Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Салықтық есептілікті ұсыну мерзімін ұзартудың күшін жою туралы 22.05.2026
Салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту жойылды.Нөлдік есептілікті автоматты түрде қалыптастыру нормасының енгізілуіне байланысты СЕН тапсыру мерзімін ұзарту енді қарастырылмайды.Сондықтан салық төлеушілер есептілікті алдын ала дайындап, белгіленген мерзімде ұсынуы қажет.Салық есептілігін кері қайтарып алуды және оны ұсыну мерзімін ұзартуды алып тастауға қатысты нормалар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және осы күнге дейін туындаған құқықтық қатынастарға да қолданылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1225336?lang=ru
Террористік тұрғыдан осал объектілердің қауіпсіздігі: Абай облысында мемлекеттік органдардың бірлескен сабақтары өтті 22.05.2026
        2026 жылғы 21 мамырда «Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысының және Абай облысының мамандандырылған күзет қызмет басқармасы» ММ өкілдерімен Абай облысы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті және Абай облысы бойынша мемлекеттік қазынашылық департаментімен бірлесіп төтенше жағдайларда құқық қорғау және арнайы органдармен өзара дұрыс іс-қимыл жасауға үйрету мақсатында қызметкерлерге күдікті заттар табылғанда немесе анонимді қатерлер (телефон арқылы немесе жазбаша) түскенде қолданылатын іс-қимылдардың нақты тәртібін жеткізу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін террористік тұрғыдан осал объектілердің (ТОО) персоналымен бірлескен сабақтар өткізілді. Іс-шарада нұсқаулықтар және теракт қаупі төнген кездегі іс-қимыл алгоритмдері туралы баяндама тыңдалып, бейнеролик қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1225349?lang=ru
Қазақстан өкілдері Еуропа Кеңесі алаңында қылмыстық істер бойынша халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады 22.05.2026
Страсбург, 2026 жылғы 20 мамыр – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдері Қылмыстық істер бойынша ынтымақтастық жөніндегі еуропалық конвенцияларды қолдану мәселелері жөніндегі сарапшылар Комитетінің (PC-OC) 89-пленарлық отырысына қатысты.Қазақстандық делегация құқықтық көмек көрсету саласындағы еліміздің халықаралық ынтымақтастығы, Қазақстанда жүргізіліп жатқан ұлттық құқықтық жүйені жаңғырту үдерістері, сондай-ақ Еуропа Кеңесімен сындарлы өзара іс-қимыл туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.Отырыс барысында қатысушылар қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық ынтымақтастық тетіктерін жетілдірудің өзекті мәселелерін, оның ішінде мемлекеттердің құзыретті органдары арасындағы практикалық өзара іс-қимыл нысандарын дамыту мәселелерін талқылады.Қазақстан тарапы қылмыстық сот төрелігі саласында еуропалық серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, озық тәжірибе алмасуға және халықаралық өзара іс-қимылдың шарттық-құқықтық базасын дамытуға бейілдігін растады.Комитет қызметіне қатысу Қазақстанның заң үстемдігін нығайту, заңнамалық базаны одан әрі жетілдіру және халықаралық стандарттарға сәйкес құқықтық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі дәйекті жұмысының маңызды элементі ретінде қарастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1225354?lang=ru
Көркем еңбек пәні мұғалімдерінің облыстық қауымдастығының отырысы 22.05.2026
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2026 жылдың 21 мамырында көркем еңбек пәні мұғалімдерінің кәсіби дамуын қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін арттыру және көркем еңбек пәні бойынша білім сапасын көтеру мақсатында көркем еңбек пәні мұғалімдерінің облыстық (онлайн) қауымдастығының 2-ші отырысын өткізді.Отырысқа аудандық, қалалық қауымдастықтың төрағалары және көркем еңбек пәні мұғалімдері қатысты.Отырыс барысында қауымдастықтың оқу жылы көлемінде атқарылған жұмыстар барысы жайлы айтылып, 2026-2027 оқу жылының жұмыс жоспарын жасау бойынша ұсыныстар қарастырылды.Отырыста жоспар бойынша «Сабақ барысында заманауи құралдар мен ұлттық құндылықтардың ұштасуы» тақырыбында ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектебі» КММ көркем еңбек пәні мұғалімі Қызырханова Аяулы Бақытбекқызы және «От идеи до готового изделия: организация проектной деятельности на уроках художественного труда» тақырыбында ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей» КММ көркем еңбек пәні мұғалімі Васильева Елена Викторовна тәжірибесімен бөлісті.Сондай-ақ Астана қаласының Ы. Алтынсарина атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің көркем еңбек мектеп мұғалімі, педагогикалық ғылымдар магистрі, «Алматы кітап» баспасынан шыққан 8-сынып оқушыларына арналған «Көркем еңбек» оқулығының (қыз балаларға арналған нұсқасының) авторы Тунгишбаева Жанар Бауыржановна оқулығымен таныстырды.Спикерлер тақырыпқа сай, мазмұнды іс-тәжірибелер көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1225358?lang=ru
Салық есептілігінің түрлеріне қатысты өзгерістер 22.05.2026
Жаңа Салық кодексіне сәйкес «Хабарлама бойынша қосымша» салық есептілігінің түрі «Хабарлама бойынша» түріне өзгертілді. Бұл ретте, хабарлама бойынша бастапқы немесе қосымша салық есептілігі ұсынылуы мүмкін.Тарату салық есептілігі тек келесі жағдайларда ұсынылады: қызметті тоқтату, тарату және қайта ұйымдастыру жағдайларында , сондай-ақ қосылған құн салығын төлеуші ретінде есептен шығарылған кезде ғана ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1225410?lang=ru
Молдованың елшісі ҚР СІМ-де сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті 22.05.2026
Астана, 2026 жылғы 21 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Қазақстан Республикасындағы Молдова Республикасының жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Игорь Молдованнан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын, сондай-ақ алдағы екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады.Сондай-ақ екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасу өтті.Кездесуді соңында, Молдова Елшісі жылы қабылдау үшін алғыс айтып, достық пен әріптестік рухында мемлекетаралық қарым-қатынастарды дәйекті дамыту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1225411?lang=ru
Өскемен қаласында «Қызмет алушылар күні» өтті 22.05.2026
2026 жылғы 20 мамырда Өскемен қаласының №3 ХҚКО-да халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы азаматтарды ақпараттандыру мақсатында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтті.Іс-шараға Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлік және салық саласы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың мамандары қатысты.Кездесу барысында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, өтініш беру жолдары, электрондық сервистерді пайдалану, сондай-ақ салық заңнамасындағы және салықтық есептілікті ұсыну тәртібіндегі өзгерістер түсіндірілді.Іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтары бойынша кеңес алып, мемлекеттік органдардың электрондық сервистерімен жұмыс істеу бойынша практикалық көмек алды.Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға, халықпен кері байланысты дамытуға және азаматтардың цифрлық сауаттылығын көтеруге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1225450?lang=ru
«Халық бухгалтері» акциясы Маңғыстау облысында жалғасуда 22.05.2026
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі кәсіпкерлерді қолдауға және бухгалтерлік және салық есебін жүргізу сапасын арттыруға бағытталған «Халық бухгалтері» акциясын жалғастыруда.Акция 2026 жылдың 5 қаңтарында басталып, 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады. Бастама аясында жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілері мәселелер бойынша тегін кәсіби кеңес ала алады:- бухгалтерлік есеп;- салық есептілігі;- салық органдарының ақпараттық жүйелеріндегі жұмыстар.Маңғыстау облысында консультациялар Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Ақтау қаласы, 31б-35 мекенжайы бойынша өтеді.Бетпе-бет кеңес беру кестесі (2026 жылдың наурызынан бастап): сейсенбі және бейсенбі 10.00-ден 13.00-ге дейін.Кәсіпкерлерге қол жетімді:- бейне кеңес алу;- қабылдау уақытында аудандық және қалалық басқармалармен телефон байланысы;- ресми ресурстар арқылы онлайн-кеңес алу;- вебинарлар (онлайн және офлайн форматта);- есепті кезеңдердегі тақырыптық консультациялық сессиялар.«Халық бухгалтері» - бұл бақылау моделінен салық төлеушілерді сервистік сүйемелдеуге көшудің алғашқы қадамы. Алдағы уақытта қаржы министрлігі бұзушылықтардың алдын алу шараларын кеңейтуді және бизнесті консультациялық қолдау сапасын күшейтуді жоспарлап отыр.Маңғыстаудың барлық кәсіпкерлерін тегін көмекті белсенді пайдалануға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1225462?lang=ru
Қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті 22.05.2026
2026 жылғы 19 мамырда Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Сессияға мәслихат төрағасы Омарғали Байғабылов төрағалық етті.Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Депутаттардың шешімімен №16 сайлау округі бойынша депутат Ольга Игимбаеваның өкілеттігі жеке өтініші негізінде тоқтатылды.Сонымен қатар, Қостанай қаласының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізілді.Сессия барысында №3 сайлау округі бойынша депутат Дмитрий Павленкоға қатысты депутаттық өкілеттікті мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болған жағдай туралы ақпарат айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1225480?lang=ru
Ашық есік күні: «Бірге мүмкіндіктер жасайық!” 22.05.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-social-karagandy/press/news/details/1225491?lang=ru
Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларының сенім телефондары 22.05.2026
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ жұмыс істейтінін хабарлайды:Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы – 338-46-64;Бостандық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы – 8-707-397-24-37;Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы – 279-43-30,8-775-470-86-03;Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы – 270-07-90;Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы – 221-58-68;Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы – 8-708-848-95-51;Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы – 299-83-59;Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы – 338-41-25.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1225506?lang=ru
Салық есептілігін ұсыну мерзімдері 22.05.2026
С 2026 года введено новшество касательно представления Декларации по НДС. Так, в соответствии со статьей 505 Налогового кодекса НДС ФНО 300.00 представляется не ранее 15 числа месяца, следующего за отчетным налоговым периодом и не позднее 15 числа второго месяца, следующего за отчетным налоговым периодом.Данное изменение обусловлено тем, что многие налогоплательщики, не дожидаясь получения всех электронных счетов-фактур, подают отчетность с неполными данными, а впоследствии вынуждены представлять дополнительные формы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1225543?lang=ru
Состоялась встреча с известной писательницей Сауле Досжан 22.05.2026
Алматы облысының Ұйғыр ауданында белгілі қаламгер Сәуле Досжанмен кездесу өткізілді. Рухани кешке ауыл тұрғындары, ұстаздар мен оқушылар, ауылдан түлеп ұшқан түлектер қатысты. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те тағылымды жүздесуге арнайы барып, Сәуле Мағазбекқызының елеулі еңбегін айрықша атап өтті, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Марат Елеусізұлы қаламгердің туған жерге деген жанашырлығы мен жас ұрпаққа көрсетіп жүрген қамқорлығы көпке үлгі екенін айтты. Сондай-ақ елдің рухани дамуына үлес қосқан еңбегі қашанда құрметке лайық екенін жеткізді.ҚР Мәдениет қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын, жазушы, журналист Сәуле Досжан – қазақ прозасында өзіндік үні, нәзік лиризмі мен терең психологиялық иірімдері арқылы танылған қаламгер. «Үшінші есіктің құпиясы», «Жатқа туған бала», «Үлкен үйдегі үрей», «Қасірет пен тағдыр», «Ауылдан шыққан миллионер», «Үзілмеген үміт», «Біртуар» және өзге де прозалық шығармаларын оқырман сүйіп оқиды. Туындылары орыс, испан, неміс, қытай, ағылшын, араб, француз, венгер, түрік, чех және қырғыз тілдеріне аударылған. Онда адам жанының құпиясы, әйел тағдыры, отбасы құндылығы мен ұлттық болмыс айрықша көрініс табады.Жыл сайын туған ауылы Ақтамға келіп, өзі білім алған мектептегі талапты, талантты шәкірттерге қолдауын білдіріп, шәкіртақысын беруді дәстүрге айналдырған. Биыл да 32 оқушы Сәуле Мағазбекқызының қолынан марапат алды. Олардың барлығы да – пән олимпиадалары мен әдеби оқу байқауларының, ғылыми зерттеу жобаларының жеңімпаздары. Сондай-ақ қаламгер ауылдағы мектептің жаңаруына, медпункттың салынуына атсалысқан.Шара барысында Сәуле Досжанның өлеңдері оқылып, өмір жолынан сыр шертетін театрландырылған көрініс қойылды. Аудан өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, әуезді әуенді төгілтті.«Туған жерге туыңды тік» дейді дана халқымыз. Туып-өскен жеріңнің көркейіп-гүлденуіне үлес қосу – әрбір перзенттің парызы. Сондықтан Сәуле Досжанның өнегелі ісі көпшілікке үлгі, құрметке лайық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1225547?lang=ru
Пробациялық бақылауда жүрген сотталған пробация қызметкерлерінен жасырынуға әрекеттенген 22.05.2026
Шығыс Қазақстан облысында электронды білезікпен пробациялық бақылауда жүрген сотталған азамат белгіленген шектеулерді екі рет бұзып, пробация қызметкерлерінен жасырынуға әрекеттенген.Бұған дейін де ол түнгі уақытта өз бетінше тұрғылықты мекенжайынан шығып, қала ішінде жүргені үшін пробация қызметкерлерінің назарына іліккен. Аталған құқық бұзушылық үшін оған ресми ескерту жасалып, бақылаудан жалтарудың салдары түсіндірілген болатын.Алайда бұл да жеткіліксіз болды.Кезекті мониторинг барысында электронды білезік кенеттен байланыстан ажыраған. Дабыл сигналы бірден түсіп, ШҚО бойынша ҚАЖД пробация қызметінің қызметкерлері дереу сотталғанның тұрғылықты мекенжайына барған. Бірақ олар жеткенше азамат үйден кетіп үлгерген.Пробация қызметінің қызметкерлері екі тәулік бойы іздестіру шараларын жүргізіп, оның қайта оралуы мүмкін деген болжаммен үй маңында кезекшілік атқарған.Күдік расталды.Екінші тәулікте сотталған азамат жеке заттарын алу үшін үйіне келген сәтте пробация қызметкерлерімен ұсталды.Қазіргі таңда оған қатысты жазаны қатаң түрге ауыстыру туралы материал сотқа жолданды.ШҚО бойынша ҚАЖД мәліметінше, электронды білезік — сотталған азаматқа қоғамнан оқшауланбай, отбасының жанында болып, түзелуге мүмкіндік беретін бақылау шарасы. Алайда жасырынуға әрекеттену мен заң талаптарын елемеу жазаның ауырлауына әкеледі, деді ШҚО бойынша ҚАЖД ресми өкілі Салтанат Ожиканова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1225581?lang=ru
2026 жылдан бастап салық есептілігін қабылдау 22.05.2026
Жаңа кодекс салықтық әкімшілендіруде сервистік және цифрлық тәсілді бекітеді.Практикада бұл мынаны білдіреді:🔹 декларациялар жүйеде бар деректер негізінде автоматты түрде алдын ала толтырылады;🔹 есептілікті қабылдау және өңдеу кезінде жүйе толтырудың толықтығы мен дұрыстығын тексереді (форматтық-логикалық бақылау), бұл адам факторынан туындайтын қателерді азайтады;🔹 салық төлеуші белгіленген мерзімде есептілікті ұсынбаған жағдайда, жүйе нөлдік көрсеткіштермен салық есептілігін автоматты түрде қалыптастырады.Бұл үшін салық төлеушінің жеке кабинетінде (СӘИЖ СТК) ұсынылуға жататын салық есептілігінің нысандары алдын ала көрсетілуі тиіс. Егер нысандар көрсетілмесе, жүйе есептілікті автоматты түрде қалыптастыра алмайды.Сондықтан, оның ішінде жаңадан тіркелген салық төлеушілер, сондай-ақ қызмет түрі өзгерген жағдайда, Жеке кабинетте ұсынылатын СЕН -ын міндетті түрде көрсетуі қажет.Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 115-бабы 2-тармағының ережелерін іске асыру мақсатында Салық әкімшілігінің интеграцияланған жүйесінің Салық төлеушінің кабинетінде (СӘИЖ СТК) салық төлеушілерге ұсынылуға жататын салық есептілігінің нысандарын көрсетуге мүмкіндік беретін функционал іске қосылды.Салық төлеушілерге (жеке тұлғаларды қоспағанда) «Ұсынылатын СЕН» қызметінде ұсынылуға жататын салық есептілігінің нысандарын көрсету қажет.Кезекті/бастапқы салық есептілігі салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, салық органдарының ақпараттық жүйесі ұсыну мерзімі өткеннен кейін нөлдік көрсеткіштермен автоматты салық есептілігін қалыптастырады.Бұл ретте салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілер болған кезде салық төлеуші салық кезеңі үшін автоматты салық есептілігіне қосымша салық есептілігін ұсынуға міндетті.Автоматты салық есептілігін қалыптастыру 2026 жылдың бірінші салық кезеңінен басталады.Функционалмен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық Көмек– анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.Егер салық төлеуші есептілікті пошта арқылы жіберіп, құжат «Құжат қабылданды» мәртебесін алса, автоматты түрде қалыптастырылған нөлдік СЕН жойылады.Салық есептілігін автоматты түрде қалыптастыру жөніндегі жаңашылдық мыналарға мүмкіндік берді:🔹 салық есептілігін ұсынбағаны туралы хабарламалар жіберуді және банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығаруды болдырмайды;🔹 Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 272-бабы шеңберінде микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тартуды алып тастайды.Білу қажет маңызды өзгеріс!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1224889?lang=ru
Алтын Орда – өркениеттік феномен 22.05.2026
2026 жылғы 19–20 мамырда Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Алтын Орда – дала өркениетінің моделі ретінде: тарих, археология, мәдениет және бірегейлік» тақырыбына арналған халықаралық симпозиум өтті.Іс-шараға 350-ден астам делегат қатысты, олардың қатарында халықаралық ұйымдардың өкілдері, шетелдік және қазақстандық жетекші тарихшылар, археологтар, зерттеушілер мен Ұлы дала және Алтын Орданың тарихын зерттейтін ғалымдар болды. Қазақстан өзін Алтын Орда мен Ұлы даланың мемлекеттік дәстүрлерінің тікелей мұрагері ретінде қарастырады.Алтын Орда өз дәуіріндегі ең ірі саяси құрылымдардың бірі болып, Еуразияның кең аумақтарын қамтып, Шығыс пен Батысты байланыстырды. Ол өркениеттердің қалыптасуына, мемлекеттік басқару жүйесінің дамуына және Ұлы даланың тарихи эволюциясына елеулі үлес қосты. Алтын Орданың тарихы бүгінгі күнге дейін Қазақстанның ұлттық тарихының да, жалпы адамзат тарихының да маңызды бөлігі болып қала береді. Алтын Орданың қуаты тек кең аумақтармен шектелмей, тиімді басқару мен институционалдық тұрақтылыққа да сүйенді.Империя кең әрі алуан түрлі аумақта тұрақтылықты қамтамасыз еткен озық құқықтық, әкімшілік және дипломатиялық жүйелерді дамытты. Мемлекеттің маңызды сипаттары меритократия, тәртіп, әділеттілік және әртүрлі этникалық және діни қауымдастықтардың бейбіт қатар өмір сүруі болды. Алтын Орда Еуразияның ірі державаларымен белсенді дипломатиялық қатынастар орнатып, кейінгі еуразиялық мемлекеттердің дамуына елеулі ықпал етті. Ұлы далада көшпелі өмір салтына, саудаға және көшпелі және отырықшы халықтардың тығыз өзара әрекетіне негізделген ерекше өркениет үлгісі қалыптасты.Алтын Орда Еуразияның маңызды сауда жолдарын бақылап, даланы Шығыс пен Батысты байланыстыратын қауіпсіз транзиттік дәлізге айналдырды. Империя дамыған ақша-сауда жүйелерін қалыптастырып, ауқымды теңге соғу өндірісін және гүлденген сауда орталықтарын дамытты. Алтын Орда дәуірі түркі әдебиеті, музыкасы және эпикалық поэзиясының «алтын ғасырының» қалыптасуына ықпал етті, олардың ықпалы бүгінгі күнге дейін аймақ мәдениетінде сақталып келеді. Қазақстан өзін Алтын Орда мен Ұлы даланың мемлекеттік дәстүрлерінің тікелей мұрагері ретінде қарастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1225702?lang=ru
Ұландықтар еркін күрестен Қазақстан Кубогында жүлдегер атанды 22.05.2026
Алматыда еркін күрестен Қазақстан Кубогы өтті, оған еліміздің мықты спортшылары қатысты. Қатысушылар қатарында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 6636 әскери бөлімінің спорттық командасынан жеті әскери қызметші бар.Ұландықтар жеке біріншілікте бірқатар жүлделі орындарға ие болып, жоғары дайындық деңгейін, мығым рух пен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті.86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған аға лейтенант Азамат Дәулетбеков турнир жеңімпазы атанды. Ефрейтор Санжар Досжанов 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанып, команда қоржынына тағы бір "алтын" әкелді.Ефрейтор Асыл Айтақын 61 келіге дейінгі санаттағы күміс медальді жеңіп алды. 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ефрейтор Әкежан Айтбеков, 86 келіге дейінгі санатта ефрейтор Болат Сақаев жарыстың қола жүлдегерлері атанды.Ұландықтардың республикалық турнирдегі жоғары нәтижелері құқықтық тәртіп әскерінде спорттық дайындықтың жоғары екенін және жоспарлы жаттығу жұмыстарының, сондай-ақ жеке құрамның кәсіби-физикалық қабілеттерін жетілдірудің нәтижесін көрсетті.  ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1225722?lang=ru
KazAID пен ALIPH өзара әрекеттестік мәселелерін талқылады 22.05.2026
21 мамырда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі төрағасының орынбасары Ж.Асанов Мәдени мұраны қорғау жөніндегі дүниежүзілік альянстің (ALIPH) атқарушы директоры В.Фреланмен оның Қазақстандағы сапары аясында кездесті. Кездесу өзара танысу сипатында өтті.Әңігме кезінде тараптар өз жұмыстарының негізгі бағыттары туралы айтты. KazAID өкілдері ALIPH-ке агенттіктің 2026 жылдағы жұмысы жайлы, сондай-ақ, әріптес елдермен және басқа да шетелдік халықаралық даму агенттіктерімен әрекеттестіктер туралы баяндап берді.Ж.Асанов су ресурстарын басқару мен азық-түлік қауіпсіздігі аймақ елдерін толғандырып отырғаны жайлы айтты.Тараптар бірлескен іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асыруды қарастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1225733?lang=ru
Қазақстан мен Pfizer денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мәселелерін талқылады 22.05.2026
Астана, 2026 жылғы 21 мамыр - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Ержан Ашықбаевтың «Пфайзер Қазақстан» ЖШС Бас директоры, Pfizer компаниясының Қазақстан, Орталық Азия елдері, Кавказ және Моңғолия (CauCAR) бойынша субкластерінің басшысы Дмитрий Козенковпен кездесті.Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қатысты.Тараптар Pfizer компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобасын іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады.Министрдің бірінші орынбасары Pfizer компаниясы Қазақстанның денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы негізгі халықаралық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Осыған байланысты медициналық саладағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін болжамды әрі қолайлы жағдайларды қамтамасыз етудің маңыздылығына ерекше тоқталды.Тараптар ынтымақтастықты дамыту және заманауи медициналық шешімдерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша конструктивті өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделі екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1225758?lang=ru
Корея Республикасында Hyundai Motor Group компаниясымен инвестициялық және технологиялық ынтымақтастық перспективалары талқыланды 22.05.2026
Сеул, 2026 жылғы 19 мамыр – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали Hyundai Motor Group компаниясының атқарушы вице-президенті Ильбом Киммен кездесті.Тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, іскерлік байланыстарды нығайту, өнеркәсіптік және технологиялық кооперацияны кеңейту, сондай-ақ өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын айқындау мәселелері бойынша пікір алмасты.Қазақстандық дипломат Қазақстан мен Оңтүстік арасындағы стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін атап өтіп, қазақстандық тараптың жетекші кореялық компаниялармен өзара іс-қимылды кеңейтуге және перспективалы бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екенін жеткізді.Қазақстан Президентінің Корея Республикасына алдағы мемлекеттік сапары және алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» Саммиті аясында екі елдің кәсіпорындары үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша жұмысты жалғастыруға және диалогты дамытуға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1225793?lang=ru