Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң: функцияларды беру, бөлу тәртібі, тіркеу және жекешелендіру құқықтары

Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң: функцияларды беру, бөлу тәртібі, тіркеу және жекешелендіру құқықтары

16.11.2024 18:46:48 2552

2020 жылы Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Президент Қазақстанның «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» базасында толыққанды даму және қолдау институты, тұрғын үйді есепке алуды, қамтамасыз етуді және бөлуді орталықтандырылған түрде жүзеге асыратын «Отбасы банкін» құруды тапсырды.
ҚР Парламенті а.ж. қазан айында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды қабылдады.
Келесі кезекте Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң әзірледі. Алайда Заң Президент қол қойғаннан кейін ғана күшіне енеді.
Заң жобасы тұрғын үй саясатын орталықтандыру, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету тиімділігін арттыру, тұрғын үй алу рәсімдерін оңтайландыру, сондай-ақ азаматтардың барлық санаттары арасында тұрғын үйді әділ бөлудің бірыңғай тетігін енгізу мақсатында қабылданды.
Ең алдымен, жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үйді тіркеу, енгізу және бөлу функциялары «Отбасы банкіне» берілгенін айта кеткен жөн.
«Отбасы Банкі» ұлттық даму институтына айналады, оның негізгі міндеті республика бойынша азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй қатынастарын дамыту болады. Бұл ретте банк акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер жүйесінде қалады.
Берілген функциялар ашықтық қағидатын сақтай отырып жүзеге асырылатын болады. Тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркелген азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік қолдауға ие болған азаматтардың тізімдері «Отбасы Банкі» сайтында жарияланады. Сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж азаматтар үшін тұрғын үй алу рәсімдерін автоматтандыру және жеңілдету бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.
Мемлекеттiк қолдау шараларын тiркеу және бөлу мемлекеттiк деректер базасымен интеграциялау арқылы автоматтандырылған түрде жүзеге асырылатынын ескерген жөн. Бұл ретте кезекте тұрғандарды сатып алу және салу арқылы баспанамен қамтамасыз ету әкімдіктердің еншісінде. Жоғарыда аталған функцияларды беру үшін алты айлық өтпелі кезең қарастырылған. Өтпелі кезеңде әкімдіктер түгендеу жұмыстарын жүргізіп, «Отбасы банкінде» тіркелген азаматтардың тізімін жібереді.
Өз кезегінде, «Отбасы Банкі» әкімдіктерден келіп түскен кезектегі тізімдерді бірыңғай дерекқорға біріктіреді. Өтініштер жергілікті атқарушы органға өтпелі кезең аяқталғанға дейін берілсе, оларды әкімдік қызметкерлері бұрынғы құқықтық нормалар аясында қарайды.
Функция деректерін орталықтандыру «бір терезе» қағидатын қолдануға мүмкіндік береді, бұл кезде «тұрғын үйге мұқтаж» мәртебесін растау, кезекке тұру, содан кейін банктан несие алу жөнінде хабарласу үшін бірнеше органдарға жүгінудің қажеті жоқ.
Әрі қарай, жаңа заң жобасына сәйкес мұқтаждар арасында тұрғын үйді бөлудің жаңа тәртібі тіркеуге тұру мерзімі мен табыс деңгейіне байланысты жүзеге асырылатынын атап өтеміз. Осылайша, көптен бері кезекте тұрған азаматтарға басымдық беріледі.
Кезекте тұрған адамға табыс деңгейіне қарай субсидияланған жалдау, жалға берілетін тұрғын үй немесе«Бақытты отбасы», «Шаңырақ», «Отау» және «Наурыз» сияқты жеңілдетілген ипотекалық несие түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.
Одан бөлек, азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, 8 санатқа оларға кемінде 70%-ды жалға берілетін және несиелік тұрғын үй беру арқылы басым құқықтар беру көзделуде. Сол 8 санат:
- ҰОС ардагерлерін;
- жетімдерді;
- көп балалы және көп балалы аналарды;
- 1 және 2 топтағы мүгедектерді;
- мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларын;
- ҰОС ардагерлеріне тең жеңілдіктері бар ардагерлерді;
- басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерін;
- жесірлерді қамтиды.
Сондай-ақ, бұрын мемлекет есебінен салынған жалдамалы және несиелік тұрғын үй алған азаматтар қайта тіркеуден өте алмайтынын ескеру қажет.
Алайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, азаматтардың жекелеген санаттары, мысалы, көп балалы отбасылар, жетім балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және т.б. тіркеле алады. Яғни, тіркелу құқығы барлық азаматтарға берілген.
Заңда тұрғын үйге мұқтаж және соңғы 5 жылда баспанасы жоқ барлық азаматтарға санаттық жіктелуден бас тарту және тіркеуге тұру құқығын беру мүмкіндігі қарастырылған.
Осылайша, «Отбасы банкі» базасында тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың барлығын қамтитын Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Орталық мемлекеттік деректер базасымен біріктірілген тұрғын үйі жоқ ҚР азаматтары туралы бірыңғай ақпараттық база болады.
«Отбасы Банкінің» интернет-ресурсында тіркелген азаматтардың, сондай-ақ соңғы екі жылда мемлекеттік қолдауға ие болған азаматтардың тізімдері ай сайын жарияланатын болады.
Бұдан бөлек, азаматтардың барлық өтініштері онлайн режимінде қабылданатын болады, бұл да азаматтарды тіркеу процестерінің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Келесі кезекте жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру туралы айтылады. Жаңа заңда бұрын берілген жалдамалы тұрғын үйді сатып алу құқығынсыз жекешелендіру құқығы қарастырылған. Ал, қолданыстағы заңнамаға сәйкес сатып алу құқығынсыз берілген жалға берілетін тұрғын үй, сондай-ақ апатты тұрғын үйге айырбас ретінде азаматтарға берілген тұрғын үй жекешелендіруге жатпайды.
Бүгінде 55 мыңға жуық адам сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспанада тұрады. Бұл тұрғын үйлерде негізінен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары тұрады, мысалы, көп балалы отбасылар, жетім балалар және т.б. Мұндай тұрғын үйлерді сатып алу құқығы заңға сәйкес болашақта қалдық құны бойынша беріледі, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй ұсынылады;.
Жекешелендіру тәртібі жалпы өзгеріссіз қалады, яғни қалдық құны бойынша, баланстық құнның 2% мөлшерінде физикалық тозуды шегеріп, бірінші кезектегі жарнаны 30% енгізген кезде 10 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігімен беріледі. Осы нормалар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Заң күшіне енгізілгеннен кейін азаматтар бірден әкімдіктерге жекешелендіруге өтініш бере алады. Дегенмен, тұрғын үйді жекешелендіру міндет емес, құқық екенін атап өткен жөн. Азаматтарды жекешелендіруге мәжбүрлемейді.
Осылайша, тұрғын үй саясатын реформалау туралы Заңның негізгі аспектілерінің қатарында: жергілікті атқарушы органдардың функцияларын «Отбасы банкіне» беру, тұрғын үйді тіркеу күні бойынша бөлудің жаңа тәртібі, барлық азаматтарға тіркеуге тұру құқығын және бұрын сатып алу құқығынсыз берілген жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру құқығын беру бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/881146