Жаңалықтар
Қазақстан Елшісі KCCI басшылығымен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады 21.07.2026
Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали Корея Сауда-өнеркәсіп палатасына (KCCI) барып, ұйымның вице-президенті Юн Чхоль Минмен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына алдағы сапарына және «Орталық Азия - Корея» көпжақты бизнес-саммитіне дайындық мәселелерін талқылады.Қазақстан Елшісі екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың тұрақты дамып келе жатқанын атап өтіп, Қазақстан мен Кореяның іскер топтары арасындағы әріптестік байланыстарды нығайтудағы KCCI-дің маңызды рөлін атап өтті. Өнеркәсіп, энергетика, цифрландыру, жасанды интеллект, көлік-логистика инфрақұрылымы және стратегиялық минералдарды игеру салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды.KCCI вице-президенті кореялық бизнестің Қазақстанда жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытып отырғанын растады және Палатаның екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстарды, оның ішінде жоспарланған жоғары деңгейдегі іс-шаралар аясында қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы іс-шараларды табысты өткізуге дайындық және Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту мақсатында өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1261183?lang=ru
Пусанда ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-сессиясы өз жұмысын бастады 21.07.2026
19 шілдеде Корея Республикасының Пусан қаласында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-сессиясы өз жұмысын бастады. Сессия 29 шілдеге дейін жалғасады.Шараның ресми ашылу рәсіміне Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мён және ЮНЕСКО-ның Бас директоры Халед Әл Анани қатысты.Сессияға ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенциясына 196 мемлекеттен шамамен 3 000 қатысушы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен сарапшылық қауымдастықтың өкілдерін біріктірді.Отырыс барысында Ұйым Дүниежүзілік мұра тізіміне 30 жаңа ұсыныстың енгізілуін, сондай-ақ мұра объектілерінің сақталу жай-күйіне қатысты 147 есепті қарастырады.Қазақстан делегациясы Дүниежүзілік мұра комитетінің мүшесі ретінде сессия жұмысына белсенді қатысуда.Сессия барысында Қазақстан ұсынған «Маңғыстаудың жерасты мешіттері және олармен байланысты киелі нысандар» номинациясын қарау жоспарланып отыр.Еске сала кетейік, Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстаудағы бірегей жерасты мешіттерін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу бағытындағы жұмысты бастауды тапсырған болатын.https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1260833?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/1261181?lang=ru
Астанада стратегиялық тауарлар саудасын бақылау жөніндегі халықаралық семинар өтуде 21.07.2026
2026 жылғы 20–23 шілде аралығында Астанада АҚШ Мемлекеттік департаментінің Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасының (EXBS) қолдауымен Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ) ұйымдастырған «Стратегиялық тауарлар саудасын бақылау (СТСБ)» тақырыбындағы халықаралық семинар өтуде. Семинарға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Кеден комитетінің өкілдері қатысуда. Семинардың сарапшылары ретінде Дүниежүзілік кеден ұйымының өкілі Адам Вас және Әзербайжан Республикасы Кеден қызметінің өкілі Гюнай Юнусова-Гамидзада сөз сөйлеуде. Іс-шара аясында Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұловтың АҚШ Мемлекеттік департаментінің Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасының (EXBS) басшысы Кристофер Тэйфпен кездесуі өтті. Тараптар экспорттық бақылау саласындағы ынтымақтастықтың келешегін, FECDEP бағдарламасы шеңберінде жүктер туралы электрондық деректер алмасуды дамыту мәселелерін, сондай-ақ кедендік әкімшілендіруге заманауи технологияларды енгізу бағыттарын талқылады. Семинар бағдарламасы кеден органдары мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған. Қатысушылар тәуекелдерді бағалаудың заманауи тәсілдерін, қос мақсаттағы тауарларды сәйкестендіруді, тарифтік емес реттеу шараларын қолдануды және стратегиялық тауарлар саудасын бақылаудың озық халықаралық тәжірибелерін зерделеуде. Аталған семинардың өткізілуі Қазақстанның экспорттық бақылаудың тиімді жүйесін дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бейілділігін айқындайды. Семинар барысында алынған білім мен практикалық тәжірибе кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіруге және стратегиялық тауарлардың қозғалысын бақылау тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1261165?lang=ru
«Әке жолын қуса - игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет дәстүрі жалғасуда 21.07.2026
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қатардағы Алишер Алпысбай әке жолын жалғастырып келеді.Алишердің әкесі – запастағы аға сержант Ержан Қазанбасов. Ол 2003–2020 жылдар аралығында Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінде атқыштар батальоны құрамында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету бойынша мінсіз қызмет атқарды. Қарауыл бастығының көмекшісі лауазымында қызмет еткен әскери қызметші 2020 жылдың маусым айында құрметті демалысқа шыққан.Араға алты жыл салып, маусымда оның ұлы Алишер Алматы қаласынан мерзімді әскери қызметке шақырылып, дәл осы 5513 әскери бөлімінде әскери жолын бастады. Осылайша бір әскери бөлімде әке мен бала тағдырын тоғыстырған сабақтастықтың жарқын үлгісі қалыптасты.Бала кезінен әскери ортада тәрбиеленген жас сарбаз әкесінің қызметіне қызығып өсіп, тәртіп пен жауапкершілікті бойына сіңірді. Сонымен қатар спортта да елеулі жетістіктерге жетіп, каратэ шинкиокушинкайдан бірнеше мәрте республикалық турнирлерде жеңімпаз атанған.Қазіргі уақытта Алишер әскери даярлықтан өтіп, жауынгерлік машықтарын шыңдап, әскери қызметтің қыр-сырын меңгеруде. Ол мерзімді әскери қызмет аяқталғаннан кейін келісімшарт негізінде Ұлттық ұлан қатарында қызметін жалғастырып, әке аманатына адал болуды мақсат етеді.Әскери әулеттердің қалыптасуы – Отанға қызмет етудің үздік дәстүрінің жалғасуы. Әке жолын таңдаған жастардың қатары көбейген сайын әскери қызметтің беделі артып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кәсіби мамандар легі де толыға түседі. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1261140?lang=ru
Ұлттық ұлан әскери қызметшісі концерт барысында бірнеше тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетті 21.07.2026
Жезқазған қаласында Металлург күніне орай ұйымдастырылған мерекелік концерт барысында бірнеше тұрғынның кенеттен денсаулығы сыр берді.Іс-шара кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылған ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5575 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Назым Берікқызы оқиғаға жедел ден қойып, өзін жайсыз сезінген азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсетті.Ұландық зардап шеккендердің жағдайын жедел бағалап, алғашқы көмек көрсету бойынша қажетті шараларды қабылдады. Оның кәсіби әрі уақытылы әрекетінің нәтижесінде азаматтардың жағдайы тұрақтандырылып, әрі қарай медициналық бақылауды қажет еткендер жедел жәрдем қызметінің мамандарына тапсырылды.Құқықтық тәртіп әскерінің әскери қызметшілерінің кәсіби даярлығы мен қырағылығының арқасында жағдай қысқа мерзімде бақылауға алынып, мерекелік концерт қалыпты жағдайда өз жалғасын тапты. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1261146?lang=ru
Артық төленген салықтарды есепке жатқызу және қайтару тәртібі туралы 21.07.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерді артық (қате) төленген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу (қайтару) тәртібі туралы хабардар етеді.Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде өтініште көрсетілген банк шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асырады.Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге арналған салықтық өтініш нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 637 бұйрығымен бекітілген.Жеке шоттары жүргізілетін салықтар мен төлемдерді бюджетке қайтаруды жеке шоттар жүргізілетін орны бойынша Мемлекеттік кірістер органы жүзеге асырады. Жеке шоттары жүргізілмейтін бюджетке төлемдерді қайтаруды (мемлекеттік баж, тіркеу алымы) оларды төлеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органы жүргізеді.«Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару» мемлекеттік қызметі «e-Otinish» Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы ұсынылмайтынына назар аударамыз.Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің артық (қате) төленген сомаларын уақтылы қайтару мақсатында белгіленген нысан бойынша салық өтініштерін мынадай тәсілдердің бірімен беру қажет:- қағаз жеткізгіште — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы;- электрондық түрде – цифрлық үкіметтің веб-порталы eGov.kz немесе «Салық төлеуші кабинеті» веб-қосымшалары арқылы.Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің артық (қате) төленген сомаларын қайтару үшін жүгінген кезде көрсетілген ақпаратты ескеруіңізді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1261136?lang=ru
Бәйтерек ауданында ішкі саясат бөлімінің жаңа басшысы таныстырылды 21.07.2026
Бүгін Бәйтерек ауданы әкімдігінде өткен актив жиналысында аудан әкімі Марат Тоқжанов ішкі саясат бөлімінің жаңа басшысы Қуанышбек Қадырбекұлы Мұқатаевты таныстырды. Жиын барысында аудан басшысы жаңадан тағайындалған бөлім басшысының алдағы қызметіне сәттілік тілеп, өңірдегі қоғамдық тұрақтылықты нығайту және мемлекеттік бағдарламаларды сапалы іске асыру бағытында бірқатар нақты міндеттер жүктеді.Қуанышбек Мұқатаев 1991 жылы 18 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Орда ауданының Мұратсай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2023 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.Ол еңбек жолын 2013-2015 жылдары БҚО Ішкі істер департаментінде полицей болып бастаған. Кейін, 2016-2019 жылдары Казталов ауданы Ақпәтер ауылдық округі әкімі аппаратының жастар жетекшісі, аудандық жастар ресурстық орталығының кеңесшісі лауазымдарында қызмет атқарды. 2020-2024 жылдары Ақпәтер ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы ретінде мемлекеттік қызметін жалғастырды. Сондай-ақ, 2024-2026 жылдар аралығында Казталов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас инспекторы, бас инспектор-заңгері лауазымдарын абыроймен атқарды.2026 жылдың 20 шілдесінен бастап Бәйтерек ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметіне ресми түрде кіріскен Қуанышбек Қадырбекұлының мемлекеттік қызмет саласындағы жинақтаған кәсіби тәжірибесі ауданның идеологиялық бағыттағы жұмыстарына жаңа серпін береді деп сенеміз. Жаңа басшыны тағайындалуымен құттықтай отырып, ауданның әлеуметтік-саяси ахуалын дамыту жолындағы жауапты қызметіне толағай табыстар тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1261098?lang=ru
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған студенттер бойынша МӘМС қате есептеулері (салық төлеушілер жиі жіберетін қателіктер) 21.07.2026
🎓 Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-ды қолданатын студентсіз бе? Бірақ МӘМС бойынша берешек пайда болды ма?⚠️ Кейбір жағдайларда «Студент» жеңілдік санаты көрсетілмесе, 🏥 МӘМС бойынша есептеулер дұрыс көрсетілмеуі мүмкін.📌 Жағдайды қалай түзетуге болатынын және 📝 қайта есептеуге өтінімді қалай беру керектігін 👉 карусельден біле аласыз.💾 Нұсқаулықты жоғалтып алмау үшін жазбаны сақтап қойыңыз.🔄 Достарыңызбен және курстастарыңызбен бөлісіңіз – бұл ақпарат оларға да пайдалы болуы мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1261086?lang=ru
Қайыңды көліне апаратын автожол құрылысы тамыз айында аяқталады 21.07.2026
Алматы облысындағы Қайыңды көліне апаратын аудандық маңызы бар автомобиль жолы тамыз айында ел игілігіне беріледі. Қазіргі таңда өрге қарай бағытталған ойлы-қырлы жол тегістеліп, негізгі жұмыстар тәмамдалды. Енді асфальт төсеу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінге дейін жол бойындағы 42 (100%) су өткізгіш құбыр толық орнатылып, 2,5 шақырым жол асфальтталды.Жолдың жалпы ұзындығы – 10 шақырым. Жоба өткен жылдың қазан айында басталған. Жалпы құны – 2,43 млрд теңге. Биыл жол құрылысына жергілікті бюджеттен 1374,9 млн теңге қаржы бөлінген.Жоба өңірдегі көлік инфрақұрылымының талапқа сай болуына, жол сапасының жақсаруына септігін тигізеді. Жаңа жол пайдалануға берілгеннен кейін Қайыңды көліне қатынау едәуір жеңілдейді. Бұл өңірге келетін туристер санының артуына оң ықпал етеді. Осылайша, көрікті мекеннің сұлулығын тамашалауға асыққан қонақтар межелі жерге жылдам әрі қауіпсіз жете алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1261071?lang=ru
«Қазақстан – менің көзіммен» халықаралық сурет салу байқауы 21.07.2026
Байқаудың негізгі мақсаты «Қазақстан – менің көзіммен» – шетелде тұратын этникалық қазақ балаларына арналған онлайн сурет салу байқауы.Байқау қатысушылардың Қазақстан туралы көзқарасын, елге деген сүйіспеншілігін, тарихи-мәдени мұрасын, табиғатын, ұлттық құндылықтарын және болашаққа деген арман-тілектерін шығармашылық тұрғыдан бейнелеуге бағытталған.Байқаудың негізгі мақсаттары:- шетелдегі этникалық қазақ балалардың Қазақстанмен рухани байланысын нығайту;- Қазақстанның мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын дәріптеу;- жас суретшілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту;- дарынды этникалық қазақ балаларын анықтау және қолдау көрсету;- балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі Байқауға шетелде тұратын 12–17 жас аралығындағы этникалық қазақ балалары қатыса алады (ұлты қызық шетел азаматы екенін растау үшін өз жұмысымен бірге төл құжатының көшірмесін жіберу міндетті);Байқауға ұсынылатын сурет «Қазақстан – менің көзіммен» тақырыбына сәйкес болуы тиіс.Қатысушы жұмысын жіберерде міндетті түрде төмендегі ақпараттармен қоса жіберу керек:- Өзі туралы ақпарат (Толық аты-жөні, азаматтығы, оқитын мектебі мен сыныбы, байланыс нөмері);- Өзін таныстыру, салған суретін түсіндіру мақсатында ұзақтығы 2 минуттан аспайтын бейнежазба;-Суретті өзі салғанын растау үшін ұзақтығы 3 минуттан аспайтын сурет салу процессінен бейнежазба және байқау тақырыбынан бөлек басқа да бірнеше туындыларын қосып жіберу керек.Жұмыстар 2026 жыл 28 тамызға дейін oqbaiqau@gmail.com эл-поштасында қабылданады; III. Шығармашылық жұмысқа қойылатын талаптар Байқауға қағазға салынған суреттердің электрондық нұсқасы қабылданады.Қатысушылар келесі құралдарды пайдалана алады:o қарындаш;o түрлі-түсті қарындаш;o фломастер;o акварель бояулары;o гуашь;o майлы бояулар;o пастель;o көмір;o маркер;o акрил бояулары;o гельді қаламдар және басқа да көркем сурет салу құралдары.Суреттер келесі тақырыптарды қамтуы мүмкін:o Қазақстанның табиғаты;o тарихи және мәдени ескерткіштер;o ұлттық салт-дәстүрлер;o қазақ халқының тұрмысы;o ұлттық мерекелер;o Қазақстанның көрікті жерлері;o болашақтағы Қазақстан туралы арман-тілектер.Бір қатысушы бірнеше жұмыс ұсына алады.Байқауға тек авторлық жұмыстар қабылданады.Жасанды интеллект көмегімен жасалған немесе өңделген суреттер қабылданбайды.Қатысушы байқауға ұсынған жұмысын ұйымдастырушының ресми интернет-ресурстарында, әлеуметтік желілерінде және көрмелерде көрсетуге келісім береді.Жұмыстар JPEG, JPG, PNG немесе PDF форматында қабылданады. Бағалау критерийлері Тақырыпқа сәйкестікЖұмыстың «Қазақстан – менің көзіммен» тақырыбын қаншалықты толық және мазмұнды ашқаны бағаланады.Шығармашылық көзқарасҚатысушының идеясының ерекшелігі, қиялы мен шығармашылық шешімдері бағаланады.Көркемдік шеберлікСурет салу техникасы, композициясы, түстер үйлесімі, пропорция және жалпы орындау сапасы бағаланады.Ұлттық мазмұнҚазақстанның мәдениеті, тарихы, табиғаты және ұлттық құндылықтарының көркем бейнелену деңгейі ескеріледі.Эмоционалдық әсерЖұмыстың көрерменге әсері, автордың сезімі мен ойын жеткізу деңгейі бағаланады. Байқау мерзіміБайқауға шығармашылық жұмыстар 2026 жылғы 17 маусымнан бастап28 тамызға дейін қабылданады. Байқаудың жұмысын қорытындылау және қатысушыларды марапаттауБайқау қорытындысы бойынша 10 жеңімпаз қазылар алқасының шешімімен анықталады.Жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.I орын – Ноутбук;II орын – Планшет;III орын – Смарт сағат.Ынтыландыру сыйлықтары – «Бестемше» ойыны.Үздік жұмыстар ұйымдастырушылардың ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады және онлайн көрмеге ұсынылады. Сонымен қатар, үздік деп танылған 10 қатысушы қажет болған жағдайда жұмысын өз қаражаты есебінен «Отандастар қоры» КеАҚ-на жіберу қажетАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1263709?lang=ru
Тау-кен өнеркәсібін дамыту жобалары қаралды 21.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Liaoning Hongda Group» директорлар кеңесінің төрағасы Тан Цзюганды және аталған компанияның өкілдерін қабылдады.Кездесуде облыс әкімі компанияның Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қосып отырған үлесін жоғары бағалап, Жаңақорған ауданында іске асырылатын жалпы құны 1,3 млрд АҚШ доллар болатын қорғасын-мырыш тау-кен байыту кешендері жобасының өңір үшін стратегиялық маңызын атап өтті.Жоба аясында екі карьер, екі тау-кен байыту фабрикасы және кейіннен металлургиялық зауыт салу жоспарланған. Өңір басшысы облыс әкімдігі тарапынан жоба «Жасыл дәліз» тетігіне енгізілгенін айтып, оны іске асыру барысында қажетті әкімшілік қолдау көрсетілетінін, жан-жақты сүйемелденетінін жеткізді.Өз кезегінде компания басшылығы жобаны іске асырудың қазіргі кезеңі, инфрақұрылым жеткізу және металлургиялық зауыт құрылысына дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.Кездесу қорытындысында тараптар инвестициялық жобаларды уақытылы әрі тиімді іске асыру бағытындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.Айта кетейік, бүгінде компания Жаңақорған ауданында кен орнын игеру бағытындағы жобаның алғашқы кезеңін бастап, онда 260 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Бұл – өңірдің әлеуметтік-экономикалық, өндірістік әлеуетін арттырудағы маңызды жоба. Тау-кен саласын өркендетудегі бастамалар табысты әрі жүйелі жүзеге асып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1260964?lang=ru
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ІМАД Комитет өкілдерінің қатысуымен семинар өтті 21.07.2026
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.Семинар барысында қатысушыларға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнаманың негізгі талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңдарының нормалары, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу қағидалары мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарымен бекітілген Әдеп кодексінің талаптары кеңінен қарастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1260947?lang=ru
Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе отырысында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәртебесіне қатысты түзетулер талқыланды 21.07.2026
Премьер-министрддің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 22-ші отырысының негізгі тақырыбының бірі – өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың құқықтық мәртебесі болды.Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам – жаңа Салық кодексіндегі экономикалық белсенді азаматтардың жаңа санаты. Оған дербес қызмет көрсететін немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жұмыс істейтін, жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын және салық заңнамасында белгіленген шарттарға сәйкес келетін жеке тұлғалар жатады.Бұл ретте қолданыстағы заңнама өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызбайды. Нәтижесінде, шағын және орта бизнестің ресми статистикасы азаматтардың бұл санатын есепке алмайды. Бұл Салық пен Кәсіпкерлік, Әлеуметтік кодекстер арасында құқықтық қақтығыс тудырады. Дәл осы мәселе Жобалық кеңсенің қатысушыларына талқылауға шығарылды.Жаңа Салық кодексіне сәйкес, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, рұқсат етілген тізбе бойынша қызметті жүзеге асыратын, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын және айына 300 АЕК-тен аспайтын табыс алатын жеке тұлғалар қолдана алады. Осы режим аясында тек әлеуметтік төлем төленеді, ол бар-жоғы – 4%.Жаңа режим қазірдің өзінде сұраныстың жоғары деңгейін көрсетуде. Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, жыл басынан бері 688,8 мың өзін-өзі жұмыспен қамтушы тіркелген. Оның ішінде 597 мың адам (87%) цифрлық платформалар (Яндекс, Enrive, Wolt және басқалар) арқылы жұмыс істесе, 91,5 мың адам (13%) қызметін өз бетінше жүзеге асырады.Бұл ретте 84,2 мың өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бұрын жеке кәсіпкер болған. Ал 546,4 мың адам бұрын кәсіпкер ретінде тіркеуде болмаған. Осылайша, жарты миллионнан астам азамат алғаш рет ресми жұмыспен қамту секторы мен салық жүйесіне кірді.Сонымен қатар отырысқа қатысушылар бұдан әрі талқылау өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың құқықтық мәртебесін анықтауды талап ететінін атап өтті. Өзін-өзі жұмыспен қамту экономикалық қызметтің дербес нысаны, кәсіпкерлікке көшудің аралық кезеңі немесе жұмыспен қамтудың ерекше санаты екендігін анықтау қажет. Кәсіпкерлік және Әлеуметтік кодекстердегі одан әрі реттеу осыған байланысты болмақ.Отырыс барысында Ұлттық экономика министрлігі ЕАЭО елдерінің тәжірибесіне шолу жасады. Беларусь пен Өзбекстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жұмысшыларды жалдай алмайды. Бұл ретте Өзбекстанда олар кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайды. Арменияда микрокәсіпкерлік режимі бар. Ресейде кәсіптік табыс салығын қолданатын жеке тұлғалар шағын және орта кәсіпкерлік жүйесіне енгізілген. Дегенмен салық заңнамасында «өзін-өзі жұмыспен қамтушы» термині қолданылмайды.Талқылау қорытындысында Әлеуметтік және Кәсіпкерлік кодекстерде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың мәртебесін бекітуге қатысты өзгерістерді ағымдағы түзетулер пакетіне қоспау туралы шешім қабылданды. Бұл мәселені қарауға келесі жылы жаңа режимді қолдану тәжірибесі қалыптасып, оның жұмысының нәтижелері жинақталған кезде оралу жоспарлануда.Сондай-ақ отырысқа қатысушылар өнімді бөлу туралы келісімдер бойынша жұмыс істейтін жер қойнауын пайдаланушылар үшін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы операцияларға салық салу мәселесін қарады.2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы сағаттық есепке алумен нақты уақыт режимінде жұмыс істейді. Электр энергиясының жоспарлы және нақты көлемі арасындағы ауытқулар бойынша барлық есептеулер «Қазақстандық электр энергиясы мен қуаты нарығы операторы» АҚ арқылы жүзеге асырылады.Сонымен қатар қолданыстағы ереже өнімді бөлу туралы келісім бойынша жұмыс істейтін нарық қатысушылары кейбір жағдайда электр энергиясын сатып алу шығынынан теріс теңгерімсіздік асып кеткен кезде өтемақы алмайтындығын қарастырады. Отырысқа қатысушылар осы мәселені де заңнамалық реттеудің қажеттігін атап өтті.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1260939?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1261416?lang=ru
Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов Қармақшы ауданында жұмыс сапарымен болды 21.07.2026
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бахыт Дүйсенұлы Жаханов Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен болып, Жосалы және Төретам кенттеріндегі теміржол вокзалдарында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.Алдымен жұмыс сапары Төретам кентіндегі теміржол вокзалынан басталды. Нысанда атқарылып жатқан құрылыс кезеңдері талқыланып, жұмыс қарқынын күшейту, құрылыс сапасы және белгіленген мерзімде аяқтау мәселелері бойынша мердігер мекеме өкілдеріне тиісті тапсырмалар жүктелді.Одан кейін Жосалы кентіндегі теміржол вокзалынының күрделі жөндеу және қайта жаңарту жұмыстарының барысын көрді. 1904 жылы салынған тарихи ғимаратты жаңғырту жұмыстары бүгінде қарқынды жүргізілуде. Жүзеге асырылып жатқан жоба жолаушыларға қолайлы әрі заманауи жағдай жасауға бағытталған. Нысанды аралау барысында құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімінде аяқталуына ерекше назар аударылып, мердігер мекеме өкілдеріне нақты тапсырмалар берілді.Жұмыс сапары барысында Бахыт Дүйсенұлы барлық құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуын қатаң бақылауда ұстап, жұмыстарды талапқа сай аяқтауды қажет екендігін қаперге салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1260922?lang=ru
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жәрмеңке өтті 20.07.2026
Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Покатиловка ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің онлайн жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шара ауылдық округ әкімдігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфир форматында ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-terekty/press/news/details/1260812?lang=ru
Цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ете түсті 20.07.2026
Мемлекеттік қызметтерді цифрлық трансформациялау азаматтар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету тәсілін түбегейлі өзгертуді жалғастыруда. Бүгінде ХҚКО-да мемлекеттік қызметтерді алу жылдамырақ қана емес, өңір тұрғындары үшін анағұрлым қолжетімді бола түсуде. Негізгі басымдық қызмет алу уақытын қысқартуға, электрондық арналарды дамытуға және өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарының мүмкіндіктерін кеңейтуге қойылып отыр.Қостанай облысында 2026 жылдың бірінші жарты жылдығында фронт-офистер арқылы 176 мыңға жуық өтініш қабылданып, 222 мыңнан астам мемлекеттік қызмет нәтижесі берілген. Сонымен қатар, цифрлық сервистерді пайдалану да оң динамиканы көрсетіп отыр. Оның ең айқын нәтижесі өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында байқалады. Азаматтардың өз бетінше алған қызметтер саны 441 мыңан асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 259 мың қызметке артық болды. Өсу қарқыны 143%-ды құрайды.Бұл нәтиже өңір тұрғындарының операторлардың көмегіне жүгінбей-ақ цифрлық құралдар мен өзіне-өзі қызмет көрсету сервистерін белсенді пайдалана бастағанын көрсетеді.Сұранысқа ие қызметтердің қатарында мүлік пен көлікті тіркеу, ҚР азаматтарына паспорттар мен жеке куәліктер беруге байланысты сервистер, бизнеске арналған қызметтер сақталып отыр.Заңды тұлғаларды тіркеу қызметтері жөніндегі өтініштер бойынша 2026 жылдың қаңтар айынан маусым айына дейінгі көрсеткішінде облыста 305 қызмет көрсетілді. Оның 280 ге жуығы онлайн форматта жүзеге асырылды. Яғни, қызметтердің шамамен 90%-ы электрондық арналар арқылы алынған. Бұл кәсіпкерлердің мемлекеттік қызметтерді қашықтан алуды белсенді түрде таңдайтынын көрсетеді.Цифрлық сервистердің дамуы әсіресе шалғай аудандардағы кәсіпкерлер үшін маңызды. Электрондық форматтың арқасында құжаттарды тапсыру үшін облыс орталығына бірнеше рет бару қажеттілігі азайып, уақыт пен көлік шығындары қысқарады. Шағын және орта бизнес субъектілерінің әкімшілік рәсімдерді жылдам орындауына мүмкіндік береді.Цифрлық шешімдердің енгізілуі қызметтердің қолжетімділігін ғана емес, олардың сапасы мен жеделдігін де арттыруға ықпал етуде. Оған дәлел, аталған мерзімде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санының ішінде сапалы орындалғандарының үлесі 99%-ды құрайды.Жалпы алғанда, бірінші жартыжылдықтың статистикалық деректері электрондық мемлекеттік қызметтердің өңір тұрғындары үшін қолжетімді әрі сұранысқа ие екенін, ал цифрлық форматтың азаматтар мен бизнес үшін мемлекеттік қызметтерді алуды анағұрлым ыңғайлы етіп отырғанын айқындайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1260827?lang=ru
Цифрлық технологиялар жақындай түсуде: Семейде тұрғындарға арналған тегін сабақтар өткізілуде 20.07.2026
Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы Семей қаласындағы №2 ХҚКО-да тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған тегін сабақтар жалғасып жатқанын хабарлайды. Оқыту жұмыстары Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметтердің әрбір азамат үшін қолжетімділігін арттыруға бағытталған.Биылғы жылдың наурыз айынан бері оқудан 100-ден астам адам өтті, олардың басым бөлігін егде жастағы азаматтар құрайды.Сабақ барысында ХҚКО мамандары қатысушыларға электрондық үкімет порталы мен мемлекеттік қызметтерді онлайн алу үшін қолданылатын мобильді қосымшалардың мүмкіндіктерін жан-жақты таныстырып, сондай-ақ өзге де сұранысқа ие цифрлық сервистерді өз бетінше пайдалануды үйретеді.«Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру – біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі. Әсіресе, бұл сабақтардың аға буын өкілдеріне мемлекеттік электрондық қызметтерді сенімді пайдалануға көмектесетіні маңызды. Біз цифрлық сервистерді өңірдің әрбір тұрғыны үшін қарапайым, түсінікті әрі қолжетімді етуге ұмтыламыз», – деді Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының директоры Жібек Жадрина.Тұрғындар цифрлық сервистерді пайдалану бойынша жаңа білім мен тәжірибелік дағдыларды әр сәрсенбі және жұма күндері сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Семей қаласындағы №2 ХҚКО-да (мекенжайы: Б. Момышұлы көшесі, 22) тегін ала алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1260832?lang=ru
Пусанда ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-сессиясы өз жұмысын бастады 20.07.2026
19 шілдеде Корея Республикасының Пусан қаласында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-сессиясы өз жұмысын бастады. Сессия 29 шілдеге дейін жалғасады.Шараның ресми ашылу рәсіміне Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мён және ЮНЕСКО-ның Бас директоры Халед Әл Анани қатысты.Сессияға ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенциясына 196 мемлекеттен шамамен 3 000 қатысушы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен сарапшылық қауымдастықтың өкілдерін біріктірді.Отырыс барысында Ұйым Дүниежүзілік мұра тізіміне 30 жаңа ұсыныстың енгізілуін, сондай-ақ мұра объектілерінің сақталу жай-күйіне қатысты 147 есепті қарастырады.Қазақстан делегациясы Дүниежүзілік мұра комитетінің мүшесі ретінде сессия жұмысына белсенді қатысуда.Сессия барысында Қазақстан ұсынған «Маңғыстаудың жерасты мешіттері және олармен байланысты киелі нысандар» номинациясын қарау жоспарланып отыр.Еске сала кетейік, Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстаудағы бірегей жерасты мешіттерін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу бағытындағы жұмысты бастауды тапсырған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1260833?lang=ru
Заманауи сауда-ойын-сауық орталығын салу мәселесі талқыланды 20.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Казстройподряд» ЖШС құрылтайшысы, «TUKİB» түрік-қазақ кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Аталай Хикметті қабылдады.Тараптар облыс орталығында заманауи сауда-ойын-сауық орталығын салу жобасын талқылап, алдағы жоспарларды бірлесіп жүзеге асыру жайын қарастырды.«Өткен аптада Қызылорда облысына арнайы келіп, өңірдің инвестициялық әлеуетімен танысқаныңыз үшін Сізге алғысымды білдіремін. Сол жолы заманауи сауда-ойын-сауық орталығын салуға қатысты жоспарды жан-жақты талқылаған болатынбыз.Баршамызға белгілі, «Казстройподряд» – халықаралық деңгейде танылған, күрделі құрылыс жобаларын табысты жүзеге асырып келе жатқан бірегей компания. Сіздердің мол тәжірибелеріңіз Қызылорда қаласында заманауи сауда-ойын-сауық кешенін салуға мүмкіндік береді деп сенеміз.Облыс әкімдігі жер телімі, қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және мемлекеттік органдармен келісу рәсімдеріне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», – деді аймақ басшысы.А.Хикмет өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтіп, қолдау үшін алғысын білдірді.Айта кетейік, «Казстройподряд» ЖШС – 2005 жылы құрылған отандық құрылыс компаниясы. Негізгі қызметі – заманауи құрылыс индустриясын дамыту, жоғары сапалы әрі сенімді стандарттарды қалыптастыру. Компания осы уақытқа дейін сауда-ойын-сауық орталықтарын, кеңсе ғимараттарын, заманауи тұрғын үй кешендерін, қонақ үйлерді, білім беру ұйымдарын, спорт кешендерін және болат конструкциялардан тұратын түрлі нысандарды салған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1260799?lang=ru
Қазақстан Республикасы Президентінің Испанияның FIFA 2026 футболдан әлем чемпионатындағы жеңісіне орай құттықтауы 20.07.2026
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Испания құрамасының 2026 жылғы FIFA футболдан әлем чемпионатындағы тарихи жеңісіне орай Испания Королі VI Филипп Мәртебеліге құттықтау хатын жолдады.Мемлекет басшысы испан футболшылары көрсеткен ерекше командалық рухты, табандылықты және жоғары шеберлікті атап өтіп, Мәртебелі Корольге және бүкіл испан халқына шынайы құттықтауын жеткізді.Қазақстан Республикасының Испаниядағы Елшілігі де бұл құттықтауға шын жүректен қосылып, достас испан халқымен бірге осы айтулы спорттық жеңісті қуана атап өтеді.Испания, құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1260780?lang=ru