Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

"Оңтүстік" ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысы Ұлы Отан соғысының ардагерін Наурыз мейрамымен құттықтады 29.03.2025
Таразда "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ыбыраев Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Федорович Макеевті Ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтады. Генералмен бірге майдангер үйіне "Оңтүстік" ӨңҚ әскери оркестрі келіп, құттықтау сәті музыкалық сүйемелдеумен өтті.Иван Федорович арнайы келіп қуантқандарына дән риза болды. Ардагердің айтуынша, ол әскери қызметшілерден Жеңіс күніне жақын құттықтау күткен еді, алайда наурыз қарсаңындағы музыкалық құттықтау тосын әрі әсерлі сыйлық болды.— Ардагерлерімізге ризашылық білдіріп, олардың көңіл-күйін көтеру үшін кез келген мерекеде келуге әрқашан дайынбыз. Олардың ерлігі — жауынгерлік рухымыздың және Отанға деген адалдығымыздың негізі, – деп атап өтті генерал-майор Ержан Ыбыраев.Әскери оркестр ардагердің сүйікті әуендерін орындап, нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады. Иван Федорович пен оның қызы Ольга әскерилерге жылы лебіздері мен арнайы іздеп келгені үшін алғыс айтып, мұндай кездесулер ардагерлер үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.Әскерилер тек құттықтап қана келген жоқ, аға буынға құрмет көрсетудің маңыздылығын және ұрпақтан-ұрпаққа басты – мейірімділік, бейбітшілік пен жақындарына қамқорлық сынды құндылықтарды көрсете отырып, тарихи байланысты сақтау қажеттілігін еске салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962210?lang=kk
Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері әлемдік рекорд орнатуға қатысты 29.03.2025
Наурыз мейрамы күні Қазақ ұлттық киімін киген 5 мыңнан астам ақтаулық Каспий жағалауына "Қазақтың ұлттық киіміндегі ең көп адам" номинациясы бойынша Гиннес рекордын орнатуға жиналды.Бастаманы Ақтау өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері, оның ішінде әскери полиция басқармаларының қызметкерлері белсенді қолдады. Бұл шара еліміз үшін де, ақтаулықтар үшін де маңызды сәт болды. Іс-шара қазақ халқының мәдени дәстүрлеріне деген құрмет пен бірлікті көрсетті.– Best Fest Nauryz атты іс-шараға 5 мыңнан астам адам жиналды. Олардың қатарында қала тұрғындары, түрлі сала қызметкерлері, түрлі этнос өкілдері, аға буын өкілдері бар. Біз, әскери қызметшілер де шет қалмадық. Қазақ халқының мәдени мұрасын әлемдік деңгейде насихаттауға үлес қосқандардың бәріне алғысымды білдіремін, – деді Ақтау өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы штабының офицері майор Бекболат Қойлыбаев.Рекорд орнату рәсімі Каспий жағалауындағы арнайы дайындалған алаңда өтті. Қатысушыларды тіркеуді және санауды Ұлыбританиядан келген Гиннестің рекордтар кітабының ресми өкілдері жүргізді. Бұл үрдіс бірнеше сағатқа созылды. Сарапшылардың айтуынша, барлық талаптар орындалды.Тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін ұйымдастырушыларға Қазақстанның жаңа әлемдік рекордқа ие болғанын растайтын арнайы сертификат табыс етілді.Бұл жетістік халықаралық аренада қазақ мәдени дәстүрлерін дәріптеудегі маңызды қадам болды. Бұл іс-шараға әскери қызметшілердің қатысуы олардың қоғамдық бастамаларды қолдаудағы және ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962203?lang=kk
Қазақстанның Ханойдағы жаңа жылдық әдет-ғұрыптарымен танысу 29.03.2025
19 наурызда Қазақстан мен Әзірбайжан Елшіліктері Ханой Сауда және туризм колледжімен бірлесіп, көптеген бірегей мәдени іс-шаралармен «Наурыз Мейрамы» жаңа жылдық фестивалін ұйымдастырды.Наурыз – 3000 жылдан астам тарихы бар және ЮНЕСКО материалдық емес мәдени мұра, ал Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықаралық мереке деп таныған Қазақстандағы ең маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн мен түннің ұзақтығы бірдей болатын көктемгі күн мен түннің теңелуіне арналған мереке, ол жаңа бастаманы, қараңғылықты жеңуді бейнелейді, бұл халықтар арасындағы бейбітшілікке, өркендеуге және ынтымақтастыққа деген ұмтылысты көрсетеді.Ай күнтізбесі бойынша Вьетнам жаңа жылы сияқты, Наурыз да отбасыларды біріктіруге, дастархан басында жиналуға, ізгі тілектермен алмасуға және маңызды дәстүрлі іс-шараларға бірлесіп қатысуға сылтау болып табылады.Іс-шарада қонақтар құнарлылықты, сәттілік пен жаңа бастамаларды бейнелейтін жұмыртқаларды сындыру рәсімін жасады, негативті жою үшін Наурыз отынан секірді және жаңа жылда молшылық пен өркендеуді бейнелейтін арпаның жасыл өскіндерімен және түрлі-түсті тәттілермен безендірілген Наурыздың дәстүрлі символы – Хонтра науасына шам жағылды."Наурыз-2025" фестиваліне Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш, Әзірбайжан Елшісі Шовги Мехдизаде, Түркия Елшісі Корхан Кемик қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға Дон Дэвид – Дүниежүзілік барбекю қауымдастығының Вице-президенті, Адриана Алацки - Гастромак президенті, Джордж Костич - Worldchefs құрметті мүшесі, Сулейман Курсак-жас аспаздар қауымдастығының президенті және Алан Пайен - Әмірліктердің аспаздық гильдиясының аға мүшесі, Халықаралық аспаздық қауымдастығының мүшесі, Worldchefs қазылар алқасы. қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/962160?lang=kk
Наурыз мерекесі Гонконг «PolyU» университетінде өтті 29.03.2025
Гонконгтық «PolyU» университетінде ҚР азаматтарының, студенттер мен шетелдік азаматтардың қатысуымен «Наурыз» мерекесі өтті.Іс-шара барасында қонақтардың қатысуымен концерт, ұлттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысушылар Қазақ халқының бай мәдениеті, салт-дәстүрлері мен Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен танысты. Сондай-ақ, қазақстандық студенттер түрлі күйлер, әндер мен билер орындады.Сонымен қатар, шетелдік азаматтар қазақстандық тағамдардың дәмін тәтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/api/v1/public/content-manager/news/962140
Қонаев қаласында Наурыз мейрамы аталып өтті 29.03.2025
2025 жылғы 21 және 22 наурызда Алматы облысының әкімшілік орталығы Қонаев қаласында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып, оған Алматы облысының қаржы басқармасының қызметкерлері қатысты. Сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірге орталық алаңға киіз үй орнатылып; қазақ халқының дәстүрінен «Бата беру» көрінісі көрсетілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-karzhy/press/news/details/962135?lang=kk
Құрметті сарбаздар мен матростар, сержанттар мен старшиналар, офицерлер мен генералдар! Қымбатты отандастар! 29.03.2025
Сіздерді бірлік пен жаңарудың, ырыс пен ынтымақтың, достық пен татулықтың бастауы – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Мазмұны терең философиялық мағынаға толы бұл мереке адамдарды еңбекқорлыққа, әдеп пен өнегеге, бауырмалдық пен ізгілікке баурайды, болашаққа деген сенімін оятады.Наурыз адамдарды ұлт пен ұлысқа бөлмей барша қауымды татулыққа тартып, ұлыстарды ұйысуға шақырады. Сол себепті Ұлыстың ұлы күні халықтар бірлігі мен татулығының бастауы болған. Шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрамға айналды.Бүгінде Қазақстан жаңғыру мен өркендеу жолын жалғастыра отырып, сенімді түрде алға жылжуда. Тәуелсіздігіміз нығайып, әрбір азамат береке бастауы – татулық пен тұрақтылықты қастер тұтып, қадірлей біледі.Бүгінгі таңда қоғамның негізін құрайтын бірлік пен келісім секілді құндылықтарды сақтау мен көбейту бұрынғыдан да маңызды бола түсті. Еліміздің Қарулы күштері азаматтар үшін сенімді қалқанға айналды. Қазақстанның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын әскеріміз жыл сайын заманауи және жоғары технологиялық сипатқа ие болып келеді.Бүгінгі мереке күні барша әскери қызметшілер мен әрбір қазақстандыққа мол бақыт, мықты денсаулық, ашық аспан тілеймін! Наурыз әр шаңыраққа қуаныш сыйласын! Құрметпен,  Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрігенерал-полковник Р. ЖақсылықовАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962113?lang=kk
Қонаевта Наурыз кең көлемде атап өтілді: 100 домбырашы Н. Тлендиевтің мерейтойына орай күй орындады 29.03.2025
Қонаев – Алматы облысының әкімшілік орталығында Наурыз мейрамы кең ауқымда тойланды. Орталық алаңда 25 киіз үй тігілді, олардың әрқайсысында қазақ халқының дәстүрлері көрсетілді. Мерекеге келген қонақтарға ұлттық салт-дәстүрлер таныстырылып, наурыз-көже мен бауырсақ ұсынылды.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мерекелік шараларға қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын Наурызбен құттықтады. Ол бұл мейрамның бірлік пен жаңару символы екенін атап өтті:«Бұл мереке бізді біріктіреді. Дәстүрлерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз. Себебі дәл осы құндылықтар халқымызды мықты әрі біртұтас етеді», – деді Марат Сұлтанғазиев.Мерекеге Венгрия, Қытай, Қырғызстан, Литва, Түркия және АҚШ-тың бас консулдары мен атташелері, сондай-ақ Моңғолия мен Үндістанның консулдары қатысты. БҰҰ агенттіктері мен миссияларының өкілдері, белгілі мәдениет қайраткерлері де шарада бой көрсетті.Қонаев көшесінің бойында қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері мен сауда қатарлары ұйымдастырылды. Қалалық саябақта ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Ал орталық алаң мерекенің басты ордасына айналды – үлкен сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті.Көрермендерді ерекше таңғалдырған сәт – Қазақстанның халық әртісі, композитор және дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған Талғар ауданы бойынша білім бөліміне қарасты орта мектеп оқушыларының қатысуымен, Республикалық “Күй күмбірі” челленджінде 200 жуық оқушы “Ата толғауы” күйін орындады.21 наурыз кешінде алаңда танымал әншілердің қатысуымен мерекелік концерт өтті.Мерекелік шаралар бүкіл облысты қамтыды – барлық аудан мен ауылдық округтерде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және мәдени бағдарламалар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Наурыз мейрамы өңірдің барлық аудандық және қалалық орталықтарында 22 күні жалғасын тауып кеңінен аталып өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl;almobl-balkhash;almobl-enbekshikazah;almobl-zhambyl;almobl-ile;almobl-karasay;almobl-kegen;almobl-raiymbek;almobl-talgar;almobl-uigur;almobl-qonaev;almobl-transport;almobl-kurylys;almobl-kasipkerlik;almobl-auyl;almobl-economy;almobl-zher;almobl-til;almobl-tourism;almobl-tabigat;almobl-energy;almobl-saulet;almobl-social;almobl-densaulyk;almobl-sayasat;almobl-bilim;almobl-karzhy;almobl-cultura-arhiv;almobl-sport;almobl-enbek;almobl-din;almobl-veterinaria;almobl-memleket-saulet;zhetysu-zher-paidalanu-udalen;almobl-satyp-alu;almobl-tehnologiya;almoblzhastary;almobl-alatau;almobl-mob;almobl-zkh/press/news/details/962112?lang=kk
Қонаев қаласында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті 29.03.2025
Көктемнің Наурыз мейрамына орай Қонаев қаласындағы Б. Соқпақбаев атындағы орталық саябақта ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Оған облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары жас ерекшеліктеріне қарамастан қатысты. Жалпы, 6 жастан 60 жасқа дейінгі 500-ден астам адам дәстүрлі қазақ ойындарында өз күштерін сынап көрді.Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық және ұлттық спортты дамыту, сондай-ақ халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі бастамаларын қолдау.«Мұндай спорттық жарыстар ұлттық дәстүрлерді сақтауға, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысуға, денсаулықты нығайтуға, жігер мен спорттық рухты дамытуға көмектеседі. Ұлттық спорт түрлері мәдени мұрамыздың маңызды бөлігі болып табылады, жастардың ұлттық сана-сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді. Қазақ этникалық ойындары – бұл жай ғана спорт емес, сонымен қатар өмірлік қуаттың, белсенділіктің және табиғатпен үйлесімділіктің символы. Сондықтан жарыстар үлкен қызығушылықпен және құлшыныспен өтеді», – деп атап өтті Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Айбол Құлбаев.Барлық қатысушыларға ұлттық ойындарды ойнап көру мүмкіндігі берілді. Бұл Наурыз мейрамының қазіргі өмірмен үйлесімді өріліп, дәстүр сабақтастығын сақтағанын көрсетеді. Жарыстар арқан тарту, қошқар көтеру, ләңгі ойыны, қол күресі және асық ату бойынша ұйымдастырылды.Ең жас қатысушылар асық ату турнирінде бақ сынады. Кіші топ үшін нысанаға дейінгі қашықтық 3 метр, ал үлкен топ үшін 5 метр болды. Кім көп асық түсірсе, сол жеңімпаз атанды.«Ойынның ережесі қарапайым, бірақ дәлдік пен шеберлікті талап етеді. Белгілі бір қашықтықтан асықпен басқа асықтарды атып түсіру керек. Бұл – көшпенділердің көне ойындарының бірі, кейде оны көшпенділердің боулингі деп те атайды. Оның басты артықшылығы – арнайы жабдықтың қажет еместігі, яғни кез келген адам ойнай алады. Бүгінгі жарысқа 50-ден астам бала мен ересек адам қатысты. Көпшілігі тамаша дәлдіктерін көрсетіп, ойынға деген үлкен қызығушылықтарын байқатты», – деп бөлісті асық ату жарысының бас төрешісі Аблин Олжас.Ең әсерлі жарыстардың бірі – қошқар көтеру болды. Бұл сайысқа 18 жастан асқан ер адамдар ғана қатысты. 20-дан астам жас палуан өз күшін сынады.Барлық жарыстар қызу тартыста өтті, әрбір қатысушы бар күшін салып, үздік нәтиже көрсетуге тырысты. Спортшылар мен көрермендер бұл мерекенің денсаулықты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға негізделгенін атап өтті.«Мен Қонаев қаласының спорт секциясында бірнеше жылдан бері шұғылданып келемін. Бүгін қол күресінен жарысқа қатыстым, себебі осы спорт түрінен қаламыздың чемпионымын және тәжірибемді арттыру үшін әр жарысқа қатысып отырамын. Осындай шараларды ұйымдастырғаны үшін ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін», – деп әсерімен бөлісті жарысқа қатысушы Нүркен Ерденов.Жарысқа тек әуесқойлар ғана емес, кәсіби спортшылар да қатысты. Олардың арасында армрестлингтен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азияның 11 дүркін чемпионы Айдын Бахтияров болды. Ол қол күресі мен қошқар көтеру сайыстарына қатысып, екі жарыста да жеңімпаз атанды.«Ұлттық спорт түрлері – бұл жай ғана жарыстар емес, көшпелі өмір мәдениетінің бір бөлігі. Мұнда күш, төзімділік, шеберлік және өзара қолдау маңызды. Мен үшін мұндай турнирлер – өзімді сынап көру, жарыстың қызығын сезіну және достарыммен бірге уақыт өткізу мүмкіндігі», – деді халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айдын Бахтияров.Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Алайда, ең басты марапат – көтеріңкі көңіл күй мен сергектік болды.Жарысты ұйымдастырушылар – Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Алматы облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl;almobl-balkhash;almobl-enbekshikazah;almobl-zhambyl;almobl-ile;almobl-karasay;almobl-kegen;almobl-raiymbek;almobl-talgar;almobl-uigur;almobl-qonaev;almobl-transport;almobl-kurylys;almobl-kasipkerlik;almobl-auyl;almobl-economy;almobl-zher;almobl-til;almobl-tourism;almobl-tabigat;almobl-energy;almobl-saulet;almobl-social;almobl-densaulyk;almobl-sayasat;almobl-bilim;almobl-karzhy;almobl-cultura-arhiv;almobl-sport;almobl-enbek;almobl-din;almobl-veterinaria;almobl-memleket-saulet;zhetysu-zher-paidalanu-udalen;almobl-satyp-alu;almobl-tehnologiya;almoblzhastary;almobl-alatau;almobl-mob;almobl-zkh/press/news/details/962110?lang=kk
«Достық» аллеясы 29.03.2025
Қонаев қаласында Наурыз мерекесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Достық» аллеясының салтанатты ашылуы өтті. Бұл маңызды сәт халқымыздың бірлігі мен татулығын дәріптейтін үлкен мерекенің ажырамас бөлігіне айналып, ел ішіндегі ынтымақ пен келісімнің жарқын символына айналды.Ашылу рәсіміне мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, Ассамблея мүшелері және қала тұрғындары қатысты. Құрметті қонақтардың қатарында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев болды. Ол жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, мұндай игі бастамалардың ел ішіндегі ұлтаралық келісімді нығайтып, қоғамның бірлігін арттырудағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар, түрлі әлеуметтік және мәдени жобаларды жүзеге асырып жүрген Ассамблея мүшелері де белсенділік танытты.Шара аясында қайың, жөке, терек және қара жаңғақ секілді 150-ге жуық ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл — еліміздегі этностар арасындағы достық пен татулықтың тамыр жайып, өсіп-өркендеп келе жатқанын білдіретін көркем нышан. «Достық» аллеясы қаланың көркін кіргізіп қана қоймай, қазақстандықтарды біріктіретін басты құндылықтар — өзара құрмет, төзімділік пен үйлесімділіктің айғағына айналмақ.Наурыз мейрамы мен аллеяның ашылу салтанаты – халқымыздың бірлігі мен бейбіт өмір сүруге деген ұмтылысын айғақтайтын тағылымды шара. Мұндай мерекелер қоғамды ұйыстырып, дәстүрлерімізді ұлықтауға, көпұлтты еліміздің ынтымағын одан әрі нығайтуға мол мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl;almobl-balkhash;almobl-enbekshikazah;almobl-zhambyl;almobl-ile;almobl-karasay;almobl-kegen;almobl-raiymbek;almobl-talgar;almobl-uigur;almobl-qonaev;almobl-transport;almobl-kurylys;almobl-kasipkerlik;almobl-auyl;almobl-economy;almobl-zher;almobl-til;almobl-tourism;almobl-tabigat;almobl-energy;almobl-saulet;almobl-social;almobl-densaulyk;almobl-sayasat;almobl-bilim;almobl-karzhy;almobl-cultura-arhiv;almobl-sport;almobl-enbek;almobl-din;almobl-veterinaria;almobl-memleket-saulet;zhetysu-zher-paidalanu-udalen;almobl-satyp-alu;almobl-tehnologiya;almoblzhastary;almobl-alatau;almobl-mob;almobl-zkh/press/news/details/962108?lang=kk
Гарвардта Наурыз мерекесіне арналған қазақстандық классикалық музыка концерті өтті 29.03.2025
Кембридж, Массачусетс штаты, АҚШ, 2025 жылғы 20 наурыз – Гарвард университетінде американдық музыканттардың орындауында Наурыз мерекесіне орайластырылған қазақстандық классикалық музыка концерті өтті. «Celebrating Kazakhstan's Cultural Heritage: Through Music, Tradition, and Performing Art» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шара Қазақстан мен АҚШ арасындағы мәдени байланыстарды нығайтудағы айтулы оқиға болды.Концерт қазақстандық диаспора өкілдерінің, сондай-ақ екі елдің өнер және мәдениет қайраткерлерінің басын қосты. Іс-шара бағдарламасы «Global Music Partnership» (GMP) компаниясының көркемдік директоры доктор Владимир Дё қолдауымен өткізілді.Өз сөзінде Владимир Дё ұлттық мәдени мұраны ілгерілетудің маңыздылығын атап өтіп, музыканың елдерді біріктіруге қабілетті әмбебап тіл ретіндегі рөлін атап өтті.Концерт бағдарламасына дәстүрлі қазақ халық шығармалары мен замануи композиторлардың музыкасы кірді. Виолончельші Джастин Отлетт пен скрипкашы Ен-Ми Ли, сондай-ақ GMP ішекті ансамблі келесі атақты шығармаларды орындады: композитор Қуат Шілдебаевтың аранжировкасындағы скрипка мен ішекті оркестрге арналған «Қаракемер», композитор Ғазиз Жұбановтың қазақ халық әні «Япурай», композитор Евгений Брусиловскийдің № 1 ішекті квартетінен «Allegro molto», Дәулет Шәкіровтің аранжировкасындағы «Боз айғыр», қазақ халық әндері «Дудар-ай» және «Наз Қоныр».Дәстүрлі әуендер мен заманауи музыкалық интерпретациялардың үйлесімі көрермендердің ерекше ықыласына ие болып, америкалық аудиторияға Қазақстанның бай музыкалық мұрасын тереңірек танысуға мүмкіндік берді.Гарвардтың жаһандық музыкалық мұрағатының басшысы Элизабет Батиюкпен кездесуде белгілі қазақ композиторы Қуат Шілдебаевтың соло және ішекті скрипкаға арналған «Қаракемер» күйлерінің партитурасы таныстырылды. Бұл АҚШ-тың музыкалық академиялық топтарына музыкалық баяндаудың эпикалық нысанына негізделген бірегей қазақ фольклоры туралы білімді кеңейтуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-newyork/press/news/details/962099?lang=kk
Су тасқынына қарсы шаралар жүзеге асырылуда: Құмар Ақсақалов Қарасу ауданындағы дайындықты тексерді 29.03.2025
Көктемгі су тасқыны – барынша дайындық пен барлық қызметтердің үйлесімді жұмысын талап ететін маңызды сынақ. Жағдайды бақылау мақсатында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қарасу ауданына барып, су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексерді.Жұмыс сапары барысында өңір басшысы су өткізу құрылыстарын, қорғаныс бөгеттерін және ең осал учаскелерді аралады. Новоселов, Қарамырза және Октябрьский ауылдарындағы дайындық деңгейі бағаланды. Қарамырза ауылында ұзындығы 5 км болатын бөгет тексеріліп, оның тасқын судан қорғау қабілеті қаралды. Новоселов ауылында су бұру арнасының жағдайы және «Үлкен Чураков – Қарасу» облыстық маңызы бар жол учаскесінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары назарға алынды.Тімтуір өзеніндегі гидротехникалық нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Мамандардың айтуынша, өзендегі мұз штаттық режимде еріп, елді мекендерге қауіп төндірмейді. Тобыл өзенінде су тасқыны қаупі жоқ, су қоймалары су жинау режиміне көшті.Су тасқынына қарсы шараларға құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, Семей қаласындағы 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері және еріктілер жұмылдырылған. Қазіргі уақытта олар су өткізбейтін қаптарды дайындап, нығайту жұмыстарын жалғастыруда.«Су тасқыны жағдайы бақылауда. Барлық шаралардың уақытында орындалуы маңызды, ең бастысы – халықтың қауіпсіздігі», – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.Су тасқынының ықтимал салдарын болдырмау бойынша жұмыстар жалғасуда, жауапты қызметтер толық дайындықта.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/962092?lang=kk
Елші М.Атамқұловтың Врнячка-Баня қаласына жұмыс сапары туралы 29.03.2025
20 наурызда Қазақстан Республикасының Сербиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мәди Атамқұловтың Врнячка-Баня қаласына жұмыс сапары барысында жасөспірімдер арасындағы шахматтан әлем чемпионатына қатысып жатқан қазақстандық оқушыларымен кездесті.Чемпионаттың ашылу салтанаты шеңберінде қазақстандық дипломат жас шеберлерге табыс тілеп, лайықты партиялар көрсететініне сенім білдірді.Турнирге 44 елден 470 қатысушы жиналды. Олар 17 жасқа дейінгі алты жас санатында жүлделерді сарапқа салады.Қазақстан делегациясы ең ірі құрамның бірі: 40 жас спортшы, оның қатарында әлем және Азия чемпиондары, сондай-а,  рейтингтік көшбасшылар бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/962090?lang=kk
Қостанай облысының елді мекендерді су басудың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы 29.03.2025
2025 жылғы 21 наурыздағы жағдай бойынша өңірдегі жағдай тұрақты, барлық тартылған қызметтер үйлесімді және үйлестірілген түрде жұмыс істеп жатыр.Айта кетерлігі, облыста су тасқыны жағдайына толық дайындық жасалған. Тәуекел тобындағы 92-ден астам елді мекен қамтылды. 46 шақырым білік салынып, 168 жаңа су өткізгіш құбыр, 20 км нөсер кәрізі тартылды, 27 ГТҚ жөнделіп, 50 бірлік жоғары өтімді техника сатып алынды.Жергілікті билік органдары су басу қаупін барынша азайту бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде.Қар шығару жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, бұл тұрғын үйлерді су басудан сақтап қалу мақсатында жасалған бірден-бір маңызды шара.Материалдық-техникалық құралдар сатып алынып, халық пен малды эвакуациялау орындары әзірленді, шағын өзендердің арналарын тазарту   жұмыстары жүргізіліп, неғұрлым осал жерлерде өзен жағалаулары нығайтылды, қажет болған жағдайда қорғаныс құрылыстарын шұғыл тұрғызу үшін инертті материалдар әзірленді.Су тасқынын жою үшін шамамен 3 мың адамнан тұратын топ құрылып, шамамен 400 бірлік техника, 120 бірліктен астам жүзу құралы және 330-дан астам мотопомпа жұмылдырылды.Жалпы, бүгінгі таңда 5 автомобиль жолын, соның ішінде республикалық маңызы бар 1 және аудандық 4 жолды су басу фактісі тіркелген.Барлық су басқан жолдар ерекше бақылауда. Қазіргі кезде «Құсмұрын-Новопавловка» жергілікті маңызы бар 1 жолды су шайған.  Дәл осы уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр және жақын арада жол жамылғысы жөнделетін болады. Жалпы, келісілген іс-қимылдың арқасында жедел, яғни бір күн ішінде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік туды. Мәселен, 19 наурыз күні сағат 16.00-де «Үрпек-Қабырга» жолы шайылып, келесі күні сағат 10.30-да жол жабыны қалпына келтірілді.Өткен жылғы су тасқыны туралы айтсақ, Қарасу ауданында 5 көл қосылып кетіп, жалпы ауданы 622 шаршы км жерді су басып кеткен еді.Бұл мәселені шешу үшін 30 шақырымдық су бұру арнасы салынған.Сондай-ақ, облыстың оңтүстік аймақтары да ерекше назарда. Амангелді, Жангелдин аудандары мен Арқалық қаласындағы 30 елді мекенде жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп, бөгеттер тұрғызылды, 26 шақырым жерде қорғаныс біліктері нығайтылды. Жангелдин ауданында тасқын суларды қауіпсіз аймақтарға қайта бұруға бағытталған су бұру арналары салынды.Ауыл шаруашылығындағы шығынның алдын алу және жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мал басының саны мен көшіру маршруты көрсетілген малды эвакуациялау орындарының картасы әзірленді. Шаруа қожалықтары мен қыстаулардан жалпы саны 39 мыңнан астам мал қауіпсіз жерге көшірілді. Барлық орындар жем-шөп қорымен қамтамасыз етілген. Жергілікті билік ауыл шаруашылығы саласын көктемгі су тасқынынан қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.Тобыл, Торғай өзендері мен бірқатар елді мекендерде бекітілген кестеге сәйкес жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы мақсаттарға 193 млн теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарымен суды тұтыну және трансшекаралық өзендердегі қауіп-қатердің туындауы бойынша тұрақты байланыс қамтамасыз етілген.Айта кетсек, екі ірі су қоймасындағы судың жалпы көлемі - 881 млн.м3 (63%), нормасы - 1,4 млрд. м3.Күтілетін ағын 360 млн. текше метрді құрап отыр. Су тасқыны кезеңіне дайындық және оны өткізу ерекше бақылауға алынған. Мамандар халықтың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етіп, су тасқынының ықтимал қауіптерін барынша азайта отырып, үйлесімді жұмыс жасап жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/962070?lang=kk
Әскери инженерлер Ақтөбе облысындағы Ойыл өзеніне уақытша өткел орнатты 29.03.2025
Инженерлік әскерлерге қарайтын 58012 әскери бөлімінің күш-құралдары Ойыл ауданындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға жұмылды. Шұбарқұдық станциясына Қонаев гарнизоны инженерлік-саперлік бригадасының әскери қызметшілері теміржол көлігімен жетті. Олармен бірге платформада понтон көпірі паркінің элементтері, соның ішінде понтон көпірінің сегменттері бар екі ауыр тонналық көлік (КрАЗ-255Б), жүзетін транспортер және КамАЗ және КрАЗ базасындағы екі сүйреткіш-моторлы қайық жеткізілді.– Бізде өткел жасау тәжірибесі бар. Өткен жылы біздің бөлім қатынас жолдарынан ажырап қалған ауылдардағы адамдарды, техника мен материалдық құралдарды тасымалдауға көмектесті, – деп түсіндірді понтонды-көпір батальонының командирі майор Наурызхан Төлеуов.Әскери инженерлер тобы жұмысқа кірісті. Әскери қызметшілер Ойыл, Ақтоғай, Қараой және Сарыбие ауылдық округтері тұрғындарының арасындағы қатынасты қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962050?lang=kk
Қазақстандық делегаттар ЭЫДҰ жұмыс органдарына қатысты 29.03.2025
Париж, 2025 ж. 20 наурыз – 2025 ж. 17–20 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (ҰЭМ) және оның Экономикалық зерттеулер институты («ИЭИ» АҚ) өкілдері тиісті байқау саясаты саласындағы ынтымақтастық үшін инклюзивті платформаның, бизнесті жауапты жүргізу және мемлекеттік меншік пен жекешелендіру практикасы мәселелері жөніндегі жұмыс топтары отырыстарына қатысты.Атап айтқанда, бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі іс-шара шеңберінде «ИЭИ» АҚ-ның Әлемдік экономиканы зерттеу орталығының директоры Әлібек Райпов ЭЫДҰ-ның Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығының (ҰБО) жұмысын сараптамалық бағалау ұсынымдарының орындалу барысы туралы аралық есепті ұсынды, сондай-ақ отырысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Тұтастай алғанда, қазақстандық ҰБО жұмысы айтарлықтай оң бағаланды, сонымен бірге бизнесті жауапты жүргізу мәселелері бойынша көпұлтты кәсіпорындар үшін ЭЫДҰ-ның басшылық қағидаттарына сәйкес оның қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру ұсынылды.Сондай-ақ, ҰЭМ өкілдері мемлекеттік меншіктің тәуекелдері мен мүмкіндіктерін басқару, меншік саясаты саласындағы үздік тәжірибелер, мемлекеттік кәсіпорындардың саяси мақсаттары және оларды корпоративтік басқарудың өзекті мәселелерін талқылауға қатысты.Жалпы, іс-шаралар қазақстандық сарапшыларға ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттер мен әріптес елдердің өкілдерімен кәсіби пікірталастарға қатысудың құнды тәжірибесін алуға және бизнесті жауапты жүргізу, қазақстандық ҰБО-ның тиісті жұмысын қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті басқару және бәсекелестік ортаны жақсарту жөніндегі шараларды дамыту жөнінде пікір алмасуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/962041?lang=kk
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Наурыз мейрамымен құттықтауы 29.03.2025
Қадірменді жерлестер!Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!Тарихы терең, тағылымы мол Әз-Наурыз – жаңашылдық пен жасампаз рухтың жаршысы, адам мен табиғат арасындағы үндестіктің, келісім мен татулықтың алтын арқауы.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен бұл мереке өткен жылдан бастап Наурызнама тұжырымдамасы аясында жаңа форматта, он күн бойы аталып өтуде. Наурыз тойын кең көлемде мерекелеу ұлттық құндылықты арттырып, бірлігімізді нығайтатыны сөзсіз.Наурызнама онкүндігі халық арасында бір-біріне деген сый-құрметті қалыптастырып, татулық пен бірлікті насихаттайды. «Ынтымақты елге бақ қонады, бейбіт елге береке кіреді» дегендей, ендігі біздің міндетіміз – барымызды бағалап, бірлігімізді нығайту, Отанымызды одан әрі өркендету. Өңір халқының мызғымас бірлігі мен берекелі тіршілігінің арқасында Алматы облысы да күн санап көркеюде.Жасампаздығы мен қуаты артып келе жатқан облыс орталығы – Қонаев қаласының ажары мен айбыны күннен-күнге дамып, жаңарып, мәдениет пен экономика саласында жаңа биіктерге жетіп, заманауи инфрақұрылыммен өркендеп келеді.Құрметті қауым!Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мақсатында қабылданған бұл бастама қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды көздейді. Ал өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырары анық. Сонымен бірге, биыл ең ұлы әрі қастерлі мереке – Жеңістің 80 жылдығы кеңінен атап өтеді. Жылдағы дәстүрге сай, мереке қарсаңында және 9 мамыр күні соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетіледі. Осындай шаралар бүгінгідей бейбіт өмір сыйлаған ардагерлердің ерлігін ешқашан ұмытпауымыз керектігін тағы бір мәрте еске салады.Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Ассамблеяның 30 жылдық тарихы – еліміздегі достық пен ынтымақтастықтың, келісім мен тұрақтылықтың жарқын көрінісі. Осы уақыт аралығында Ассамблея өз қызметінің маңыздылығын дәлелдеп, Қазақстан халқының бірлігі мен ел болашағына деген сенімін нығайтты. Бүгінде Ассамблея этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтап, елімізде бейбітшілік пен өзара сыйластықты қамтамасыз ету бағытында маңызды жұмыс атқаруда. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы ерекше назар аударған салалардың бірі – еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту. Жүзеге асырылып жатқан Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сондықтан, бағдарлама аясындағыіс-шараларды тұрақты негізде жалғастырып, барлығымыз қатысуымыз қажет.Ардақты ағайын!Баршаңызды Көктем мерекесімен тағы да шын жүректен құттықтаймын!Егеменді еліміздің іргесі берік, мәртебесі биік, болашағы жарқын болсын!Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl;almobl-balkhash;almobl-enbekshikazah;almobl-zhambyl;almobl-ile;almobl-karasay;almobl-kegen;almobl-raiymbek;almobl-talgar;almobl-uigur;almobl-qonaev;almobl-transport;almobl-kurylys;almobl-kasipkerlik;almobl-auyl;almobl-economy;almobl-zher;almobl-til;almobl-tourism;almobl-tabigat;almobl-energy;almobl-saulet;almobl-social;almobl-densaulyk;almobl-sayasat;almobl-bilim;almobl-karzhy;almobl-cultura-arhiv;almobl-sport;almobl-enbek;almobl-din;almobl-veterinaria;almobl-memleket-saulet;zhetysu-zher-paidalanu-udalen;almobl-satyp-alu;almobl-tehnologiya;almoblzhastary;almobl-alatau;almobl-mob;almobl-zkh/press/news/details/962040?lang=kk
ЮНЕСКО бас пәтерінде 13 мемлекеттің қатысуымен Наурыз мейрамына орай дәстүрлі іс-шара өтті 29.03.2025
Париж, 2025 ж. 18 наурызы – ЮНЕСКО бас пәтерінде 13 елдің бастамасымен кезекті рет Наурыз мейрамы атап өтілді. Іс-шараға осы халықаралық ұйымның басшылығы мен қызметкерлері, оған мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары және бұл мейрамды кеңінен атап өтетін диаспоралардың өкілдері қатысты.ЮНЕСКО Бас директоры Одрэ Азуле өзінің құттықтау сөзінде Наурыздың табиғаттың жаңаруы мен ұзақ қыстан кейін адамдар арасындағы өзара қолдау мен ынтымақ рухын паш ететін халықаралық мереке ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ 2009 жылдан бастап Наурыз Ауғанстан, Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Үндістан, сондай-ақ бұл тізімге былтыр қосылған Моңғолия, сияқты елдерің ортақ мерекесі ретінде Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгенін ерекше атап өтті.Ресми бөлім соңында әдемі концерт өтті, онда аталған елдердің әртістері өздерінің дәстүрлі әуендері мен халық билерін ұсынды. Қазақстан атынан «Наурыз Думан» әні орындалып, артынан шашу жасалды.Іс-шара соңында жиналған қауым әртүрлі халықтардың ұлттық тағамдарымен таныса алды. Қазақстанның дастарқанынан да қонақтар наурыз көже мен басқа да дәстүрлі тағамдардан дәм татты.Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өту елімізде Ұлттық киім күнімен тұспа-тұс келді. Осыған орай Қазақстанның Тұрақты өкілдігі қонақтарды ұлттық киімдерімізбен таныстырып, бұл іс-шара қонақтарының тарапынан шынайы қызығушылық пен құрмет тудырды.ЮНЕСКО-да өткен әдемі басқосу әртүрлі елдердегі Наурыз мейрамын атап өтудің салт-дәстүрлері мен рәсімдерімен жақынырақ танысу және халықтар арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністікті нығайту үшін тағы бір тамаша мүмкіндік болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/962039?lang=kk
Астанада Қорғаныс министрінің орынбасары әскери госпиталь қызметкерлерін Наурыз мейрамымен құттықтады 29.03.2025
Көктемгі мереке қарсаңында Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталіне барды.  Қорғаныс ведомствосы басшылығының өкілі госпитальдың жеке құрамын құттықтап, қажырлы еңбегі мен қызметке адалдығы үшін ризашылығын білдірді. Ол сапалы медициналық көмек Қарулы күштердің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті.– Сіздердің еңбектеріңіз жай қызмет емес, бұл елге және оның қорғаушыларына деген қызмет. Сіздердің күш-жігерлеріңіздің арқасында мыңдаған әскери қызметшілер мен олардың отбасылары сапалы медициналық көмек алады. Ерен еңбектеріңіз үшін мың алғыс, – деді генерал-лейтенант Қ.Әбубәкіров.  Еңбегімен еленген госпитальдің үздік қызметкерлері Қорғаныс министрлігі басшылығының атынан Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Кездесу барысында генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров жеке құрамды әскери-медициналық инфрақұрылымды дамыту және Қарулы күштерде медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру жоспарларынан хабардар етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962037?lang=kk
Қорғаныс министрлігі волейболдан өткен чемпионаттың қорытындысын шығарды 29.03.2025
Астанада XV Спартакиада аясында қорғаныс ведомствосы орталық аппаратының әскери қызметшілері арасында волейболдан өткен чемпионат аяқталды. Барлығы 37 команда құрамында 370 әскери қызметші-спортшы сайысқа түсті. Төрешілік екі топ бойынша ұйымдастырылды.Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың және Қарулы күштердің департаменттері арасындағы бірінші топтағы жарыс қорытындысы бойынша Арнайы техникалық әзірлемелер бас басқармасы мен Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығының біріккен командасы жеңіске жетті. Тұғырдың екінші сатысына Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің құрамасы, үшіншісіне – Радиоэлектронды күрес департаментінің волейболшылары көтерілді.Басқармалар мен орталықтар арасында екінші топта Тыл бастығы басқармасының командасы чемпион атанды, екінші орында – ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің құрамасы, үшінші орында – Әскери полиция бас басқармасы.Сонымен қатар үздік ойыншылар номинациялармен марапатталды. Бірінші топта «Үздік қорғаушы» – Дәуренгүл Нұрланқызы, «Үздік шабуылшы» – Мәдениет Мұхамеджанқызы, «Үздік ойыншы» – Ғани Нүсіпов, «Үздік либеро ойыншы» – Серік Бейсебаев болды. Екінші топта «үздік қорғаушы» номинациясына Дінмұхамедәли Әуенек, «Үздік шабуылшы» номинациясына Айдар Базылжанов, «Үздік ойыншы» номинациясына Бауыржан Қабылбеков, «Үздік либеро ойыншы» номинациясына Назым Жексенбаева ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар, медальдар мен грамоталар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962033?lang=kk
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті Ұлыстың ұлы күнін атап өтті 29.03.2025
Іс-шараға ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің профессор-оқытушылар құрамы, қазақстандық магистранттар, Тәжікстан, Қырғызстан және Франция әскери қызметшілері қатысты.Бұл күні оқытушылар мен магистранттар әскери киімдерін ұлттық киімге ауыстырды. Наурыз мейрамының құрметіне қызметте көзге түскен әскери қызметшілерді марапаттау рәсімі өтті.– Наурыз – тарихы тереңде жатқан мереке. Тәуелсіздік алғаннан кейін қайта жаңғырып, жаңа мәнге ие болды. Бұл салт-дәстүрлерді, ырыс-ынтымақты, тазалық пен шынайы қуанышты жаңғырту мерекесі, – деді құттықтау сөзінде Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков.Іс-шараға қатысушылар "қыз ұзату" дәстүрінің мәнін ашатын театрландырылған қойылымды тамашалады.  Бұдан басқа, садақ ату, қазақ күресі, арқан тарту, гір көтеру және тоғызқұмалақ бойынша жарыстар ұйымдастырылды. – Қазақ халқының тарихы мен ежелгі дәстүрлерімен байланысты Наурыз мерекесін алғаш рет көрдім. Ұлттық тағамдар, жарыстар, салт-дәстүрлер – мұның бәрі қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін, мәдениетін білдіретін жарқын ерекше мереке екен, – деп алған әскерін айтты Франциядан келген майор Винсент Булкаен.Мерекелік дастархан басында іс-шараға қатысушыларды Наурыз мейрамымен құттықтап, Қыдыр ата ақ батасын берді. Жиылған көпшілікке амандық, мол бақыт пен бақ-береке тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962025?lang=kk