Жаңалықтар
ҚҰРЫЛТАЙ МЕН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ 11.03.2026
Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Кезекті ақпараттық-түсіндіру кездесуі Әл-Фараби ауданындағы №38 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында өтті. Іс-шараға мектеп ұжымы мен жергілікті тұрғындар қатысты.Жиында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Махамбетқали Ахметов және аудандық Аналар кеңесінің мүшесі Аршын Әлжанова сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасына ұсынылып отырған өзгерістердің маңызы туралы пікір білдірді.Ақпараттық-түсіндіру тобы Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мазмұнына тоқталып, олардың қоғам өміріндегі рөлі мен маңызын нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Әсіресе білім беру саласына қатысты негізгі нормалар мен құқықтық кепілдіктерге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар конституциялық реформалардың ел дамуына беретін мүмкіндіктері жан-жақты баяндалды.Кездесу барысында Батырбек Жалмұрзаев жаңа Конституция жобасында қарастырылған Құрылтай мен Халық кеңесі институттарының мәні мен маңызын атап өтті. Оның айтуынша, бұл құрылымдар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұсынылып, қоғамның тұрақты дамуына, азаматтық бірлікті нығайтуға және халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.Кездесу барысында тұрғындар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды.Ашық диалог форматында өткен жиында қатысушылар ұсыныс-пікірлерін білдіріп, конституциялық реформалардың ел дамуы үшін маңыздылығын атап өтті. Жиын қортындысы бойынша барлық қатысушылар жаңа құжатты толық қолдайтындықтарын жеткізді.
Ел болашағы – жастардың қолында: Шымкентте жаңа Конституцияның негізгі ережелері түсіндірілді 11.03.2026
Шымкент қаласында алдағы жаңа Конституцияны тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осындай түсіндіру кездесулерінің бірі М. Өтебаев атындағы Жаңа технологиялар жоғары колледжінде өтіп, онда студенттер мен оқытушыларға жаңа Конституцияның негізгі ережелері кеңінен таныстырылды.Кездесуде Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының заңгер-кеңесшісі Ердәулет Тастанбек сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында жаңа Конституция қазақстандықтардың ортақ еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті. Бұған дейінгі тәжірибеден айырмашылығы – бұл жолы құжатты дайындауға 130 сарапшы мен қоғам қайраткерінен тұратын арнайы комиссия қатысып, азаматтардан түскен екі мыңнан астам ұсыныс жан-жақты қарастырылған. Осындай кездесулердің басты мақсаты – тұрғындарға конституциялық өзгерістердің мәнін түсіндіру және референдумға саналы түрде қатысуына мүмкіндік жасау.Кездесу барысында жаңа Конституцияда қарастырылған мемлекеттік басқару жүйесіндегі негізгі өзгерістер туралы кеңінен айтылды. Соның ішінде маңызды бағыттардың бірі – тарихи атауы Құрылтай деп аталатын бір палаталы Парламент құру. Оның құрамында 145 депутат болуы жоспарланып отыр. Жаңа құрылым заң қабылдау мерзімін екі есеге қысқартып, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар Вице-президент институтын енгізу көзделуде. Бұл лауазым иесі елдің халықаралық және ішкі саяси алаңдарында мүдделерін білдіріп, мәдени және әлеуметтік-саяси мәселелерге жетекшілік етеді. Тағы бір маңызды жаңашылдық – заң шығару бастамасы құқығына ие Қазақстан халқы кеңесінің құрылуы.Құжатта қоғамның рухани құндылықтарын қорғау мәселесіне де ерекше көңіл бөлінген. Атап айтқанда, жаңа Конституцияда неке ер мен әйелдің тең құқықты одағы ретінде нақты белгіленіп, бұл отбасы институтын нығайтуға және әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған.Кездесу барысында колледж студенттері жаңа негізгі заңның жастардың құқықтық қорғалуына қалай әсер ететіні жөнінде белсенді сұрақтар қойды. Іс-шара соңында спикер 15 наурызға жоспарланған жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум ел дамуы үшін маңызды тарихи кезең болатынын атап өтті.М. Өтебаев атындағы Жаңа технологиялар жоғары колледжінде өткен кездесу жастардың ел өміріндегі маңызды өзгерістерге белсенді қатысуға дайын екенін және мемлекет дамуына үлес қосуға ынталы екенін көрсетті.
Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталады 11.03.2026
Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанда 13–23 наурыз аралығында ауқымды республикалық «Nauryz Sale» акциясы басталады. Бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы ынталандыруға және ел тұрғындары мен қонақтары үшін бірыңғай мерекелік атмосфера қалыптастыруға бағытталған.Акция кезеңінде сауда субъектілері халыққа азық-түлік және азық-түлік емес тауар топтарына 10–70 пайыз аралығында мерекелік жеңілдіктер ұсынады. Акциялық тауарлар сауда залдарында арнайы мерекелік навигация және «Nauryz» фирмалық безендіруі арқылы белгіленеді. Атап айтқанда, тақырыптық баға белгілері, брендтелген көрсеткіштер, баннерлер және басқа да POS-материалдар орналастырылып, сатып алушыларға ассортиментте оңай бағдарланып, жеңілдікпен ұсынылған тауарларды жылдам табуға мүмкіндік береді.Акцияға ішкі сауда саласының шамамен 300 субъектісі қатысады. Олардың қатарында 140 сауда үйі мен сауда-ойын-сауық орталығы, 140 сауда желісі және 20 электрондық сауда субъектісі бар. Қатысушылар қатарында елдің ірі сауда желілері — Magnum, Small, Galmart, «Анвар», «Дина», Toimart, «Астыкжан», «Аян», Greenwich және басқалары, сондай-ақ Mega Silk Way, Keruen, Keruen City, «Аружан», «Сарыарка», Shymkent Plaza сияқты ірі сауда үйлері мен сауда-ойын-сауық орталықтары бар.Акция аясында отандық өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударылады. Сауда орталықтарында қазақстандық өндірушілердің өнімдері ұсынылатын арнайы сату аймақтары ұйымдастырылып, онда тауарлар нарықтағы бағадан орта есеппен 10–20 пайызға төмен бағамен сатылатын болады.Сауда орталықтарына келушілер үшін мазмұнды интерактивті бағдарлама да қарастырылған. Елдің ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында ұлттық нақыштағы фотозоналар ұйымдастырылады.Серіктестік аясында Қазақстан бойынша 11 сауда нүктесі бар «Тарбие» ұлттық киім дүкені ұлттық нақыштағы киімдерді ұсынады. Келушілер оларды киіп көріп, естелікке суретке түсе алады. Мұндай аймақтарды еліміздің ірі сауда орталықтарында орналастыру жоспарланған. Атап айтқанда, Ақтаудағы SAYA Mall, Петропавлдағы Dostyk Mall, Ақтөбедегі KeruenCity, Астанадағы Keruen City Astana, Атыраудағы Infinity Mall, Түркістандағы Turan Mall, Алматыдағы Dostyk Plaza және Шымкенттегі Shymkent City Mall сауда орталықтарында ұйымдастыру көзделіп отыр.Бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанның сауда субъектілері арасында «Sauda in Digital Nauryz» республикалық конкурсының өткізілетінін жариялаған болатын. Конкурс 2026 жылғы 13–20 наурыз аралығында өтеді және сауда нысандарын мерекелік безендіруде заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ инновациялық сервистерді дамытуға бағытталған.Қатысушылар өз жобаларын төрт номинация бойынша ұсына алады: «Үздік цифрлық безендіру», «Үздік цифрлық құттықтау», «Жасанды интеллектті үздік пайдалану» және «Ең креативті Digital-жоба». Қатысу үшін Instagram әлеуметтік желісінде #saudadigitalnauryz хештегімен бейнеролик жариялап, Сауда және интеграция министрлігінің ресми парақшасын белгілеу қажет.Жеңімпаздарды креатив, жасанды интеллект технологияларын қолдану, ұлттық бірегейлік, аудиторияның белсенділігі және жобаның орындалу сапасы критерийлері бойынша сараптамалық комиссия анықтайды. Конкурс қорытындысы 2026 жылғы 20 наурызда шығарылып, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.Ескерту: республикалық акцияға бастаманы қолдап, әлеуметтік жауапкершілік танытқан сауда субъектілері қатысады. Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша акцияға қатысушылардың тізімі қоса беріледі.
Қостанайда апатты үй тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріледі 11.03.2026
Қостанай қаласында Кочубея көшесі, 11 мекен-жайындағы үйдің шатыр бөлігінің құлау жағдайына байланысты жедел кеңес өткізілді.Аталған 8 пәтерлі тұрғын үй өткен жылы апатты деп танылған. Қазіргі уақытта онда 6 отбасы, барлығы 24 адам тұрып жатыр.Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлар қызметінің қатысуымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша, оларды қысқа мерзімде қауіпсіз тұрғын үйге көшіру туралы шешім қабылданды.Қала әкімі үйдің шатырын жеке барып қарап, тұрғындармен кездесті және қабылданған шешім туралы хабардар етті.Мәселені шешуге жеке құрылысшы қолдау көрсетуде. Кочубея көшесі, 11 мекен-жайындағы үй әзірленіп жатқан ауданның егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының аумағына кіреді. Құрылысшы өз құрылысы аяқталғанға дейін отбасыларға уақытша пәтерлерді жалға алуды өз мойнына алып, жаңа үй дайын болған кезде қазіргі пәтерлерінің баламасы ретінде тұрғындарға пәтерлер ұсынатын болады.Ескірген тұрғын үйлерді бұзу қала әкімдігі қабылдаған тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Бағдарлама қабылданған кезде қалада осындай 5 үй болған: олардың біреуі қазірдің өзінде көшірілген, ал қалған 4 үй Кочубея және Садовая көшелерінде орналасқан.Жоспар бойынша, жылдың соңына дейін қаладағы барлық апатты үйлер мәселесі шешіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1178961?lang=kk
Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков «AMANAT» партиясының алаңында азаматтарды қабылдады 11.03.2026
Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков «AMANAT» партиясының орталық аппаратында қоғамдық қабылдау өткізді. ZOOM платформасы арқылы өткен кездесу барысында отандық өнімді қолдау, импорттық жеткізілімдер және тауарларды таңбалаудың жаңа жүйесіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Виктор Шинкеев отандық өндірушілер бола тұра, картоптың Пәкістаннан импортталу себебі туралы сауал қойды. Вице-министр мен Сауда комитеті өкілдерінің түсіндіруінше, Қазақстанның картопқа деген жылдық қажеттілігі 2,0 млн тоннадан асады, ал жиналған өнім 2,9 млн тоннаны құрап, ішкі сұранысты толық өтейді. Алайда, көктемгі-жазғы кезеңде отандық өнім қоры азайған кезде, нарықты толықтыру және бағаның күрт өсуін болдырмау үшін Пәкістан мен Қытайдан қосымша импорт жасалады. Қазіргі уақытта ішкі нарықтағы жағдай тұрақты және қолда бар қор жаңа өнім шыққанға дейін жеткілікті. «ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының» өкілі Салтанат Әбдікәрімова сән ритейлі сегменті үшін халықаралық GTIN кодтарын қолдануға түсініктеме беруді және ҰТК талаптарын енгізуде кемінде 6 айға өтпелі кезең ұсынуды сұрады. Министрлік мамандарының айтуынша, Халықаралық GTIN кодтарын GS1-Kazakhstan қауымдастығы береді, ал ел ішіндегі тауар айналымы үшін NTIN кодтары қолданылады. 2026 жылғы 9 қаңтардағы Меморандумға сәйкес, ҰТК талаптарын енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді: импорттаушылар мен өндірушілер үшін – 1 наурызға дейін, сауда желілері үшін – 1 сәуірге дейін, ал шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін – 1 шілдеге дейін уақыт берілген.Сән ритейлі үшін бөлек өтпелі кезең қарастырылмаған, бірақ салалық ерекшеліктерді ескеру бойынша әдістемелік жұмыстар жалғасуда. Вице-министр Айдар Әбілдабеков көтерілген барлық мәселелер бойынша тиісті департамент басшыларына нақты тапсырмалар беріп, бизнес өкілдерімен тығыз іс-қимыл жасауға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1178990?lang=kk
ҚР СІМ-де Қазақстанның Дүниежүзілік банк тобымен ынтымақтастық перспективалары талқыланды 11.03.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Андрей Михневпен және Қазақстан Республикасындағы Халықаралық қаржы корпорациясы қызметінің басшысы Зафар Хашимовпен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Дүниежүзілік банк тобы арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ 2026-2031 жылдарға арналған Қазақстанмен серіктестік стратегиясын әзірлеу мәселелерін талқылады.Е.Ашықбаев Қазақстанның Дүниежүзілік банк тобымен өзара іс-қимылының стратегиялық сипатын атап өтіп, оның көптеген жылдар бойы елдің негізгі халықаралық серіктестерінің бірі болып табылатынын және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мен әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізуге елеулі үлес қосып келе жатқанын айтты. Бұған дейінгі 2020-2025 жылдарға арналған Серіктестік стратегиясы шеңберінде Қазақстанда жалпы сомасы шамамен 4,2 млрд АҚШ долларын құрайтын 14 жоба іске асырылғаны аталып өтті.А.Михнев Дүниежүзілік банктің жаңа Серіктестік стратегиясын әзірлеу барысы, сондай-ақ Банктің Қазақстандағы ағымдағы бағдарламасы туралы ақпарат беріп, көлік инфрақұрылымы, коммуналдық және энергетикалық секторды жаңғырту, су ресурстарын басқару және құрылымдық реформаларды қолдау салаларындағы перспективалық жобаларға тоқталды.З.Хашимов Қазақстандағы Халықаралық қаржы корпорациясының ағымдағы қызметіне шолу жасап, көлік инфрақұрылымы, қаржы секторы және микрокредиттеу салаларындағы жобалар, сондай-ақ ипотекалық нарықты дамыту мен электр көлігін енгізу бағдарламалары бойынша консультативтік бастамалар туралы хабарлады.Сондай-ақ тараптар экономиканы цифрлық трансформациялау, көлік және теміржол инфрақұрылымын дамыту, коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, су ресурстарын басқару және мемлекеттік-жекешелік серіктестік тетіктерін кеңейту сияқты өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Дүниежүзілік банк тобы арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға және сындарлы диалогты дамытуға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1179004?lang=kk
САУАЛНАМА! 11.03.2026
Мемлекеттік органның ашықтығы туралы САУАЛНАМА 2026 жылдың 10-24 наурыз аралығында «Ашық диалог» порталында мемлекеттік органдардың ашықтығы туралы сауалнама жүргіземіз. Сауалнамаға қатысуды сұраймыз. Сауалнама сілтемесі: https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=6943Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1178897?lang=kk
2026 жылдан бастап ұйымдар мәліметтерді ұсынуға міндетті үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы. 11.03.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап халыққа және бизнеске қызмет көрсететін ұйымдардың жекелеген санаттары үшін жаңа талап енгізілді.Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 56-бабының 6-тармағына сәйкес (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ кодексі, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) бірқатар ұйымдар салық органдарына көрсетілген қызметтер туралы мәліметтерді үшінші тұлғаларға ұсынуға міндетті.Талап кімге қатысты.Міндет мынадай салаларда қызмет көрсететін ұйымдарға қолданылады:сумен жабдықтау және су бұру,кәріз,газбен жабдықтау,электрмен жабдықтау,жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару),лифтке қызмет көрсету,тасымалдау саласындағы қызметтер.Мәліметтер қандай нысанда ұсынылады.Салық есептілігінің нысаны – 493.00 "үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер. Оны ұсыну нысаны мен қағидалары ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 554 бұйрығымен бекітілген.Салық есептілігі қызмет көрсетушілер мен тұтынушылар арасындағы ашықтықты арттыруға бағытталған. Аталған салаларда жұмыс істейтін салық төлеушілерге оны толтыру ережелерімен және ұсыну мерзімдерімен алдын ала танысу ұсынылады, бұл есептілікті ұсыну кезінде қателер мен бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік бередіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1178889?lang=kk
Қонаев қаласында дрон-шоу өтеді! 11.03.2026
Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары!Сіздерді 12 наурыз күні сағат 19:00-де Қонаев қаласының Орталық алаңында күтеміз.Дрон-шоу аяқталған соң, көрермендерге концерттік бағдарлама ұсынылады.Ерекше кешті жақындарыңызбен бірге тамашалаңыздар!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1178812?lang=kk
Салықтық әкімшілендіру саласындағы халықаралық ынтымақтастық 11.03.2026
Астана, 2026 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде Комитет Төрағасының Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында Дүниежүзілік банк Қазақстан үшін жүзеге асырып жатқан техникалық көмек бағдарламасы аясындағы бірлескен жұмыс талқыланды. Бұл бағдарлама салық жүйесін жетілдіруге және салықтарды жинау тиімділігін арттыруға көмектеседі. Тараптар ынтымақтастық аясында қойылған міндеттерді, күтілетін нәтижелерді және жұмысты жалғастыру бағыттарын талқылады. Сондай-ақ Дүниежүзілік банк сарапшылары тарапынан көрсетілуі мүмкін сараптамалық қолдау мәселелері қарастырылды. Кездесуге қатысушылар салықтық әкімшілендірудің халықаралық тәжірибесін де жеке қарастырды. Әңгіме Қазақстанның салық жүйесін одан әрі дамыту және жаңғырту үшін пайдалы болуы мүмкін басқа елдердің тәжірибелері туралы болды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екендіктерін растады. Дүниежүзілік банк өкілдері Қазақстан соңғы жылдары салықтық әкімшілендіруді дамытуда және заманауи цифрлық шешімдерді енгізуде елеулі прогреске қол жеткізгенін атап өтті. Техникалық көмек бағдарламасы аясындағы жұмыс жалғасатын болады. Ол салық жүйесін одан әрі дамытуға және үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1178744?lang=kk
Салық – 2026: «19-АЙМАҚ» бағдарламасының қорытындысы 11.03.2026
10 наурызда «Жетісу» телеарнасында Жетісу облысы бойынша МКД мамандары Ш. Қалибекова мен Ж. Сәлімова көлік және жер салығы бойынша маңызды сұрақтарға жауап берді.Негізгі мәселелер:Көлік салығы: 2026 жылғы өзгерістер, жеңілдіктер және «сенімхатпен» сатылған көліктердің мәселесі. Салық заңды иесіне есептеледі!Жер салығы: Учаске пайдаланылмаса да, салық төленуі тиіс. Тұрғын емес нысандарға арналған жерлер бойынша жеке тұлғалардың ерекше міндеттемелері бар.Мерзімдер: Берешекті E-salyq Azamat қосымшасынан тексеруге болады.Салықты уақытылы төлеп, айыппұлдан сақтаныңыз! Толық эфир жазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=9gbjQGC7Mxk Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1178649?lang=kk
ҚР-ың орталық референдум комиссиясы 11.03.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1178650?lang=kk
Референдум 15 наурыз 11.03.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1178631?lang=kk
Празднование "Көрісу күні" 11.03.2026
КӨРІСУ КҮНІ1. Іле ауданы13.03.20261100Нұрғиса Тілендиев атындағы мәдениет үйі 2. Ұйғыр ауданы13.03.20261100Аудандық мәдениет үйі 3. Еңбекшіқазақ ауданы13.03.20261400Жамбыл Жабаев атындағы Жастар саябағы 4. Талғар ауданы13.03.20261600Аудандық мәдениет үйі 5. Алатау қаласы14.03.202610 00Дәулет ықшам ауданы 6. Қонаев қаласы14.03.20261100Қалалық мәдениет үйі 7. Райымбек ауданы14.03.20261100Аудандық мәдениет үйі 8. Балқаш ауданы14.03.20261100Тарихи өлкетану музейі 9. Жамбыл ауданы:Сұраншы ауылыАққайнар ауылы 13.03.202614.03.2026 11001400 Ауылдық мәдениет үйіАуылдық мәдениет үйі 10. Кеген ауданы14.03.20261100Аудандық мәдениет үйі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1178613?lang=kk
Алматыда Болгариямен экономикалық ынтымақтастық талқыланды 11.03.2026
2026 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Қазақстандағы Болгария Елшілігінің Өкілетті министрі Пламен Петковпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Өкілдік басшысы Алматы қаласында Елшіліктің сауда-экономикалық бөлімінің ашылуын құттықтады. Сонымен қатар, екі ел арасындағы екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынасқа серпін беретіндігін атап өтті. Өз кезегінде, Өкілетті министр екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1178599?lang=kk
Әдебиет арқылы достық көпірі: Қазақстан мен Нидерланд 11.03.2026
Гаага, 2026 жылғы 10 наурыз – International Waldorf School The Hague (Гаага қ.) мектебінің оқушылары мен Қазақстандық жас авторлар Арлан және Аслан Айтқалиевтердің қатысуымен халықаралық онлайн-кездесу өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылып, әртүрлі елдердің балалары арасында мәдени және білім беру диалогын дамытуға бағытталған бастамалардың бір бөлігі болды.Арлан мен Аслан Айтқалиевтер – қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Гарольд пен ЛараБелль. Кітаптар патшалығы» атты балалар кітабының авторлары. Басылымның ерекшелігі – сурдоаудармасы мен аудиооқылымы бар QR-кодтардың болуы, бұл кітапты қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі балалар үшін қолжетімді етеді. Жақын уақытта кітаптың ағылшын және неміс тілдеріндегі нұсқаларын шығару да жоспарланып отыр.Кездесу әртүрлі елдердің мектеп оқушыларының мәдениеті, білімі және қызығушылықтары тақырыбын талқылауға арналды. Қатысушылар мектеп өмірі, дәстүрлер мен хоббилер туралы пікір алмасып, сондай-ақ Қазақстан мен Нидерландтың ұлттық асханасын талқылады.Қатысушылар шет тілдерін үйрену тақырыбына ерекше назар аударды. Нидерландтық мектеп оқушылары өз елінде балалардың ерте жастан бірнеше тілді, соның ішінде нидерланд, ағылшын және неміс тілдерін меңгеретінін атап өтті. Қазақстандық қатысушылар да шет тілдерін үйренудегі өз тәжірибелерімен бөлісті.Кездесу барысында жастардың өміріндегі кітап пен оқудың рөлі де талқыланды. Қатысушылар өздерінің сүйікті шығармалары туралы пікір алмасып, әдебиеттің қиялды дамытуға және жаңа білімге деген қызығушылықты арттыруға қалай ықпал ететінін атап өтті. Іс-шараның тағы бір ерекшелігі – оған әлемнің түрлі елдерінен келген мектеп оқушыларының қатысуы болды. Нидерланд мектебінде Австралия, Оңтүстік Африка және басқа да мемлекеттерден шыққан отбасылардың балалары білім алады. Бұл кездесуге шынайы халықаралық сипат беріп, қатысушыларға бір-бірінің мәдениеттерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік жасады.Мұндай бастамалар Қазақстан мен Нидерланд арасындағы гуманитарлық және мәдени диалогтың дамуына ықпал етіп, мектеп оқушыларының дүниетанымын кеңейтеді әрі әртүрлі елдердің жас ұрпағы арасындағы өзара түсіністікті нығайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1178601?lang=kk
Биыл аймақта 520 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған 11.03.2026
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірдегі тұрғын үй құрылысы саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.Аймақта 2025 жылы жоспар бойынша 500 мың шаршы баспана салу жоспарланған болса, жыл қорытындысы бойынша 517,4 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді (5 420 пәтер). Жоспар артығымен орындалды. Ал биыл 520 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.“Заманауи сапалы тұрғын үйлер тек қалаларда ғана емес, сонымен қатар алғашқы рет аудан орталықтарында да салынуда. Бұл өңірлердегі тұрғындардың өмір сүруі мен жұмыс істеуі деңгейін арттырады”, - деді Құмар Ақсақалов.2025 жылы үйге мұқтаж адамдар үшін 7,6 млрд теңгеге жалға берілетін 548 пәтер сатып алынды. Баспананың қол жетімділігін арттыру үшін кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде.2025 жылы 12,1 млрд теңгеге бағалы қағаздарды шығару есебінен ауданы 67,5 мың шаршы метр болатын 18 көппәтерлі үй пайдалануға берілді.«Отбасы банкі» акционерлік қоғамы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 2% және 5% жеңілдікпен 1046 займ берілді, «Наурыз» бағдарламасы бойынша 736 займ берілді. Займдардың жалпы сомасы - 30,7 млрд теңге.Кезекте тұрған адамдарды қосымша қолдау үшін 2025 жылдың қараша айында «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамымен жалға берілетін тұрғын үйді сатып алу құқығымен өткізу туралы келісім жасасылды.“Жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Қостанай жастары» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Үш жыл ішінде шамамен 5 млрд теңге сомасына 344 займ берілді. Ағымдағы жылы тағы 1,8 млрд теңгеге займ беріледі”, - деді аймақ басшысы өз сөзінде.Облыс әкімі биыл 34 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жоспарланғанын жеткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1178574?lang=kk
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАҒИДАТТАРЫ 11.03.2026
Жаңа Конституцияда Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының негізгі қағидаттары айқын көрсетілген. Негізгі заңға сәйкес, Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Бұл қағидаттар елдің мемлекеттік басқару жүйесінің негізін құрайды және қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.Конституцияда мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары танылатыны нақты белгіленген. Бұл норма мемлекет саясатының басты бағыты азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға негізделетінін көрсетеді. Сондай-ақ, аталған қағидаттар мемлекеттік билік органдарының қызметінде заң үстемдігін қамтамасыз етуге және қоғамдағы әділеттілікті нығайтуға бағытталған.Демократиялық мемлекет қағидаты халықтың билікке қатысуын, азаматтардың пікірін ескеруді және мемлекеттік басқаруда ашықтықты көздейді. Ал зайырлы мемлекет ұстанымы дін мен мемлекеттің өзара тәуелсіздігін сақтай отырып, барлық азаматтардың діни сенім бостандығын құрметтеуге негізделеді. Құқықтық мемлекет қағидаты заң үстемдігін қамтамасыз етсе, әлеуметтік мемлекет ұстанымы халықтың әл-ауқатын арттыруға және әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған.Осылайша, Конституцияда бекітілген мемлекеттік қағидаттар Қазақстанның құқықтық, демократиялық және әлеуметтік дамуының берік негізін қалыптастырады.
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: АДАМ КАПИТАЛЫ МЕН ИННОВАЦИЯНЫ ДАМЫТУ 11.03.2026
Жаңа Конституция жобасында мемлекеттің ұзақ мерзімді даму бағыты ретінде адам капиталын нығайту мәселесіне ерекше мән берілген. Негізгі заңда Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылымды және инновацияны дамытуды мемлекеттің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде қарастыратыны нақты көрсетілген. Бұл қағида елдің зияткерлік әлеуетін арттыруға және тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып саналады.Адам капиталын дамыту – мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторлардың бірі. Осы тұрғыда білім беру жүйесін жетілдіру, ғылыми зерттеулерді қолдау және инновациялық жобаларды дамыту мемлекет саясатының маңызды бағыттарына айналады. Мұндай бастамалар елдің ғылыми-технологиялық әлеуетін күшейтіп, жаңа мүмкіндіктердің қалыптасуына жол ашады.Сонымен қатар, ғылым мен инновацияны дамыту экономиканың әртүрлі салаларында жаңа технологияларды енгізуге, өндірістің тиімділігін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қоғамның әл-ауқатын жақсартуға және елдің тұрақты дамуына негіз қалайды.Осылайша, жаңа Конституцияда адам капиталына, білім мен ғылымға басымдық берілуі Қазақстанның болашақтағы өркендеуінің маңызды кепілі ретінде айқындалады.
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫ 11.03.2026
Жаңа Конституцияда құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарын нығайтуға бағытталған маңызды институттардың бірі – Қазақстан Республикасының Конституциялық соты айқындалған. Бұл орган ел аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін және конституциялық бақылауды жүзеге асыратын тәуелсіз мемлекеттік құрылым ретінде белгіленеді.Конституциялық соттың басты міндеті – қабылданатын заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің Конституция талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету. Осы арқылы негізгі заңның үстемдігі сақталып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепілдік беріледі.Сонымен қатар, Конституциялық сот конституциялық нормалардың дұрыс қолданылуына бақылау жасап, құқықтық жүйенің тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді. Бұл институт мемлекеттік билік тармақтарының тепе-теңдігін сақтауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және демократиялық қағидаттарды нығайтуға бағытталған.Осылайша, жаңа Конституцияда көзделген Конституциялық соттың қызметі елдегі құқықтық тәртіпті күшейтуге, Конституцияның мызғымас мәртебесін сақтауға және азаматтардың заңмен қорғалатын құқықтарын қамтамасыз етуге маңызды негіз қалайды.