Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ МЫРЫШ ОКСИДІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ АШЫЛДЫ 04.01.2025
Шымкентте «Standard Steel KZ» ЖШС-нің түсті металл концентратын шығаратын қорғасын өндірісінің қалдықтарын өңдейтін зауытының екінші кезеңі іске қосылды. Ашылу салтанатына ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.   Мегаполис басшысы өз сөзінде өндірісті іске қосу қала экономикасының дамуына ықпал етіп қана қоймай, өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметінің экологиялық зардаптарын азайтатынын атап өтті.   «Елімізде өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді, кәсіпорындар саны жыл сайын артып отыр. Мемлекет тарапынан жан-жақты қолдаудың нәтижесінде жұмыс орындары ашылып, азаматтардың әл-ауқаты жақсаруда», - деді Ғ.Сыздықбеков.   Жалпы құны 13 миллиард теңгеден асатын инвестициялық жоба 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Бірінші кезең жүзеге асырылғаннан бүгінгі күнге дейін зауыт жылына 4600 тоннадан астам мыс-күміс концентратын өндірді. Қондырғының іске қосылуы кәсіпорынға өндіріс көлемін ұлғайтуға және қосымша жыл сайын 20 мың тоннадан астам мырыш оксидін шығаруға мүмкіндік береді.   Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/910371
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 183 ОТБАСЫҒА АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕРЛЕРДІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛЫП, ҚОНЫС ТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ 04.01.2025
Салтанатты кілт тапсыру рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, қуаныш иелерін құттықтады. Жаңа баспанаға қол жеткізген отбасылар шашу шашып, тұрғын үйдің лентасын қиды. Айтулы мереке қарсаңында пайдалануға берілген баспаналар Асар-2 және Тұран шағын ауданында орналасқан. Тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын «Integra Construction KZ» ЖШС және «Алтын Констракшн» ЖШС мердігер мекемелері жүргізген. Жаңа қоныстанушылар арасында көпбалалы отбасылар және халықтың әлеуметтік жағынан осал тобындағы азаматтар бар. Елімізде құрылыс қарқыны жыл сайын артып келеді. Бүгінгі таңда мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар қазақстандықтардың жайлы өмір сүруіне тікелей бағытталған. Соның ішінде әркімнің баспанамен қамтылуына ерекше көңіл бөлініп келеді. Бүгінгі қоныс тойы – соның айғағы. Айта кету керек, 2024 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында ағымдағы жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтарға сатып алу құқығынсыз 1 000 азаматқа (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 200, көпбалалы отбасылар – 351, халықтың осал топтары – 449) арендалық пәтер берілуі жоспарланған. Оның ішінде, бүгінгі таңда 597 пәтер (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 136, көпбалалы отбасылар – 288, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары – 173) пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, 2023 жылдан өтпелі болған 280 арендалық пәтер биыл қоныстандырылды. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша «2-10-20» және «5-10-20» бағыттары аясында жеңілдетілген несиелік негізде ағымдағы жылы 1 793 пәтерлік 60 көпқабатты тұрғын үйлерге (оның ішінде 2023 жылдан өтпелі 1 041 пәтерлік 42 көпқабатты тұрғын үй) келісім-шарттар түзіліп, азаматтарға Отбасы банк арқылы қолданысқа табысталды. Кредиттік тұрғын үйлердің қолжетімділігін арттыру және табысы жетпейтін азаматтарды ынталандыру мақсатында ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен 519 отбасы қайтарымсыз негіздегі әлеуметтік көмек тұрғын үй сертификаты арқылы несиелік баспанаға қол жеткізген болатын. ​Биылғы жылға Қамқор өңірлік бағдарламасына жергілікті бюджеттен 5 млрд. теңге және «Отбасы банк» АҚ-нан 3 млрд. теңге жалпы 8 млрд теңге бөлініп, ағымдағы жылы 400-ден кем емес отбасыны несиелендіру көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/912003
Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды 04.01.2025
Қордай ауданында аудандық полиция бөлімінің жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті. Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, ПД бастығының орынбасары Мұхтар Аманбеков ашылу салтанатына қатысып, бөліністің техникалық жабдықталуымен танысты. Олар жаңа нысан полицияның жұмысын жақсартуға оң әсер ететініне сенім білдірді.​ Ғимаратта азаматтарды қабылдау үшін қажетті барлық заманауи жабдықтар қарастырылған, қызметкерлерге тиімді қызмет ету үшін жағдайлар жасалған.​ Қордай ауданы – Қырғыз Республикасымен шекаралас облысымыздың ең тығыз қоныстанған ауданы (155 мыңнан астам тұрғыны бар). 157 полиция қызметкері тыныштықты күзетіп, қордайлықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Полицейлер үшін жаңа ғимаратта 150 адамға арналған үш қабатты әкімшілік ғимарат салынды. Қызметтік кабинеттер бейнебақылау камераларымен, интернет, компьютерлік техникамен жабдықталған, бір мезгілде бірнеше адамға қызмет көрсету мүмкіндігі бар. Демалыс бөлмелері, ас үй, асхана, кітапхана қарастырылған. ​Полицейлердің спорттық дайындығына көп көңіл бөлінеді. Спорт кешенінен басқа, атыс алаңы мен қару-жарақ бөлмесі де бар. Салтанатты ашылу кезінде полиция бөліміне 78 жастағы жергілікті тұрғын келіп шашу шашып қазақтың ұлттық дәстүрін жасай отырып, батасын берді, жаңа жылда бейбіт аспан мен көркейе беруді тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/912415
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесу өткізді 04.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Іс-шараға қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері, туристік сала өкілдері, спортшылар және өңір тұрғындары қатысты.Кездесу барысында Ержан Еркінбаев министрліктің туризм саласындағы негізгі бастамалары мен жоспарлары туралы баяндады. Әсіресе, жиында туристік инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту және өңірдің туристік тартымдылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. «Солтүстік Қазақстан облысы туризмді дамытуда үлкен әлеуетке ие. «Көкшетау» ұлттық паркіне кіретін Имантау-Шалқар курорттық аймағы өңірдің негізгі туристік бағыттарының бірі саналады. Мұнда қазірдің өзінде 36 демалыс орны жұмыс істейді, оның 10-ы саяхатшыларға жыл бойы қызмет көрсетеді. Инфрақұрылым мен экотуризмді дамытуға басымдық береміз», – деді Ержан Еркінбаев. Биыл өңірге 115 мыңнан астам турист келген, оның ішінде 6 мыңға жуығы шетелдіктер. Туристік инфрақұрылымды жақсарту және саяхатшылар санын арттыру мақсатында 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Аяқталған жобалардың қатарында демалыс базаларын жаңғырту, демалыс аймақтарын салу және курорттық аймақтағы жолдарды қайта жаңарту бар. Қазіргі уақытта 18 инфрақұрылымдық жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Аймақта экотуризм де белсенді дамуда: өңірде заманауи глэмпингтер, визит-орталықтар салу және жаңа туристік маршруттарды құру жоспарлануда. Мұндай жобалар туристерді тартуға және табиғатқа тигізетін әсерді азайтуға да ықпал етеді. Бұл ұлттық парк үшін аса маңызды.2024 жылы өңірдегі туристік қызмет көрсету көлемі 1,8 миллиард теңгені құрады. Сала тұрақты дамып келеді. Ел бойынша орналастыру орындарының кірісі 2024 жылдың тоғыз айында 27%-ға артып, 224 миллиард теңгеге жеткен. «Солтүстік Қазақстан облысында спортпен 225 мыңнан астам адам шұғылданады. Бұл өңір халқының 42,9%-ын құрайды. Сондай-ақ 50 мыңнан астам бала тегін спорт секциясымен қамтылған», – деді Ержан Еркінбаев. Кейінгі екі жылда өңірде 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 4 жабық хоккей айдыны салынды. Сондай-ақ «Қарасай» стадионын жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды. Петропавлдағы «Динамо» стадионы жаңғыртылып, жаңа жасанды алаң төселді. Облыста бассейндер, хоккей айдындары мен спорт кешендерінің құрылысы жалғасуда.Есеп беру кездесуінен кейін Ержан Еркінбаев азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/909632
Спорт және спорт инфрақұрылымын дамыту: Серік Жарасбаев елорда тұрғындарымен кездесті 04.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев Астана тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Жиында балалар мен бұқаралық спорттың дамуына, спорт инфрақұрылымын жақсартуға және ұлттық спорт түрлерін насихаттауға баса назар аударылды.Серік Жарасбаев биыл спортпен айналысатын азаматтардың үлесі 41,5%-ға (8,4 млн-нан астам адам) жеткенін атап өтті. Бұл көрсеткішті 2029 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.Сондай-ақ биыл елордада шахматтың рапид және блиц түрінен, самбодан және асық атудан әлем чемпионаттары, сондай-ақ теннистен Дэвис кубогі сияқты матчтарды қоса есептегенде 640-тан астам спорттық іс-шара өткізілді. Бұқаралық жүгіру мен велошеруілерге 56 мыңнан астам адам қатысты.2024 жылы елордада «Сана» отбасылық спорт орталығы және Kodakan Spirit дзюдо орталығы ашылды. Ал келесі жылы «Железнодорожный» және «Ильинка» тұрғын алаптарында дене шынықтыру және сауықтыру кешеніндерінің құрылысын аяқтау жоспарланған.Елордада ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін инклюзивті орта құруға ерекше назар аударылып отыр. Мәселен, алдағы уақытта Нұра ауданында ерекше жандар үшін «Бочча» орталығы салынса, Қ.Мұнайтпасов атындағы Орталық стадионды жаңғырту жұмыстары жалғасуда.Ұлттық спорт түрлерімен айналысатындар саны 845,9 мыңға жетті. Биыл елордада ұйымдастырылған 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы 112 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.Серік Жарасбаев спорт саласындағы болашақ реформалар, соның ішінде жан басына шаққандағы балалар спорт мектептерін қаржыландыру моделін әзірлеу туралы айтты. Пилоттық жоба 2025 жылы басталып, 2026 жылы бүкіл ел бойынша енгізілетінін жеткізді.Сонымен қатар спорт саласын цифрландыру жұмысы белсенді жүргізілуде. Спортшылар, жаттықтырушылар, спорт нысандары мен жарыстар туралы деректерді біріктіретін E-Sport платформасы пилоттық режимде іске қосылады. 2025 жылдың ақпанында Қытайдың Харбин қаласында қысқы Азия ойындары өтеді. Сары құрлық додасына 139 қазақстандық спортшы, оның ішінде елорданың 37 өкілі қатысады.Кездесу соңында Серік Жарасбаев елорда тұрғындарына жиынға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, спортты дамытудағы бірлескен күш-жігердің маңызын атап өтті. Жиын сұрақ-жауап сессиясымен аяқталып, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/910356
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Қостанай облысы тұрғындарымен кездесу өткізді 04.01.2025
Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаев Рудный қаласында Қостанай облысы тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Жиында заңсыз ойын бизнесімен күрес, лудоманияның алдын алу, сондай-ақ өңірдегі спорт пен туризмді дамыту мәселелері талқыланды. Мирас Төлебаев кездесуде лудомания жүйелі көзқарас пен шараларды талап ететін күрделі әлеуметтік проблема екенін атап өтті. 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында мемлекет заңсыз құмар ойындарға қарсы күресті күшейтіп, жарнаманы шектеу, операторларды бақылауды қатаңдату және азаматтардың белгілі бір санаттары үшін ойындарға қатысуға тыйым салу шараларын енгізуде. «Жыл басынан бері eGov қосымшасы арқылы 170 мыңнан астам адам өзін құмар ойындардан шектеді. Бұл шаралар тәуелділікті азайтуға және ең осал топтарды қорғауға көмектеседі», – деп атап өтті министрдің орынбасары. Сондай-ақ ол өңір халқына жуырда ойын бизнесін реттеуді күшейтетін заңға қол қойылғанын жеткізді. Атап айтқанда, заңға мемлекеттік және әскери қызметкерлердің, борышкерлер тізіліміне енгізілген тұлғалардың құмар ойындарға қатысуына тыйым салынып, интернет-казино ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік енгізілді. Мемлекет халықты лудоманияның қауіптері туралы ақпараттандыруды жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыруда және ойын тәуелділігімен бетпе-бет келгендер үшін білім беру бағдарламалары мен қолдау жүйелерін енгізуде. Кездесу барысында министрдің орынбасары туризм саласындағы жетістіктерге де тоқталды. Оның айтуынша, өңірде туристік инфрақұрылымды жақсарту, инвесторларды тарту және ішкі туризмді дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Биыл облысқа келген ішкі туристер саны 25%-ға өскен. «Біз заманауи туристік нысандарды салып, көлік инфрақұрылымын жақсарта отырып, Қазақстан бойынша саяхатты жайлы әрі қолжетімді етуге тырысамыз», - деді Мирас Төлебаев. Өңір халқымен кездесуде спорт саласы туралы да сөз қозғалды. Бүгінде Қостанай облысында 32 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Онда 18 мыңнан астам бала жаттығады. Биыл өңірде екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталса, 2025 жылы Рудныйда мамандандырылған спорт мектебін ашу жоспарланған. Бұл бастамалар жастарды спортқа баулуға және жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлауға бағытталған. Кездесу соңында облыс тұрғындары министрдің орынбасарына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-тілектерін жеткізді. Іс-шара соңында Мирас Төлебаев жиынға белсенді қатысқаны үшін өңір тұрғындарына алғысын білдірді. «Бірлескен күш-жігермен ғана біз күрделі әлеуметтік мәселелерді шешіп, өңірдің туризм мен спорт саласындағы орнын нығайта аламыз», – деді министрдің орынбасары. Фото: alau.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/910720
Өңірлік спорт басқармалары e-Sport платформасына көшу жұмыстарын жедел әрі сапалы жүргізуі керек 04.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген аппараттық кеңесінде e-Sport цифрлық платформасы таныстырылды. Аталған жоба деректер мен жүйені басқаруда ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз ете отырып, дене шынықтыру және спорт саласын цифрлық трансформациялауға бағытталған. Платформаның негізгі мақсаты – еліміздің барлық аймағындағы спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер және әдіскерлер туралы ақпаратты біріктіретін орталықтандырылған мәліметтер базасын құру. Сонымен қатар платформа спортшылар мен жаттықтырушылардың дене шынықтыру және спорт ұйымдарында жұмыс істейтінін және олардың біліктілігін растауға, электронды спорттық іс-шаралар күнтізбесін құруға және өңдеуге, сондай-ақ спорт нысандарын цифрландыруға мүмкіндік береді. Пилоттық кезеңде платформаның негізгі модульдері іске асырылды. Атап айтқанда, алғашқы кезеңде спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер мен әдіскерлер паспорттарының бірыңғай деректер базасы, іс-шаралардың электронды күнтізбесі және нысандардың тізілімі енгізіледі. Қазіргі таңда платформамен жұмыс істеуге 81 спорт федерациясы мен 6 ұйым қосылды, ал деректер базасына 1700-ден астам спортшының мәліметі салынды. «Министрлік 2025 жылы платформаның функционалдығын кеңейтуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, жарыс хаттамаларын электронды форматта жүргізу, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және статистикалық деректерді проактивті форматта есепке алу енгізіледі. Бұдан басқа, e-Sport платформасын өндірістік пайдалануға енгізу күтіліп отыр. Бұл спорт саласын цифрландыруды дамытудағы маңызды қадам болмақ. Әсіресе, өңірлік спорт басқармалары e-Sport платформасына көшу жұмыстарын жедел әрі сапалы жүргізуі керек», – деді Ербол Мырзабосынов. Айта кетейік, e-Sport цифрлық платформасы спорт саласын тиімді басқаруға жаңа мүмкіндіктерді ашып, спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттыру және сапасын көтеру үшін маңызды құралға айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/911254
Харбин-2025: Қазақстан Ұлттық құрамасының спорттық формасы таныстырылды 04.01.2025
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ұлттық құраманың IX Қысқы Азия ойындарына арналған ресми спорттық формасын таныстырды. Ақ Азиада 2025 жылдың 7-14 ақпан аралығында Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында өтеді.Жаңа форма халықаралық стандарттарға сай әзірленіп, ұлттық талаптар толық ескерілді. Негізгі түстер – қою көк пен ашық көк. Бұл түстер тұрақтылықты, тәуелсіздікті және жаңа белестерге ұмтылысты бейнелейді. Ақ түсті элементтер тазалықты және спорттағы әділдік қағидаттарын айқындайды.Дизайн мемлекеттік рәміздермен: елтаңба және тумен толықтырылған. Сонымен қатар форманың безендірілуінде QAZAQSTAN жазуы, 2025 жылғы IX Қысқы Азия ойындарының логотипі және Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің эмблемасы бар.Форма заманауи технологиялармен жасалған жоғары сапалы материалдардан дайындалған. Спортшылардың жайлылығы үшін табиғи термореттеу қасиетіне ие маталар қолданылды. Сыртқы киім табиғи мамықпен жылытып, жеңіл әрі жылуды сақтайтын етіп жасалған. Спорттық костюмдерде суық жағдайларда да жылу сақтайтын жоғары технологиялық флис пайдаланылды.Форма жиынтығына жылы куртка, желден қорғайтын костюм, жилет, спорттық және жаттығу киімдері, футболка, шорты, бас киімдер, спорттық аяқ киім және әртүрлі аксессуарлар кіреді.IX Қысқы Азия ойындарына Азияның 32 елінен 1147 спортшы қатысады. Жарыс бағдарламасы аясында 6 спорт түрі және 11 дисциплина бойынша 196 медаль жиынтығы сарапқа салынады.Жаңа спорттық форманың жасалуы демеушілер қолдауының арқасында жүзеге асты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/911258
2024 жылдың жарқын жеңістері 04.01.2025
2024 жылдың жарқын жеңістеріАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/912675
CNN Travel нұсқасы бойынша Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тұрарлық ең үздік орындар тізіміне енді 04.01.2025
CNN Travel 2025 жылы саяхаттауға тұрарлық 25 бағыттың тізімін жариялап, Қазақстанды ерекше мәртебеге лайық деп таныды. Атап айтқанда, Алматы қаласы саяхаттауға тиіс ең үздік бағыттардың қатарына енді. Қала кең табиғи ландшафттар мен дамып келе жатқан урбанистік мәдениетті біріктіретін ерекше атмосферасының нәтижесінде Орталық Азияның «жаңа стиль астанасы» деп аталды. 🔹CNN Travel атап өткендей, Алматы — дәмі тіл үйіретін тағамдардан бастап, түнгі өмір, заманауи өнер мен мәдениеті өркендеп келе жатқан әлемдегі сирек қалалардың бірі. Сонымен қатар Тянь-Шань тауларының етегінде орналасуы саяхатшыларға табиғаттың таза сұлулығына оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді. 🔹Қаланың басты көрікті жерлеріне метрополитен станциялары, Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі мен 2025 жылы жаңа ғимаратқа көшетін «Целинный» заманауи мәдениет орталығы жатады. Сондай-ақ Алматы Neo Nomad асханасының отаны болып саналады. CNN Travel Медеу аңғарындағы AUYL мейрамханасын ерекше ұсынып, гастрономиялық саяхатты дәл осы жерден бастауға кеңес береді. ✈️ Редакторлар Алматыға жету бұрынғыдан да оңай бола түскенін атап өткен. Қала Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерімен тікелей әуе рейстерімен байланысады. Сонымен қатар Қазақстан көптеген ел, соның ішінде АҚШ, Канада, Аустралия және Ұлыбритания азаматтары үшін визасыз режим ұсынады. 🔹Алматы өзінің бірегей мәдениеті, табиғи байлығы және заманауи ерекшеліктерімен Орталық Азияның жетекші туристік орталығы мәртебесін нығайта түсуде. 🔗 Толық тізімді мына сілтеме арқылы көре аласыз: https://edition.cnn.com/travel/best-destinations-to-visit-2025/index.html Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/912743
Jibek Joly туристік пойызы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кезекті сапарына аттанды 04.01.2025
Jibek Joly туристік пойызы екінші сапарына шықты. Бұл жолы теміржол саяхатының аясы кеңейіп, Қазақстанның Шымкент және Өзбекстанның Самарқанд қалалары қосылды. Бүгін Jibek Joly туристік пойызы «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Шымкент – Алматы» бағыты бойынша сапарын бастады. Тур 2-7 қаңтар аралығында 5 күнге жалғасады. Екінші сапарға 100-ден астам жолаушы аттанды. Саяхатшылар ежелгі қалалардың ерекше атмосферасына еніп, Ұлы Жібек жолының ізімен саяхаттайды. Маршрутқа қалалардың негізгі көрнекі орындары енгізілген. Туристердің жайлылығы үшін тур бағдарламасына гид қызметі, тамақтану, көрікті жерлерге кіру билеттері мен трансфер қызметтері кіреді. Айта кетейік, бұл жолғы теміржол саяхатының басты ерекшелігі – туристер пойызда түнейді. Пойыз сол уақытта белгіленген бағыт бойынша қозғалысын жалғастырады. Халықаралық турды «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен республикалық «Қазақстан туризм индустриясы» қауымдастығы «Kazakh Tourism ҰК» АҚ және ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/912744
Өнеркәсіп саласындағы жыл көрсеткіші 04.01.2025
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ағымдағы жылдың 11 айындағы жетекшілік ететін салалардағы негізгі көрсеткіштер бойынша мәліметтерді ұсынды.Қазақстанның өнеркәсіп саласы негізгі өңдеуші өнеркәсіп салалары бойынша 5,3% жиынтық көрсеткішпен оң динамика көрсетіп отыр. Оның ішінде машина жасау, қара және түсті металлургия, химияялық өнеркәсіп салалары бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/908893
Жаңа 2025 жыл: Алматы – мыңдаған шам қаласы 03.01.2025
Белгілі фотограф Дмитрий Доценко әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жылдық Алматының керемет және әсем суреттерімен бөлісті. Оның объективіне түрлі-түсті Арбат, Панфилов көшесі, Абай, Астана және Республика алаңдары, сондай-ақ жарқыраған Тұңғыш Президент саябағының көріністері түскен.Жаңа жыл қарсаңында Алматы ерекше безендірілді. Әуежайдан бастап орталық алаңдарға дейін қала толығымен мерекелік кейіпке енді. Қалада 300-ге жуық жарқыраған құрылым орнатылды, олардың арасында ертегі кейіпкерлері мен мерекелік әшекейлер бейнеленген. Сонымен қатар, былтыр жөндеуден өткен 120 шағын сәулет нысандары қайта пайдаланылды. Магистраль бойындағы ағаштар жарықдиодты шамдар мен гирляндалармен безендірілген. Жалпы, қала бойынша 1500 жарық элементі орнатылды, оның ішінде 350-і – қалпына келтірілген өткен жылғы кронштейн.Айта кету керек, Абай алаңында биіктігі 25 метр болатын мегаполистің басты жаңа жылдық шыршасы орнатылды. Биылғы жылы шырша алғаш рет қаңқалы емес, табиғи діңді классикалық стильде жасалды. Оны безендіру үшін алты шақырым гирлянда, түрлі-түсті шарлар және шырша ойыншықтары қолданылды.Сонымен қатар, Абай алаңында 5 қаңтарға дейін жұмыс істейтін жаңа жылдық жәрмеңке ұйымдастырылды. Мұнда кәдесыйлар, қолөнершілердің бұйымдары және мерекелік әшекейлерді табуға болады.Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыда эстрада жұлдыздарының қатысуымен 3 ауқымды концерт өтеді: Абай алаңында сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін Бүркіт, Ақбота-Нұр, Ғазизхан Шекербек, Диана Исмаил, Кенжебек Жанәбілов және басқа да артистердің қатысуымен концерт өтеді.Сондай-ақ, «Нұрлы Тау» бизнес орталығының алдында сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін жастар концерті ұйымдастырылады. Онда DJ Slim, Altair&ABBi, 2RAR, Dakelot және «Аll Давай» бойз-бендінің солисті әрі продюсері Шоқан Маратұлы өнер көрсетеді.Астана алаңында жаңа жылдық концерт сағат 21:00-де басталып, 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін жалғасады. Сағат түнгі 00:00-де мерекелік отшашу ұйымдастырылады.Жаңа 2025 жылды тойлау құрметіне ҚБТУ ғимаратының алдында Ерсейіт Әлиев, Елбол Қуанбек, Ұлжан Ағлақова, Chingiz Typhoon, Makvin, Орынхан, 6ellucci, Мархаба Сәби, Moldanazar және RaiM өнер көрсетеді.https://www.instagram.com/p/DEPNU7gofog/?igsh=MTM4bzlqcG85eDR3Yw== Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/912694
Ұлытау облысында туризм мен спортты дамыту: Ержан Еркінбаев өңір тұрғындарымен кездесті 03.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Ұлытау облысы тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізіп, министрліктің қазіргі қызметі, туризм және спорт саласындағы реформалар туралы айтты. Іс-шараға спорт және туризм саласының өкілдері, өңір тұрғындары қатысты.Кездесуде Ержан Еркінбаев Қазақстан туризмінің тұрақты өсіп келе жатқанын, биыл сала үшін табысты жыл болғанын атап өтті. Сондай-ақ ол биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 562 мың адамға өсіп, жалпы 6 миллионға жеткенін мәлімдеді. Ұлытау облысында осы кезеңде 21 мың туристке қызмет көрсетілген. Ал орналастыру орындары 498 миллион теңге табыс тапқан.Сонымен қатар өңірде туристік инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылады. Себебі аймақта «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық музейі мен «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені сияқты маңызды туристік нысандар бар.Ержан Еркінбаев экотуризм мен глэмпинг сияқты экологиялық тұрғыдан таза және қолжетімді демалыс орындарының маңызын атап өтті. Экотуризмнің дамуы Қазақстандағы ұлттық парктерге келушілердің санын арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Қазіргі таңда Қазақстанда 14 ұлттық парк бар.Кездесу барысында өңірдегі спорттың дамуы да талқыланды. Қазіргі таңда облыста 77 943 адам спортпен шұғылданады, оның ішінде 16 809-ы ауыл тұрғындары. 36 спорт түрін дамытатын 10 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Биыл Жезқазғанда 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін Жезді кентіндегі спорт кешені мен Қаражал қаласындағы жабық бассейн пайдалануға беріледі деп жоспарланған.Есеп беру жиынының соңында министрдің орынбасары азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, олардың ұсыныстарын тыңдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/910116
Өңірлердегі спорттың дамуы мен жай-күйін айқындау үшін құрылған мониторингтік жұмыс тобының есебі тыңдалды 03.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен министрліктің кеңейтілген аппараттық кеңесі өтті. Оған министрлік өкілдерімен қатар, өңірлік спорт басқармаларының және ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.Кеңесте өңірлердегі спорттың дамуы мен жай-күйін айқындау үшін құрылған мониторингтік жұмыс тобының есебі тыңдалды.Мониторинг барысында өңірлерде біршама мәселе анықталған. Атап айтқанда, жарыстарға қатысатын спортшыларды анықтау кезінде өңірдегі басым спорт түрлеріне басымдық берілмейтіні, қаржы бөлу кезінде олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері арасында теңсіздік байқалатыны айтылды. Сонымен қатар спорттық резервті дайындау мен спорт түрлерін дамытуда теңсіздік бар екені, балалар мен жасөспірімдерді спорттық мекемелерге қабылдау жүйесінде бірізділіктің болмауы, дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдары мен федерацияларда медициналық қызметкерлердің тапшылығы анықталған.«Өңірлердегі спорт инфрақұрылымын жақсартып, кадр тапшылығы мен қаржыландыру мәселелерін шешу қажет. Спорт басқармалары мен бағынысты ұйымдарда ұзақ жылдар бойы қызмет етіп жүрген басшыларды өзара ауыстыру тәртібімен ротация жасау мәселесін пысықтау маңызды. Тізілімге енбеген спорт түрлеріне қаржы бөлу, қаржылық ресурстарды тиімсіз пайдалану мәселесі де үнемі назарда болуға тиіс. Сондай-ақ спорттық мекемелер мен аймақтардың статистикалық деректерін жинақтау мен бақылауда да проблемалар бар. Мұны да бір ізге түсіру керек. Спорт саласындағы реформалар мен жаңа бастамаларды іске асыру үшін барлық тараптармен тығыз жұмыс істеуі маңызды», – деді Ербол Мырзабосынов.Кеңес қорытындысы бойынша өңірлік басқармаларға нақты тапсырмалар берілді. Өңірлік спортқа жүйелі түрде бақылау жүргізіп, мониторинг жасауды күшейту қажеттігі айтылды.Әр аймақта спорттық инфрақұрылымды жаңғырту, кадр мәселесін шешу және балалардың спортқа қатысуын арттыру үшін кешенді шаралар қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/911076
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Қызылорда қаласы Ақжарма ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі 02.01.2025
31 желтоқсан күні аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласына қарасты Ақжарма ауылының тұрғындарымен кездеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/911523
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі 01.01.2025
Қымбатты отандастар!Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Бүгін бәріміз жүзжылдықтың ширек ғасырлық белесіне қадам басқалы тұрмыз. Биыл Алтай мен Атырау арасындағы барша жұрт тарихтың жаңа парағын бір мезетте ашады. Халқымыз екі жылдың тоғысар тұсын ізгі ниетпен, ерекше көңіл-күймен күтеді. Өткен күндерді саралап, ескі жылға баға береді. Арман-мақсатын айқындап, болашаққа үлкен үмітпен қарайды. Бұл – нағыз отбасылық мереке. Сондықтан мен баршаңызға, ең алдымен, еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін болсын дегім келеді.Ұлу жылы ұлтымыз үшін маңызды оқиғаларға толы болды. Түрлі саладағы реформалар жемісін бере бастады. Экономиканың жаңа бағдарын белгілеп, нақты шараларды қолға алдық. Өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамуда. Бірқатар ірі өндіріс орны ашылды. Инвестициялық ахуал жақсарды. Мыңдаған шақырым жол салынып, жөнделді. Еліміздегі ең ұзын көпірдің құрылысы аяқталып, халық игілігіне берілді.Диқандарымыз мол астық жинап, қамбаны дәнге толтырды. «Таза Қазақстан» акциясының аясында қалалар мен ауылдар жаңаша келбетке ие бола бастады. Алғаш рет азаматтарымыздың орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті.Өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Ұлттық қордағы қаржының бір бөлігі балалардың есепшотына түсті. Жүзден астам жаңа мектеп ашылды. Көптеген әлеуметтік нысан салынды.Парламент депутаттары қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша заңдар қабылдады. Сондай-ақ биыл біз еліміздің келешегіне айрықша әсер ететін өте маңызды шешім қабылдадық. Атом электр станциясына қатысты референдум өткіздік. Көпшілік бұл бастамаға қолдау білдірді.Қазақстанның әлемдік аренадағы абыройы арта түсті. Астанада беделді халықаралық ұйымдардың маңызды саммиттері өтті.Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына мыңдаған спортшылар мен меймандар келді. Байрақты бәсекені табысты ұйымдастырып, төл өркениетімізді жер жүзіне таныттық. Спортшыларымыз Олимпиада және Паралимпиада ойындарында көк туымызды биікте желбіретті. Оқушыларымыз түрлі білім сайыстарынан жүлделі оралды. Басқа да көптеген табыс бар.Биыл көктемде бірқатар аймақта алапат тасқын болғанын білесіздер. Табиғаттың тосын сынағы бәрімізге ауыр тигені сөзсіз. Соған қарамастан, қиын күндерде халқымыз бір-біріне жанашыр болып, мызғымас бірлігін көрсетті. Зардап шеккен барша азаматқа жан-жақты көмек берілді. Мемлекет ешкімді назардан тыс қалдырған жоқ. Барлық міндеттемесін толық орындады. Жүздеген отбасы Жаңа жылды жаңа шаңырақта қарсы алып жатыр. Біз осылайша ырысты ынтымағымыздың арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Алға сеніммен қадам басамыз. Жүйелі реформалар одан әрі жалғасады. Жоспарымыздың бәрі ойдағыдай орындалады. Алдағы жыл бұдан да табысты болады. Мен Президент ретінде бұған бар күш-жігерімді саламын.Үкімет тиімді жұмыс атқарып, экономиканың қарқынды өсімін қамтамасыз етуге тиіс. Жаңа өндіріс орындарын ашып, бизнеске қолайлы жағдай жасау қажет. Жол салуды жалғастырып, коммуналдық саладағы түйткілді мәселелерді шешу керек. Цифрлық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні қолдану аясын кеңейткен жөн. Ауыл еңбеккерлерін барынша қолдау маңызды. Басты мақсатымыз – азаматтардың әл-ауқатын арттыру.Мемлекет білім беру және денсаулық сақтау, ғылым және мәдениет салаларын дамытуға баса мән береді.Біз жаңа мектептер мен ауруханалар салып, педагогтердің, дәрігерлердің, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлерінің мәртебесін көтере береміз. Жастарға да міндетті түрде қолдау көрсетеміз.Келесі жылы елімізде бірнеше айтулы оқиға болады. Біз Ұлы Жеңістің 80 жылдығын лайықты атап өтеміз. Ата Заңымыздың және Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз жылдық мерейтойларын жоғары деңгейде өткіземіз. Сондай-ақ ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойын лайықты атап өтуіміз керек.Мен алдағы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияладым. Бұл – еңбек адамдарына деген ерекше құрметтің белгісі. Біз отаншылдық, еңбекқорлық және біліктілікке айрықша мән береміз. Дәл қазір мерекеге қарамастан мыңдаған отандасымыз жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында шекарашылар, дәрігерлер, тәртіп сақшылары, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер, өндіріс басындағы мамандар және басқа да азаматтар бар. Мұны өз ісіне деген адалдықтың нағыз үлгісі деуге болады. Мен бүкіл халқымыздың атынан Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Шетелде білім алып жатқан немесе жұмыс істеп жүрген азаматтарымызға амандық тілеймін!Қадірлі ағайын!Осы мерекелік сәтте мен әр шаңыраққа шаттық тілеймін! Жаңа жыл әр азаматқа жақсылық әкелсін! Төрт құбыламыз түгел болсын! Ардақты аналарымыз бен ардагерлеріміз аман болсын! Жас ұрпақтың жолы ашық, болашағы жарқын болсын! Қастерлі Отанымыз өсіп-өркендей берсін! Жаңа жылда баршаңызға амандық, бақ-береке тілеймін!Әр үйде қуаныш көп болсын! Сіздерге мықты денсаулық тілеймін! Ырыс-несібелеріңіз арта берсін!Жаңа жыл құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/912706
Атырау қаласында білім беру сапасын арттыруға бағытталған «Nazar» жобасы іске қосылды 30.12.2024
Жобаның ресми ашылу салтанатына облыс әкімі Серік Шәпкенов пен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.«Nazar» – «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп әзірленген білім беру сапасын жақсартуға бағытталған пилоттық жоба. Жоба аясында қаладағы 64 мектепке 2 426 бейнебақылау камерасы орнатылды. Жоба мұғалімдердің сабақ беру сапасын әділ бағалау және оларға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында жасалды.Білім беру процесіне мониторинг жүргізуді облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинеті жүзеге асырады. Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, камералар арқылы негізгі критерийлер тіркеледі. Бағалау сабақтың мақсаты, оқыту әдістері, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара әрекеттестік, цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану, сабақ құрылымы және уақытты тиімді пайдалану аспектісі арқылы жүзеге асырылады.Әдістемелік орталықтың қызметкерлері сабақтарды нақты уақыт режимінде қадағалап, талдау мүмкіндігіне ие. Мұғалімдерге кері байланыс пен әдістемелік қолдау «kundelik.kz» платформасы арқылы беріледі.Бұрын әдіскерлер жылына шамамен 1 500 сабақты бағалады, себебі әр кабинетке барып-қайту көп уақытты алды. «Nazar» жобасының іске қосылуымен бұл процесс тиімдірек болмақ. Яғни мамандар бір компьютермен барлық сабақты қашықтықтан талдай алады. Бұл жылына 5 100 сабаққа дейін бағалауға мүмкіндік беріп, мұғалімдердің жұмысын жан-жақты талдау мен қолдауға жағдай жасайды.Жаңа жүйе әдіскерлердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді, кабинеттерді физикалық тұрғыда араламайды және жалпы білім беру мен оқыту сапасының артуына ықпал етеді.«Nazar» жобасын алдағы уақытта қала мектептерінен бөлек, аудандық білім орадаларында іске асыру жоспарланған, бұл облыс оқушыларының білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/911276
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды 30.12.2024
Қыс басынан бері Астанадан 79 881 ауыр жүк көлігі рейсімен миллион текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.14 желтоқсаннан бастап түнгі ауысымда. 15-іне дейін қала көшелерін қар мен мұздан тазартуға 160-тан астам адам жол қызметкерлері мен 600-ден астам арнайы техника шықты.14 желтоқсанда Ауыр жүк көлігінің 803 рейсінде 10 152 мың текше метр қар жауды.Ережеге сәйкес, көлік кептелісі болмас үшін бірінші кезекте қалада көлік қозғалысы өте көп аумақтар тазартылады. Сондай-ақ қар орташа қарқындылықтағы аумақтардан – алаңдардан, вокзал аумақтарынан, тротуарлардан, әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдардан және т.б. тазартылады.Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі бағыттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалауға басымдық беріледі.Елордада бірнеше жабдықталған қар полигондары бар. Олар самосвалдардың нөмірлерін оқу жүйесімен жабдықталған, бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарын жолда сақ болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды және жол жүруден бас тартуды сұраймыз. дауылды ескерту кезінде ұзақ сапарлар.Төтенше жағдай кезінде 112 қоңырауы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/903314
«ҮЗДІК АУЫЛ ДӘРІГЕРІ» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ СҮЛЕЙМАН ГАНДАЛИЕВ БОЛДЫ 30.12.2024
Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің арасындағы «Кәсібінің үздігі» республикалық байқауының қорытындысы бойынша Сүлейман Керімұлы Гандалиев «Үздік ауыл дәрігері» номинациясының жеңімпазы болып анықталды. 1996 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірген сәттен бастап Сүлейман Керімұлы өзін ауыл медицинасына арнады. Бүгінде ол Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның Қарағанды дәрігерлік амбулаториясының дәрігері болып жұмыс істейді. Ондаған жылдар бойы жұмыс істеген ауыл дәрігері өз ауылдастарының үлкен құрметіне ие болды және өз ауданында өмірді сақтайтын нағыз қаһарманға айналды. 2021 жылы Сүлейман Гандалиев жоғары біліктілігі мен медицина ісіне адалдығы үшін «Шапағат» медалімен марапатталды. Денсаулық сақтау министрлігі биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізуде және әрбір жеңімпазға өз номинациялары бойынша материалдық көтермелеу ретінде 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/903326