Жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ: МЕМЛЕКЕТТІҢ ІШКІ САЯСАТЫ МЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ 11.03.2026
Жаңа Конституция жобасында қоғамдық тұрақтылық пен ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды институттар қарастырылған. Солардың бірі – Қазақстан халқы кеңесі. Бұл құрылым мемлекеттегі қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге және ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауға бағытталған маңызды тетік ретінде айқындалады.Қазақстан халқы кеңесінің негізгі қызметтерінің бірі – мемлекеттің ішкі саясатының жүзеге асуына қоғамдық тұрғыдан қолдау көрсету. Кеңес түрлі этностар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін ескере отырып, қоғамдағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, ол қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті сақтауға бағытталған бастамаларды қолдап, мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуына өз үлесін қосады.Аталған құрылым қоғамдық диалогты дамытуға да ерекше назар аударады. Әртүрлі этностар мен мәдениеттердің өкілдерін біріктіре отырып, кеңес қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қызмет етеді. Бұл өз кезегінде елдегі тұрақтылықты сақтауға және әлеуметтік бірлікті арттыруға мүмкіндік береді.Осылайша, Қазақстан халқы кеңесінің қызметі мемлекеттегі ішкі саясаттың үйлесімді жүзеге асуына, қоғамдық келісімнің нығаюына және қоғамдағы тұрақтылықтың сақталуына бағытталған маңызды механизмдердің бірі болып табылады.
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ – АНА, ӘКЕ ЖӘНЕ БАЛА МЕМЛЕКЕТ ҚОРҒАУЫНДА 11.03.2026
Жаңа Конституция жобасында қоғамның негізгі тірегі саналатын отбасы институтына айрықша мән берілген. Негізгі заңда неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекет қорғауында болатыны нақты көрсетілген. Бұл қағида отбасылық құндылықтарды сақтау мен нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды нормалардың бірі болып саналады.Конституциялық ережелерге сәйкес, неке ер мен әйелдің өзара ерікті келісімі негізінде құрылады. Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақ тәрбиесінің негізгі ортасы. Сондықтан мемлекет отбасының берік болуына, ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігін күшейтуге және балалардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударады.Сонымен қатар, жаңа Конституцияда ана мен баланы қорғау, олардың әлеуметтік қолдауын қамтамасыз ету мәселелері де маңызды бағыттардың бірі ретінде белгіленген. Бұл өз кезегінде мемлекет тарапынан әлеуметтік саясатты жетілдіруге, отбасыларға қолдау көрсету шараларын күшейтуге мүмкіндік береді.Осылайша, Конституциядағы бұл норма қоғамдағы отбасылық құндылықтарды сақтауға, ата-ана мен бала арасындағы жауапкершілікті арттыруға және мемлекет тарапынан көрсетілетін қорғауды күшейтуге бағытталған. Нәтижесінде, отбасы институтын нығайту арқылы қоғамның тұрақты дамуына берік негіз қаланады.
Онлайн-эфир: Еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру 11.03.2026
2026 жылғы 17 наурызда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізу бойынша бекітілген кестеге сәйкес Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеуова Э.М. «Жалақыны төлеу тәртібі мен мерзімдері. Жалақыдан ұсталымдар» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру эфирін өткізді.Эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің негізгі нормалары қарастырылды. Қатысушыларға жалақыны төлеу тәртібі мен мерзімдеріне, сондай-ақ жалақыдан ұсталымдардың негіздері мен қағидаларына қатысты мәселелер түсіндірілді.Тыңдаушыларға жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері туралы толық ақпарат берілді.Осындай онлайн-іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларын түсіндіруге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1182917?lang=kk
2026 жылғы 11 наурызда Риддер қаласында антитеррористік оқу-жаттығулар өткізіледі. Оқу-жаттығу барысында терроризмге осал объектілердегі жағдайдың әртүрлі даму сценарийлеріне жедел әрекет ету мәселелері пысықталады. Осы мақсатта бірқатар шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысына қатысты уақытша шектеулер енгізіледі. Риддер қаласының тұрғындарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және жұмылдырылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз. 11.03.2026
2026 жылғы 11 наурызда Риддер қаласында антитеррористік оқу-жаттығулар өткізіледі.Оқу-жаттығу барысында терроризмге осал объектілердегі жағдайдың әртүрлі даму сценарийлеріне жедел әрекет ету мәселелері пысықталады. Осы мақсатта бірқатар шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысына қатысты уақытша шектеулер енгізіледі.Риддер қаласының тұрғындарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және жұмылдырылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1178499?lang=kk
Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталады 11.03.2026
Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанда 13–23 наурыз аралығында ауқымды республикалық «Nauryz Sale» акциясы басталады. Бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы ынталандыруға және ел тұрғындары мен қонақтары үшін бірыңғай мерекелік атмосфера қалыптастыруға бағытталған.Акция кезеңінде сауда субъектілері халыққа азық-түлік және азық-түлік емес тауар топтарына 10–70 пайыз аралығында мерекелік жеңілдіктер ұсынады. Акциялық тауарлар сауда залдарында арнайы мерекелік навигация және «Nauryz» фирмалық безендіруі арқылы белгіленеді. Атап айтқанда, тақырыптық баға белгілері, брендтелген көрсеткіштер, баннерлер және басқа да POS-материалдар орналастырылып, сатып алушыларға ассортиментте оңай бағдарланып, жеңілдікпен ұсынылған тауарларды жылдам табуға мүмкіндік береді.«Nauryz Sale» акциясына Қостанай облысының fумағында «Астықжан», «Солнечный», «SMALL», «Mister Apelsin», «Меркурий», «Zetro» сауда желілері, сондай-ақ «ЦУМ», «MART», «Kostanay Plaza», «Қазақ-француз орталығы» Сауда желілері, сауда ойын-сауық орталықтары және сауда орталықтары қатысады.Акция аясында отандық өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударылады. Сауда орталықтарында қазақстандық өндірушілердің өнімдері ұсынылатын арнайы сату аймақтары ұйымдастырылып, онда тауарлар нарықтағы бағадан орта есеппен 10–20 пайызға төмен бағамен сатылатын болады.Бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанның сауда субъектілері арасында «Sauda in Digital Nauryz» республикалық конкурсының өткізілетінін жариялаған болатын. Конкурс 2026 жылғы 13–20 наурыз аралығында өтеді және сауда нысандарын мерекелік безендіруде заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ инновациялық сервистерді дамытуға бағытталған.Қатысушылар өз жобаларын төрт номинация бойынша ұсына алады: «Үздік цифрлық безендіру», «Үздік цифрлық құттықтау», «Жасанды интеллектті үздік пайдалану» және «Ең креативті Digital-жоба». Қатысу үшін Instagram әлеуметтік желісінде #saudadigitalnauryz хештегімен бейнеролик жариялап, Сауда және интеграция министрлігінің ресми парақшасын белгілеу қажет.Жеңімпаздарды креатив, жасанды интеллект технологияларын қолдану, ұлттық бірегейлік, аудиторияның белсенділігі және жобаның орындалу сапасы критерийлері бойынша сараптамалық комиссия анықтайды. Конкурс қорытындысы 2026 жылғы 20 наурызда шығарылып, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.Ескерту: республикалық акцияға бастаманы қолдап, әлеуметтік жауапкершілік танытқан сауда субъектілері қатысады. Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша акцияға қатысушылардың тізімі қоса беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1180983?lang=kk
Орал қаласында 50 әскери қызметші арықтар мен арналарды қардан тазарту жұмыстарына жұмылдырылды 11.03.2026
Батыс Қазақстан облысы аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы су тасқынының алдын алуға бағытталған кешенді шараларға тартылды.Жұмыстар екі апта бойы жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, төтенше жағдайлар бөлімшелері және азаматтық қорғаныс қызметтерімен бірлесіп жүргізілуде. Әскери бөлімнің 50-ге жуық офицері мен сержанты арықтарды тазалап, олардың арнасын тереңдетіп, су ағарларды қар мен мұздан аршып жатыр.– Әскери қызметшілер тек жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде ғана емес, бейбіт уақытта да халыққа қолдау көрсетуге әрдайым дайын. Жергілікті қызметтермен бірлесіп, су тасқыны қаупін азайтып, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап жатырмыз, – деді 99250 әскери бөлімінің командирі полковник Расул Закиров.Аталған жұмыстар қардың еруі кезінде тұрғын үй алаптары мен қалалық инфрақұрылым объектілерін су басып қалу қаупінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл іс-шаралар еріген судың уақтылы ағып кетуін қамтамасыз етіп, су тасқыны туындау қатерін азайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1178492?lang=kk
Тау қорықшысы полкінде бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімі бойынша сабақтар өтуде 11.03.2026
Жамбыл облысындағы «Теріс Ащыбұлақ» полигонында 91678 әскери бөлімінің тау қорықшысы ротасы жауынгерлік үйлесімнің кезекті кезеңінен өтіп жатыр. Дайындықтың бұл түрі әскери қызметшілер мен олардың аттарын бір мезгілде оқытумен ерекшеленеді.Жауынгерлік дайындық кезінде атты әскер бөлімшелерін таулы жер жағдайында тиімді басқаруға үйретуге барынша көңіл бөлінеді.Алғашқы кезеңде ат иелерінің жеке дайындығы мен аттарды үйретуге ерекше назар аударылады. Әдетте әскери бөлімге жылқылар үйретілмей келеді, әрі бұйрыққа бағына бермейді. Сол себепті әскери қызметшілер оларды кезең-кезеңмен үйретеді. – Бұл процесс біраз уақытты қамтиды. Алдымен әскери қызметші мен жылқының жеке дайындығы жүзеге асады. Содан кейін бөлімше, взвод және рота құрамындағы іс-қимылдар пысықталады, – деді тау қорықшысы ротасының командирі капитан Елнұр Пернебек.Бөлімше жеті атты адамнан тұрады. Олар өзара іс-қимылды пысықтаған соң взвод, рота құрамында жаттығуларға кіріседі.Взвод командирі лейтенант Санжар Жылқыбаевтың айтуынша, таулы жерде тапсырмаларды орындау үшін ат иесі мен қылқұйрықтың арасында тұрақты өзара үйлесім қалыптасу керек.Дербес дайындықтар аяқталған соң әскери қызметшілер бөлімше құрамында бірлескен іс-қимылдарды пысықтауға көшеді. Бұл өз кезегінде берік дағдыларды қалыптастыруға және тау қорықшысы бөлімшелерінің өз міндеттерін орындауға дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1178464?lang=kk
Қазақ әндерін орындап, Қазнетті тәнті еткен португалиялық әнші Ақмола облысына келді 11.03.2026
Қазақ әндерін орындауы арқылы Қазақстанда танымал болған португалиялық әнші Лара Алейшо Ақмола облысына келді. Оның орындауындағы бейнеролик бұған дейін Қазнетте кеңінен тарап, әлеуметтік желі қолданушыларының үлкен қызығушылығын тудырған болатын.Сапар аясында әнші Көкшетау қаласына келіп, көрермендер алдында өнер көрсетті. Сонымен қатар, өңірдің туристік көрікті жерлерімен танысты. Ол Бурабай курортына барып, Мультимедиялық интерактивті кешенді тамашалады. Мұнда Қазақстанның тарихы, табиғаты мен мәдениеті туралы жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.Лара Алейшоның айтуынша, бұл сапар оған ерекше әсер қалдырған. Әнші Ақмола облысының әсем табиғатын және жергілікті тұрғындардың қонақжайлылығын ерекше атап өтті.Өнер иесі алдағы уақытта да қазақ тілін үйреніп, қазақ әндерін орындауды жалғастыруды жоспарлап отырғанын айтты. Осылайша ол еліміздің мәдениетімен тереңірек танысуды мақсат етеді.Португалиялық әншінің бұл сапары қазақ мәдениеті мен музыкасының әлемнің әр түкпіріндегі адамдардың жүрегінен орын тауып жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1178435?lang=kk
AI иллюзиясыз: түрлері және қолданудың нақты кейстері 11.03.2026
Kazakhstan Cooperation Programme (KCP) бағдарламасы аясында KazAID жасанды интеллектіні тәжірибеде қолдануға арналған сараптамалық вебинарға қатысуға шақырады.Кездесу барысында келесі тақырыптар қарастырылады:AI-дың базалық құралдары (қысқаша мазмұндау, аналитика, контент генерациясы)жетілдірілген шешімдер (RAG жүйелері, AI-агенттер, мультиагенттік модельдер)AI енгізудің экономикасымемлекеттік және корпоративтік секторға арналған нақты кейстерНегізгі спикер — Есет Жусупов, Computer Science саласының PhD докторы, РФММ түлегі, Қазақстандағы алғашқы венчурлық студия — Rama компаниясының негізін қалаушы және CEO. Ол ғылыми көзқарас, кәсіпкерлік және технологиялық инновациялардың басын қосқан қаржылық модельдеу және AI технологияларын қаржы секторына интеграциялау саласының сарапшысы.Күні: 18 наурызУақыты: 15:00 (UTC+5, Астана)Форматы: онлайн (Zoom)Жұмыс тілі: орыс тіліAI-дың нақты мүмкіндіктерін талқылауға қосылып, оны енгізудің практикалық түсінігін алыңыз.Тіркелу сілтеме арқылы қолжетімді:https://forms.gle/XvLoT2TmN92FoKsi8 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1178406?lang=kk
«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне - 15 жыл 11.03.2026
«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Сарыарқаның дала және орманды дала экожүйелерін сақтауға арналған Орталық Қазақстандағы маңызды табиғи аумақтардың бірі.Парк 2011 жылы Ақмола мен Қарағанды облыстарының шекарасында құрылды.Бұл аумақта ежелгі Қазақтың ұсақ шоқыларына жататын Ерейментау жоталары, гранитті жартастар, кең далалар және шағын орман алқаптары кездеседі. Мұнда 450-ден астам өсімдік түрі өседі, ал жануарлар дүниесінде арқар, елік, қабан, қасқыр және көптеген дала жануарлары мекендейді.Бұйратау сирек жыртқыш құстардың да маңызды мекені.Парк табиғатты қорғау, ғылыми зерттеулер жүргізу және биоалуантүрлілікті сақтау үшін ерекше маңызға ие.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1178417?lang=kk
АҢДАТПА! Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің «КТС бойынша өзгерістер. Аванстық төлемдер» тақырыбына тікелей эфирі 11.03.2026
Құрметті салық төлеушілер!2026 жылғы 11 наурызында сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «КТС бойынша өзгерістер. Аванстық төлемдер» тақырыбына тікелей эфир өтеді.Спикер: камералдық мониторинг басқармасының басшысы Ғалия Темірбекқызы сөз сөйлейді.Модератор – түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Толеген Білялұлы.Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз.Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1178270?lang=kk
ЖАДНАМА ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру туралы 11.03.2026
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5) тармақшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету жеке және заңды тұлғалардың міндеті болып табылады.Ауыл шаруашылығы жануарларынбірдейлендірупроцедурасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығыменбекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары негізінде жүзеге асырылады.Ауыл шаркашылығы жануарларыныңтөлі мынадай жасқажеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі:- бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туғаннан бастап жеті күн өткен соң;- 4 айлықтан құлындар; Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру рәсіміне мыналар кіреді:1)осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен ауыл шаруашылығы жануарларына жеке нөмір беру;2)ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру бойынша мәліметтер базасына ақпаратты енгізу;3)осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорт беру.Жеке нөмірді беруауыл шаруашылығы жануарларының түріне қарай келесі тәсілдердің бірімен жүргізіледі:1)сырғалау (тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын, өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған ірі қара мал, ұсақ мал, түйелер,шошқаларжәнеторайлар үшін).Ауылшаруашылығы жануарларының сырғалары өмір бойы шешілмейді.Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған өнімдер (құралдар) бүлінген немесе жоғалған жағдайда (ауыл шаруашылығы жануарының жеке санын анықтау мүмкін болмаған жағдайда) жануардың иесі тиісті әкімшіліқ-аумақтық бірліктің ветеринариялық ұйымына жүгінеді. Ауыл шаруашылығы жануарларын қайта бірдейлендіру осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен иесі өтініш берген күннен бастап он бес күннен аспайтын мерзімде жануарға жаңа жеке нөмір бере отырып жүзеге асырылады.2)жасау немесе чиптеу (жылқылар үшін).Ауыл шаруашылық жануарларын сәйкестендіруді «Меңдіқараауданының ветеринарлық станциясы» КМК және ветеринариялық дәрігерлер ветеринариялық пункт және ауылдық округтер әкімдері.Жеке және заңды тұлғалар «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 6) тармақшасына сәйкес алынған төл, жаннуардың сатып алынғаны, сойылғаны, сатылғаны және өлгені туралы ветеринария қызметін хабардар етуге міндетті жануардың. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 406-бабының 9-тармағына сәйкес жануарларды сатып алу, ұрпақтарын алу, сою, сату және өлімі туралы ветеринарлық қызмет органдарына хабарламау, ескерту немесе жеке тұлғаларға 5, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдарға 25, орта бизнес үшін – 50, ірі кәсіпкерлікке – 100 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. «ҚР АШМ ВБжҚК Меңдіқара ААИ»ММ Боровское ауылы, Алтынсарин көшесі 83, тел.: 2-40-94 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1178306?lang=kk
Қазақстан Қорғаныс министрі Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті 11.03.2026
Қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің президенті Мирьяна Споляричпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстан Қорғаныс министрлігі мен Халықаралық Қызыл Крест Комитеті арасындағы халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын ілгерілетуге және әскери дайындық жүйесінде білім беру бағдарламаларын дамытуға бағытталған ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешегін талқылады.Қорғаныс ведомствосының басшысы Халықаралық Қызыл Крест Комитетімен өзара іс-қимылдың жүйелі сипатқа ие екенін атап өтті. Ұйым сарапшылары бітімгерлік контингенттерді, әскери-медициналық және инженерлік мамандарды даярлауға, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің оқу орталықтары базасында БҰҰ-ның сертификатталған курстарын өткізуге қатысады.Ұлттық қорғаныс университетінде ұйым мамандарының қатысуымен халықаралық гуманитарлық құқық бойынша жеке оқу пәні жүргізіледі. Тараптар әскери қызметшілерді даярлау, тәжірибе алмасу және қарулы қақтығыстар құқығының халықаралық стандарттарын ілгерілету саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту маңызды екенін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі нығайтуға және практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1178260?lang=kk
Көлік салығын қалай есептеп, төлеуге болады 11.03.2026
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 566-бабына сәйкес, көлік құралдарына салынатын салықты салық төлеуші өз бетінше есептейді.Салық сомасын келесі тәсілдер арқылы есептеуге болады:- Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталындағы «Көлік салығын есептеу» электрондық сервисі арқылы;- «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы «Калькуляторлар» бөлімінде.Есептеу үшін келесі мәліметтерді көрсету қажет:- салық есептелетін жыл – 2025 жыл;- көлік құралын нақты иеленген айлар саны;- көлік құралының түрі;- қозғалтқыш көлемі.Салық мөлшерлемесі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшеріне және көлік құралы қозғалтқышының көлеміне байланысты белгіленеді.Бұл ретте салықты есептеу кезінде тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы қолданыстағы АЕК мөлшері қолданылады.Мысалы, 2025 жылға арналған көлік салығын есептеу үшін 1 АЕК – 3 932 теңге мөлшерінде алынады.Көлік құралдарына салынатын салық жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша төленеді.Банктер немесе банкоматтар арқылы төлем жасаған кезде келесі деректемелерді көрсету қажет:- бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 104402;- төлем мақсатының коды (ТМК) – 911;- өсімпұл үшін ТМК – 912.Салықты төлеу үшін көлік құралының VIN-кодын білу қажет. VIN-код – көлік құралының 17 таңбадан тұратын бірегей нөмірі. Ол көлік құралының техникалық паспортында көрсетіледі:- жеңіл автомобильдер үшін – бұл кузов нөмірі;- жүк автомобильдері үшін – шасси нөмірі.Көлік құралы болмаған жағдайда (ұрлану немесе басқа да себептер бойынша) иесі тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына осы фактіні растайтын уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтерін ұсынуы қажет.Жеке тұлғалардың 2025 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі – 2026 жылғы 1 сәуірден кешіктірілмей.Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеу әрбір азаматтың конституциялық міндеті екенін еске салады және салық міндеттемелерін уақытылы орындауға шақырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1179237?lang=kk
Абыройлы еңбектен- құрметті зейнетке! 11.03.2026
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде құрмет демалысына Ақкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Майра Мағжанқызы Қараулованы шығарып салу рәсімі өтті.30 жылдан астам Майра Мағжанқызы салық жүйесінде қызметтік міндеттерін адал орындап отырып, әртүрлі жауапты лауазымдарда жұмыс атқарды.Ол жұмысын Көкшетау облысы бойынша Салық инспекциясының Заңды тұлғаларға салық салу бөлімінің мүлік салығы және салық есептілігі секторының салық инспекторы лауазымынан бастады.Лауазымдық қызметіндегі жоғары көрсеткіштері үшін Майра Қараулова «Салық қызметінің үздігі», «Мемлекеттік кірістер органының үздігі», «Мемлекеттік кірістер комитетіне 10 жыл». «Қаржы қызметінің үздігі», төсбелгісімен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 100 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан патриоты» медальдарымен марапатталған. Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаттарымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.Құрметті Майра Мағжанқызы!Сізді құрмет демалысына шығуыңызбен құттықтаймыз!Сізге зор денсаулық, баянды бақыт, отбасына құт-береке тілейміз!Ізгі ниетпен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістердепартаментінің ұжымыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1178254?lang=kk
Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе 60 мәселені қарастырды 11.03.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 8-отырысында атқарылған жұмыстардың алдын ала қорытындысы қаралды.Жобалық кеңсенің отырыстарында Салық кодексінің нормаларын имплементациялауға байланысты барлығы 60 мәселе қаралды. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласында дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды импорттау кезінде ҚҚС қолдануға және орфандық және әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектерді ҚҚС-тан босатуға қатысты заңға тәуелді актілерге өзгеріс енгізу жұмысы аяқталуда. Биылғы 13 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігінің ҚҚС-сыз дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарға шекті бағаны белгілеу туралы бұйрығы қабылданды.Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика, Қаржы министрліктері, Табиғи монополияларды реттеу комитеті және «Самұрық-Қазына» оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысты сатып алу қағидаларындағы өзгерістерді пысықтауда. Бұл квазимемлекеттік компаниялар тарапынан шығындарды ұлғайтпай салық заңнамасын, өндірістік процестерді сақтауға және бәсекелестік ортаны қолдауға бағытталған тетіктер туралы. Салық кодексінің идеологиясын негізге ала отырып, тиісті өзгерістерді әзірлеу үшін бірыңғай негізді Ұлттық экономика министрлігі қалыптастырады.«Таза парақтан» әкімшілендіруге, салық режимдерін өзгертуге, қаржы секторына, СӘАЖ жұмысына және басқаларға қатысты қалған мәселелер жедел шешілді.Салық кодексіне өзгеріс енгізуді талап ететін мәселелер тізбесіне мыналар енді:Мүгедектік тобы өзгерген кезде ЖТС бойынша шегерімді қолдануСалық шегерімінің мөлшері мүгедектік тобына байланысты (5000 немесе 882 АЕК). Топ жыл ішінде өзгерген кезде қолданылатын шегерімнің мөлшері туралы мәселе туындайды.Бір жыл ішінде мүгедектік тобы өзгерген кезде «сіңіру» қағидаты бойынша ең жоғары шегерім — 5000 АЕК (СК 404-бабы) қолданылатын норманы бекіту және норманың редакциясына нақтылау енгізу ұсынылады.Қарыздар бойынша сыйақылар бойынша ЭШФ үзінді көшірмесі бойынша талаптың күшін жоюКредиттер, қарыздар және микрокредиттер бойынша сыйақы бойынша айналымдар ҚҚС-тан босатылды (СК 474-бабы). Алайда, редакциялық дәлсіздікке байланысты олар ЭШФ талап етілмейтін операциялар тізіміне енгізілмеген.Мұндай операциялар бойынша ЭШФ жазып беру жөніндегі талапты алып тастау және норманы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ретроспективті қолдану ұсынылады.Салық құпиясына жатпайтын мәліметтер тізбесін кеңейтуСалық құпиясынан мәліметтерді алып тастау ұсынылады:- әлеуметтік төлемдер сомасы туралы;- әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы;- салық төлеушінің жеке тіркеу деректері.Өзгерістер әкімшілендіруді цифрландыруға және әлеуметтік міндеттемелерді орындауды жеңілдетуге бағытталған. СК 45-бабын түзету қажет.ҚҚС-тан босатылған кезде авиация үшін ЖЖМ әкелуді растауСК әуе тасымалы үшін ЖЖМ импортын ҚҚС-тан босатады (479-бап). Алайда қолданыстағы тұжырым дипломатиялық өкілдіктердің импортты растауын талап етуі мүмкін. Бұл баптың басқа тармақшасына жатады.Ықтимал сәйкессіздіктерді болдырмау үшін нормаға нақтылау ұсынылады.Энергетикалық сусындар экспортын акцизден босатуҚазіргі уақытта акцизделетін тауарлардың экспорты акцизден босатылады. Алайда ұзақмерзімдік өңдеу кезінде акциз дайын өнімді шикізат иесіне беру кезінде өңдеушіде пайда болады. Тіпті тауар экспортталса да.Егер ол кейіннен экспорттауға арналған болса, мұндай өнімді беруді акцизден босату ұсынылады. Осыған ұқсас механизм қазірдің өзінде мұнай өнімдері үшін жұмыс істейді.Өндіру орны бойынша ЖТПҚ бойынша ПҚӨС есепке алуБюджет кодексі өндіру объектісінің орналасқан жері бойынша бюджеттерге кең таралған пайдалы қазбалар үшін ПҚӨС-ті есепке алуды көздейді.Сонымен бірге СК жер қойнауын пайдаланушының тіркелген жері бойынша салық төлеуді көздейді.Нормаларды сәйкестендіру үшін СК-ға және есептілік нысандарына өзгерістер енгізу ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1178251?lang=kk
Қазақстанның Руандадағы Елшісі Руанда Президентіне сенім грамоталарын табыс етті 11.03.2026
Қазақстанның Руандадағы Елшісі Барлыбай Садықов Руанда Президенті Поль Кагамеге сенім грамоталарын табыс етті.Сенім грамоталарын тапсырудың салтанатты рәсімі барысында Қазақстан Елшісі Астананың екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, оның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы саяси диалог пен өзара іс-қимылды жандандыруға ерекше назар аударатынын мәлімдеді.Кездесу барысында 2025 жылғы 27-29 мамырда Руанда Президенті Поль Кагаменің Қазақстанға жасаған ресми сапарының қорытындыларына ерекше назар аударылды. Елші осы сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты әріптестікті сапалы жаңа деңгейге шығару үшін берік негіз қалағанын атап өтті.Өз кезегінде П.Кагаме Қазақстанды Руанданың маңызды әрі перспективалы серіктесі деп мәлімдеді және өзара қызығушылық тудыратын барлық салаларда, соның ішінде цифрландыру, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және т.б. салаларда ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін білдірді. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Астанадағы келіссөздерін жылы еске алып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға деген ұмтылысын растады.Руанда Президенті Қазақ дипломатын ресми түрде қызметке кірісуімен құттықтап, Қазақстан мен Руанда арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту ісіне табыс тіледі. Сондай-ақ, Руанда басшысы Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевқа Қазақстанға сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді іске асыруға бейілділігі үшін алғысын білдіріп, Қазақстан басшылығы мен халқына жылы лебіздерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1178171?lang=kk
Қазақстан мен Иордания тікелей әуе қатынасын ашу перспективаларын талқылады 11.03.2026
Амман, 2026 жылғы 10 наурыз – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иорданияның Көлік министрі Нидал Мурди Абдулла Катаминмен кездесті.Кездесу барысында тараптар көлік-логистика саласындағы Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын дамыту мәселелерін және екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын талқылады. Сұхбаттастар саяси диалогтың жоғары деңгейін атап өтіп, әріптестікті әрі қарай нығайтуға өзара мүдделілікті растады.Қазақстан мен Иордания арасында әуе қатынасын ашу мәселесін пысықтаумен қатар, жоғары деңгейінде бұдан бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды.Көлік инфрақұрылымы мен логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің, оның ішінде Орталық Азия мен Таяу Шығыс арасындағы халықаралық көлік дәліздерін дамытудың маңыздылығы атап өтілді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мақсатында салалық ведомстволар желісі бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1178176?lang=kk
Қазақстан Еуропалық жария құқық ұйымымен (EPLO) ынтымақтастықты кеңейтуде 11.03.2026
Афина, 2026 жылғы 10 наурыз – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Еуропалық жария құқық ұйымының (EPLO) директоры Спиридон Флогаитиспен келіссөздер өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстанның EPLO ұйымымен жария құқық, мемлекеттік басқару, академиялық және сараптамалық өзара іс-қимыл салаларындағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Қазақстандық университеттер мен ғылыми-зерттеу орталықтарымен әріптестікті дамытуға, бірлескен білім беру және зерттеу жобаларын іске асыруға, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын кеңейтуге, сондай-ақ қазақстандық мамандар мен ғалымдардың ұйым өткізетін халықаралық іс-шаралар мен сараптамалық бастамаларға қатысуына ерекше назар аударылды.Қазақстан Елшісі сұхбаттасына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елде жүргізіліп жатқан саяси және институционалдық реформалар туралы, соның ішінде жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі алдағы референдум туралы ақпарат берді. Конституциялық реформалар құқық үстемдігі қағидаттарын одан әрі нығайтуға, демократиялық институттарды дамытуға және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталғаны атап өтілді.Өз кезегінде Спиридон Флогаитис Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалап, олардың құқықтық мемлекетті нығайту және мемлекеттік институттарды жаңғырту тұрғысынан маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ол EPLO қызметіне қазақстандық білім беру және ғылыми мекемелерінің белсенді қатысуын, оның ішінде елдің бірқатар жетекші университеттерімен ынтымақтастықты және қазақстандық сарапшылардың ұйымның халықаралық бағдарламалары мен сараптамалық құрылымдарына қатысуын оң бағалады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілігін растады және өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын белгіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1178196?lang=kk
Қазақстан Венада ЯСЖТШҰ сессиясында ядролық державалар арасындағы диалогты қайта жандандыруға шақырды 11.03.2026
2026 жылғы 10 наурыз, Вена - Қазақстан делегациясы ҚР Ұлттық ядролық орталығының Бас директоры Ерлан Батырбековтің төрағалығымен өтіп жатқан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ) «Б» Жұмыс тобының 66-сессиясына қатысуда.Өз сөзінде ҚР Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді халықаралық қауіпсіздік архитектурасындағы қазіргі сын-қатерлер мемлекеттердің жедел ұжымдық әрекетін және өзара сенімді қалпына келтіруді талап ететінін атап өтті. Осыған байланысты ол сессия қатысушыларына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында айтқан ядролық державалар арасында жоғары деңгейдегі диалогты қайта жандандыру жөніндегі бастамасын еске салды. Бұл бастама ядролық қаруды қолдану қаупін едәуір төмендетуге, Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) режимдерін нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, Қазақстан мұндай келіссөздерді өткізу үшін өз алаңын ұсынуға дайын екендігін білдірді.Онымен қоса, Елші Қазақстан мен халықаралық қауымдастық биылғы жылы Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуын атап өтетінін, бұл оқиға ЯСЖТШ-ға қол қойылғанының 30 жылдығымен тұспа-тұс келетінін ерекше атап өтті. Полигонның жабылуы ядролық сынақтарға жаһандық мораторийдің қалыптасуына ықпал еткен және түптеп келгенде Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт бойынша келіссөздердің басталуына әрі оның қабылдануына жол ашқан маңызды тарихи кезең болды.Осыған байланысты Қазақстан өзінің халықаралық міндеттемелерін әрі қарай да қатаң ұстанатынын және өз аумағында орналасқан Халықаралық мониторинг жүйесінің бес станциясынан нақты уақыт режимінде деректер ұсыну арқылы ЯСЖТШҰ-ның верификациялық режиміне үлес қосуды жалғастыратынын растады.ЯСЖТШҰ-ның «Б» Жұмыс тобының 66-сессиясы 2026 жылғы 19 наурызға дейін жалғасады. Сессия қорытындысы бойынша Шартқа қол қойған мемлекеттер отырыстың қорытынды есебін қарап, қабылдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1178209?lang=kk