2026 жылдан бастап салық есептілігін қабылдау

2026 жылдан бастап салық есептілігін қабылдау

22.05.2026 08:13:44 160

Жаңа кодекс салықтық әкімшілендіруде сервистік және цифрлық тәсілді бекітеді.

Практикада бұл мынаны білдіреді:

🔹 декларациялар жүйеде бар деректер негізінде автоматты түрде алдын ала толтырылады;

🔹 есептілікті қабылдау және өңдеу кезінде жүйе толтырудың толықтығы мен дұрыстығын тексереді (форматтық-логикалық бақылау), бұл адам факторынан туындайтын қателерді азайтады;

🔹 салық төлеуші белгіленген мерзімде есептілікті ұсынбаған жағдайда, жүйе нөлдік көрсеткіштермен салық есептілігін автоматты түрде қалыптастырады.

Бұл үшін салық төлеушінің жеке кабинетінде (СӘИЖ СТК) ұсынылуға жататын салық есептілігінің нысандары алдын ала көрсетілуі тиіс. Егер нысандар көрсетілмесе, жүйе есептілікті автоматты түрде қалыптастыра алмайды.

Сондықтан, оның ішінде жаңадан тіркелген салық төлеушілер, сондай-ақ қызмет түрі өзгерген жағдайда, Жеке кабинетте ұсынылатын СЕН -ын міндетті түрде көрсетуі қажет.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 115-бабы 2-тармағының ережелерін іске асыру мақсатында Салық әкімшілігінің интеграцияланған жүйесінің Салық төлеушінің кабинетінде (СӘИЖ СТК) салық төлеушілерге ұсынылуға жататын салық есептілігінің нысандарын көрсетуге мүмкіндік беретін функционал іске қосылды.

Салық төлеушілерге (жеке тұлғаларды қоспағанда) «Ұсынылатын СЕН» қызметінде ұсынылуға жататын салық есептілігінің нысандарын көрсету қажет.

Кезекті/бастапқы салық есептілігі салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, салық органдарының ақпараттық жүйесі ұсыну мерзімі өткеннен кейін нөлдік көрсеткіштермен автоматты салық есептілігін қалыптастырады.

Бұл ретте салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілер болған кезде салық төлеуші салық кезеңі үшін автоматты салық есептілігіне қосымша салық есептілігін ұсынуға міндетті.

Автоматты салық есептілігін қалыптастыру 2026 жылдың бірінші салық кезеңінен басталады.

Функционалмен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық Көмек– анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.

СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.

Егер салық төлеуші есептілікті пошта арқылы жіберіп, құжат «Құжат қабылданды» мәртебесін алса, автоматты түрде қалыптастырылған нөлдік СЕН жойылады.

Салық есептілігін автоматты түрде қалыптастыру жөніндегі жаңашылдық мыналарға мүмкіндік берді:

🔹 салық есептілігін ұсынбағаны туралы хабарламалар жіберуді және банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығаруды болдырмайды;

🔹 Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 272-бабы шеңберінде микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тартуды алып тастайды.

Білу қажет маңызды өзгеріс!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1224889?lang=ru