Жаңалықтар
«Бұл – ата-бабамыздың аманаты»: қоғам қайраткерлері қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады 15.12.2024
Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында ел дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген қоғам және мәдениет қайраткерлері халқымызды ұлық мерекемен құттықтап, өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді. Мәдениет пен тарих саласына елеулі еңбек сіңірген Баянғали Әлімжанов пен Бүркітбай Аяған Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті туралы айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Ақын, драматург, жазушы, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы ретінде кең танылған Баянғали Әлімжанов кинорежиссер, сценарист, актер, әдебиет пен өнер зерттеушісі, сыншы, сатирик, кинодокументалисші және тележүргізуші ретінде де көп еңбек сіңірген.«Біз осы мемлекеттің азаматы ретінде, патриоты ретінде осы тәуелсіздігімізді сақтауға, нығайтуға және ілгері дамытуға қолымыздан келгенше үлес қосуымыз керек. Әрқайсымыз өзіміздің саламызда жақсы еңбек етіп, елімізді ынтымақ-бірлікке шақыруымыз керек. Басқа мәселелерде біздің көзқарасымыз, пікіріміз әртүрлі болуы мүмкін, бірақ тәуелсіздік деген ұғымға келгенде біртұтас болып тұруымыз керек. Өйткені бұл – ата-бабамыздың аманаты», - деді Баянғали Әлімжанов.Ол бүкіл халқымызды Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміздің тыныш, жеріміздің берекелі болуына тілектестігін білдірді.Сондай-ақ, тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кеңесінің мүшесі, Қазақ Білім академиясының академигі Бүркітбай Аяған барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, тәу етер тәуелсіздігіміздің қасиетті жолы туралы айтып берді.«Тәуелсіздік – мен үшін өте қасиетті мейрам. Оның себебі біздің қазақ елі, алаш елі басынан талай қиыншылықты өткізген, талай жеңіске де жеткен. Кезінде бабаларымыз Еуразия орталығын билеп тұрған ел болатын. Тәуелсіздік күні мен үшін баға жетпес, зор мереке болып көрінеді. Себебі тәуелсіздікті миллиондаған қазақ армандаған болатын. Бұл мемлекетті, тәуелсіздікті көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Кейбір болып жатқан қиыншылықтарға қарамастан, мемлекетімізді сынай бермей, керісінше зайырлы, демократиялық, алдыңғы қатарлы мемлекет ретінде дамуына күш салуымыз керек», - деді Бүркітбай Аяған.Сонымен қатар Бүркітбай Ғелманұлы отандастарымыз бен шетелде жүрген қазақ азаматтарын алда келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтап, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын деген жүрекжарды тілегін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/903379
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін 15.12.2024
Алматы қаласының Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында іске асырылған нысандар бойынша баспасөз туры өтті. Аудан әкімі жоба авторларымен бірге тұрғындарға қайта құру нәтижелерін көрсетті.Бірінші нысан «Барлық» базарының алдындағы аумақты абаттандыру болды. Бұрын учаске қараусыз қалған, қазір ұзындығы 450 метр болатын заманауи қоғамдық аймаққа айналды. Абаттандырылған аумақта стихиялық сауданы болдырмайтын қоршаулар орнатылды, автоматты суару жүйесі бар 150 ағаш пен 60 бұта отырғызылды, сондай-ақ электр беру желілері тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жер астына көшірілді.«Қазір бұл жер толығымен өзгерді. Жолдар, жасыл желектер, ыңғайлы аймақтар-бәрі тұрғындар үшін жасалып жатқанын көруге болады. Осы жобаға қатысқандардың барлығына рахмет», - деді аудан тұрғыны Бейбіт Назаров.Баспасөз туры аясындағы келесі нысан Шұғыла шағын ауданындағы жаяу жүргіншілер аймағы болды. Ұзындығы 350 метр болатын жаңа жаяу жүргіншілер аймағы тұрғындар үшін сүйікті орынға айналды. Мұнда балаларға арналған заманауи ойын алаңы, баскетбол алаңы және воркаут аймақ, мәдени іс-шараларға арналған амфитеатр. Сондай-ақ, 84 қайың, 24 қарағай, 500-ден астам бұта отырғызылды, 3 400 м2 көгал жасалды.Үшінші нысан «Эдельвейс» бақ-бақша қауымдастығы жолды абаттандыру болды, онда жол жабыны мен тротуарлар жақсартылды, бұл қозғалыс жайлылығын қамтамасыз етті. Бұдан басқа, 3 800 м2 тротуар салынды, 14 500 м2 жол жабыны жаңартылды және «Әл-Фараби» ТК және басқа да тұрғын аудандарда жаңа асфальт төселді.«Жаңа асфальт, жарықтандыру-мұның бәрі біздің өмірімізді жақсартады. Біз бұл өзгерістерге ризамыз!»,- деп атап өтті», - Эдельвейс» БҚ тұрғыны Ирина Ваганова.Соңғы нысан – Рахат шағын ауданындағы аулаларды абаттандыру. Абаттандыру аясында Рахат ш/а сегіз көппәтерлі үйдің қасбеттері жаңартылды, аулалар заманауи келбетке ие болды, жаңа қоқыс жәшіктері орнатылды, футбол алаңы жаңартылды және жаңа асфальт төселді.«Қазір бізде жаңартылған футбол алаңы және жайлы аула бар. Бұл біз көптен күткен нәрсе!», - деді шағын аудан тұрғыны Ринат.Өз кезегінде Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева ХҚБ бағдарламасының маңыздылығын атап өтті.«Біз әрбір бастаманы бағалаймыз және оны ең жақсы жолмен жүзеге асыруға тырысамыз. ХҚБ - бұл әрбір тұрғын үшін ауданның дамуына өз үлесін қосу мүмкіндігі», - деп бөлісті өз ойымен аудан әкімі Назира Тоғызбаева.Наурызбай ауданы тұрғындардың бастамалары мен «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын қолдау арқасында жайлы әрі заманауи түрге енді, жақсы жаққа өзгеру жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/901764
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді 15.12.2024
Алматыда 16 желтоқсан күні Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Іс-шараға ардагерлер кеңесінің, қала әкімдігінің, қоғамдық ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылар қатысады.17 желтоқсан күні 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 38 жылдығына орай «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне гүл шоқтары қойылады. Салтанатты іс-шараға Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, әкімдік өкілдері және қала жастары қатысады. Жиналғандар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, дін өкілдері құран бағыштайды.Сондай-ақ, мерекелік іс-шаралар қаланың ауданында өтеді.Алмалы ауданында 13 желтоқсанда «Ten Qogam» орталығында және Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде Желтоқсан оқиғасына арналған концерттер өтеді.Бостандық ауданында 15 желтоқсанда сағат 16:00-де аудандық комьюнити орталығында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. 16 желтоқсанда сағат 18:00-де Mega Alma-Ata сауда орталығында Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық мемлекеттік фольклорлық-этнографиялық оркестрінің концерті болады.Медеу ауданында 13 желтоқсанда сағат 11:30-да Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінде «Бабаларым аңсаған – Тәуелсіздік» атты кездесу өтеді.Түрксіб ауданында 13 желтоқсанда ауданның Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлерге арналған концерт өтеді. 14 желтоқсанда аудандық комьюнити орталығында Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен жастардың қатысуымен «Ардагерлерді ардақтайық!» атты дөңгелек үстел өтеді.Наурызбай ауданында 13 желтоқсанда сағат 11:00-де Шұғыла шағын ауданы 347/4 мекенжайындағы Инновациялық шығармашылық орталығында «Тұғыры биік – тәуелсіздік» атты концерт өтеді.Әуезов ауданында 13 желтоқсанда сағат 11:00-де Алматы технологиялық колледжінің акт залында «Тәуелсіздік тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» атты концерт өтеді. Сонымен қатар, ауданның комьюнити орталығында Тәуелсіздік күніне арналған флешмоб ұйымдастырылады.Жетісу ауданында 13 желтоқсанда сағат 14:00-де №193 мектеп ұжымының қатысуымен Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік – Тұғырым» атты мерекелік концерт өтеді.Ай бойы қаладағы барлық білім беру мекемесінде Желтоқсан оқиғасына арналған ашық сабақтар, конференциялар мен кездесулер өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/901767
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады 15.12.2024
Алматыда «Нұршашқан» шағын ауданы тұрғындарын қолжетімді көлікпен қамтамасыз ету үшін жаңа тұрақты автобус бағыты ұйымдастырылды.№91 бағыттағы автобус «Нұршашқан» шағын ауданы – Алматы-2 теміржол вокзалы» бағыты бойынша 13 желтоқсаннан бастап қатынайды. Бұл бағытты «Алматыэлектротранс» ЖШС «Golden Dragon» маркалы газбен жүретін автобустарымен қамтамасыз етеді. Күн сайын 12 автобус жолға шығады, қозғалыс аралығы 12 минут.Айта кету керек, жолаушылар мен жүкті автокөлікпен тасымалдау ережесіне сәйкес, маршрут уақытша байқау өткізілгенге дейін тасымалдаушыға берілді және сынақ режимде жұмыс істейді. Жолаушылар легі мен халықтың қажеттілігін ескере отырып, қозғалыс сызбасына түзетулер енгізілуі мүмкін.Естеріңізге сала кетейік, биыл мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әкімдік 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электроавтобус сатып алды. Жыл басынан бері қалалық мобилділік басқармасы 18 қала маңындағы және 3 қала ішіндегі маршрутты ұйымдастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/901826
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр 15.12.2024
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Қарағайлы шағын ауданындағы АКХ «Чапаева», учаске 426, 504 мекенжайында орналасқан тұрғын үй кешенін бұзу жұмыстарының басталғаны туралы хабарлады.Бұған дейін жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында тапсырыс беруші (жеке тұлға) тұрғын үй кешенін СЖТ-сыз, жоба эскизін келісусіз, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламасыз және тиісті сараптамасыз салғаны анықталды.Тапсырыс берушіге қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ғимаратты сүру туралы талап арыз берілді.2023 жылдың 26 шілдесінде Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап қанағаттандырылды. 2023 жылдың 26 қазанында Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды. 2024 жылдың 30 қаңтарында атқару парағы Алматының Әділет департаментіне жолданып, атқарушылық іс қозғалды.Бүгін сүру жұмыстары сот орындаушыларының қатысуымен басталды.Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 55 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқа да нысандар толық немесе жартылай сүрілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/902437
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде 15.12.2024
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп, қала жастарын сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстарын өткізуде. Аталмыш шаралар қаламыздың ЖОО-да өтіп жатыр.Осындай іс-шаралардың бірі Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінде өтті. ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері подполковник Медеу Шакенов студенттерге жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайларда әрекет етудің негізгі қағидаларын түсіндірді.«Апат айтып келмейді. Соған орай, азаматтарымыз, соның ішінде жастарымыз өзін-өзі қорғай алатындай, төтенше жағдай кезіндегі алғашқы қадамдарға дайын болуын қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан біз осындай шаралар арқылы жастарды оқыта отырып, олардың төтенше жағдай кезінде біріншіден өздерін және басқаларды қорғай алатын қабілеттерін дамытамыз. Жастар үшін осындай ақпараттандыру шараларының өтуі өте маңызды», - дейді ТЖД өкілі Медеу Шакенов.Сондай-ақ, іс-шарада табиғи апат немесе адамдардың қателігінен болатын өрттің бетін қайтаруға дайындық, алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету бойынша мәселелер түсіндірілді.«Бүгінгі шара арқылы мен өзім үшін көп жаңа ақпарат алдым. Менің ойымша, әрбір азамат төтенше жағдай кезінде «не істеу керек?» деген сұраққа жауап бере алу керек. Алдағы уақытта осындай шара өтсе, міндетті түрде қатысатын едім», - деді студент Ербол Бақытбеков. Сонымен қатар, алдағы уақытта қаламыздағы барлық комьюнити орталығында жастарға қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстары бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/902446
«Астана» мен «Челси» футбол командалары арасындағы матч жанкүйерлерінің қаперіне: ойын аяқталғаннан кейін барлығына трансферлер қолжетімді 15.12.2024
Қала әкімдігі жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін 8 тегін автобус бағытын ұйымдастырды, әр бағытта 10 автобус жүреді. Маршруттар Орталық стадионға дейін және кері қайтады.Жиналу нүктелерін 2GIS сервисі арқылы көруге болады:* Қалқаман шағын ауданы (№7 Қалалық аурухана аялдамасы) – Орталық стадион.* Орбита шағын ауданы (Мұстафин-Торайғыров көшелерінің қиылысы) – Орталық стадион.•Айнабұлақ шағын ауданы (Мақатаев-Павлодар көшелерінің қиылысы) – Орталық стадион.* «Халық Арена» аялдамасы (солтүстік бағыт) – Орталық стадион.* Алматы-1 теміржол вокзалы аялдамасы – Орталық стадион.* «Райымбек батыр» метро бекеті – Орталық стадион.* Наурызбай ауданының ХҚКО – Орталық стадион.* Момышұлы-Мөңке би көшелерінің қиылысы аялдамасы – Орталық стадион.Автобустар сағат 16:00-ден бастап толғанына қарай жүре бастайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/902531
Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен босатылды 15.12.2024
Алматы Орталық стадионының батыс секторындағы алты қатардың (Орталық стадиондағы жалпы орын санының 2,7%-ы) арасындағы қардың уақытылы тазаланбауынан туындаған қолайсыздықтар үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймыз.Болашақта осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында тексеріс жүргізіледі.«Орталық стадион» нысанының басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен шеттетілді.Жанкүйерлердің жайлылығы біз үшін аса маңызды, әсіресе, осындай маңызды матчтарда. Болашақта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін бар күшімізді саламыз.Алматы қаласының спорттық нысандары дирекциясыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/902550
Алғабаста 4 мың тұрғынға арналған сумен жабдықтау құрылысы аяқталды 15.12.2024
Алатау ауданында баспасөз туры өтті, оның аясында БАҚ өкілдері биылғы жылы іске асырылған негізгі нысандармен танысты. Аудан әкімі Талғат Малыбаев және жоба қатысушылары аудан мақтан тұтатын жетістіктер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.Баспасөз турының алғашқы нысаны «Қарасу» шағын ауданындағы скверді абаттандыру болды. 2023-2024 жылдары жүзеге асырылған жоба 11 гектар аумақты қамтиды. Аудан әкімі Талғат Малыбаевтың тапсырмасы бойынша заманауи автосуару жүйесі орнатылды. Жобаға сәйкес шағын архитектуралық нысандар ( ШАН), орындықтар, урналар және жеке жасалған түпнұсқа пергола орналастырылған. Сонымен қатар, мұнда жасыл желектер отырғызылды, бұл шағын ауданның сыртқы түрі мен атмосферасын айтарлықтай жақсартады.Алғабас шағын ауданында су құбыры мен кәріз тарату желілерін салу тағы бір маңызды жоба болып табылады. 2024 жылы ұзындығы 47,5 км сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы аяқталды, бұл 585 тұрғын үйді орталықтандырылған сумен қамтамасыз етті, бұл 4 мыңнан астам тұрғынды құрады. Жоба Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың жеке бақылауында болды және жергілікті тұрғындардың қажетті коммуналдық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, олардың өмір сүру сапасын жақсартудағы маңызды қадам болды.Сондай-ақ, баспасөз туры «Зерделі» шағын ауданындағы жаңадан ашылған дене шынықтыру-сауықтыру орталығына сапарды қамтыды, ол аудандағы спорттық инфрақұрылымды дамытудың жарқын мысалдарының біріне айналды. Бұл орталық күн сайын 400-ге дейін баланы қабылдайды, оларға спортпен шұғылдануға заманауи жағдай жасайды. Кешенге спорт залы, спорт залы, бокс залы, хореография залы, сонымен қатар үстел ойындары залы кіреді. Жобаны іске асыруда Талғат Малыбаев мобильділігі төмен азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде бейімделген киім-кешек және душ үй-жайларының болуына ерекше назар аударуды талап етті.Алатау ауданы құрылған сәттен бастап жол инфрақұрылымын дамытуға және қоғамдық көлік жұмысын жақсартуға ерекше мән береді. 2024 жылы ауданның 72 көшесінде жалпы ұзындығы 53,7 км жолдарға орташа жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 0,55 км болатын жаңа жолдардың құрылысы және жалпы ұзындығы 3,9 км болатын 10 көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы Алатау ауданының тұрғындары үшін заманауи және жайлы қоғамдық кеңістіктер құруда өзінің тиімділігін көрсетуді жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/902560
Алматы әкімдігі «Алматы жастары» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді қосымша іріктеу туралы хабарлайды 15.12.2024
Алматы қаласының әкімдігі «Алматы жастары» қалалық жеңілдетілген несие беру бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қосымша іріктеу туралы хабарлайды. Іріктеудің бұл кезеңі 2024 жылғы 29 шілдеден 7 тамызға дейін негізгі конкурстық іріктеу кезеңінде өтінім берген, бірақ құжаттарды дұрыс толтырмау немесе тапсыру себебінен оң шешім алмаған азаматтарға ғана қолжетімді болады.Редакциялауға жіберілген өтінімдер туралы ақпарат бағдарлама сайтының басты бетінде «Қайта өңдеуге жіберілген азаматтар тізімі» бөлімінде қолжетімді.Редакциялау процедурасы бағдарламаның ресми сайтында — almaty-zhastary2024.kz. өтуі керек. Құжаттарға түзетулер мен жаңартулар енгізу кезеңі 2024 жылғы 23-31 желтоқсан аралығына белгіленген.Қосымша түсініктемелер мен консультациялар алу үшін азаматтар Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының +7 (727) 225 14 57 көпарналы телефоны арқылы жүгіне алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/902592
Тәуелсіздік күні Алматы Халықаралық әуежайында туристерге сыйлықтар табысталады 15.12.2024
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі, елдің бостандығы, бірлігі және өркендеуінің символы болып табылатын басты ұлттық мереке – Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласының Туризм басқармасы ҰҚК Шекара қызметінің Шекаралық бақылау басқармасы және Алматы халықаралық әуежайымен бірлесіп «Сыйлыққа тәтті кәдесый» атты ерекше акция ұйымдастырады. Іс-шараның мақсаты – жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, алматылықтардың қонақжайлық дәстүріне деген терең құрметін көрсету.Паспорттық бақылаудан өту кезінде жолаушыларға дәстүрлі қазақстандық шоколад пен печенье түрінде тәтті сыйлықтар табысталады. Бұл акция 50-ден астам халықаралық рейспен келген 5 мыңнан астам жолаушыны қамтып, Алматыға келген алғашқы минуттардан-ақ жылы шырай мен достық атмосферасын сыйламақ.Бұл бастама туристік сервистің сапасын арттыруға бағытталған «Visitor Experience» жаһандық бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.Алматы әлемнің түкпір-түкпірінен келетін саяхатшылар үшін заманауи, қонақжай және мәдениетке бай бағыт ретінде қаланың оң имиджін қалыптастыруда. Mastercard деректері бойынша, қызмет көрсету деңгейінің жоғары болуы мен қаладан алған ерекше әсерлер қонақтардың қайта оралуына ықпал етеді — 2024 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында қайталама сапарлар үлесі 25%-ды құрады.Шекаралық қызмет пен кедендік бақылау қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға ерекше назар аударылуда. Қонақжайлылық бойынша жыл сайынғы фасилитациялық сессиялар оларға халықаралық қонақтармен қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіруге көмектеседі, бұл жоғары стандарттағы қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп, саяхатшыларға қамқорлық пен құрмет сезімін сыйлайды.Статистика Алматының өңірдегі жетекші туристік орталықтардың бірі ретінде табысты екенін көрсетеді: 2024 жылдың 9 айында жалпы туристік ағын 14,2%-ға артып, 1 729 601 адамды құрады. Шетелдік туристер саны 24%-ға өсіп, 507 567 адамға жетті, бұл Қазақстандағы жалпы туристік ағынның жартысынан астамын құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/902596
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді 15.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында Орал қаласында 400 орынға лайықталған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Қаладағы №31 мектептің салтанатты ашылуына облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, мектеп ұжымын, оқушылар мен ата-аналарды жаңа білім ордасының іске қосылуымен құттықтады.«Мемлекет басшысының алға қойып отырған басты міндеттерінің бірі – жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау. Осы бағытта облысымызда жаңа мектептер салынып, білім ошақтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Батыс Қазақстан облысында соңғы екі жылда 22 жаңа орта мектеп бой көтерді. Атап айтқанда, 2023 жылы жылы 16 жаңа мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілсе, 2024 жылы жаңа 6 мектеп салынып, аяқталуда. Сонымен бірге, «Жайлы мектеп» жобасы аясында 6 мектептің құрылысы 2025 жылы жалғасады», - деді Нариман Төреғалиев.Жаңадан салынған төрт қабатты білім ордасы заманауи құралдармен жабдықталған. Жалпы көлемі 17 271 шаршы метрді құрайтын мектепте бір спорт зал, акт зал, кітапхана, асхана, медбике бөлмесі шеберханалар бар. Кабинеттерге touch-экрандар орнатылып, жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылу мүмкіндігі беріледі. Сыныптар заманауи компьютерлермен және интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін де жағдайлар жасалған: пандустар, лифт, арнайы дәретхана және инклюзивті білім беру кабинеті бар.Мектеп аумағында футбол, баскетбол және волейбол алаңдары да бар.«Бүгін өте қуанышты күн. №31 мектептің құрылысының аяқталғанына қуаныштымыз. Балаларымыз үшін замануи үлгідегі жаңа біліс қолданысқа берілді. Мемлекет басшысына және құрылыс жұмыстарына атсалысқан жандарға шынайы алғысымды білдіремін. Балаларымыз болашақта еліміздің мақтанышына айналып, өздерінің алған білімдерімен мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін қосады деп сенемін», - деді ата-ана Гүлнар Қажымова. БҚО әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/903300
Байзақ ауданының әкімі тағайындалды 15.12.2024
Президент Әкімшілігінің және Байзақ аудандық мәслихатының келісімі, Жамбыл облысы әкімінің өкімі бойынша Олжас Елебекұлы Баққараев Байзақ ауданының әкімі болып тағайындалды.Ербол Қарашөкеев аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, алда тұрған нақты мақсат-міндеттерді атап өтті.Облыс әкімі Байзақ ауданының барлық салада әлеуеті жоғары екенін ескеріп, Мемлекет басшысының тапсырмаларын нәтижелі жүзеге асыруда бұл мүмкіндікті ұтымды пайдалану керектігін баса айтып, халықтың әл-ауқатын жақсарту, тұрмыс сапасын көтеру бойынша нақты міндеттер жүктеп, сәттілік тіледі.Олжас Елебекұлы 1985 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университетін, Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университетін «электроника және микроэлектроника», «экономика» мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын 2009 жылы «ARMTEL» ЖШС-нің атқарушы директоры болып бастаған.Әр жылдары «NULITS» мемлекеттік мекемесінде даму қызметінің басшысы, «Тараз Инвест Консалт» ЖШС-нің сарапшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының бас маманы, облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің басшысы, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.2023 жылдың мамырынан бастап бүгінге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып еңбек етіп келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/902316
Жамбыл облысында 24 мыңға жуық жұмыскердің жалақысы 23,7 пайызға көтерілді 15.12.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Жарылқасын Айтақов хабарлама жасады. Оның айтуынша, өңірде еңбек жағдайларының ахуалы тұрақты, еңбек шиеленістері ресми тіркелмеген.Аймақтағы ұйымдар мен кәсіпорындарға мемлекеттік еңбек инспекторлары жоспардан тыс және профилактикалық бақылау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жалпы 519 заң бұзушылық анықталып, бүгінде толық жойылды.39 кәсіпорынға «Халықтық бақылау» жобасы мен «Нөлдік жарақаттану - Vision Zero» тұжырымдамасы енгізілді. Бұл бастамалар өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайтуға негізделген.Еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағамдау мақсатында 422 өндірістік нысандағы 967 жұмыс орны аттестаттаудан өтті.Бұдан бөлек, кәсіпорындарда 941 өндірістік кеңес құрылып, онда еңбекті қорғау жөніндегі 1 333 инспектор жұмыс істеуде.2 100 мекеме қызметкерін жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша шарт жасаған.2 619 кәсіпорын 23 680 жұмыскердің жалақысын 23,7 пайызға көтеріп отыр.Жыл басынан бері 11 мекемеде 419,9 млн. теңгенің жалақы қарызы анықталып, оның 94,5 пайызы (396,7 млн. теңге) өтелді. 2 011 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды.Басқосуда Тараз қаласы мен аудан әкімдері, басқарма басшылары көтерілген мәселелер бойынша сұрақтарға жауап берді.Облыс әкімі комиссия отырысының соңында кәсіпорындарда жалақы қарыздарын болдырмау, жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру, еңбек жанжалы қаупі бар мекемелердегі жағдайды реттеу бойынша жауаптыларға нақты шаралар қабылдауды тапсырды.Сонымен бірге бейресми жұмыспен қамтылған азаматтардың еңбек қатынасын заңдастыру, еңбек шарттарын цифрлық жүйеге енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды ескертті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/903046
Жамбыл облысында Социалистік Еңбек Ері Александр Нахмановичтің 100 жылдығы атап өтілді 15.12.2024
Байзақ ауданы Түймекент ауылында Социалистік Еңбек Ері, ҰОС және Еңбек ардагері Александр Нахмановичтің 100 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді.Тағылымды іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, мерейтой иесінің қызы Галина Нахманович, сонымен бірге зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, ауданның белсенді жастары мен тұрғындары қатысты.Қатысушылар алдымен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткішіне тағзым етіп, Халық Қаһарманы Ғ. Байтасовтың бюстіне гүл шоқтарын қойды.Сондай-ақ Александр Львовичтің есімін ұлықтап, еселі еңбегін өскелең ұрпақтың жадында қалдыру мақсатында мемориалдық тақта салтанатты түрде ашылды.Бұдан соң қонақтар ақшаңқай киіз үйлердегі көрмені тамашалады. Онда ұлттық тағамдар мен бұйымдар, тарихи жәдігерлер таныстырылды.Александр Нахмановичтің 100 жылдығына арналған мерейтой конференциямен жалғасты.ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев көпшілікке Мемлекет және Үкімет басшысының құттықтау хаттарын оқып берді.Облыс әкімі Александр Нахмановичті жамбылдықтар мақтан тұтатынын айтып, оның еткен еңбегі мен төккен терін жоғары бағалады.- Халқымызда «Елдің атын ер шығарады» деген ұлағатты сөз бар.Александр Львович өңірдің, оның ішінде Байзақ ауданының дамуына, өсіп-өркендеуіне қомақты үлес қосты. Ол адал қызметімен абыройға бөленді. Қарапайым еңбек адамдарына көңіл бөліп, ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру арқылы асыраушы саланың білікті маманы ретінде танылды.Cоғыс ардагері, жоғары білімді агроном бір жыл ішінде «Трудовой пахарь» колхозын үздіктер қатарына қосып, нәтижелі табысқа жеткізе білді. Ел игілігі үшін мәдени нысандар мен білім ошақтарының бой көтеруіне зор үлес қосты.Александр Нахмановичтің өнегелі өмірімен игіліктің бастауы - адал еңбекте екенін дәлелдеген тұлға. Оның қоғам өмірінде атқарған істері, туған жеріне деген жанашырлығы көпке үлгі, ұрпаққа өнеге, – деді Ербол Қарашөкеев.Сондай-ақ Александр Нахмановичтің қызы Галина Александровна ауқымды шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған азаматтарға алғыс білдіріп, ардақты әкесінің халқымен бірге мәңгі жасай беретінін айтты.Конференция барысында тұлғаның көзін көрген мемлекеттік қызмет ардагерлері Анатолий Шупта мен Амангелді Кәрентаев, еңбек ардагері Хамидулла Байназаров, экономика ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Әлиев, қоғам қайраткері Х. Бектұрғановтың ұлы Тастемір Хасанұлы сөз сөйледі.Айта кетейік, Социалистік Еңбек Ері, ҰОС және Еңбек ардагері Александр Нахмановичтің 100 жылдық мерейтойы аясында мектеп оқушыларына оның өмірі мен еңбек жолы кеңінен насихатталды, сондай-ақ ардагерлер арасында волейболдан облыстық турнир өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/903127
Ербол Қарашөкеев азаматтарды қабылдады 15.12.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кезекті мәрте азаматтарды қабылдады.Бұл жолы қабылдауға 10 азамат келді. Олар тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік көмек көрсету, аула спортын дамыту, аулалаларды абаттандыру мен жол салу, жаңа білім беру орталықтарын ашу бойынша мәселе көтерді.Ербол Қарашөкеев барлық өтініш-тілекке заң талаптарына сәйкес толыққанды жауап берді. Тұрғындардың кейбір өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі зерделеп, назарға алатынына сенім білдірді.Қабылдауға Тараз қаласы мен аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысып, келіп түскен өтініштерге түсініктеме берді.Облыс әкімі тұрғындардың мәселелерін шешу үшін жауаптылардың алдына нақты міндеттер қойды.Еске сала кетейік, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау алдын ала жазылу арқылы тұрақты негізде жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/903279
Жамбыл облысында денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды 15.12.2024
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні қарсаңында Талас ауданы Ойық ауылында 400 орындық денешынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.Спорт кешенінің құрылысы «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізілді. Ғимаратта спорттың 4 түрімен (бокс, күрес, волейбол, футбол) шұғылданып, бос уақытты тиімді өткізуге болады. Ауыл балалары мен жастарына бағыт-бағдар беру үшін тәжірибелі 4 жаттықтырушы қарастырылған.- Талас - ақындар мен батырлардың өлкесі. Ел намысын еселеп жүрген спортшыларда осы қасиетті топырақтан түлеп ұшқан. Жаңа спорт кешенінен де болашақ чемпиондар шығатынына сеніміміз зор! – деген аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков балаларға сыйлықтар табыстады.Айта кетейік, облыста 15 денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бүгінге дейін бес спорт кешені мен 103 спорт алаңшасы ашылды. Жыл соңына дейін тағы 5 спорт нысаны қолданысқа беріледі деп күтілуде.Бюджеттен тыс 880 млн. теңгеге 4 спорт нысаны бой көтерді, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен 2 модульдік спорт залын ашу жоспарда бар.Биыл халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейі 68,3 пайызды (2023 ж. – 64,9%), денешынықтыру және спортпен шұғылданатын халықтың үлесі 41,2 пайызды (2023 ж. - 40,2%) құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/903284
Жамбыл облысындағы Тұрымқұл ауылы сапалы ауыз сумен қамтылды 15.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында Талас ауданы Тұрымқұл ауылында ауыз су жүйесі іске қосылды.Салатанатты шараға аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл халқы сапалы ауыз сумен қамтылып отыр. Жалпы биыл ауданда 7 ауылдық елді мекенге ауыз су желісін тарту жоспарланған. Жыл соңына дейін 5 елді мекенге ауыз су кезең-кезеңімен беріледі. Қалған екі жоба келесі жылға өтпелі, – деді аудан әкімі.Тұрымқұл ауылында 230-ға жуық халық тұрады.- Мерекеге орай таза ауыз суға қол жеткізіп, мерейіміз тасып отыр. Бұған дейін құдықтан су тартып, әбігерге түсетінбіз. Таза ауыз су – ұлт саулығының кепілі! Барша ауылдастарымды ортақ қуанышпен құттықтаймын! – деген ауыл қариясы Тұрсан Бастаубаев көпшілікке ақ батасын берді.Айта кетейік, биыл Жамбыл облысындағы 37 ауылдық елді мекенге (АЕМ) тіршілік нәрі тартылады. Оның ішінде 22 АЕМ-ге ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу, 15 АЕМ-ге кешенді блок-модуль орнату жоспарланған. Нәтижесінде жыл соңына дейін халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 98,1 пайызға (2023 ж. - 94,9%) жетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/903350
Көкпекті ауданында 28 тұрғын үйдің кілті табысталды 15.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында Үлкенбөкен және Үлгілімалшы ауылдарында жаңа үйлердің кілттері салтанатты түрде табысталды. Үлкенбөкен ауылында 20, Үлгілімалшы ауылында 8 тұрғын үй берілді. Ауданы 85 шаршы метрді құрайтын пәтерлер заманауи талаптарға сай салынған. Отбасылар үшін барлық жағдай жасалған.Бұл көп балалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарды қолдауға бағытталған. Жергілікті билік бұл баспаналар аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мен тұрғын үй мәселесін шешу жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.«Ана ретінде көп балалы отбасымыздың нағыз жайлы ұясы болатын үйді армандайтынмын. Жаңа үй алу - үлкен қуаныш. Қазір балаларымның әрқайсысының ойынға, оқуға және демалуға арналған өз алаңы бар», – дейді Динара Кәрімова.Айта кетерлігі, Көкпекті ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында және меморандумдық келісіммен кезекте тұрғандар үшін 50 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/903301
Ақсуат ауданында пәтер кілттері табыс етілді 15.12.2024
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақсуат ауданының орталығында 14 жаңа пәтердің кілті табысталды. Сондай-ақ, Құмкөл ауылында 4 пәтер, Көкжыра ауылында 6 пәтерге жаңа тұрғындар қоныстанды. 2024 жылы ауданда екі пәтерлі 52 үйді аяқтау жоспарлануда. Бұл 104 отбасы өз баспанасына ие болады деген сөз.Тұрғын үй мәселесін шешуде жергілікті кәсіпкерлермен ынтымақтастықтың рөлі ерекше. Мәселен, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Ақсуат ауылында ауданы 85 шаршы метрді құрайтын екі пәтерлі 7 тұрғын үй салынды. Оның ішінде 4 үйді мердігер Ералы Социалов, 3 үйді Қайырлы Қасенов салған. Осылайша, жуырда 14 отбасы қоныс тойын тойламақ. Сонымен қатар, Екпін ауылында 8 отбасының жаңа баспанасына айналатын екі пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Бұдан бөлек 28 үйдің құрылысы бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.Қоныстанушыларға кілт табыстаған аудан әкімі Ерсін Ескендіров азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екеніне тоқталды.«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз бірінші кезекте көп балалы және аз қамтылған отбасыларды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды баспанамен қамтуға көңіл бөліп отырмыз. Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауының арқасында тұрғын үй мәселесін шешуде қосымша ресурстар тауып жатырмыз. Барша тұрғындарды осы қуанышты оқиғамен құттықтап, амандық пен бақыт тілеймін», - деді Ерсін Ескендіров.Биыл ауданда екі пәтерлі 52 тұрғын үй салынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/903303