсіби пікір алмасу, тәжірибе бөлісу және Еуразия мен әлемнің өзге өңірлеріндегі білім беру жүйелеріне қатысты ортақ шешімдер іздеу дәстүрін жалғастырып отыр.Форумда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек EHELF-тің жұмысын қайта бастауы Қазақстанның академиялық диалогтың өңірлік орталығы ретіндегі өсіп келе жатқан рөлін айқын көрсететінін атап өтті.«Қазақстан өзінің жоғары білім жүйесін жаһандық академиялық кеңістікке жүйелі түрде интеграциялап келеді. EHELF сияқты форумдар бізге әлемнің жетекші университеттерімен бағыт-бағдарымызды салыстыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті министр.Биылғы форумның тақырыбы – «Біз қалыптастыратын болашақ» (The Future We Shape). Бұл атау университеттердің орнықты, әділетті әрі болашақ сын-қатерлеріне төтеп бере алатын қоғам құрудағы белсенді рөлін айқындайды. Қатысушылар технологиялық өзгерістер, экономикалық тұрақсыздық, климаттық сын-қатерлер және өзгермелі геосаяси жағдай мәселелеріне ерекше назар аударды.«Осындай жағдайда университеттер өзгерістерге бейімделіп қана қоймай, болашақты қалыптастыруға да үлес қосуы тиіс. Орталық Азияда жоғары оқу орындары қоғам мен экономиканың дамуына жауапты. Құрылған күннен бастап Nazarbayev University зерттеу, инновация және серіктестікке негізделген жаһандық академиялық экожүйені қалыптастырып келеді. Сондай-ақ университет Қазақстан мен өңірдегі жоғары білімді дамытуға деген ұстанымынан айнымай келеді», – деді NU президенті профессор Вакар Ахмад.Жұмыс сессиялары барысында қатысушылар тұрақтылық, тең мүмкіндіктер және қоғамдық игілік қағидаттарын университеттердің даму стратегияларына, басқару жүйелеріне және білім беру бағдарламаларына енгізу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ цифрлық трансформацияның мүмкіндіктері мен тәуекелдері, жасанды интеллектіні білім беру мен ғылыми зерттеулерге енгізу, тұрақсыздық пен дағдарыс жағдайындағы тиімді көшбасшылық мәселелері кеңінен қарастырылды.Биылғы форумда жоғары білім, экономика, технология және мемлекеттік саясат салаларындағы беделді сарапшылар баяндама жасады. Олардың қатарында жаһандық экономикалық стратегия, геоэкономика және геосаясат мәселелерін зерттеуші Норберт Чизмадиа, белгілі малайзиялық ғалым, эконометрист әрі деректерді талдау маманы Махендхиран Санггаран Наир, жасанды интеллект саласының халықаралық сарапшысы, University College London Білім беру институтының Жасанды интеллект және білім беруді сыни зерттеу кафедрасының профессоры Уэйн Холмс, сондай-ақ әртүрлі салалар мен университеттер өкілдері болды.«Еуразияның болашағын айқындайтын жаңа академиялық әрі өркениетті диалог қалыптасып жатқан Қазақстанда «көгілдір ақық аймақтардың» келешегі туралы ой бөлісу мен үшін үлкен мәртебе. Бүгінде әлем бетпе-бет келіп отырған көптеген сын-қатер Орталық Азияда да байқалады. Алайда бұл өзгерістер жаңа мүмкіндіктер мен инновациялық дамуға жол ашып отыр», – деді Норберт Чизмадиа.Nazarbayev University жаһандану мен технологиялық прогресс жағдайында табысты еңбек етіп, жаңа шешімдер ұсына алатын мамандарды даярлауға басымдық береді. Times Higher Education World University Rankings 2026 рейтингіне сәйкес, NU әлемдегі үздік университеттердің үздік 23%-ның қатарына кіреді. Университет Кавказ бен Орталық Азия өңірінде 1-орында және THE Asia University Rankings 2025 рейтингінде 150-орында тұр. Ал жас университеттер арасында әлемнің үздік 106 жоғары оқу орнының қатарына кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1235753?lang=ru
Агенттік екінші деңгейдегі банктің келесі басшы қызметкерлеріне келісім берді: 30.06.2026
Мухамеджанов Адиль Бектасович "Банк ЦентрКредит" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры лауазымына келісілді (03.06.2026ж. №39/БВУ/П хаттама).Мухамеджанов Айдос Лекерович "Bank RBK Банкі" АҚ Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына келісілді (02.06.2026ж. №38/БВУ/Т хаттама).Попов Дмитрий Сергеевич "Банк ЦентрКредит" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры лауазымына келісілді (05.06.2026ж. №40/БВУ/П хаттама).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1235802?lang=ru
Ұлытау облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа цифрлық форматы - алғашқы цифрлық Smart Point ХҚКО ашылды 30.06.2026
Ұлытау облысы елімізде жаңа форматтағы Smart Point цифрлық ХҚКО іске қосылған алғашқы өңір болды. Бұл – мемлекеттік қызметтерді алудың сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған заманауи әрі инновациялық кеңістік. Жоба халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, электрондық қызметтерді өздігінен пайдалану мәдениетін қалыптастыруға және азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың ыңғайлы, заманауи әрі технологиялық ортасын дамытуға бағытталған.           Аталған оқиғаның маңыздылығын арттыра түсетін жайт – Ұлытау облысы халыққа қызмет көрсетудің осы озық форматын енгізген Қазақстандағы алғашқы өңір болды. Орталықтың ашылуы елдегі цифрлық трансформация үдерістерінің алдыңғы қатарында болуға деген өңірдің талпынысын айқындай түсті.           Жаңа орталықтың жұмысымен танысу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Басқарма Төрағасы Арман Шоқанұлы Кенжеғалиев, Ұлытау облысының әкімі Дастан Адайұлы Рыспеков және Ұлытау облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Ермек Жазылханұлы арнайы барды.           «Біз тек жаңа буындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашып жатқан жоқпыз. Біз мемлекет пен азамат арасындағы байланыстың жаңа мәдениетін қалыптастырып жатырмыз. Бұл ашықтыққа, заманауилыққа және адамға бағдарланған жаңа формат. Сонымен қатар жұмысымыздың басты қағидаты өзгермейді. Ол мемлекеттік қызметтердің әр азамат үшін қолжетімді болуы. Алдағы уақытта Apple Store үлгісіндегі мұндай орталықтар еліміз бойынша кезең-кезеңімен енгізіледі. Инфрақұрылымның дайындығына қарай Астана мен Павлодар қалаларында да іске қосуды жоспарлап отырмыз», – деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.           Smart Point – азаматтарға операторлардың көмегінсіз мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға мүмкіндік беретін заманауи жоғары технологиялық кеңістік. Мұндай тәсіл күту уақытын едәуір қысқартып қана қоймай, мемлекеттік цифрлық сервистерді қолайлы әрі тиімді пайдалануға жаңа мүмкіндіктер ашады.           Орталық бірнеше функционалдық аймақтан тұрады. Олардың әрқайсысы заманауи пайдаланушылардың қажеттіліктерін ескере отырып жасақталған.           Экспресс-аймақта мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуға арналған терминалдар орнатылған. Сонымен қатар құжаттарды мессенджерлер мен басқа да цифрлық байланыс арналары арқылы жедел жолдауға мүмкіндік қарастырылған.           Цифрлық аймақ сымсыз қуаттау құрылғыларымен және жоғары жылдамдықты сканерлермен жабдықталған. Бұл келушілерге қажетті құжаттарды жедел цифрландырып, мемлекеттік ақпараттық жүйелерге жүктеуге мүмкіндік береді.           Сараптамалық аймақ күрделі мемлекеттік қызметтерді мамандардың сүйемелдеуімен алуға арналған.           Ерекше назар цифрлық сауаттылықты арттыру аймағына аударылған. Мұнда интерактивті экран және оқып-үйренуге әрі демалуға қолайлы кеңістік қарастырылған. Тұрғындар бұл жерде цифрлық дағдыларын тегін жетілдіріп, жаңа электрондық сервистерді меңгеріп, цифрлық мемлекеттің мүмкіндіктерін сенімді пайдалана алады.           Бүгінде Smart Point – бұл тек қызмет көрсетудің жаңа форматы ғана емес, технологиялар мен адамдардың арасын жақындататын, ал мемлекеттік қызметтерді барынша ыңғайлы, қолжетімді әрі тиімді ететін кеңістік. Осындай жобаларды іске асыру азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, қоғамдағы цифрлық мәдениетті нығайтуға және цифрлық Қазақстанды одан әрі дамытуға берік негіз қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1235461?lang=ru
Қармақшыда мемлекеттік әнұран бір мезетте шырқалды 30.06.2026
Бүгін Мемлекеттік рәміздер күніне орай аудан көлемінде бір мезетте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды.Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге арналған мерекелік іс-шара орталық алаңда өтіп, оған бөлім мен мекеме қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, сот үкіметтік емес ұйым мүшелері, ардагерлер мен жастар қатысты.Салтанатты шара барысында аудан әкімі Жандос Еркінбек жиналған қауымды мерекемен құттықтап:– Біз бәріміз осы ауданның әрбір тұрғыны алдында жауаптымыз. Қандай шешім қабылдасақ та, қандай қадам жасасақ та, оның барлығы жерлестеріміздің әл-ауқатын арттыруға, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталуы тиіс. Еліміздің көк Туы әрдайым биікте желбірей берсін, – деді аудан басшысы.Сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков мемлекеттік рәміздердің ел бірлігі мен тәуелсіздігінің басты нышаны екенін атап өтті.Іс-шара барысында қатысушылар Мемлекеттік Әнұранды бірге орындап, еліміздің рәміздеріне деген құрметін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1235811?lang=ru
«Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы» 30.06.2026
Көк байрағы көгінде желбіреген, Елтаңбасы елдігінің айғағына айналған, Әнұраны рухын асқақтатқан Тәуелсіз Қазақстан үшін Мемлекеттік рәміздердің орны ерекше. Осы құндылықтарды ұлықтау мақсатында бүгін «Рәміздер алаңында» 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталып, көк Ту көкке көтерілді.Сондай-ақ тағылымда шарада аудан әкімі Жандос Еркінбек тұрғындарды айбынды мерекемен құттықтап:– Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қасиетті парызы. Бүгінде Қазақстанның көк байрағы әлемнің талай елінде желбіреді. Спортшыларымыз халықаралық аренада қыран бейнелі Көк туымызды биікке көтеріп, басқаға ұқсамайтын шаңырақ шырайлы Елтаңбамыз бен Әнұранымызды әлемге танытып келеді. Сондықтан ұлттық құндылықты құрметтеп, олардың маңызын жас ұрпақтың бойына сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз, – деді аудан басшысы.Салтанатты шара барысында ауданның дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметшілер мен жас сарбаздар Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді.Патриоттық рухты жас ұрпақтың бойына сіңіруге арналған тағылымды кеште жергілікті өнерпаздар ән айтып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1235816?lang=ru
Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы ЮНЕСКО-ның гидрологиялық алаңында таныстырылды 30.06.2026
Париж, 2026 жылғы 5 маусым – Қазақстан делегациясы ЮНЕСКО-ның Үкіметаралық гидрологиялық бағдарламасы (ҮГБ) Кеңесінің 27-сессиясына белсенді қатысып, оның аясында ҚР Президентінің Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасын таныстырды.Отандық делегация құрамына ҚР ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігінің дипломаттары және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің География және су қауіпсіздігі институтының Геокеңістіктік экономика зертханасының басшысы, ҮГБ жөніндегі ұлттық комитеттің төрағасы Әлихан Медеу кірді.Сессия ашылуында сөз сөйлеген ЮНЕСКО-ның Бас директоры Халед әл-Анани су ресурстары қазіргі заманның тұрақты даму, климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі және бейбітшілікті қамтамасыз ету мәселелерімен тікелей байланысты негізгі сын-қатерлерінің бірі екенін атап өтті. Ол су мәселелерінің әртүрлі аспектілері бойынша ғылыми зерттеулер саласындағы барынша мазмұнды халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға шақырды.Сессия барысында мүше мемлекеттер ҮГБ-ның стратегиялық басымдықтарын іске асыру, 2026 жылғы БҰҰ Су ресурстары жөніндегі конференциясына дайындық, мемлекеттердің су ресурстары саласындағы әлеуетін арттыру және ұлттық әрі трансшекаралық су ресурстарын басқару тетіктерін жетілдіру мәселелерін қарастырды.Кеңестің пленарлық отырысында сөз сөйлеген Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов гидрологиялық қауымдастықты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы туралы хабардар етті. Ол бұл бастаманың жаһандық су басқару жүйесіндегі үйлестіруді күшейтуге, халықаралық міндеттемелерді іске асыру тиімділігін арттыруға және аталған саладағы бытыраңқылықты еңсеруге бағытталғанын атап өтті.Осыған байланысты отандық дипломат ЮНЕСКО-дағы жиналысқа қатысушыларға 2026 жылғы 23 сәуірде Астанада Өңірлік экологиялық саммит аясында өткен Халықаралық су ұйымын құру мәселелері жөніндегі алғашқы халықаралық консультациялардың нәтижелері туралы ақпарат берді.Елші А. Абдрахманов гидрологиялық ғылымдар, кадрларды даярлау және халықаралық ынтымақтастық саласында жарты ғасырдан астам тәжірибесі бар ЮНЕСКО-ның Үкіметаралық гидрологиялық бағдарламасы жаһандық су басқаруын жетілдіру мәселелері бойынша сындарлы диалогты ілгерілететін БҰҰ жүйесіндегі беделді үкіметаралық платформалардың бірі екенін атап өтті.Қазақстанның ҮГБ Кеңесінің 27-сессиясына қатысуы еліміздің су қауіпсіздігі мәселелері бойынша көпжақты ынтымақтастықты дамытуға, су ресурстарын басқаруда ғылыми тәсілді ілгерілетуге және қазіргі заманның су проблемаларын еңсерудің тиімді халықаралық шешімдерін іздестіруге бейілділігін растады.Анықтама: ЮНЕСКО-ның 1975 жылы құрылған Үкіметаралық гидрологиялық бағдарламасы (ҮГБ) су ресурстарын зерттеу мен басқаруға, сондай-ақ осы саладағы білім беру бағдарламалары мен мамандар мен ұйымдардың әлеуетін нығайтуға арналған халықаралық ғылыми ынтымақтастық платформасы болып табылады. Оның басқарушы органы - төртжылдық мерзімге сайланатын 36 мемлекеттен тұратын ҮГБ Кеңесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/1235847?lang=ru
Норвегиялық Хельсинки комитеті Қазақстанның жаңа Конституциясын оң бағалады 30.06.2026
2026 жылғы 4 маусым, Астана – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надиркулова Норвегиялық Хельсинки комитетінің Бас хатшысы Берит Нисинг Линдеманмен кездесу өткізді.Келіссөз барысында А. Надиркулова адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін нығайтуға бағытталған конституциялық реформалардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берді. Конституцияда еңбек ету мен бейбіт жиналыстар өткізу құқықтарына қатысты тұжырымдардың нақтыланғаны, сот арқылы қорғалу және тұрғын үйге қолсұғылмау кепілдіктері күшейтілгені, сондай-ақ алғаш рет дербес деректерді қорғау нормалары бекітілгені атап өтілді.Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін реформалау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта Қазақстан 2026–2030 жылдарға арналған Қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасы әзірлеуде екені туралы хабардар етті.Өз кезегінде Норвегиялық Хельсинки комитетінің Бас хатшысы Б.Линдеман комитеттің Алматыдағы Өңірлік өкілдігінің қызметіне көрсетіліп отырған қолдау үшін алғыс білдіріп, Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесін реформалау, азаптаулардың алдын алу, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдердің құқықтарын қорғау салаларындағы елеулі жетістіктерін жоғары бағалады. Сондай-ақ, ол Қазақстандағы азаматтық қоғамның белсенді рөлін ерекше атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар құқық үстемдігін нығайту, адам құқықтарын қорғау және Қазақстандағы реформаларды қолдау мәселелері бойынша ынтымақтастық пен сындарлы диалогты одан әрі дамытуға мүдделілік танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1235861?lang=ru
Шекарасыз ғылыми серіктестік: Астанадағы атом дипломатиясының күндері 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Ядролық физика институтының Астана филиалының 20 жылдығына және Біріккен ядролық зерттеулер институтының (БЯЗИ) 70 жылдығына орайластырылған БЯЗИ Күндері аясында Астанада бірқатар халықаралық іс-шаралар мен екіжақты кездесулер өтті.Осы күндері Қазақстанға келген БЯЗИ делегациясын ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қабылдады, сондай-ақ ҚР Атом энергиясы агенттігі мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінде кездесулер өттіАталған Күндердің басты іс-шарасы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларына арналған пленарлық отырыс болды. Іс-шарада сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев елімізді жаңғыртудың негізгі драйвері ретінде отандық ғылымды дамыту ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке назарында екенін атап өтті. Е.Ашықбаев әлем бойынша бейбіт ядролық энергетикаға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын және өзара сенім, бақылау тетіктері мен халықаралық ынтымақтастық жаһандық тұрақтылықтың негізіне айналатынын атап өтті.Пленарлық отырыста БЯЗИ, Қазақстанның Ядролық физика институты, Беларусь Ұлттық ғылым академиясы және Беларусь мемлекеттік институтының өкілдері іргелі ғылымды дамыту перспективалары бойынша баяндамалар жасады.Отырыс аясында Е.Ашықбаев БЯЗИ-дің Бас директоры Григорий Трубников бастаған делегациямен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен стратегиялық перспективаларын талқылап, бірлескен жобаларды іске асыруға және ядролық зерттеулер саласындағы кадрлық әлеуетті нығайтуға деген өзара қызығушылықты растады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1235905?lang=ru
Махамбет аудандық ауруханасы жаңа жабдықтармен толықты 30.06.2026
Атырау облысында медициналық мекемелерді заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Бұл бағыт әлеуметтік жауапкершілік аясындағы жобаларда да басымдыққа ие.Осы бағдарлама аясында Махамбет аудандық ауруханасына Теңізшевройл компаниясы жалпы құны 660 миллион теңге тұратын заманауи медициналық жабдықтар алып берді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.Қайырымдылық көмектің нәтижесінде ауданда алғаш рет компьютерлік томография жүйесі іске қосылған.-Құрылғы 24 сәуірден бастап пайдалануға берілді. Содан бері 160 науқас тексеруден өтіп, олардың арасынан бір онкологиялық ауру дерегі анықталды. КТ аппаратының орнатылуы тұрғындар үшін үлкен қуаныш болды. Әсіресе науқастардың диагнозын уақытылы әрі ерте анықтауға мүмкіндік беріп отыр, – деді аурухана дәрігері Айжан Романова.Бұдан бөлек, мекемеге науқас жағдайын бақылау аппараты, тіс емдеуге арналған рентген құрылғысы, операциялық шамдар, стоматологиялық қондырғы, ультрадыбыстық тексеру аппараты, көзді тексеру аппараты және өзге де медициналық техникалар берілген.Жаңа медициналық құрылғылар салтанатты түрде табысталды. Іс-шара барысында аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев демеуші компанияға алғыс айтып, бұл бастама тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды қолдау екенін атап өтті.Айта кетейік, соңғы алты айда Теңізшевройл компаниясы Атырау облысындағы 14 медициналық ұйымға жалпы құны 4 миллиард теңгені құрайтын медициналық құрал-жабдық тарту еткен.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1235926?lang=ru
Астанада Орталық Еуразиядағы басшыларға арналған жасанды интеллект жөніндегі ең ірі «AI Leaders 2026» бағдарламасының түлектерін сертификаттау рәсімі өтті 30.06.2026
alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында Орталық Еуразиядағы басшыларға арналған жасанды интеллект бойынша ең ірі білім беру бизнес-бағдарламасы - «AI Leaders 2026» түлектеріне ресми сертификатпен марапаттау рәсімі өтті. Бағдарлама Стэнфорд университетінің Жасанды интеллектті зерттеу орталығымен (Stanford University Human-Centered Artificial Intelligence - HAI),  «OpenAI Academy» ChatGPT әзірлеушісінің білім беру платформасымен және «Silkroad Innovation Hub» ұйымымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Бағдарлама Қазақстандағы Жасанды интеллект жылының негізгі жобаларының біріне айналды. Ол әлемнің 9 елінен (соның ішінде Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Катар, БӘӘ және Моңғолия) 150-ден астам ұйымның 800-ден астам басшысы мен маманының басын қосты. Қатысушылар арасында мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, қаржы институттарының, технологиялық компаниялардың, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен білім беру ұйымдарының өкілдері бар. Салтанатты шара аясында Премьер-Министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев шараға қатысушыларды құттықтады. «Silkroad Innovation Hub» негізін қалаушы және бас директоры Әсет Әбдуалиев «AI Leaders 2026» бағдарламасының басты нәтижелерімен таныстырды. OpenAI-дың экономика саласындағы стратегі Рейчел Браун ЖИ-дің экономикалық дамудағы рөлі туралы дәріс оқыды. Сондай-ақ, шараға OpenAI-дың «Мемлекеттерге арналған білім беру» халықаралық бағытының жетекшісі Валери Фокке қатысты. Бағдарламаның бөлек бір блогы қатысушылардың өз ұйымдары үшін әзірлеген ЖИ-стратегияларының таныстырылымына арналды. Жиында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев:«Жасанды интеллект жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторларының біріне айналып келеді. Бірақ технологиялардың өзі ғана экономика мен мемлекеттік басқаруды өзгерте алмайды. Трансформацияның басты қозғаушы күші - жаңа білімді тәжірибеде қолдана алатын және басқарушылық шешімдер қабылдауға қабілетті адамдар, мықты командалар.«AI Leaders 2026» бағдарламасына жекелеген мамандардың емес, мемлекеттік органдар мен компаниялардың тұтас командаларының қатысқаны маңызды. Бұл жергілікті эксперименттерден ЖИ-ді нақты процестерге жүйелі түрде енгізуге көшуге мүмкіндік береді. Алынған білім мен әлемдік тәжірибеге қол жеткізу жаңа жобалардың негізіне айналып, Мемлекет басшысының цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту саласында қойған міндеттерін сапалы іске асыруға көмектесетініне сенімдімін» - деп атап өтті «AI Leaders» бағдарламасының академиялық жетекшісі Stanford HAI профессоры, ЖИ бойынша әлемдік басты бестселлердің авторы, Google Research-тің экс-директоры және ҚР Президенті жанындағы ЖИ дамыту жөніндегі сарапшылық кеңестің қазіргі мүшесі Питер Норвиг болды. Оның жетекшілігімен оқу материалдары біздің өңірдің ерекшеліктеріне барынша бейімделді. Онымен бірге бағдарламаға жасанды интеллект саласындағы 15-тен астам халықаралық сарапшы, соның ішінде Сэнди Пентланд, Майкл Бернстайн, Дийи Янг және Майкел Кохендерфер қатысты. Сегіз апталық оқу барысында қатысушылар Stanford University HAI дәрістерін, OpenAI Academy тәжірибелік сабақтарын, салалық воркшоптар мен стратегиялық кеңес алуларды қамтитын 45 сағаттан астам білім беру бағдарламасынан өтті. Жалпы алғанда, өз ұйымдарына ЖИ енгізу бойынша 240-тан астам стратегиялық сессия және 120 сағаттан астам жеке менторлық кездесулер өткізілді.Рейчел Браун, OpenAI-дың экономика саласындағы стратегі:«Қазақстан қысқа мерзім ішінде жасанды интеллектті енгізу бойынша өңірлік көшбасшылардың біріне айналды және ЖИ-ді мемлекеттік институттар мен бизнес жұмысына жүйелі түрде кіріктіріп келеді. Біздің зерттеулеріміз  ЖИ-ді қолданудан ең көп тиімділікті бұл технологияларды ауқымды міндеттер мен процестерде пайдаланатын ұйымдар екенін көрсетіп отыр. AI Leaders бағдарламасының түлектері өз жұмысында озық әлемдік білім мен тәжірибені қолдануға және Қазақстанда ЖИ-ді одан әрі дамытуға үлес қосуға бірегей мүмкіндік алады» - деді.Бағдарламаға Stanford University HAI, OpenAI Academy және Silkroad Innovation Hub-тан бөлек, CAYU және Lovable компаниялары серіктес болды. Банк секторы, мемлекеттік басқару, өнеркәсіп және басқа да салалар үшін ЖИ-агенттерін әзірлеу және енгізу жөніндегі воркшоптар арқылы жасанды интеллектті тәжірибелік қолдануға ерекше назар аударылды. «Silkroad Innovation Hub» негізін қалаушы және бас директоры Әсет Әбдуалиев бағдарламаның маңыздылығын:«Бұны біз «AI Leaders» бағдарламасын жай ғана білім беру жобасы емес, цифрлық экономика көшбасшыларының жаңа буынын қалыптастыру платформасы ретінде құрдық. Орталық Еуразия үшін болашақты айқындайтын әлемдік сараптама орталықтары мен технологияларға тікелей қол жеткізу өте маңызды. Бүгін біз осы жұмыстың нәтижесін көріп отырмыз: қатысушылар әзірлеген 100-ден астам ЖИ-стратегиясы, өз ұйымдарына жасанды интеллектті енгізуге дайын басшылар және ең бастысы - Орталық Еуразиядағы ЖИ-трансформациясы көшбасшыларының ең ірі қоғамдастығының құрылуы.  Біз үшін Астанадағы түлектерді шығару рәсімі - бұл соңы емес, ұзақ мерзімді жобалардың бастауы. Алматыда алғашқы AI Community Meetup өтті, ал жақын арада мұндай іс-шаралар Ташкент, Душанбе және Доха қалаларында ұйымдастырылады. Біз бизнес, мемлекет, университеттер мен технологиялық компаниялар арасындағы тұрақты өзара іс-қимыл платформасын жасап жатырмыз. Дәл осындай қоғамдастықтар инновацияларды дамыту мен тәжірибе алмасудың негізіне айналады» - деп көрсетті. Бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушылар Stanford University HAI және OpenAI Academy сертификаттарын алып, Орталық Еуразияда цифрлық трансформациямен және жасанды интеллектті енгізумен айналысатын басшылардың ең ірі кәсіби қоғамдастығы - «AI Leaders Community» мүшесі атанды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1235944?lang=ru
Арман Шаққалиев көтерме сауда өкілдерімен азық-түлік нарығындағы делдалдарды қысқарту мәселесін талқылады 30.06.2026
6 маусым күні ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Астанадағы ірі сауда нысандарын аралады. Жұмыс сапары барысында министр «Алаш» және «Шарын» көтерме сауда базарларына, көкөніс қоймаларына және «Керуен жолы» базарындағы демалыс күндері ұйымдастырылатын жәрмеңкеге барды.Сапар барысында министр ірі көтерме жеткізушілермен, кәсіпкерлермен және базар әкімшіліктерімен кездесті. Кездесуде сауда инфрақұрылымын дамыту, кедендік рәсімдерден өту, фитосанитариялық бақылауды жетілдіру және азық-түлік өнімдерінің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Премьер-Министрдің сауда саласында тәртіп орнату және өнімсіз делдалдарды қысқарту жөніндегі тапсырмасын орындау мәселесіне ерекше назар аударылды.Бүгінде Үкімет тауар өткізу тізбектерінің ашықтығын арттыру және қосылған құн қалыптастырмайтын делдалдық схемаларды жою бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы мақсатта өңірлердегі баға қалыптасуына елеулі ықпал ететін еліміздің 63 ірі базары айқындалды.«Негізсіз үстемеақының әрбір теңгесі азаматтардың отбасылық бюджетіне тікелей әсер етеді. Сондықтан тауар өткізу тізбектерінде тәртіп орнату тек экономикалық емес, әлеуметтік маңызы бар міндет. Базарлар елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды буындардың бірі. Өйткені тұтынушылық сұраныстың едәуір бөлігі мен баға бағдарлары дәл осы жерде қалыптасады», – деді Арман Шаққалиев.Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта елордадағы баға тұрақты. Сонымен қатар жаз мезгілінде министрлік инфляциялық қысымды одан әрі төмендету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу бағытындағы жұмысты жалғастырады.«Біз қала орталығында бірнеше жәрмеңке алаңын ашуды жоспарлап отырмыз. Онда қоймаларымыздағы өнімдер тұрғындарға тікелей сатылатын болады. Бұл тауардың көтерме жеткізушіден тұтынушыға дейінгі жолын қысқартып, делдалдық үстемеақыларды азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта қала әкімдігімен бірлесіп мұндай сауда нүктелерін орналастыру орындары пысықталуда», – деді «Алаш» көтерме сауда базарының директоры Нұрлан Жұмеков.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылатын сауда үстемеақылары бойынша заңнама талаптарының сақталуына ерекше көңіл бөлінуде. Жыл басынан бері жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесінде жалпы сомасы 76,8 млн теңгені құрайтын 2 463 әкімшілік қаулы шығарылды. Оның ішінде 1 628 қаулы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемеақысын асыру фактілеріне қатысты. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 52 млн теңгеден асты.Министр мемлекет адал бәсекелестікті дамытуға және нарық қатысушылары үшін тең жағдай жасауға мүдделі екенін атап өтті.«Біздің мақсатымыз – бизнес үшін қосымша кедергілер жасап, әкімшілік қысымды күшейту емес. Мемлекет адал кәсіпкерлерді қолдайды және барша нарық қатысушылары үшін ашық әрі түсінікті ойын ережелерін қалыптастыруға мүдделі. Алайда мұндай қолдау заң талаптары сақталған жағдайда ғана көрсетіледі. Егер жекелеген базар әкімшіліктері немесе сауда субъектілері жасырын схемаларды қолдануды, жеткізу тізбектерін жасыруды, негізсіз сауда үстемеақыларын белгілеуді немесе заң талаптарын елемеуді жалғастырса, мемлекет заңнамада көзделген барлық ықпал ету шараларын дәйекті түрде қолданатын болады», – деді Арман Шаққалиев.Министр сондай-ақ Мемлекет басшысы айқындаған «Заң және тәртіп» қағидаты сауда саласын қоса алғанда, экономиканың барлық секторында мүлтіксіз сақталуы тиіс екенін еске салды. Барлық нарық қатысушылары үшін ортақ ережелер мен тең жауапкершілік әділ бәсекелестік ортаны қалыптастырудың және халықты қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1235972?lang=ru
Қазақстан мен Оңтүстік Корея сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік және технологиялық салалардағы ынтымақтастықты дамытуда 30.06.2026
Сеул, 2026 жылғы 4 маусым – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және ресурстар министрі Ким Чжон Гванмен кездесті. Ким Чжон Гван сондай-ақ Корея тарапының Қазақстан-Корея сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы болып табылады.Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік және технологиялық салалардағы Қазақстан-Корея ынтымақтастығын одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына алдағы сапарына, сондай-ақ ағымдағы жылдың қыркүйек айында Сеул қаласында өтетін алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысуына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.Қазақстандық дипломат екіжақты өзара іс-қимылдың басым бағыттарын атап өтіп, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, өнеркәсіп, энергетика, жасанды интеллект, аса маңызды минералдар, көлік және логистика салаларындағы бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, екіжақты қатынастардың экономикалық құрамдас бөлігіне қосымша серпін беру және ынтымақтастықтың жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.Өз кезегінде Кореялық Министр Қазақстан-Корея әріптестігін одан әрі нығайту жөніндегі көзқарасымен бөлісіп, өндірістік кооперацияны дамыту, технологиялық алмасуды кеңейту, инвестициялық байланыстарды тереңдету және бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.Кездесуде Alatau City жаңа қаласын дамытуға корей тарапының қатысу перспективаларына ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда қалалық жоспарлау, заманауи көлік және инженерлік инфрақұрылым құру, «ақылды қала» технологияларын енгізу, сондай-ақ инвестициялық және девелоперлік жобаларды іске асыру салаларындағы озық корей тәжірибесін тарту мүмкіндіктері талқыланды. Корея тарапы Alatau City жобасын урбанистика, инфрақұрылым және жоғары технологиялар салаларындағы Қазақстан-Корея ынтымақтастығын кеңейтудің перспективалы алаңдарының бірі ретінде қарастыра отырып, аталған бастамаларды одан әрі пысықтауға қызығушылық білдірді.Сондай-ақ тараптар ағымдағы жылғы 8 маусымда Астана қаласында өтетін Қазақстан-Корея сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 11-ші отырысына дайындық мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары бойынша нақты практикалық нәтижелерге қол жеткізуге және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шараларды толықтыруға өзара қызығыушылығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1235994?lang=ru
Қорғаныс министрі Бурабайда өтетін «Айбын» халықаралық жиынына дайындық барысын тексерді 30.06.2026
Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің «Амандық» полигонында қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов қатысушыларды қабылдау мен орналастыру, оған қоса жарыс алаңдарын жабдықтау мәселелерін жан-жақты зерделеді. Инспекциялық іс-шараларға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов та қатысты.Қатысушыларды қабылдау, полигонға апаратын жолдардың жағдайы, жүргізілген құрылыс жұмыстары және алдағы жиынға дайындық барысы туралы министрге әскери колледж бастығы баяндады.Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов далалық инфрақұрылым нысандарымен танысып, жазғы амфитеатр құрылысының сапасын, сол секілді саптық алаң мен әскери-қолданбалы және спорттық жарыстар өтетін алаңдардың жабдықталуын бағалады.Ведомство басшысы қатысушыларды, команда жетекшілерін, спорт нұсқаушыларын және қазылар алқасының мүшелерін орналастыру, тамақтандыру және тұрмыстық қамтамасыз ету мәселелеріне жіті назар аударды. Олардың полигонда жайлы әрі қауіпсіз тұруы үшін әртүрлі сыйымдылықтағы 74 шатыр орнатылғанын айта кетелік.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша қорғаныс министрі жиынға қатысушылар үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасауды тапсырды. Бұдан бөлек ол тұрғын орындарды тиісті түрде жабдықтау, сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру және шатырлы қалашықта санитарлық-гигиеналық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуді міндеттеді.21–27 маусым аралығында Бурабай курорттық аймағында Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан командаларының қатысуымен «Айбын» XII халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтетінін естеріңізге сала кетейік.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1235995?lang=ru