Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

«ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНДЕ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА ҚАБЫЛДАНДЫ 24.12.2024
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бірінші оқылымда қабылданды. Заң жобасы Мемлекет басшысының қалаға рухани және тарихи орталық ретінде ерекше мәртебе беру тапсырмасына сәйкес әзірленген. Маңызды құжатты әзірлеуге Түркі мемлекеттері ұйымының Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани астанасы ретінде тануы және қаланың тарихи келбетін және оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау қажеттілігі негіз болды.Осы ретте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмысшы топпен кездесіп, мәселені талқылаған болатын. Түркістандық тұрғындар да Мемлекет басшысының бұл бастамасын қызу қолдады.Заң жобасын ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ҚР Экономика министрі премьер-министр орынбасары – ҚР Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров таныстырды. Сонымен бірге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Темір Қырықбаев қосымша баяндама жасады.Түркістанның мәртебесі туралы Заң жобасын талқылау 1,5 сағатқа созылды. 15 депутат сауалдарын жолдап, пікір білдірді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты сұрақтарға жауап берді.Бұл Заң жобасын әзірлеу барысында Ұлыбритания, Италия, Өзбекстан, Әзербайжан және тағы басқа елдердің тарихи ескерткіштерін сақтап қалу тәжірибелері зерттелді. Заң 4 тараудан және 15 баптан тұрады, Түркістан қаласын Қазақстан Республикасының рухани-мәдени және тарихи орталығы ретіндегі ерекше мәртебесін айқындайтын құқықтық негіздерді белгілейді.Заң жобасының негізгі новеллаларына тоқталсақ, Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру; Ұлттық қолөнершілер шығындарының бір бөлігін бюджеттен өтеу; Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы құрылысты шектеу, құрылыстың бөгде элементтеріне жол бермеу және оның бірегейлігін сақтау көзделген. Атап айтқанда, кесененің қорғау аймағының шекарасына іргелес жатқан 100 метрлік қашықтықта биіктігі 7 метрден асатын, сондай-ақ ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарихи ескерткіштермен сәйкес келмейтін ғимараттар салуға жол берілмейді. Сонымен бірге шаһар басшылығы мемлекеттік әлеуметтік объектілерді салу үшін жеке құрылыс салушыларға уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын алу және беру бойынша шешім қабылдай алады. Түркістан қаласының әкімдігі мен қалалық мәслихатқа қосымша 34 құзырет беріледі.Айта кетейік, Түркістан қаласының халық саны соңғы үш жылда 31,5%-ға артып, 2024 жылдың 1 қарашасына 236 333 адамды құрады. Облыс орталығы болғалы жалпы өңірлік өнім көлемі 4,5 есе өсіп, өткен жылы 370,8 млрд. теңгеге жетті. 2024 жылға 413,7 млрд. теңге болады деп болжамдануда. Түркістан қаласында мемлекеттік бюджетке түсетін түсімнің көлемі 2,8 есе өсіп, былтыр 66,2 млрд. теңге түссе, биылғы 10 айда 62,3 млрд. теңге түсті. Қала бюджеті облыс орталығы болғалы 3 есе өсіп, 141,3 млрд. теңгеге (2018 жылы 41,9 млрд. теңге) жетті. Қалада негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі соңғы үш жылда 915,7 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде жеке инвестиция – 458,1 млрд. теңге. Биыл 390 млрд. теңге тартылады деп жоспарлануда.Соңғы үш жылда шаһарда 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, оның ішінде 807,3 мың шаршы метрді құрайтын көп пәтерлі 200 тұрғын үй (10 020 пәтерлі) пайдалануға берілді. Шағын және орта кәсіпкерлік белсенді субъектілерінің саны соңғы үш жылда 2 есе өсіп, 22 мыңға жетті. Биыл Түркістанға «Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы» ресми мәртебесі беріліп, бірқатар туристік және мәдени іс-шаралар өткізілді. Түркістан қаласына біркүндік келуші мен туристер саны соңғы үш жылда 165%-ға өсіп, 2023 жылы 1015,2 мың адамға жетті. Сондай-ақ шетелдік біркүндік келуші мен туристер саны үш жылда 60 есе өсіп, 12,2 мың адамға ұлғайған. 2024 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Түркістан қаласына біркүндік келуші мен туристер саны 953,9 мың адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 39,2%-ға өсіп отыр. Сондай-ақ шетелдік біркүндік келуші мен туристер саны 22,3 мың адамға жетіп, өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда 2 есе артқан.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/905217
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ БІР ІРІ ӨНДІРІСТІК КЕШЕН САЛЫНБАҚ 24.12.2024
Түркістан облысында тағы бір ірі өндірістік кешен салынады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бүгін инвесторлармен кезекті кездесу өткізіп, жаңа жоба барысын жан-жақты талқылады. Нәтижесінде, облыс әкімдігі мен Qingdao Wanlin Food Co азық-түлік компаниясы басшылығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Келісім аясында көкөніс базасы Түркістан облысындағы индустриалды аймақта орналасады. Онда көкөніс кептіретін, яғни пияз және сарымсақтан өнім түрлері мен биологиялық белсенді қоспалар және мал азығын шығаратын өндірістік кешеннің құрылысы жоспарланған. Жоба құны $30 млн құрайды. Дегидрленген көкөніс зауыты бар замауани кешен құрылысының бірінші кезеңінде 50 мың тонна дайын өнім өндіріледі.Жаңа өндіріс орнының іске қосылуы өңір халқының әл ауқатын жақсарта түспек. Ең бастысы – жаңа жұмыс орындары ашылады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңа жобаның сәтті жүзеге асуына тілектестік білдіріп, инвесторларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты.Wanlin Group 1991 жылы құрылған, компания қарттарға күтім жасау және азық-түлік өндірісі секілді екі негізгі бағытта жұмыс істейді. Компания Nestle, Unilever, Kerry және т. б. ірі серіктестермен жұмыс істейді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/905255
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі тікұшақ паркін жаңартуда 24.12.2024
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы «Қазавиакөлік» АҚ жаңартылған әуе кемелер паркінің құрамына енген жаңа Airbus Helicopters H145 D3 тікұшағын алды. Салтанатты жағдайда Airbus Helicopters Kazakhstan Engineering бас директоры Сесиль Арно Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновке жаңа ұшақтың кілтін табыс етті. H145 D3 тікұшағы іздестіру-құтқару операцияларын, орман және дала өрттерін сөндіру және басқа да маңызды төтенше жағдайларға ден қою миссияларын қоса алғанда, кең ауқымды миссияларды орындау үшін таңдалды.«Біздің ұшақтар паркін жаңарту – біздің жұмысымыздың тиімділігін арттырудың стратегиялық мақсаты болып табылады. қызметтер. Біз әр өңірде төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік беретін авиациялық жасақ құруды жоспарлап отырмыз», - деді Шыңғыс Әрінов. Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы заманауи тікұшақтарды басқаруға кадрларды дайындаудың маңыздылығын атап өтті. апаттық авиацияда инновациялық технологияларды енгізу ретінде. H145 D3 тікұшағы тамаша маневрлік, сенімділік және әртүрлі климаттық жағдайларға жоғары бейімділікке ие, бұл оны ептілік пен дәлдікті талап ететін жағдайларда жұмыс істеу үшін тамаша таңдау жасайды. Ол төтенше жағдайларды жоюға арналған заманауи медициналық жабдықтармен, өртке қарсы су төгетін құрылғымен (сыйымдылығы 1000 литр), сондай-ақ акваторияларда жұмыс істеуге арналған құтқару шарларымен жабдықталған.Тікұшақтың басты артықшылықтарының бірі болып табылады. түнгі операцияларда тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қуатты прожектор және тұрақсыз жағдайларда оның мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтетін шектеулі көріну.«H145 D3 тікұшағын алу - жаңғырту бағдарламасы аясындағы маңызды қадам. Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациялық флоты. 2024 жылы біздің авиация апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу, өрттерді сөндіру және оқу-жаттығуларға қатысу үшін қазірдің өзінде 2537 ұшып шықты», - деді «Қазавиапас» АҚ бас директоры Алпамыс Камалов. Кездесуде тікұшақ саласын дамыту перспективалары да талқыланды. Қазақстанда, соның ішінде өндірісті кейіннен оқшаулаумен H160 тікұшағын бейімдеу мәселелері. Төтенше жағдайлар министрлігі өз ресурстарын нығайтуды және төтенше жағдайларды жою тиімділігін арттыруды жалғастыруда. жағдайлар. Жаңа H145 D3 тікұшағы Қазақстан азаматтарының өмірін сақтап қалу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін таптырмас құрал болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/905242
Мәжілісте Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заң жобасы таныстырылды 24.12.2024
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары пленарлық отырыста бірінші оқылымда “Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы” заң жобасын қарады.Заң жобасын әзірлеуге Түркістан қаласын Түркі мемлекеттері ұйымының түркі әлемінің рухани астанасы ретінде тануы, сондай-ақ қаланың тарихи келбеті мен тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау қажеттілігі негіз болды.Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, заң жобасының негізгі новеллаларыТүркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру, ұлттық қолөнер шеберлері үшін бюджеттен шығындардың бір бөлігін өтеу және Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы құрылысты шектеу болып табылады. Түркістан қаласының мәслихаты қала құрылысы регламентін, қаланың дизайн-кодын, сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын, Түркістан аумағында рәміздерді пайдалану тәртібін және т. б. бекітетін болады.Қала әкімдігіне 3 бағыт бойынша 27 құзырет берілетін болады. Біріншісі қаланың мәдени игілігі мен рухани дамуын сақтау мәселелерін реттеуге, тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.Екіншісі-кесененің айналасындағы құрылыс стандарттарын және қала аумағында бірыңғай құрылыс стилін қолдану.Үшінші бағыт туристік қызметке жәрдемдесу мәселелерін реттеуге және оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, туристік жағынан тартымды орындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін көлік және инженерлік инфрақұрылымды бейімдеуге бағытталған.Бұдан басқа, ілеспе заң жобасы әзірленді. Оның шеңберінде Жер кодексіне, "ҚР-дағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы", "ҚР-дағы туристік қызмет туралы" Заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/905135
Индер ауданының әкімі тағайындалды 24.12.2024
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімімен Индер ауданының әкімі лауазымына Серік Бағытжанұлы Нысанбаев тағайындалды. Ол осы уақытқа дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Серік Нысанбаев 1980 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «құқықтану» мамандығын тәмәмдаған.Еңбек өтілі:2003-2008 жылдар аралығында Атырау қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық және әскери жұмылдыру жұмыс бөлімінің бас маманы;2008-2017 жылдар аралығында Атырау қалалық әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы;2017-2022 жылдар аралығында Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы;2022 жылдан тағайындалғанға дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/905232
Тұрғындар сауалына тиісті жауап қайтарылды 24.12.2024
Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев қала тұрғындарымен кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдап, олардың сұрақтарына жауап берді.Әкімге тұрғын-үй шаруашылығы, абаттандыру, жұмыспен қамту және өзге салаларды қамтыған сұрақтар жолданды.Барлық сұрақтар бақылауға алынып, басқарма, бөлім басшылары мен қада әкіміне нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/905078
«Абай жолы» жобасының тұсаукесері өтті 24.12.2024
Абай облысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қолдауымен жарық көрген «Абай жолы» жобасының тұсаукесері өтті. Жобаның бірінші сериясы аясында жалпы тиражы 8 мың дана болатын 16 кітап шығарылды. Биыл жалпы тиражы 10 мың дана болатын 20 автордың шығармалары жарық көрді.Жоба Қазақстанның мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, Семей өңірінің көрнекті тұлғалары мен ақын-жазушыларының мұрасын насихаттауға, сондай-ақ көркем әдебиет арқылы жастарды патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған. Кітаптар жинағына әр түрлі әдеби жанрларды қамтитын Семей өңірінің ақын-жазушылары мен суретшілерінің шығармалары кіреді. Кітапты оқуға қызығушылық танытқан оқырмандар бұл кітаптарды өңір кітапханаларынан, ал цифрлық нұсқасын ҚазҰЭК электрондық кітапханасынан тауып оқи алады.«Асыл ойдың иесі Хакім Абай «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деп, келер толқынға насихат қылғанын жақсы білеміз. Бұл жоба – өңіріміздің ақын-жазушыларының еңбектерін жас буынға мұра ретінде сақтау үшін маңызды қадам деп білемін. Жаңа басылым баршамызға құтты болсын!» - деді облыс әкімі.Өлке ақын-жазушыларының шығармаларын бағалау және басып шығару жөніндегі кеңесті «Абай облысының Құрметті азаматы», Шәкәрім университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Арап Еспенбетов басқарады.Биыл аталған жоба аясында отандастарымыз А.Шәріповтың «Көргенім, көңілге түйгенім», Р. Нұрғалидің «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры», Қ. Жұмаділовтың «Тағдыр» романы, Б.Исабаевтың «Ұлылар мекені», Б. Тілегеновтың «Қара жел», А. Еспенбетовтің «Абайды оқы, таңырқан...» т.б ақын-жазушылардың еңбектері бар. Астана қаласының «Фолиант» баспасы жазушылардың әрқайсысы 500 данадан тұратын 20 шығармасын шығарды (барлығы 10 000 дана). Жоба бес жылға есептелген.Іс-шарада театр әртістері кітап авторлары мен олардың шығармаларына арналған әдеби-көркем нөмірлерді ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/905121
«AMANAT» партиясының Жол картасын іске асыру барысы талқыланды 24.12.2024
Абай облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының отырысы өтті. Отырысқа облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, фракция мүшелері қатысты.Отырыс барысында аймақ басшысы Абай облысы бойынша «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламаcын орындау шеңберіндегі Жол картасынының 2024 жылы атқарылған жұмыстары бойынша ақпарат берді. Әкім өз сөзінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды, бизнесті қолдауды, білім беру және денсаулық сақтау жүйелерін жаңғыртуды, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды қоса алғанда, белсенді жұмыс жүргізілетін негізгі бағыттарды атап өтті.Отырысқа қатысушылар бағдарламада көзделген бірқатар жобаларды талқылап, жедел шешуді талап ететін проблемалық мәселелерді атады. Жаңа әлеуметтік нысандарды салуға, сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге және жастарды қолдау бағдарламаларын іске асыруға ерекше назар аударылды.Кездесу барысында фракция мүшелері облыс әкімінің осы уақыт аралығында атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп, облыс үшін маңызы бар жобалардың нәтижелі аяқталатындығына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/905291
Қостанай агромеханикалық зауыты құю өнімдерінің өндірісін жаңартты 24.12.2024
Құю өнімдері ауылшаруашылық машина жасау, энергетика және тау-кен өндіру сияқты салаларда негізгі рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы агрегаттары мен қосалқы бөлшектерін, сондай-ақ құю бұйымдарын шығаратын «Қостанай агромеханикалық зауыты» ЖШС өнім көлемін ұлғайту және өнім сапасын жақсарту мақсатында өндірісті белсенді түрде жаңғыртуда.2023 жылы зауыт құю цехын ауқымды қайта құруды жүзеге асырды, соның арқасында өндіріс автоматтандырудың жаңа деңгейіне көтерілді. Жобаны қаржыландыруды «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ мақұлдап, қуаттылығы жылына 1000 тоннаға дейін жететін заманауи қондырғыларды сатып алуға және 20 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.Жаңа жабдық алюминий қалыптарында газдандырылған үлгілерді құю өндірісінің автоматтандырылған өндірісіне арналған. Бұл зауытқа күпшектерді, оттықтарды, топсаларды, жартылай жалғастырғыштарды, мойынтіректердің корпустарын және қақпақтарын, кронштейндерді, трактордың қарсы салмақтарды қоса алғанда, өнімнің кең ауқымын шығаруға мүмкіндік береді.Жаңа жабдықтың өнімділігі жоғары: бір машина сағатына 20 циклды орындауға қабілетті. Бір циклде көлеміне қарай бірнеше ондаған құймалар шығарылады. Құйманың ең аз салмағы – 800 грамм, ал максималды салмағы 250 келі құрайды.Бүгінгі таңда зауыт құю өнімдерінің шамамен 25-30 пайызын өз қажеттіліктеріне пайдаланса, қалғанын үшінші тарап компанияларына өткізеді. 2023 жылдың соңына қарай шамамен 500 тонна құю өнімдерін өндіру күтілуде – бұл 2022 жылмен салыстырғанда екі есе көп.Құю цехын қайта құру және жаңа техниканы енгізу арқылы кәсіпорын нарықтағы орнын нығайтып, отандық машина жасау мен ауыл шаруашылығының дамуына зор үлес қосуда.Зауытта ауылшаруашылық техникасының жаңа түрлері жасалып, өндіріс процестері жетілдірілетін конструкторлық бюро, зертхана және технология бөлімі бар. Құю цехын жаңғырту – бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен Қазақстанда және одан тыс жерлерде сапалы құю өнімдеріне өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін жасалған қадам.Мұндай жаңарту кәсіпорынның технологиялық серпілісіне ықпал етіп қана қоймай, аймақтағы мамандарды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, жергілікті экономиканы нығайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/904918
Қазақстан мен Сербия үкіметтерінің қорғаныс саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім бекітілмек 24.12.2024
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын дайындады.Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы ҚР Заңы 5-бабының 2-тармағына және 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.Келісім қорғаныс саясаты мен қауіпсіздігі, әскери білім беру және әскери қызметшілерді кәсіптік даярлау, тылдық қамтамасыз ету, әскери медицина, жауынгерлік даярлық сияқты салаларда ынтымақтастықты жүзеге асыруға, бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға байланысты мәселелер бойынша және басқа да өзара келісілген салалар бойынша консультациялар жүргізуге мүмкіндік береді.Қорғаныс Үкіметі қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 31 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15356145 сілтемеге өтіп, танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/905156
Жайық-Каспий бассейнінде балық шабақтарының қырылуы алдын алынды 24.12.2024
Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы қызметкерлерінің жедел іс-қимыл жұмысы барысында балық шабақтары шоғырланған су жайылымы анықталды.«ҚазСуШар» Төменгі-Жайық филиалының, Махамбет ауданы Бақсай ауылдық округі әкімдігінің, Теңіз және Махамбет балық инспекциясы бөлімдері қызметкерлерінің бірлескен үйлесімді жұмысының нәтижесінде 300 мың дана балық шабақтары құтқарылып, Жайық өзеніне жіберілді.Жайық өзенінің жағалау жиегінің мониторингі жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/904594
Қазақстанда зәйтүн өңдеу және зәйтүн майын өндіру зауытын іске қосу жоспарлануда 24.12.2024
2023 жылы қазақстандық «QVM Technology», «Ordabasy Group» және «Ервира» компаниялары грузиялық «Olive Georgia» компаниясымен бірлесіп, Жетісу, Түркістан және Маңғыстау облыстарында зәйтүн ағаштарының көшеттерін тәжірибелік отырғызу туралы келісімге қол қойды.Алғашқы 6080 көшет отырғызылды. Алдын ала мәлімет бойынша, көшеттердің 99,7%-ы жақсы өміршеңдік деңгейін көрсетті. Алғашқы өнімді 5 жылдан кейін жинау жоспарланып отыр.2024 жылдың көктемінде Испания мен Түркиядан әкелінген көшеттер отырғызылды.2025 жылдың соңына дейін қазақстандық компаниялар 1000 гектар аумаққа зәйтүн ағаштарының көшеттерін отырғызуды жоспарлап отыр.Жоба аясында ғылыми қолдау көрсету қарастырылған: Испанияның Кордова университетінің профессоры Пабло Мореллоның жетекшілігімен топырақ, климат және метеорологиялық деректерді жинау және талдау жүргізілетін болады.«QVM Technology» ЖШС 2030 жылға қарай зәйтүн өңдеу және зәйтүн майын өндіру зауытын іске қосуды жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/904727
Каспий теңізінің су биоресурстары жөніндегі комиссия өз жұмысын бастады 24.12.2024
Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісім аясында Астрахань қаласында су биологиялық ресурстарды сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі Үкіметаралық комиссия өз жұмысын бастады.2024 жылы Үкіметаралық комиссия отырысы Ресей Федерациясының төрағалығымен өтуде. Отырысқа бес Каспий маңы мемлекеттерінің ғылыми ұйымдары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысуда.Қазақстан делегациясын Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аян Бахиянов басқарады.Отырыста тараптардың балық ресурстарын аулау квоталарын пайдалану туралы есептері, Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын қалпына келтіру және қорғау мәселелері, теңіздегі ғылыми зерттеулер негізінде су биологиялық ресурстарының жай-күйі туралы есептер қаралады. Сондай-ақ 2025 жылға арналған бірлескен су биологиялық ресурстарын аулау квоталарын бекіту, Каспий теңізінде бекіре тұқымдас балықтарды коммерциялық аулауға тыйымды ұзарту және басқа да мәселелер талқылануда.Комиссияның жұмысы 20 желтоқсанға дейін жалғасады. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті хаттама қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/904816
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Атырау облысының халқымен кездесу өткізеді 24.12.2024
2024 жылғы 19 желтоқсанда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Атырау облысының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізеді.Күн тәртібінде – өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты қабылданған шаралар.Кездесу сағат 11.00-де Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Бірлік ауылы, Қаби Оқаев көшесі, 17Б мекенжайы бойынша «Каспий балық» ЖШС ғимаратында өтеді.БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.Толық ақпарат үшін телефон: +7 7054406424 – Дана Әрін.Өңірдің АӨК-ін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды dossov.t@minagri.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/905028
Әділет министрі Азамат Есқараев «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау алаңында азаматтарды қабылдады 24.12.2024
Қабылдау барысында министр атқарушылық өндіріске және сот-медициналық сараптама жүргізуге қатысты мәселелерді қарады.Сонымен қатар азаматтар жеке сот орындаушысы тарапынан болған заң бұзушылықтарға қатысты шағымдарын жеткізді.Азамат Есқараев азаматтардың шағымдарын тыңдағаннан кейін қойылған сұрақтар бойынша түсіндірме беріп, өтініштер негізінде жеке сот орындаушысының іс-әрекетін тексеру туралықұрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.Министр қабылдау барысында түскен өтініштердің барлығы бақылауға алынғанын баса айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/905233
СҚО әкімі энергетиктерді кәсіби мерекемен құттықтады 24.12.2024
Бүгін салтанатты жиналыста СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов энергетика саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, Президенттің атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті.Бұл жыл энергетиктер үшін де үлкен сынақ болды. Көктемгі су тасқыны кезінде олар батылдық пен жанқиярлық танытып, өңірдің энергетика жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті, зардап шеккен инфрақұрылымды қалыпқа келтірді. Өткен жылдың қараша айында табиғи апаттың салдарынан жүздеген ауыл электр жарығынсыз қалған кезде апаттық бригадалар жедел жұмыс істеп, міндеттерін сәтті атқарды.Бүгінде «Севказэнерго» және «Көкшетау Энерго» кәсіпорындары өңірді электр және жылумен тұрақты қамтамасыз етіп, жабдықтарын жаңартуда. Биыл 2-ші ЖЭО-да жаңа мұржаның құрылысы уақытында аяқталып, келесі жылғы жылыту маусымында іске қосылады. Мемлекетпен бірге ауылдардағы электр желілерін жаңғырту жобалары бірлесіп жүзеге асуда. "Осы жұмыстар энергетика саласының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, оның әлеуетін арттырып, өңіріміздің әрбір тұрғынына пайда әкелетініне сенімдімін. Барша энергетиктерді кәсіби мерекемен құттықтаймын!", - деп атап өтті өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/905070
СҚО-да балаларға арналған оңалту орталығы ашылды 24.12.2024
Облыстық балалар ауруханасында оңалту орталығы ашылды, оның ашылу рәсіміне "Қазақстан халқына" қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева мен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Орталықта бюджет есебінен күрделі жөндеу жүргізіліп, ал материалдық-техникалық жабдықтау «Қазақстан халқына» қорының тарапынан қаржыландырылды.Орталық нейро-ортопедиялық ақаулары бар балаларға кешенді медициналық-әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық көмек көрсетеді. Мұнда тиімді оңалту үшін әлемдік брендтердің заманауи қондырғылары орнатылған. Балалармен реабилитолог, невролог, логопед, дефектолог, эрготерапевт және психолог жұмыс істейді."Өңірде 2,3 мыңға жуық ерекше сұранысқа ие бала бар. Жаңа орталық жыл сайын 2 мыңға жуық баланы оңалту курсынан өткізуге мүмкіндік береді. Маңыздысы, әр бала бірнеше курстан өтеді, бұл оң нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Жалпы оңалту орталығының ашылуы емге мұқтаж балаларды көптеп қамтуға мүмкіндік береді", - деді өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/905095
Қайтарылған активтерді басқару компаниясының балансындағы активтер 24.12.2024
Ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ТОО ретінде таңдау Қайтарылған активтерді басқару компаниясының қызмет ерекшеліктерімен байланысты. Бұл нысан басқару және активтерді жүзеге асыру процестерінде барынша икемділік пен тиімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Бұл қайтарылатын активтердің әр түрлі болуымен байланысты, оған зергерлік бұйымдардан бастап жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға дейінгі объектілер кіреді. Әрбір активті тиімді басқару және жүзеге асыру үшін жеке тәсіл қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/904873
«Таза Қазақстан»: астаналық робот Темірбек экологиялық іс-шараға қатысты 24.12.2024
Бүгін Астана қаласындағы Білім беру ұйымдарына «Таза Қазақстан» акциясы аясында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Жасыл клуб» жобасы аясында №103 орта мектебінде өткен экологиялық іс-шараға астаналық оқушылар құрастырған робот Темірбек те қатысты.Іс-шараға келуші қонақтарды қарсы алған Темірбек оларға Астананың экологиялық жағынан таза қала болуының пайдасын түсіндіріп, қатысушыларды қоршаған ортаны қорғауға ат салысуға шақырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905003
Елордада «Таза Қазақстан – таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды 24.12.2024
«Таза Қазақстан» экобағдарламасы аясында өткен «Таза Қазақстан – таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Байқаудың мақсаты – «Таза Қазақстан» экобағдарламасы аясында Астана қаласының, оның маңындағы елді мекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, қоқыстарды жинау және кәдеге жарату; су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу; «Таза Қазақстан» мемлекеттік экологиялық бағдарламасы шеңберінде «Астана Тазалық» қызметінің қалыптасуы, дамуы, жетістіктері мен келешегі туралы айту.«Байқауға 60-тан астам журналист пен блогер қатысып, 100-ден астам материал келіп түсті. «Астана Тазалық» ұйымы бірінші рет өткізіп отырған байқау үшін бұл өте жақсы көрсеткіш. «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында түрлі материал жарияланды. Бұл – үлкен шара. Біз мұндай байқауды жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді «Астана Тазалық» ЖШС директоры Замир Сагинов.Байқау 4 номинация бойынша өткізілді: «Үздік телевизиялық материал», «Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым», «Баспа басылымындағы үздік мақала», «Интернет-басылымдағы үздік жарияланым».«Үздік телевизиялық материал» номинациясы бойынша жеңімпаздар:1 орын – Томирис Біләл, «24KZ» телеарнасы;2 орын – Карима Садуақас, «QAZAQSTAN» телеарнасы;3 орын – Мөлдір Сыздықбаева, «Хабар» телеарнасы;3 орын – Дильназ Ерланова, «Астана» телеарнасы.«Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым» номинациясы бойынша жеңімпаздар:1 орын – Тимур Асылханов, блогер;2 орын – Назым Бөлесова, Baq.kz;3 орын – Данияр Сейсенбаев, блогер;3 орын – Аршат Оразов, блогер;«Баспа басылымындағы үздік мақала» номинациясы бойынша жеңімпаздар:1 орын – Райхан Рахметова, «Астана ақшамы» газеті;2 орын – Кәмила Дүйсенова, «Айқын» газеті;3 орын – Шернияз Жалғасбекұлы, «Заң» газеті;3 орын – Бақытбек Қадыр, «Егемен Қазақстан» газеті;«Интернет-басылымдағы үздік жарияланым» номинациясы бойынша жеңімпаздар:1 орын – Мақпал Орынбекқызы, Baq.kz сайты;2 орын – Сабина Кәкімжан, Elordainfo.kz сайты;3 орын – Ләззат Салимова, Nur.kz сайты;Сондай-ақ, бірнеше БАҚ өкілі «Астана Тазалық» компаниясының арнайы сыйлығымен марапатталды:Мөлдір Молдағали, «24KZ» телеарнасы;Ажар Лаубаева, El.kz;Қалмахан Құрманғали, «Turaninform.kz»;Мария Конюхова, «Elordainfo.kz» сайты;Даля Насипова, «Алматы» телеарнасы;Екатерина Тыщенко, «Вечерняя Астана» газеті;Оксана Даирова, «Комсомольская правда» газеті;Лаура Түсіпбекова, «Казахстанская правда» газеті.БАҚ өкілдері «Таза Қазақстан» экоакциясының Астанада жүзеге асырылуын материалдарында жан-жақты насихаттаған.Айта кетейік, байқауға қатысу үшін биыл 7 қазан мен 10 желтоқсан аралығында шыққан мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі материалдар қабылданды.Биыл сәуір айынан бастап «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында елорда тұрғындары жалпықалалық сенбіліктерге қатысты. Олардың әрқайсысы бекітілген аумақты қоқыстан тазартып, ағаштардың түбін қопсытып, жасыл желектер отырғызды. Мұндағы мақсат – көпшілік арасында тазалық мәдениетін дәріптеу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905033