Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҰЖЫМДАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ 21.02.2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдар фестивалінің облыстық кезеңі өтті.Қазақстан халқының татулығы мен бірлігін нығайту мақсатында ұйымдастырылған шараға этномәдени бірлестік төрағалары мен өкілдері, өнер ұжымдары қатысты.Фестиваль барысында өңірдегі аудан, қалалардан келген түрлі этностардың өнерпаздары жеке және топ болып халық әндерін орындау, би билеу және халық аспаптарында орындау бойынша сайысқа түсті.Мерекелік шараға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары - Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Нұрсұлтан Сейтжанов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің «Алқоңыр» фальклорлық ансамблінің әртісі Аружан Әбдіқадір, «Жаңа леп» ұжымының дәстүрлі әншісі Бекболат Серік және «Самғау» би ансамблінің әртісі Ақжол Абибулла қазылық етті.Әділқазылардың шешімі бойынша топ болып халық әндерін орындауда Сайрам ауданының «Ғұнча» халықтық ән-би ансамблі топ жарды. Бұл сайыста Қазығұрт ауданының «Дониёр-Файз» тобы 2-орынды, Сауран ауданының «Достық» ансамблі 3-орынды иеленді. Би сайысында Кентау қаласының қос өнер ұжымы – «Рапсодия Жастары» би тобы 1-орынды, «Рапсодия» би тобы 2-орынға лайық деп танылды. Ал Төлеби ауданының «Жаңа толқын» жастар клубының «Грация» шығармашылық тобы 3-орын алды.Сондай-ақ 18 жасқа дейінгі ән байқауында саурандық әншілер биіктен көрінді. «Отан» әнін нәшіне келтіре орындаған Умида Эркинова жеңімпаз атанса, «Өкінбе сен» әнімен Ғиесиддин Рахмиддинов 2-орынды еншіледі. «Ұлы дала» әнімен қазығұрттық Муштарибану Хусниддин үздік үштікті түйіндеді.18 жастан жоғары әншілер сайысында 1-орын алған саурандық Мұратжан Атажанов «Қоғалы-ай» әнін әуелете орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Бұл сайыста арыстық Роза Сейітқасымова «Ақерке ақжайық» әнімен 2-орынды, жетісайлық Руфат Ходжиев «Елім менің» әнімен 3-орынды иеленді.Этностар арасындағы татулықтың мызғымас алтын көпірін көрсеткен фестиваль барысында басқарма басшысының орынбасары іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан шығармашылық ұжымдарды «Алғыс хатпен» марапаттады. Облыстық кезеңде жүлделі орын алған өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар енді республикалық байқауда бақ сынайды.Татулықты ту еткен фестиваль соңында этнос өкілдері «Атамекен» әнін қосыла шырқап, әдемі кештің әрін келтірді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/941779
Қостанайлық оқушы су тасқыны кезінде көпірлердің бұзылмауын болдырмау үшін «Smart Bridge» инновациялық жобасын әзірледі 21.02.2025
Қостанай ауданының Александров мектебінің 10 сынып оқушысы Виктор Рыжков өзінің мұғалімі Виталий Базаркиннің басшылығымен су тасқыны кезінде су деңгейі күрт көтерілген жағдайда көпірлердің бұзылуын болдырмау үшін «Smart Bridge» инновациялық жобасын әзірледі.Виктордың айтуы бойынша, бұл идея оған 2024 жылғы көктемде өзінің туған Қостанай ауданында және Қазақстанның басқа да өңірлерінде айтарлықтай шығындарға әкеп соққан су тасқыны кезінде туындаған.«Smart Bridge» - судың шекті деңгейіне жауап беретін датчиктер мен Arduino бағдарламаланатын микроконтролер арқылы көпірді көтеретін  автоматтандырылған жүйе болып табылады.«Менің мақсатым — адамдар мен инфрақұрылымның су тасқынына дайын болуына көмектесетін жүйені құру. Жоба бірнеше кезеңнен өтті, көтеру тетігін таңдауда қиындықтарға тап болдық, бірақ идеямызды сәтті жүзеге асыра алдық», деп атап өтті Виктор Рыжков.Жүйенақтыжағдайлардақолдануүшінжоғарыәлеуеттікөрсетіп отыр.БолашақтаВикторкөпірді кезең-кезеңімен көтерумүмкіндігін,сондай-ақ арнайықызметтергехабарламалардыавтоматты түрде жіберуүшінрадио модуль интеграциясынқосу арқылы модельдіжетілдірудіжоспарлап отыр,бұл арнайы қызметтерге жағдайдың өзгеруінежеделжауап беруге мүмкіндік береді деп күтілуде.Жоба қазірдің өзінде «Техническое конструирование в области промышленности» номинациясы бойынша «Первый шаг к великому изобретению» Республикалық инновациялық идеялар байқауында бірінші орынға ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/941270
Қазақстан мен Мысыр арасындағы саяси консультациялардың тоғызыншы раунды туралы 21.02.2025
Астана, 2025 жылғы 19 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен Мысыр Сыртқы істер министрінің Азия, Тынық мұхит өңірі және Жаңа Зеландия жөніндегі орынбасары Ахмед Шахиннің төрағалығымен Қазақстан-Мысыр саяси консультациялардың тоғызыншы раунды өтті.Консультациялар барысында тараптар Астана мен Каир арасындағы ынтымақтастықтың оң қарқынын жоғары бағалап, достық пен өзара тиімді серіктестік қағидаттарына негізделген екіжақты қарым-қатынастардың елеулі әлеуетін атап өтті.Сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылып, соңғы жылдары екі ел арасындағы тауар айналымы жоғарылағаны аталды. Бұл тұста сауда көлемін кеңейту, экспорттық-импорттық әлеуеті туралы ақпарат алмасу, өзара инвестициялардың көлемін ынталандыру бойынша алдағы қадамдар талқыланды.«2024 жылы Қазақстан мен Мысыр арасындағы тауар айналымы 70%-ға өсіп, 274 млн долларды құрады. Бұл көрсеткіштерге қарамастан, екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту және нығайту үшін айтарлықтай әлеует бар», – деп қазақ дипломаты атап өтті.Осы тұрғыда екі елдің іскер топтары арасында тікелей байланыстарды орнату және көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, минералдық ресурстар, фармацевтика, IT-технологиялар және басқа да өзара мүдделі салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан-Мысыр Іскерлік кеңесінің қызметін жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Сонымен бірге сұхбаттастар осы жылы Астанада өтуі жоспарланған Сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Мысыр үкіметаралық комиссиясының алтыншы бірлескен отырысы шеңберінде ықпалдастықты кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланды.Бұған қоса екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында тараптар сапарлармен алмасу тәжірибесін жалғастыру және екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту ниетін растады, сондай-ақ биік және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралардың күн тәртібін қарастырды.Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, оның ішінде Қазақстан мен Мысырдың әртүрлі алаңдарда БҰҰ, АҚИҰ, БРИКС, ШЫҰ және АӨСШК ұйымдар аясындағы ықпалдастықты белсендіруге келісті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты консультацияларды тұрақты түрде өткізу қажеттігін атап өтіп, сыртқы істер министрліктері арасында тығыз диалогты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/941805
Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова азаматтарды қабылдады 21.02.2025
Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова азаматтарды қабылдады, оның барысында «Нотариат туралы» Заңға өзгерістер енгізуге, мұрагерлік құқықтарды ресімдеуге қатысты мәселелер қаралды.Кездесу барысында вице-министр азаматтарға қолданыстағы заңнаманың нормаларын егжей-тегжейлі түсіндіріп, келіп түскен өтініштердің әрқайсысы бойынша түсініктеме берді. Бірқатар мәселелер бойынша Әділет министрлігінің бейінді құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына оларды жедел қарау және қажетті шараларды қабылдау мақсатында тиісті тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/941689
Қазақстандық құтқарушылар Әзербайжан Республикасы ТЖ министрінің бұйрығымен марапатталды 21.02.2025
  Әзербайжан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-полковник Кямаледдин Гейдаровтың бұйрығына сәйкес қазақстандық құтқарушылар «Әзербайжан әуе жолдары» ұшақ апатының салдарын жойғаны және құтқару операциясына қатысқаны үшін «Ынтымақтастық үшін» төсбелгісімен марапатталды.  Марапаттарды Ақтау қаласында Әзербайжан Республикасының Бас консулы Айхан Сүлейманлы табыстады.  Қазақстан ТЖМ-ның наградталған қызметкерлері:- Сейталин Азамат Серікұлы- Аминов Тимур Владимирович- Айдаров Қани Манапұлы- Қараев Саясат Мұсаұлы- Кенжеғалиев Мәжит Серікбайұлы- Күлханов Азымбек Шындәулетұлы- Күзембаев Ербол Ахметұлы- Меңдібаев Наурызбек Ерланұлы- Нұғыманов Ардақ Қойшыбекұлы- Тілеубергенова Айман Мыңбайқызы  Бұл марапат Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы төтенше жағдайлар саласындағы берік ынтымақтастықты білдіреді.           Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/941385
Елімізде бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні өткізілді 21.02.2025
  Төтенше жағдайлар министрлігі өскелең ұрпаққа өрт қауіпсіздігі ережелерін үйрету мақсатында еліміздің барлық оқушылары үшін Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күнін өткізді. Профилактикалық жұмыстармен 100 мыңнан астам оқушы және 3 мыңнан астам мектеп қамтылды.  Акция шеңберінде оқушыларға, педагогтар мен ата-аналарға өрт қауіпсіздігінің негізгі аспектілерін қамтитын дәрістер мен нұсқамалар ұйымдастырылды. Zoom платформасы арқылы интерактивті сабақтар мен онлайн сабақтар өткізілді, онда қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі ережелері, сондай-ақ өртке байланысты қауіптер туралы хабардарлықты арттыруға мүмкіндік беретін тестілік онлайн-сауалнамалар көрсетілді.  Бұдан басқа өрт сөндіру құралдары мен көрнекі материалдардың көрмелері, мектеп ғимараттарынан эвакуациялау бойынша жаттығулар ұйымдастырылды. Акцияға министрлік қызметкерлерінен басқа өңірлік білім басқармалары, жұртшылық және БАҚ қатысты.  Төтенше жағдайлар министрлігі өрт туындаған кездегі сақтық шаралары туралы халықтың қауіпсіздігі мен хабардар болу деңгейін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/941617
2025 жылдың соңына қарай Жетісу облысында газдандыру деңгейі 71,4% жетеді 21.02.2025
Жетісу облысында қазіргі кезде газдандыру деңгейі 56,5% құрайды, яғни 63 елді мекен газдандырылды. Ал биылғы жылдың қорытындысы бойынша тағы 63 жобаны іске асырудың арқасында газдандыру деңгейі 71,4% жетеді. Осылайша 500 мыңнан астам тұрғыны бар 126 елді мекен газға қол жеткізеді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Jetisy» телеарнасы студиясында облыстық БАҚ өкілдеріне берген кеңейтілген сұхбаты барысында айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.- Облыс қайта құрылған кезде 5 елді мекенге ғана газ жеткізілген, яғни газдандыру көрсеткіші 29 % болған. Биыл газбен қамтамасыз етілген елді мекендер саны 63-ке жетіп, тұрғындарды газдандыру көрсеткіш 56,5% құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жылдың соңына дейін тағы 63 елді мекен газға қосылады, соның ішінде 45 жобаның жұмыстары қазір жүріп жатыр, 18-інің жобалық-сметалық құжаттары дайын. Осы аталған жобалар іске асырылғаннан кейін биылғы жылдың қорытындысы бойынша 500 мыңнан астам тұрғыны бар 126 елді мекенге газ жеткізіп, халықты газдандыру деңгейі 71,4 % болады. Оған қоса «Талдықорған – Үшарал» бағытындағы газ құбырының құрылысын былтыр бастадық. Ол биылғы жылдың соңына дейін бітеді. Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының 66 елді мекенін газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Магистраль құрылысы біткеннен кейін газ тарту жұмыстарына кіріседі. Соның нәтижесінде 192 елді мекен газдандырылып, облыстың 624 мыңнан астам тұрғыны немесе халықтың 91 пайызы газға қол жеткізеді, - деді Б. Исабаев.Ал газ құнын қостыруға қатысты мәселенің өңір басшысы осыдан бір жарым жыл бұрын қолға алынғанын айтты. Газ қосу құнының жоғарылығының себебін зерделеп қарағанда, газ қосу нарығында 1-2 компания монополист болып отырғаны байқалған. Дегенмен қабылданған шаралардың арқасында бәсекелестік ортаны дамыту арқылы газ қостыру құнын қазандық пен қажетті жиынтықтарды қоспағанда 170-175 мың теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік туды (газ құбырының ұзындығы 25 метрге дейін). Оған қоса, бір жарым жылдың ішінде 1600 газ қазандығын сатып алуға 500 миллион теңге бөлінді, тұрғындарға қазандықтың төлемін 10 айға дейін бөліп төлеуге жеңілдікті жағдай жасалып отыр. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотограф: Жеңіс Ысқабай, сол сияқты фотосуреттероблыс әкімі баспасөз қызметінің архивінен алынды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/941317
Бейбіт Исабаев Қоғамдық кеңестің жаңарған құрамымен кездесті 21.02.2025
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңірдегі қоғамдық кеңестің жаңадан қалыптастырылған құрамымен кездесіп, өткен жылдың қорытындылары мен бірлескен жоспарларын талқылады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қоғамдық кеңестер мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтатын маңызды құрал екенін тілге тиек еткен облыс басшысы қоғамдық кеңестің жұмысын өзекті әлеуметтік, экономикалық және қоғамдық мәселелердің айналасына шоғырландырудың маңыздылығы туралы ойын жеткізді. Бұл ретте қоғамдық кеңес аталған мәселелерді зерттеп, талдап, өз ұсыныстары мен пікірлерін енгізуі пайдалы болмақ.- Сіздерді жергілікті атқарушы органдармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге шақырамын. Біздің тарапымыздан қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыру және еңбек ету үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қажетті қолдау көрсетіледі. Мәслихат депутаттарын, қоғамдық кеңес мүшелерін, жергілікті атқарушы органдарды – бәрімізді ортақ басты мақсат біріктіреді, ол – Президенттің жүргізген реформаларын іске асыруды жалғастырып, құқықтық мемлекет, әділ қоғам орнату және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Сондықтан сіздермен ашық, әділ, конструктивті диалог жасай отырып, өзара тең дәрежеде қоян-қолтық жұмыс істеуіміз керек - деген Б. Исабаев Қоғамдық кеңес мүшелеріне өткен жылдық қорытындылары мен алдағы жоспарлар жайлы қысқаша баяндап берді. Халықтың алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс атқарудың нәтижелі болатынына сенім білдірді.Өз кезегінде Қоғамдық кеңестің төрағасы Әсет Қыдырманов, «Ерлік» тірек-қимыл қозғалысы кем мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Роза Ақжаркенова, облыстық Азаматтық альянс президенті Дәния Қыдырбаева, «Мейірімді Жетісу» волонтерлік фронт-офисінің жетекшісі Шырай Саматқызы және Қоғамдық кеңестің басқа да мүшелері ойларын ортаға салды. Олар Қоғамдық кеңес оның әрбір мүшесі үшін үлкен мектеп, жаңа тәжірибе екенін айта келе, өзара әріптестік қатынастардың жаңа кезеңінде халықтың сеніміне сай және ұсыныс-тілектерін негізге ала отырып жұмыс істейтіндерін айтты.Еске салсақ, облыстық қоғамдық кеңес жаңа құрамда жұмысын 32 мүшесімен бастады. Кеңес құрамы 72% жаңартылды. Олардың 84,4 % - азаматтық қоғамның өкілдері, яғни оның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес қауымдастықтың, саяси партиялардың, кәсіподақтың, этно-мәдени орталықтардың, БАҚ-тың, білім беру саласының өкілдері де бар. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотограф: Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/941797
Бейбіт Исабаев Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті 21.02.2025
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиер Ибрагимовпен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен әлеуеті жайлы мәселелерді талқылады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ресми делегацияны жылы қарсы алған өңір басшысы Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары жайлы қысқаша айтып берді.- Жетісу - аграрлық аймақ. Біз қант қызылшасы, жүгері, бидай, майлы дақылдар, ет, сүт сияқты өзімізде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің 65%-ын өңдейміз. Облысымыздың өндірістік әлеуеті жақсы. Біз кремний, шойын, қорғасынды-қышқылды аккумулятор батареяларын, темірбетон бұйымдарын, мәрмәр үгінділерін, шифер және басқа да тауарларды экспорттаймыз. Сонымен қатар Жетісу облысы тиімді геостратегиялық және геоэкономикалық жағынан ерекшеленеді. Жетісу - Қытаймен арадағы шекарада 5 кеден бекеті бар республикадағы жалғыз өңір. Батыс Еуропа – Батыс Қытай трансконтинентальды автобаны біздің территория арқылы өтеді. Сондай-ақ біздің аумағымызда «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы және «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы орналасқан. Туризм саласында да үлкен әлеуетіміз бар. Яғни Алакөл, Балқаш көлдерінің жағалауы, сол сияқты экологиялық және тау туризмі де белсенді дамып келеді. Жалпы өңірде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, көлік және логистика, туризм, баламалы энергетика және өнеркәсіп - жалпы 5 стратегиялық бағытта инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде, - деді Б.Исабаев.Өз кезегінде Бахтиер Ибрагимов жылы кездесу үшін алғысын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі кеңейтудің мүмкіндіктерін атап өтті. Сол сияқты Өзбекстанды дамытудағы басымдықтардың бірі саналатын туризм саласында тәжірибе бөлісуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ елші мырза Жетісудан ет экспорттауға қызығушылық танытты.Сонымен қатар өңірлік ынтымақтастықтың алдағы мүмкіндіктерін талқылай отырып, тараптар бұл таныстық кездесу экономикалық, сауда және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.Жетісу облысына жасаған сапары барысында Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі бастаған ресми делегация Талдықорғанда бизнес-қауымдастықпен кездесті, ал ертең «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА, «Қорғас» ШЫХО, сондай-ақ «Нұр жолы» автомобиль өткізу пунктінің жұмысымен танысады.Атап өтсек, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысы мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 17 млн. АҚШ доллары көлемінде. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотограф: Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/941806
2025 жылғы 10-19 ақпан аралығында Атырау облысының қалалық, аудандық аумақтық және бірмандаттық аумақтық округтік сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту семинарлары өткізілді. 21.02.2025
2025 жылғы 30 наурызға бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша  мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау тағайындалуына байланысты Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалымен бірлесіп 2025 жылғы 10-19 ақпан аралығында «Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша  мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинарларын ұйымдастырды. Оқыту семинарларымен 8 қалалық, аудандық аумақтық сайлау комиссияларының 56 мүшесі және 87 бірмандаттық аумақтық округтік сайлау комиссияларының 435 мүшесі қамтылды.Оқыту семинарларында дәріс жүргізген облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптарын беріп, өз тәжірибелерімен алмасты.Алдағы наурыз айында осы тақырыпта облыс бойынша 276 учаскелік сайлау комиссияларының 1085 мүшелері үшін оқыту семинарлары ұйымдастырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/941519
Ақтөбеде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында республикалық конференция өтті 21.02.2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Ақтөбеде «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» атты республикалық конференция өтті.Конференцияға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, облыс әкімі Асхат Шахаров, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Республикалық этномедиация кеңесінің мүшелері, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан келген делегаттар, өңірлік Ассамблея өкілдері, құқыққорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов конференция қатысушыларын Ассамблеяның 30 жылдығымен құттықтап, осындай ауқымды шараны ұйымдастырғаны үшін Ақтөбе облысының Ассамблея мүшелеріне алғыс білдірді.Сонымен қатар, ол Ассамблеяның 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарымен бөлісті. 1 наурыз – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні республикалық форум өтеді. Оның аясында «Бейбітшілік және келісім» сарайында дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылады, елдің барлық өңірлеріндегі Достық үйлерінде аймақтық форумдар өткізіледі. Бұдан бөлек, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында «Қайырымдылық керуені» акциясы ұйымдастырылып, Ассамблея ардагерлерін марапаттау, фестивальдер, көрмелер мен концерттер өткізу жоспарлануда.Облыс әкімі конференция қатысушыларын құттықтап, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы маңызын атап өтті.«Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – біздің ортақ өміріміз бен дамуымыздың негізі болған үйлесім мен бірліктің белгісі. Ассамблея – тұрақтылығымыздың, достыққа негізделген этносаралық қарым-қатынастар мен азаматтық келісімнің алтын діңгегі. Ол қоғамдағы бейбітшілік пен тыныштықты нығайтуға белсенді ықпал етіп қана қоймай, сондай-ақ елдегі барлық этнос арасындағы өзара түсіністік пен құрметтің тереңдеуіне ықпал етіп келеді. Ақтөбе облысында 950 мыңнан астам адам тұрады, олардың 85%-ын қазақтар, ал 15%-ын түрлі этнос өкілдері құрайды. Өңірде 90-нан астам этнос өкілі өмір сүреді, оның әрқайсысы өзін осы ұлы да біртұтас елдің ажырамас бөлігі ретінде сезінеді.Қазақстан халқы Ассамблеясының ұлттық бірлікті нығайтудағы және қоғамдық келісімді сақтаудағы рөлі баға жетпес. Бұл – түрлі этнос пен мәдениет өкілдері арасындағы өзара түсіністік, сыйластық пен достықты нығайтуға белсенді түрде ықпал ететін қуатты институт», – деді өңір басшысы.Конференция барысында қатысушылар этномедиация саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, оны одан әрі дамыту, жүйелеу және этносаралық келісімді нығайту жолдарын талқылады.Конференция қорытындысы бойынша этномедиация саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты дамыту жөнінде өзекті ұсынымдар әзірленді. Бұл ұсыныстар қазіргі тәжірибелерді жақсартуға ғана емес, сонымен қатар еліміздегі этносаралық келісім мен әлеуметтік тұрақтылықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/941434
19 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов және Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан облыстық ҚХА активімен кездесу өткізді. 21.02.2025
Іс-шара барысында Ассамблеяның 30 жылдығына дайындық, қоғамдық жобаларды іске асыру, сондай-ақ белсенділердің елдегі бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесіне байланысты мәселелер қаралды.Кездесуге қатысушылар ҚХА-ның этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының қызметін жетілдіру бойынша пікір алмасып, одан әрі өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/941785
Ақтөбеде «Ассамблея жастарына» арналған коворкинг орталығы ашылды 21.02.2025
 Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров және ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған орталықтың алғашқы қонақтары болды. Меймандар тілек тақтасына лебіздерін жазып, жастарға сәттілік тіледі. Жаңа коворкинг орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында жұмысын бастады. 72 шаршы метрлік бөлмеде жастардың жан-жақты дамуына қажетті барлық техника бар, кітап сөресі қазақтың ақын-жазушыларының шығармаларымен толықтырылыпты. Ән айтып, күй тартуды жақсы көретін жастар үшін түрлі аспаптар қойылған. Пікірталас алаңы да жасалған.Коворкинг орталық ашу туралы бастаманы «Ассамблея жастары» бірлестігінің мүшесі Данил Цой облыстық Ассамблеяның өткен сессияларының бірінде өңір басшысы алдында көтерген еді. Жалынды жастың ұсынысына Асхат Шахаров қолдау білдірді.Мұнда жастар бір-бірімен тығыз байланыс орнатып, ұлттық бірлік, бейбітшілік пен достық құндылықтарын насихаттап, сондай-ақ түрлі этникалық топтар арасында өзара түсіністікті нығайтып, жаңа идеяларын жүзеге асыруға ниетті. Олар ұсыныс-тілектерін Асхат Шахаров және Марат Әзілхановпен кездесуінде де тілге тиек етті.Өңір басшысы өз сөзінде қоғамда пікірі бар жастардың артқанын алға тартып, оларды әрқашан қолдайтынын алға тартты. Жаңа коворкинг орталығы жастардың елге пайдалы бастамаларын жүзеге асыруына серпін беретініне сенім білдірді.«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалына 300-ге жуық жас мүше, оның ішінде 70-тей жас – Ақтөбе қаласында. Ассамблеяның «Жаңа толқын» арнайы жобасы аясында жастардың жобалары мен бастамаларын қолдау мақсатында жоғары және арнаулы оқу орындарында студенттік ассамблеялар құру қолға алынды, бүгінгі күнге дейін қызмет етіп келе жатырған «Достық» клубтарының құрылымы кеңейіп, жұмыс бағыттары өзгерді.Былтырғы жылы Мемлекет басшысының сессия отырысында берген тапсырмасына сәйкес, этномәдени бірлестік басшыларының жаңа жас орынбасарлары тағайындалып, облыстық Ассамблеядағы жастардың жалпы үлесі 22%-ға артты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/941788
Бесқарағай ауданында балық шаруашылығы және экотуризм дамуда 21.02.2025
Бесқарағай ауданында жоба құны 250 млн теңге тұратын балық шаруашылығы бар. Глуховка ауылдық округінде орналасқан «Маклаков Н.» жеке кәсіпкерлігі бұл кәсіппен айналысқалы біраз жыл болды. Кәсіпкер өз қаражаты есебінен 6 жасанды тоған жасап, 4 түрлі балықтың түрін өсіруді жолға қойған. Аталған жоба балық шаруашылығы мен экотуризмді дамытуды көздейді. Сол арқылы аудан экономикасын нығайтуға және өңірдің туристік әлеуетін арттыруға күш салуда.«Жасанды тоғандарымызда 30 тонна құбылмалы бақтақ (Радужная форель), 3,5 тонна сібір бекіресі, 15 тонна тұқы (карп), 15 тонна сазан өсірілуде. Аталған балық уылдырықтарын Алматы қаласынан арнайы алдырып, Семейдегі Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледжінің зертханасында шамалы уақытқа дейін сақтаймыз. Уылдырық шабаққа айналысымен, біздегі тоғандарға жіберіледі. Яғни, біз аталған оқу-орнымен ғылыми-зерттеу бағытында тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз», - дейді кәсіп иесі Наиль Маклаков.Кәсіпкер бұдан бөлек экотуризм саласын дамытуға да үлес қосып отыр. Балықшылар мен туристер үшін ағаштан салынған 4 демалыс кешені мен жеке пайдалануға арналған 4 моншаны іске қосқан.Шаруашылық барысымен танысқан аудан әкімі Нұрбек Қошқарбаев жұмыс сапасын жоғары бағалап, мұндай бастамалардың экономиканы әртараптандырудағы маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, әкім табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен экологиялық стандарттарды сақтау қажеттігін ерекше назарға алу керектігін айтты.Өз кезегінде кәсіпкер өндіріс көлемін ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын ашу және қосымша тоғандар салу арқылы жобаны кеңейту жоспарларын ортаға салды. Сонымен бірге, экотуризмді дамыту мақсатында туристік қызметтерді одан әрі жетілдіру бағытында жұмыстар жүргізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/941307
Ерікті қоныс аударушылар саны артуда 21.02.2025
Абай облысына 2024 жылы «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аудару» бағдарламасы аясында 530 адам көшіп келді. Олардың 310-ы Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан және Алматы, Жетісу, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарынан қоныс аударған. Сондай-ақ ҚХР, Моңғолия, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей елдерінен 220 қандас тарихи атамекеніне оралды.Мемлекеттік қолдау шаралары аясында 503 адамға көшу шығыстарын өтеу үшін бір реттік материалдық көмек көрсетіліп, 152 отбасының тұрғын үй жалдау және коммуналдық шығындары өтелді. 112 отбасына тұрғын үй сатып алуға экономикалық ұтқырлық сертификаты берілді. Сертификат сомасы бір отбасына тұрғын үй құнының 50 пайызы яғни 1160 АЕК-тен аспайтын мөлшерде болады.«Жаңа тұрғылықты жерінде ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуды қолдау аясында мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған. Атап айтар болсақ, көшуге бір реттік материалдық көмек беріледі. Бұл отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК құрайды. Қоныс аударушылар мен қандастарға қажет болған жағдайда техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберіледі. Сондай-ақ, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу шаралары көрсетіледі», - дейді Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айман Нұрлыбек.Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстары төленеді. Қалаға қоныс аударғандарға бір адам үшін 20 АЕК, отбасы мүшелерінің саны 2-4 адам болса - 25 АЕК, отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған жағдайда 30 АЕК. Ал ауылға көшіп келгендерге бір адамға 15 АЕК, отбасы мүшелерінің саны 2-4 адам болған кезде 18 АЕК, отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған жағдайда 21 АЕК төленеді.2025 жылы «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аудару» бағдарламасы шеңберінде 499 адамға (244 қандас, 255 қоныс аударушы) қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/941460
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Венгриямен қазақстандық мұнайды жеткізу жөніндегі келіссөздердің барысы туралы хабарлайды 21.02.2025
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі экспорттық операциялардың рентабельділігін арттыру және елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін мұнайды тасымалдаудың жаңа мүмкіндіктері мен маршруттарын дәйекті түрде дамытуда.Еуропа елдерімен энергетикалық ынтымақтастықты кеңейту және экспорттық маршруттарды әртараптандыру шеңберінде қазақстандық мұнайды Венгрияға жеткізу мәселесі пысықталуда.Бүгінгі таңда қазақстандық тараптан тасымалдаудың техникалық мүмкіндігі расталды, бұл алдағы қадамдарға негіз жасайды. Коммерциялық шарттар жөніндегі келіссөздер мұқият зерделеуді қажет ететін күрделі және көп сатылы процесс, сондықтан келесі кезең «ҚазМұнайГаз» АҚ (ҚМГ) мен венгриялық MOL Group компаниясы арасындағы негізгі коммерциялық шарттарды, оның ішінде жеткізу көлемі, баға белгілеу және транзит шарттары мәселелерін талқылау болады. Мұнайдың сынақтық жеткізілімдерін өткізу ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді перспективаларын бағалау үшін құрал ретінде қарастырылады.Тұрақты жеткізудің нақты мерзімі мен шарттары келіссөздер аяқталғаннан кейін және тиісті құжаттарға қол қойылғаннан кейін айқындалады.Еске салайық, 17 ақпанда Астанада Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сиярто энергетика саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, оның ішінде қазақстандық мұнайды жеткізу мәселелерін талқылаған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/941275
Салалық біліктілік шеңберін және кәсіптік стандарттарын талқылау бойынша жұмыс тобының кездесуі өтті 21.02.2025
Ағымдағы жылдың 18-19 ақпанында «ҚазТрансОйл» АҚ базасында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің «Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау» бағыты бойынша салалық біліктілік шеңберін және кәсіптік стандарттарын талқылау бойынша жұмыс тобының кездесуі өткізілуде.Жұмыс тобының отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органының, «Kazenergy» қауымдастығының, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның, «QazaqGaz» ҰК АҚ-ның, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның және олардың еншілес ұйымдарының өкілдері қатысты.Жұмыс тобының отырысын салалық кеңестің төрағасы Ляззат Ахмурзина және ҚР ЭМ Газ өнеркәсібі мен мұнайды тасымалдау және өңдеу Департаменттерінің өкілдері ашты. Кездесудің негізгі мақсаты мұнай-газ және мұнай-газ көлігі салаларындағы кәсіптік стандарттарды (КС) және салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және өзектендіру жөніндегі 2025 жылғы жоспарды іске асыру болып табылады. ҚР Энергетика министрлігі мұнайды тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Дәулет Арықбаев кадрлық әлеуетті дамыту үшін кәсіптік стандарттардың маңыздылығын атап өтті.Салалық кеңес төрайымы Л. Ахмурзина саланың кәсіби біліктілік картасына шолу жасады. Сондай-ақ, салалық талдау жүргізілгенге дейін саланың шекарасын анықтаудың маңыздылығын атап өтті.Газ саласы департаменті директорының орынбасары Ержан Қошқаров жұмысшы мамандықтарының дамуы және олардың мамандардың біліктілігін арттырудағы рөлі туралы айтып берді. Сондай-ақ, кәсіби біліктілік жөніндегі Ұлттық органның сарапшылары салалық біліктілік шеңбері және КС әзірлеу ережелері, ұлттық сабақтардың жіктеуіші мәселелері бойынша жаңа өзгерістермен таныстырды.Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/941610
Қарағандылықтарды Орталық саябақта өтетін жаппай шаңғы жарысына шақырады 21.02.2025
Қарағандыда 22 ақпанда жаппай шаңғы жарысы өтеді. Спорттық шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған. Барлық ниет білдірушілер – оқушылардан бастап зейнеткерлерге дейін қатыса алады."Өтініштер wintersport_kz@mail.ru электрондық поштасына және WhatsApp 8-708-972-80-57 нөміріне қабылданады. Бір айналым – 1,5 км", – деп хабарлады Дене шынықтыру және спорт басқармасы.Жарыс бағдарламасы жеті жүгіруден тұрады: үшеуі – 4-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі мектеп оқушылары арасында, екеуі – колледждер мен ЖОО студенттері арасында, сондай-ақ ерлер мен әйелдер, ардагерлер арасында жеке жарыстар болады.Қатысушылар Қарағанды орталық саябағында «Green City Park» тұрғын үй кешені жағынан үшінші шағын көлдің жанында жиналады. Жарыс сағат 12:00 басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/940932
Қарағанды мен Теміртауда бос орындар жәрмеңкесі өтеді 21.02.2025
Қарағанды мен Теміртауда жұмысқа орналасқысы келетін тұрғындар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылады.Облыстың еңбек ұтқырлығы орталығы жұмыссыз қарағандылықтарды 21 ақпанда сағат 12:00 Бұқар жырау даңғылы, 9 мекен-жайы бойынша орналасқан жоғары политехникалық колледжге шақырады.Байланыс телефондары: 60-50-50, Whatsapp: (8-775) 644-35-80.Жұмыс іздеп жүрген теміртаулықтарды 20 ақпанда сағат 16:00-де Чайковский көшесі, 2/1 мекенжайындағы Жастар орталығында күтеді.Телефон: (8-7213) 91-64-20.Жәрмеңкелерде облыс кәсіпорындары сұранысқа ие жұмыс орындарын ұсынады. Олардың ішінде дәнекерлеуші, электрик, сатушы, кассир, жүргізуші және т. б. бос орындар бар. Ізденушілер жұмыс тауып, түрлі мемлекеттік органдардың өкілдерінен кеңес ала алады.Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің мақсаты жұмыс беруші мен ізденуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылады.Бүгінгі таңда Қарағанды облысы бойынша enbek.kz электрондық еңбек биржасында 3 мыңнан астам бос жұмыс орны қолжетімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/940946
«Қауіпсіз жол»: Қарағанды облысында республикалық акция өтуде 21.02.2025
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысын бақылауды күшейту мақсатында 18–21 ақпанда Қарағанды облысының полиция департаменті «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді, деп хабарлайды Polisia.kz.Бұл күндері аймақ жолдарында полиция жасақтары көп болады. Полиция қызметкерлері еріктілермен және қоғам өкілдерімен бірлесіп, жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше назар аудара отырып, рейдтер өткізеді.Бұдан басқа, қоғамдық көліктер – автобустар мен таксилер тексеріледі, сондай-ақ шетелдік тіркелген автомобиль жүргізушілерінің тәртібіне бақылау күшейтілді.Қабылданған шараларға қарамастан, жыл басынан бері облыс аумағында 44 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тауып, 58-і түрлі жарақаттар алған. Патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 15 850 оқиғасын тіркеді, оның ішінде 83 көлік құралын мас күйінде жүргізу оқиғасы бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/941286