Жаңалықтар
АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ 16.11.2024
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Наурыз айындағы мерекелердің іс-шаралар жоспары, Жобалық офис платформасындағы көрсеткіштер мен жоспарлар, Ұлттық жобалар аясында жұмыс орындарын құру барысы талқыланды.Қала әкімінің орынбасары С. Құранбек мерекелік бағдарламаларды таныстырды. Наурыз айында қаламызда мәдени-бұқаралық, танымдық, ұлттық, спорттық, ақпараттық-имидждік бағытта 93 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Мегаполис басшысы халыққа айрықша мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін бұқаралық сипаттағы бағдарламаларды заманауи талаптарға сай қызықты етіп ұйымдастыруды тапсырды.Шымкент қаласы әкімдігінің жобалық офисінің басшысы Т. Леспекова көрсеткіштердің орындалуымен қатар биылғы жоспарлармен бөлісті. Былтыр 256 нысаналы көрсеткіш бекітілген болса, бүгінде оның 245-і орындалып, қалғаны орындалмаған. Ғ.Әбдімәжитұлы тапсырмалардың сапалы орындалуын қадағалауда, жұмысты тиімді ұйымдастыруда бірқатар тапсырма берді.Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ж. Өтебаева жұмыс орындарын құру барысын, алдағы жоспарды баяндады. Былтырға бес тұжырымдама және қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары шеңберінде 113 жобада 3 140 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып, нақты 2 623 орынға азаматтар жұмысқа орналасқан. Қала әкімі бұл ретте ұсынылған сандардың шынайылығын қадағалап, жұмыс орындарырының құрылуын тиімді ұйымдастыруды тапсырды.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/944801
ТҮРКІСТАН: ЗАҢ БҰЗҒАН 11 ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ КЕЛІСІМШАРТЫ МЕН ЛИЦЕНЗИЯСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ 16.11.2024
Түркістан облысында міндеттемелерін орындамаған 11 жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттары мен лицензиялары мерзімінен бұрын тоқтатылды. Одан бөлек, міндеттемелерін толық орындамаған 38 жер қойнауын пайдаланушының келісімшартын мерзімінен бұрын тоқтату ұсынысы Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына жолданды. Бұл жұмыстар облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында тұр.– Жер қойнауын, карьерлерді қолдануда заң талаптарын сақтамаған компанияларға қарсы қатаң шара қабылдау керек. Құқық қорғау органдары тарапынан да батыл әрекеттер жасалуы тиіс. Жауапты басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері осы бағытта жұмысты күшейтіңіздер, – деді Дархан Сатыбалды.Аппарат отырысында Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, облыс аумағындағы ірі өзендері мен көлдерінің су қорғау белдеуіндегі және ауылдар мен елді мекендердің аумақтарына жақын жерде заңсыз жұмыс істеген жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялары мен келісімшарттары тоқтатылды. Одан бөлек, Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылдық округі аймағында стратегиялық маңызы бар «Бу газ қондырғысы құрылысы» айналасындағы кен орындарының жұмысын тоқтату бойынша жұмыстар заңға сәйкес жүргізілуде.Аймақ басшысы құзырлы органдар мен департамент басшыларына жер қойнауын пайдаланушыға қатысты кемшіліктер бойынша тез арада заңға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізуді және жерді қалпына келтіруді міндеттеуді тапсырды. Заңсыз жер қойнауын пайдаланып жатқан қызыл нүктелер бойынша тиісті шара қабылдауды міндеттеді. Аудан, қалаларда заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу үшін құрылған мобильді топтар мен ішкі істер органдары бірлесе рейдтік жұмыстарды күшейту керек екенін айтты.Жер қойнауын пайдаланушылардан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған төлемдер бойынша 2023 жылы 1 996, 7 млн теңге түсті. Биылға 2,2 млрд теңге жоспарланып, бүгінде 897,1 млн теңге түскен. Биылғы жоспар толығымен орындалады.Сонымен қатар басқарма тарапынан жер қойнауын пайдаланушылардың заңнамаларды сақтауы бойынша бақылау тұрақты жүргізілуде. Нәтижесінде, маркшейдер маманымен 62 кен орны аумағынан кемшіліктер анықталды. Оның ішінде 17 жер қойнауын пайдаланушы өз еркімен залал шығындарын өтеді. 4 жер қойнауын пайдаланушыға қатысты Басқарма тарапынан талап-арыз сотқа жолданса, 41 жер қойнауын пайдаланушыға қатысты іс-құжаттар Облыстық жер ресурстары департаментіне жолданды.Аппарат мәжілісінде заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу бойынша Түркістан облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Бағланбек Айтбаев баяндама жасады. Жыл басынан облыс бойынша заңсыз жер қойнауын пайдаланудың жалпы 204 дерегі анықталған. Оның ішінде, 200 дерек бойынша Әкімшілік кодексінің 139-бабы (Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу) арқылы жауапкершілікке тарту үшін жинақталған құжаттар Экология департаментіне жолданды. Экология департаментімен 91 әкімшілік іс қаралып, жалпы 2 млн 234 мың 239 теңге айыппұл салынды. Оның ішінде, өндірілгені – 2 млн 52 мың 719 теңге. Сонымен қатар 2 әкімшілік іс қайталанғаны үшін сотқа жолданған. Қазіргі таңда 107 әкімшілік іс қаралуда. Олардың басым бөлігі Сауран, Сайрам, Қазығұрт аудандарына тиесілі. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану бойынша 4 дерек анықталып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұдан бөлек, арнайы тұраққа 178 жүк көлігі және 43 техника қойылды.Жер қойнауын пайдалануда туындаған мәселелерді реттеу және қылмыстық істерді сотқа жолдау үшін мүдделі мемлекеттік органдармен жұмыс алгоритмі жасалды. Жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күрес жұмыстары күшейтіледі.Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 191 жер қойнауын пайдаланушы бар. Олар 80 келісімшарт және 111 лицензия негізінде жұмыс істейді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/881115
Елордада түнгі ауысымда қар тазалауға 1,2 мыңнан аса арнайы техника шығарылды 16.11.2024
11 қарашадан 12 қарашаға қараған түні Астанада 1200-ден аса арнайы техника мен 300-ден аса жол жұмысшысы қар тазалауға шықты. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Күндізгі ауысымда коммуналдық қызметтер елордадан 24 мың текше метрден астам қар шығарды, бұл 1800-ден астам ауыр жүк көлеміне тең.Қысқы кезеңнің басынан бері 6 мыңға жуық рейс қар полигондарына шығарылды, бұл – 81 мың текше метрден астам қар.11 қараша күні түстен кейін елорда бойынша қар тазалауға 1,3 мыңнан астам арнайы техника мен 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды.Ережелерге сәйкес, ең алдымен жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.Астананың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/881123
Қауіпсіз орта 16.11.2024
2024 жылғы 8 және 11 қарашада ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция аумақтық департаменттері және жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен облыстың дене шынықтыру және спорт объектілерінің, сондай-ақ «Юбилейный» кинотеатрының басшылары мен қызметкерлері үшін террористтік қызметті жүзеге асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған сабақтар өткізілді.Іс-шара барысында келесі ақпарат жеткізілді:- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары;- Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген үлгісіне сай өзектендіру;- қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс—әрекет алгоритмі;- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;- көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары.Жарылғыш құрылғыларды қолдана отырып, терроризм актісі қаупі кезінде эвакуациялау кезіндегі қателіктер және т.б. бейнероликтер көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/881129
Қазақстан Шанхайдағы Қытай халықаралық импорт көрмесінде $120 млн-ға келісімшарт жасады 16.11.2024
Қазақстан үшін Шанхайдағы 7-ші Қытай халықаралық импорт көрмесі (CIIE) табысты болды. Ет және май өнімдерін, құрғақ түйе сүтін, шырындар мен мармеладтарды жеткізуге 120 млн АҚШ доллары сомасына келісімшартқа қол қойды. Ал өткен жылғы көрмеде жасалған келісімшарттардың сомасы 81 млн АҚШ долларын құраған еді.Ағымдағы жылдың 5-10 қараша аралығында өткен іс-шара Қазақстанның Қытаймен және басқа да елдермен сауда-экономикалық байланыстарын нығайтудағы маңызды қадам болды. ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade ССДО» АҚ ұйымдастыруымен отандық бизнес Шанхай көрмесіне қатысуға мүмкіндік алды.Негізгі инновациялардың бірі TikTok платформасында қазақстандық өнімдерді онлайн-сатудың ашылуы болды. Қытайлық Jiangsu Soho Holding Group Co., Ltd компаниясымен әріптестікте бүкіл әлемнен келген көрермендерге Қазақстаннан жеткізілген тауарлар ассортиментімен танысуға және оларды нақты уақытта сатып алуға мүмкіндік беретін стриминг өткізілді. Онлайн-сату барысында екі күнде 450 мың юань сомасына өнім сатылды.Қазақстандық CEREBRA AI және Alaqan AI компаниялары 2024 жылы Орталық Азияда шағын және орта бизнеске арналған инновациялар мен кәсіпкерліктің «Maker in China» жаһандық байқауының өңірлік финалында бірінші және екінші орындарды иеленді.Көрме аясында бірқатар стратегиялық маңызды келісімдерге қол қойылды. Туристік бағыттарды дамытуға және Түркістан облысына туристер ағынын ұлғайтуға бағытталған Түркістан облысының Туризм басқармасы мен Бахрейн Корольдігінің Export Bahrain компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол жеткізілді. Сондай-ақ Қырғызстанның Nomad Art компаниясымен екі ел арасындағы мәдени және туристік алмасуға жәрдемдесетін келісім жасалды.Естеріңізге сала кетейік, Шанхай көрмесінде Қазақстан екі ұлттық стендпен таныстырылды: Коммерциялық және Ұлттық павильондар қойылды. Көлемі 132 шаршы метрді құрайтын Ұлттық павильонда қазақстандық экспортты ілгерілетуге ықпал ететін өнімдер мен қызметтер ұсынылды. Биыл коммерциялық павильонның ауданы 120-дан 260 шаршы метрге дейін ұлғайтылды; «Тамақ және ауыл шаруашылығы өнеркәсібі» секторына 50-ге жуық қазақстандық өндірушілер қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/881150
Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң: функцияларды беру, бөлу тәртібі, тіркеу және жекешелендіру құқықтары 16.11.2024
2020 жылы Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Президент Қазақстанның «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» базасында толыққанды даму және қолдау институты, тұрғын үйді есепке алуды, қамтамасыз етуді және бөлуді орталықтандырылған түрде жүзеге асыратын «Отбасы банкін» құруды тапсырды.ҚР Парламенті а.ж. қазан айында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды қабылдады.Келесі кезекте Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң әзірледі. Алайда Заң Президент қол қойғаннан кейін ғана күшіне енеді.Заң жобасы тұрғын үй саясатын орталықтандыру, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету тиімділігін арттыру, тұрғын үй алу рәсімдерін оңтайландыру, сондай-ақ азаматтардың барлық санаттары арасында тұрғын үйді әділ бөлудің бірыңғай тетігін енгізу мақсатында қабылданды.Ең алдымен, жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үйді тіркеу, енгізу және бөлу функциялары «Отбасы банкіне» берілгенін айта кеткен жөн.«Отбасы Банкі» ұлттық даму институтына айналады, оның негізгі міндеті республика бойынша азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй қатынастарын дамыту болады. Бұл ретте банк акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер жүйесінде қалады.Берілген функциялар ашықтық қағидатын сақтай отырып жүзеге асырылатын болады. Тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркелген азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік қолдауға ие болған азаматтардың тізімдері «Отбасы Банкі» сайтында жарияланады. Сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж азаматтар үшін тұрғын үй алу рәсімдерін автоматтандыру және жеңілдету бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.Мемлекеттiк қолдау шараларын тiркеу және бөлу мемлекеттiк деректер базасымен интеграциялау арқылы автоматтандырылған түрде жүзеге асырылатынын ескерген жөн. Бұл ретте кезекте тұрғандарды сатып алу және салу арқылы баспанамен қамтамасыз ету әкімдіктердің еншісінде. Жоғарыда аталған функцияларды беру үшін алты айлық өтпелі кезең қарастырылған. Өтпелі кезеңде әкімдіктер түгендеу жұмыстарын жүргізіп, «Отбасы банкінде» тіркелген азаматтардың тізімін жібереді.Өз кезегінде, «Отбасы Банкі» әкімдіктерден келіп түскен кезектегі тізімдерді бірыңғай дерекқорға біріктіреді. Өтініштер жергілікті атқарушы органға өтпелі кезең аяқталғанға дейін берілсе, оларды әкімдік қызметкерлері бұрынғы құқықтық нормалар аясында қарайды.Функция деректерін орталықтандыру «бір терезе» қағидатын қолдануға мүмкіндік береді, бұл кезде «тұрғын үйге мұқтаж» мәртебесін растау, кезекке тұру, содан кейін банктан несие алу жөнінде хабарласу үшін бірнеше органдарға жүгінудің қажеті жоқ.Әрі қарай, жаңа заң жобасына сәйкес мұқтаждар арасында тұрғын үйді бөлудің жаңа тәртібі тіркеуге тұру мерзімі мен табыс деңгейіне байланысты жүзеге асырылатынын атап өтеміз. Осылайша, көптен бері кезекте тұрған азаматтарға басымдық беріледі.Кезекте тұрған адамға табыс деңгейіне қарай субсидияланған жалдау, жалға берілетін тұрғын үй немесе«Бақытты отбасы», «Шаңырақ», «Отау» және «Наурыз» сияқты жеңілдетілген ипотекалық несие түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.Одан бөлек, азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, 8 санатқа оларға кемінде 70%-ды жалға берілетін және несиелік тұрғын үй беру арқылы басым құқықтар беру көзделуде. Сол 8 санат:- ҰОС ардагерлерін;- жетімдерді; - көп балалы және көп балалы аналарды;- 1 және 2 топтағы мүгедектерді;- мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларын;- ҰОС ардагерлеріне тең жеңілдіктері бар ардагерлерді;- басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерін;- жесірлерді қамтиды.Сондай-ақ, бұрын мемлекет есебінен салынған жалдамалы және несиелік тұрғын үй алған азаматтар қайта тіркеуден өте алмайтынын ескеру қажет.Алайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, азаматтардың жекелеген санаттары, мысалы, көп балалы отбасылар, жетім балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және т.б. тіркеле алады. Яғни, тіркелу құқығы барлық азаматтарға берілген.Заңда тұрғын үйге мұқтаж және соңғы 5 жылда баспанасы жоқ барлық азаматтарға санаттық жіктелуден бас тарту және тіркеуге тұру құқығын беру мүмкіндігі қарастырылған.Осылайша, «Отбасы банкі» базасында тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың барлығын қамтитын Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Орталық мемлекеттік деректер базасымен біріктірілген тұрғын үйі жоқ ҚР азаматтары туралы бірыңғай ақпараттық база болады.«Отбасы Банкінің» интернет-ресурсында тіркелген азаматтардың, сондай-ақ соңғы екі жылда мемлекеттік қолдауға ие болған азаматтардың тізімдері ай сайын жарияланатын болады.Бұдан бөлек, азаматтардың барлық өтініштері онлайн режимінде қабылданатын болады, бұл да азаматтарды тіркеу процестерінің ашықтығын қамтамасыз етеді.Келесі кезекте жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру туралы айтылады. Жаңа заңда бұрын берілген жалдамалы тұрғын үйді сатып алу құқығынсыз жекешелендіру құқығы қарастырылған. Ал, қолданыстағы заңнамаға сәйкес сатып алу құқығынсыз берілген жалға берілетін тұрғын үй, сондай-ақ апатты тұрғын үйге айырбас ретінде азаматтарға берілген тұрғын үй жекешелендіруге жатпайды.Бүгінде 55 мыңға жуық адам сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспанада тұрады. Бұл тұрғын үйлерде негізінен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары тұрады, мысалы, көп балалы отбасылар, жетім балалар және т.б. Мұндай тұрғын үйлерді сатып алу құқығы заңға сәйкес болашақта қалдық құны бойынша беріледі, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй ұсынылады;.Жекешелендіру тәртібі жалпы өзгеріссіз қалады, яғни қалдық құны бойынша, баланстық құнның 2% мөлшерінде физикалық тозуды шегеріп, бірінші кезектегі жарнаны 30% енгізген кезде 10 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігімен беріледі. Осы нормалар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Заң күшіне енгізілгеннен кейін азаматтар бірден әкімдіктерге жекешелендіруге өтініш бере алады. Дегенмен, тұрғын үйді жекешелендіру міндет емес, құқық екенін атап өткен жөн. Азаматтарды жекешелендіруге мәжбүрлемейді.Осылайша, тұрғын үй саясатын реформалау туралы Заңның негізгі аспектілерінің қатарында: жергілікті атқарушы органдардың функцияларын «Отбасы банкіне» беру, тұрғын үйді тіркеу күні бойынша бөлудің жаңа тәртібі, барлық азаматтарға тіркеуге тұру құқығын және бұрын сатып алу құқығынсыз берілген жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру құқығын беру бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/881146
Digital army day 2024: Қорғаныс министрлігі ведомствоның цифрлық трансформациясы туралы айтты 16.11.2024
Іс-шара елордадағы Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтті.Оған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазақстан ГАЖ Орталығы» АҚ және БАҚ өкілдері қатысты.Іс-шара қонақтарына ведомствоның цифрлық трансформациясының жалпы көрінісін Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев таныстырды. Армиядағы цифрлық үдерістерге жауапты адам атап өткендей, жұмыс әскерлерді басқару жүйелерін автоматтандыру, ресурстарды басқару, мемлекеттік қызметтер секілді көптеген бағыттар бойынша жүргізілуде.Бүгінгі таңда цифрландыру білім беру, денсаулық сақтау, экономика, әлеуметтік коммуникация процестерін қамтиды. Бұдан қорғаныс саласы да қалыс қалмақ емес. Дәл қазір цифрландыру арқылы қарсыластан басым түсерлік артықшылыққа қол жеткізуге болады, – деп түсіндірді ол.Министрдің орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, аралас ведомстволармен ынтымақтастықтың арқасында 16 жасар балаларды әскери есепке алу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетілген. Қызметті проактивті режимге ауыстыру жыл сайын миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі жағдай бойынша оларды электрондық форматқа көшіру жөніндегі нысаналы индикатор 100 пайызды құрайды.Әуе қорғанысы күштерінде әуе кеңістігін қорғау жөніндегі міндеттерді орындау кезінде қолданылатын автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілді.Құрлық әскерлерінде «Жауынгерлік дайындық» модулін әзірлеу аяқталуда. Оны енгізу жауынгерлік дайындықты жоспарлауға, сабақ кестесін құруға және басқа мәселелерді жеңілдетуге уақытты қысқартады. Бұдан басқа, жауынгерлік даярлықты есепке алу және қажетті құжаттар тізбесі толық автоматтандырылатын болады.Сонымен қатар, Қарулы күштерде кадрлық есептен бастап медициналық қамтамасыз етуге дейінгі ресурстарды басқару жүйесі, қару-жарақ пен әскери техниканың мәліметтер базасы, оқ-дәрілерді есепке алу жүйесі және басқалары толығымен автоматтандырылған. Бұл адами, техникалық және материалдық ресурстарды есепке алу және басқару функцияларын автоматтандыру мәселелерін шешетін ақпараттық жүйелердің тұтас кешені.– Қазақстандық армия цифрлық жаңғыру процестерінен тыс қала алмайды. Қорғаныс министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, цифрлық трансформация бойынша үлкен жұмыс атқарды. Ол өмірдің барлық салаларына біртіндеп еніп келеді және уақыт өте келе ол айқын бола түседі. Қазірдің өзінде жоғары нәтижелерге қол жеткізілді деуге болады. Цифрлық технологияларды енгізу бойынша оң тәжірибе жинақталып, цифрландыру тапсырмаларын шешуге қабілетті күштер мен құралдардың әлеуеті құрылды. Біз өз кезегінде цифрландыру шеңберінде қорғаныс секторын одан әрі дамытуға қолдау көрсетеміз және ықпал етеміз, – деп атап өтті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/881161
Қазақ ұлттық өнер университетінде «Astana Merey» XX Халықаралық орындаушылар байқауының ашылу салтанаты өтті 16.11.2024
Бүгін Қазақ ұлттық өнер университетінде «Astana Merey» XX Халықаралық орындаушылар байқауының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға ҚазҰӨУ ректорының міндетін атқарушы Раушан Нұртаза, қазылар алқасының мүшелері, конкурсанттар және өнер сүйер қауым қатысты.«Осы тамаша іс-шарада сіздерді көргенімізге қуаныштымыз! Біз барлық адамзатты біріктіретін музыка өнеріне құрмет көрсету үшін жиналып отырмыз. «Astana Merey» байқауы жас таланттарды қолдап, оларды өнер төріне талпынуға ынталандырады. Әрбір жас орындаушыға сәттілік пен шабыт тілейміз», – деді Раушан Нұртаза.Биыл байқауға Қазақстанның 13 облысы мен 2 республикалық маңызы бар қаладан 160 жас орындаушы қатысып жатыр. Айта кетсек, 6-18 жас аралығындағы қатысушылар скрипка, альт, виолончель, контрабас, арфа, фортепиано және фортепианолық ансамбль номинациялары бойынша өнер көрсетеді. Жас музыканттардың шеберліктері мен таланттарын қазылар алқасының мүшелері бағалап, үздік қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/881145
Ірі ГЭС құрылысына жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді 16.11.2024
2024 жылғы 11 қарашада ҚР БЭЖ барлық аймақтары үшін (Тентек өзенінен басқа) жалпы белгіленген қуаты 200 МВт гидроэлектр станциясының құрылысына ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 9 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 10 баға ұсынысын берді. Аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің жалпы көлемі 220.9 МВт құрады.2024 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде шекті аукциондық баға 41.23 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Өтінімдердің баға ауқымы 41.23-тен 37 теңге/кВтсағ-қа (ҚҚС-сыз) дейін төмендеді.Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағына сәйкес белгіленген қуат көлемі 200-ден 220,9 МВт-қа дейін ұлғайтылды.Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мына 10 компания жеңімпаз деп танылды:«Коринская ГЭС-2» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 18.5 МВт, аукциондық бағасы 37 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);«Standard Hydropower» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 18.2 МВт, аукциондық бағасы 37.01 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);«ADM Energy» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 12 МВт, аукциондық бағасы 37.05 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);«Ескельдинская ГЭС» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 23.2 МВт, аукциондық бағасы 37.3 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);«Калжыргидро» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 19 МВт, аукциондық бағасы 37.35 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);«Жарық Энерго» Ұлттық энергетикалық компаниясы» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 10.5 МВт, аукциондық бағасы 37.4 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);«Коринская ГЭС-2» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 26 МВт, аукциондық бағасы 37.49 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);«ГЭС БОРОХУДЗИР» ЖШС» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 10,5 МВт, аукциондық бағасы 37.8 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);«Baskan Irrigation» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 30 МВт, аукциондық бағасы 37.99 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);«KOKSU HYDRO» ЖШС мен «Qamqor Energy» ЖШС арасындағы консорциум, жобаның белгіленген қуаты 53 МВт, аукциондық бағасы 41.21 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз)Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, USAID және «KOREM» АҚ-ның өкілдері байқаушылар ретінде қатысты.ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/ ҚР БЭЖ барлық аймағы үшін (Тентек өзенінен басқа) жалпы белгіленген қуаты 100 МВт ГЭС құрылысына жобаларын іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылғы 12 қарашаға жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/881117
Су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан мұнай-газ саласының қызметкерлері құрметке бөленді 16.11.2024
Бүгін Энергетика министрлігінде көктемгі су тасқыны салдарын жою кезінде жоғары кәсібилігі мен жанқиярлық еңбегімен көзге түскен газ саласының қызметкерлері марапатталды атап өтілді.Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов бейбіт күннің батырларына зор алғысын білдіре отырып, олардың ерен еңбегі зор құрметке лайықты екенін атап өтті. Жедел және үйлесімді іс-қимылдардың арқасында халық пен энергетикалық инфрақұрылым объектілері үшін залалды барынша азайтуға, зардап шеккен өңірлерде газ беруді үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік туды."Табиғи апат салдары мұнай-газ және энергетика салалары үшін елеулі сын-қатерге айналды, алайда мамандардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында залалды барынша азайтуға және объектілердің жұмысын қалпына келтіруге мүмкіндік туды. Әсіресе, Батыс Қазақстан, Ақтөбе мен Атырау облыстарының тұрғындарына оңай болмады. Апатты қалпына келтірудің ауыр жұмыстары 10000-нан астам энергетик пен мұнайшының мойнына түсті. Бүгінгі жиынға осы табиғи апаттың салдарын жоюға зор үлесін қосқан мұнай-газ саласының бірнеше өкілі қатысып отыр. Сіздердің ерен еңбегіңізге тағы бір мәрте алғыс айта отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Құрмет грамотасын табыс етуге рұқсат етіңіздер!",-деп атап өтті вице-министр Е.Ақкенженов.Атырау өңірінде су тасқынына қарсы шараларға белсенді атсалысып, табиғи апаттың алдын алу мен зардабын жою жұмыстарын жүргізуге қосқан үлесі үшін:«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау магистарлдық газ құбыр жолдары басқармасы Редут желілілк-өндірістік басқармасы Желілілік пайдалану қызметінің құбыртөсеушісі» Әлібек Тәпеков, «QazaqGaz Aimaq» АҚ «Атырау өндірістік филиалы Махамбет газ шаруашылығының шебері Әбіл Төлегенов марапатталды.Батыс Қазақстан өңірінде су тасқынына қарсы шараларға белсенді атсалысып, табиғи апаттың алдын алу мен зардабын жою жұмыстарын жүргізуге қосқан үлесі үшін «QazaqGaz Aimaq» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалының жерасты газ құбырларын пайдалану және жөндеу бойынша 4-разрядты слесарі Лебедев Сергей, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В. бас директоры Марсили Марко марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/881139
Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық 16.11.2024
Қарағанды облысында ТЖД қызметкерлері облыс әкімінің орынбасарымен бірлесіп Бұқар жырау және Нұра аудандарындағы су басу қаупі бар аймақтарын аралау жұмыстарын жүргізді. Сапар барысында Ғ.Мұстафин атындағы ауылда, Бұқар жырау ауданының Чкалово, Садовое, Қызыл-Жыр ауылдарында, Қантай, Кертенді, Ақмешіт Мыңбаев ауылдарында және Нұра ауданы Нұра ауылында болды.Тексеру барысында ТЖД басшысы мен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары атқарылып жатқан жұмыстарды бағадап, ұсыныстар берді.Жалпы облыстың елді мекендерінде су тасқынына қарсы негізгі іс-шаралар аяқталды, 55 елді мекенде 150-ден астам іс-шара жүзеге асырылды, оларда 50 шақырымға жуық қорғаныш қорғаны салынып, нығайтылды, 49 тас жол учаскелеріндегі су өткізу қабілеті ұлғайтылды, 18 шақырым су басу қаупі бар өзен арналары қалпына келтірілді, 6 шақырым су бұру арналары тазартылды.Бүгінде Шет, Абай және Қарқаралы аудандарында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда. Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/881133
Әділет министрі бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Өнеркәсіптік үлгілер бойынша заңдар туралы шарт жасасу және оны қабылдау жөніндегі дипломатиялық конференцияға қатысуда 16.11.2024
2024 жылдың 11 қарашасында Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) Өнеркәсіптік үлгілер бойынша заңдар туралы шарт жасасу және оны қабылдау жөніндегі дипломатиялық конференция өз жұмысын бастады.Шарттың негізгі мақсаты - халықаралық аренада өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғаудың қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру үшін ұлттық заңнамаларды оңайлату және үйлестіру. Шартты қабылдау өнеркәсіптік дизайн саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың және озық технологиялармен алмасуға нығаюына ықпал ете отырып, әлем елдерінің жаһандық инновациялық экожүйеге біріктіруге мүмкіндік береді.Іс-шараға Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (ДЗМҰ) мүше мемлекеттердің, сондай-ақ үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың атынан 900-ге жуық делегат қатысуда.Әділет министрі Азамат Есқараев Қазақстандық делегацияны бастап барды.Ресми шараны Сауд Арабиясы патенттік ведомствосының бас директоры, доктор Абдулазиз бин Мұхаммед Аль-Свайлем ашты. Өз сөзінде ол елдің өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғауда бірыңғай тәсіл жасауға ұмтылысын атап өтіп, өнеркәсіптік үлгілерді дамытуды ынталандыру үшін шарттың маңыздылығын атап өтті.ДЗМҰ бас директоры Дарен Тангтің өз сөзінде бұл шарт бүкіл әлем бойынша дизайнерлер мен өнертапқыштар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынына, олардың дамуын тиімдірек қорғауға және әлемдік экономикаға қосқан үлестерін арттыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.Дарен Тангтің сөзінше бұл құжатты дайындауға 19 жыл уақыт кеткен. Ол зияткерлік меншіктің жаһандық жүйесін нығайтудағы маңызды қадам болатынын және инновациялар мен креативті экономиканы дамыту жөніндегі бірлескен бастамалар шеңберінде елдердің жақындасуына ықпал ететінін атап өтті.Дипломатиялық конференция аясында Әділет министрі Азамат Есқараев сөз сөйлеп, ДЗМҰ Бас директорымен ынтымақтастық мәселелерін талқылау бойынша екіжақты кездесу өткізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/881142
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАЙТА ӨҢДЕУ САЛАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ 16.11.2024
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Келес ауданындағы “Умаров Н» шаруа қожалығының қайта өңдеу цехын аралап, жұмысымен танысты.Кәсіпкер тамшылатып суғаруға арналған иілгіш түтік шығару үшін 2023 жылы Қытай елінен арнайы қондырғы алып, іске қосқан.Құрылғы сағатына 12000 метр өнім өндіруге қуатты. Кәсіпорында сонымен қатар, жылыжайға қолданылатын пленка және жіп шығарылады. Қолданыстан шыққан полиэтилен заттарын қайта терең өңдеу арқылы көшет егуге қажетті құтылар жасау да жолға қойылған. Цех 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.Шаруа қожалығының басшысы Нұржан Омаров сондай-ақ, өз жылыжай кешенінде маусымдық кезеңде 25 азаматты жұмыспен қамтамасыз ететінін жеткізді.Мақтаарал ауданындағы «Cotton Май» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де шетелден жеткізілген автоматтандырылған қондырғылар орнатып, жаңа технологиямен мақта майын өндіруді бастады. Кәсіпорын тәулігіне 2 мың тонна шитті өңдеуге қауқарлы.Нұрбол Тұрашбеков ауыл шаруашылығын дамытуда жаңашылдық маңызды екенін атап өтті.– Терең өңдеу технологиясы мен оның пайдасы туралы шаруаларды кеңінен ақпараттандыру қажет. Заман талабына сай өнім ұсыну үшін технологиялық жетістіктерден шет қалмауымыз шарт. Осы бағыттағы жұмысты реттеу арқылы нарықтағы айналымды да бір жүйеге келтіруге болады, – деді ол.Облыс әкімінің орынбасары жауапты мамандарға кәсіпкерлермен және шаруалармен келісе отырып, бұл бағытта нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/881112
Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы жаңа Бас консулы қызметіне кірісті 16.11.2024
Бүгін, 11 қараша күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы жаңа Бас консулы Жамолиддинхужа Абдузукир оғлы Абдукаримовпен кездесті.Жиын барысында тарапқа Маңғыстау облысының сауда-экономикалық әлеуеті таныстырылып, өңірдің мүмкіндіктері мен болашағын, сонымен қатар екі ел арасындағы сауда саттық мәселелерін талқылады. Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту, экономикалық байланыстарды кеңейту және жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға қатысты бірқатар маңызды сұрақтар қаралды.Ербол Ізбергенов екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетін жоғары екенін айтып, Маңғыстау облысы тарапынан барлық қолдау болатынын жеткізді- Бұл кездесу екі ел арасындағы өзара сенімді әрі серіктестік қарым-қатынасты нығайтуға және экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге жаңа серпін беретініне сенімдіміз. Өзбекстанмен өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру арқылы аймақтың әлеуетін арттыруға жұмыстанамыз, - деді Ербол Ізбергенов.Айта кетейік, соңғы жылдары Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық байланыс айтарлықтай нығайып, өзара тауар айналымы 2024 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында 5,8 млн АҚШ долларын құраған. Экспорт көлемі 3,2 млн АҚШ долларын, ал импорт 2,6 млн АҚШ долларын құрады.Сондай-ақ, Маңғыстау облысында өзбек капиталының қатысуымен 140 кәсіпорын тіркелген. Бұл кәсіпорындар сауда, логистика, құрылыс және басқа да экономикалық салаларда белсенді қызмет етуде.Маңғыстау облысының әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/881077
Париж Олимпиадасының «күміс» жүлдегері елордалық жастармен кездесу өткізді 16.11.2024
«SANA Sport» спорт кешенінде бокстан әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының «күміс» жүлдегері Нұрбек Оралбай мен бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Асқар Еркебаев жас спортшыларға арнап шеберлік дәрісін ұйымдастырды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Кездесу барысында 24 жастағы Нұрбек Оралбай ізінен ерген жас спортшыларға жетістікке жету үшін жаттығудың маңыздылығын айтты. Сонымен қатар, спортпен айналысқан әрбір жан бос уақытын тиімді өткізіп, зиянды әдеттерден алыс жүретінін атап өтті. Артынша оған түрлі сұрақтар қойылып, Париж Олимпиадасындағы шешуші айқас қайсысы болғанын айтты.«Олимпиададағы ең қиын жекпе-жек алғашқы Каллум Питерспен (Аустралия) өтті. Себебі, бастапқы 2 раунд тең түстік. Жеңімпаз шешуші раундта ғана анықталып, жарысты одан әрі жалғастырдық. Бұл кездесу тіпті финалдан да қиын болды деп айта аламын», - деді Нұрбек Оралбай.Ал жеке бапкері Асқар Еркебаев 2009 жылы Оралбайлардың бастапқыда бокс емес, еркін күресті таңдағысы келгенін айтты.«Бапкер ретінде 1995-1996 жылғы боксшыларды жаттықтыратын едім. Ал Айбек пен Нұрбек Оралбай 2000 жылы дүниеге келгендіктен, өздерінен үлкендермен жаттықты. Олар ешкімнен жасқанбай, төзімділігін, мықтылығын көрсете алды. Сол сәтте ағайынды Оралбайлардың халықаралық аренада ел намысын қорғай алатынын байқадым», - деді бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Асқар Еркебаев.Жиында тек ақыл-кеңес берумен шектелмей, Нұрбек Оралбай рингте ашық жаттығу өткізді.Айта кетейік, Нұрбек Оралбай ересектер санатында 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында топ жарып, Париж Олимпиадасының финалына дейін жеткен болатын. Айбек Оралбай болса, 2022 жылы Азия чемпионы атағына қол жеткізген. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/881029
Елордада колледж студенттеріне қауіпсіздіктің алдын алу бойынша дәріс өтті 16.11.2024
Астана қаласында Білім басқарамасы, қалалық прократура мен полиция департаменті, мәдениет және спорт саласы өкілдерінің қатысуымен қалалық мемлекеттік колледж студенттеріне арналған жеке қауіпсіздік сағаты өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жиын студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Түсіндіру жұмыстары барысында жастардың құқықтары мен міндеттері, құқықбұзушылықтың салдары және өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары туралы ақпарат берілді.Сондай-ақ, түнгі уақытта көшеде жүру, ойын-сауық орындарына бару, ұрлық, бопсалау, нашақорлық, ішімдік қолдану және қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу мәселелері айтылды.Айта кетейік, бас прократураның тапсырмасына сәйкес, 4-11 қараша аралығында 16 мобильдік топ қызметкерлері қаладағы бес аудан бойынша 115 мемлекеттік мекемеде қауіпсіздік сабақтарын ұйымдастырып, жасөспірімдерге дәріс оқыды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/881032
Астанада интернет алаяқтықпен күрес қалай жүріп жатыр? 16.11.2024
Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша елорда аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық тіркелді, оның 730-ы ашылып, сот органдарына жіберілді. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Дастан Қалиев мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Оның айтуынша жалпы алғанда, 120-дан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, ал басқа да фактілер бойынша тергеу әрекеттері жалғасуда.«Халық арасында қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында біз қала өмірінің әртүрлі салаларында дәріс сабақтарын өткіземіз, онда алаяқтар пайдаланатын әдістер мен тәсілдер егжей-тегжейлі ашылады, сондай-ақ негізгі сақтық шаралары жеткізіледі.Сол сияқты адамдар көп шоғырланатын жерлерде профилактикалық сипаттағы үгіт-насихаттау жұмыстары жүргізіледі, жадынамалар мен буклеттер және аудио-бейне материалдар таратылады», - дейді Дастан Қалиев.Спикер өз сөзінде алаяқтардың негізгі қолданылатын әдістерін айтып өтті. Олар:- Банктердің немесе құқық қорғау органдарының қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің атынан қоңыраулар – бұл әдісті алаяқтар күмәнді банктік транзакциялар немесе алаяқтарды ұстау мақсатында арнайы операциялар жүргізу сылтауымен жаңылыстыру үшін пайдаланады.- Онлайн сатып алу – бұл әдісті алаяқтар әртүрлі сауда алаңдарында және әлеуметтік желілерде жоқ тауарлар мен қызметтерді сату кезінде пайдаланады.- Фишингтік сайттарды пайдалану –алаяқтықтың бұл түрі дербес деректер мен банктік мәліметтерді жинауға бағытталған. Мұндай сайттар мен платформалар шынайы сайттарға ұқсас болуы мүмкін.- Инвестициялық жобалар – әдіс бағалы қағаздар мен криптовалютаға тиімді инвестициялармен байланысты. Қаскүнемдер сайттар жасап, онда платформалар ойдан шығарылған сауда-саттық өткізіледі, толықтырулар мен кірістер туралы мәліметтер көрсетіледі.- What'sApp мессенджерінің аккаунтына заңсыз кіру – бұл үшін алаяқтар зиянды сілтемені пайдаланады, сосын ол сіздің таныстарыңыздан келіп түседі, ол арқылы алаяқтар сіздің аккаунтыңызға өтеді. Содан кейін олар сіздің атыңыздан барлық контактілерге ақша қаражатын қарызға беруді сұрап, өздері ұсынған банктік шоттарға жіберуді өтінеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/881042
Қосшы қаласының әкімі қызметінен босатылды 16.11.2024
Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 11 қарашадағы өкімімен Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов өз өтініші негізінде атқарып отырған қызметінен босатылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/881005
Қосшы қаласының әкімі тағайындалды 16.11.2024
Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 11 қарашадағы өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және мәслихат депутаттарының мақұлдауымен Қосшы қаласының әкімі болып Азамат Капышев тағайындалды.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласының активіне жаңа әкімді таныстыра отырып, Азамат Капышевтың жоғары кәсіби қасиеттері бар білімді және білікті басшы екенін атап өтті. Жаңа басшылыққа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, соның ішінде сумен қамтамасыз ету, электр және жылумен жабдықтау, инфрақұрылым салаларында бірқатар міндеттер қойылды.Аймақ басшысы жоспарланған барлық нысандардың уақытылы пайдалануға берілуін жеке бақылауға алуды, сондай-ақ жылыту маусымының сәтті және үздіксіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қала келбетін жақсарту, қоқыс шығару мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігі де айтылды.Географиялық тиімді орналасуды ескере отырып, инвестицияларды тарту, кәсіпкерлік пен туризмді дамыту жұмыстарын жалғастыру қажет. Әлеуметтік нысандарды іске қосу және жол желісін дамыту бойынша белсенді жұмыс күтіледі.Кездесу соңында Марат Ахметжанов жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда табыс тілеп, Қосшы қаласының бұрынғы әкімі Гайдар Қасеновке атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/881016
Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар жарнамасына жаңа шектеулермен айыппұлдар күшіне енді 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті 2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының аумағында букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасына қатысты қатаң шектеулер енгізілгенін хабарлайды. Кәсіпкерлер тарапынан туындаған сұрақтарға байланысты ведомство төмендегі мәліметтерді ұсынады.⠀🔺Жарнаманы орналастыруға тыйым салу:🔹Сыртқы жарнама: Көшелерде, ғимараттардың қасбеттерінде, көлік құралдарында және сыртқы құрылымдарда жарнамаға толық тыйым салынған. Бұл ереженің букмекерлік кеңселердің немесе тотализаторлардың орналасқан жерлеріне, спорт ғимараттарының ішіне және спортшылардың киімдеріне қатысы жоқ. Букмекерлік кеңселердің логотиптері мен сауда белгілерін басқа бизнес салаларының жарнамасында қолдануға болмайды.⠀🔹Бұқаралық ақпарат құралдары: Еліміздегіспорт телеарналарын қоспағанда, кинотеатрларда, анықтама кітаптарында және жалпы БАҚ-та жарнамалауға тыйым салынады. «Хабар» және Qazaqstan сияқты жалпы мазмұндағы телеарналар халықаралық спорттық іс-шаралардың тікелей көрсетілімдері кезінде ғана букмекерлік кеңселерді жарнамалауға құқылы.⠀🔹Көлік: Көлік құралдарында жарнама орналастыруға толық тыйым салынған.⠀🔹Жарнама рұқсат етілгенСпорттық БАҚ: Букмекерлерді жарнамалауға тек спорт тақырыбына арналған және заң бойынша тіркелген спорт телеарналары мен БАҚ-қа рұқсат етіледі.⠀🔹Спорттық іс-шаралар мен киімдер: Букмекерлердің логотиптері мен сауда белгілері спортшылардың спорттық киімдері мен спорттық құрал-жабдықтарында орналастырылуы мүмкін.⠀🔺Ерекшеліктер:Халықаралық спорттық іс-шаралардың тікелей трансляциясы: Букмекерлердің жарнамасы жалпы мазмұндағы телеарналарда тек халықаралық спорттық жарыстардың тікелей трансляциялары кезінде ғана рұқсат етіледі. Трансляцияға дейін жәнекейін жарнамалауға тыйым салынады.⠀🔹Турнирлер мен объектілердің атауы: Букмекерлік кеңселердің тауар белгілерін заңнама сақталған жағдайда спорттық турнирлердің, объектілер мен жобалардың ресми атауларына енгізуге рұқсат етіледі.⠀🔺Ереже бұзғаны үшін салынатын айыппұлдарБукмекерлік кеңселерді немесе тотализаторларды жарнамалау туралы заңнама талаптарын сақтамау әкімшілік айыппұлдарға әкеп соғады:⠀🔹Бірінші рет ереже бұзғаны үшін: Жеке тұлғалар – 60 АЕК, лауазымды тұлғалар – 80 АЕК, шағын кәсіпкерлік және КЕҰ субъектілері – 120 АЕК, орта бизнес субъектілері – 170 АЕК, ірі бизнес – 400 АЕК.⠀🔹Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда: Жеке тұлғалар – 170 АЕК, лауазымды тұлғалар – 200 АЕК, шағын кәсіпкерлік және КЕҰ субъектілері – 250 АЕК, орта бизнес субъектілері – 350 АЕК және ірі бизнес – 650 АЕК.⠀🔺Заңнама нормаларын бұзғаны үшін жарнама беруші, жарнаманы шығарушы және жарнаманы таратушы жауапты болады.⠀Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі азаматтарға жарнама заңнамасын бұзу фактісін байқаса, Комитеттің онлайн қабылдауына шағым жолдай алатынын ескертеді. Ведомство қажетті шаралар қабылдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/881008