Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Қазақстан шетелдік мамандар мен «неономадтар» үшін есігін ашуда 16.11.2024
Астана, 2024 жылғы 11 қараша – 2024 жылғы 18 қарашадан бастап Қазақстанда бизнес-иммигранттар, білікті мамандар және саяхатшылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған жаңартылған виза ережелері күшіне енеді.Жаңа өзгерістер келесіні қамтиды:– «В9» визасы – сұранысқа ие кәсіптер өкілдеріне одан әрі тұрақты тұруға ықтиярхатты ресімдеуге мүмкіндік беретін санаты;– Digital Nomad Visa – IT мамандарына арналған бір реттік электронды және көп реттік қағаз визасы, тұрақты тұру мүмкіндігін береді;– Neo Nomad Visa – айына кемінде 3000 АҚШ долларын құрайтын табысты растаған жағдайда ұзақ мерзімді болу құқығын беретін «неономадтар» үшін туристік виза;– «С5» бизнес-визасы үшін талап етілетін құжаттар тізімі айтарлықтай азайып, отбасы қосылуы мақсатында виза алу үшін неке-отбасы қатынастар ұзақтығының минималды мерзімі үш жылдан бір жылға дейін қысқартылды.Бұл шаралар инвестициялық ахуалды жақсартуға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, білікті мамандарды тартуға және Қазақстанның туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/880989
Оқу-ағарту министрі Алматының педагогикалық қауымдастығымен білім беру ісінің басым бағыттарын талқылады 16.11.2024
Алматы қаласының педагогикалық қауымдастығымен кездесуде министр білім сапасын арттырудың негізгі бағыттарын айқындады.Министр Мемлекет басшысының атынан ұстаз Күләш Рахметоваға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын табыс етті. Естеріңізге сала кетейік, Президент Республика күні қарсаңында отандық білім беру ісіне қосқан үлесі үшін бірқатар педагогтерді жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.Ғани Бейсембаев мемлекет тарапынан педагогтерге жан-жақты қолдау көрсетіліп, жас ұрпақтың толыққанды дамуына барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда, жыл сайын кемінде 1 мыңнан астам ауыл мектебі жаңартылуда, 1,5 мыңнан астам пән кабинеттері жабдықталған, мектептерді жоғары жылдамдықты интернетке қосу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Педагогтердің ендігі міндеті – білім сапасын арттыруға және балалардың жан-жақты, үйлесімді дамуына бар күш-жігерін салу.«Мемлекет басшысы педагогтерге ерекше көңіл бөліп, оған қоғамның төрінен орын ұсынды, үлкен сенім мен жауапкершілік артты. Бұған жуырда ғана екі ұстазымыздың «Қазақстанның Еңбек Ері» құрметті атағымен марапатталуы дәлел бола алады. Біздің басты міндетіміз - өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Сондықтан педагогтердің кәсібилігін арттыру еліміздің сапалы адами капиталын қалыптастырудың негізі болып табылады. Мұғалім мамандығын таңдаған әрбір жан еліміздің ертеңі үшін жауапты екенін саналы түрде сезінуі тиіс»,- деді министр өз әріптестеріне.Сондай-ақ министр педагог кадрларды даярлау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапалы тамақтануды ұйымдастыру жұмыстарын күшейтуге бөлек тоқталды.Бала құқықтарын қорғау саласының мамандарымен кездесуде мектептерде психологиялық қызметтің рөлін арттыру, министрліктің батамасымен енгізілген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында және психологиялық-педагогикалық қолдау орталықтары арқылы ата-аналармен ынтымақтастық құру мәселелерін талқылады.Кездесулердің қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/880977
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ 16.11.2024
Жезқазғанда нейро-ортопедиялық кемшіліктері бар балаларға арналған «QH» мемлекеттік оңалту орталығының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу рәсіміне облыс әкімі Дастан Рыспеков, «Қазақстан халқына» қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішев, Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Тұрақты даму департаментінің басшысы Медет Дүйсенбеков қатысты. Жаңа орталық 3 пен 18 жас аралығындағы балаларға арналған және жыл сайын 600 баланы қабылдай алады. Ұлытау облысы әкімдігінің қолдауымен мұнда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кішкентай пациенттер үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Көрсетілетін көмекті жоғары деңгейін ұстап тұру мақсатында, орталықта көпсалалы топ құрылды, оның құрамына дәрігер-неврологтар, реабилитологтар, логопедтер, емдік дене шынықтыру (ЕДШ) нұсқаушылары, дефектологтар, еңбек терапевттері, психологтар жұмыс істейді. Мамандарды оқыту бірнеше кезеңде, соның ішінде шетелдік тәлімгерлерді тарта отырып жүргізіледі. Мамандар тобын дайындау Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен жүргізілді. «Қамқорлық» қорының орталықтары әлемдік брендтердің сараптамалық сыныбындағы заманауи медициналық оңалту жабдықтарымен жабдықталған. Орталықты жарақтандыруды жобаның бас серіктесі «Қазақстан халқына» қоры қаржыландырды. Айта кетейік, оңалту орталығы Жезқазған қ. Абай көшесі-3 мекенжайында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде тегін қызмет көрсетпек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/880842
Астанада кекушин будокай каратэден республикалық чемпионат өтті 16.11.2024
«Астана – есірткісіз қала» бағдарламасы аясында елордалық Aspan спорт мектебі кекушин будокай каратэден республикалық чемпионат өткізді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Чемпионат Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – жас спортшыларға рух беру және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.«Турнирге еліміздің 15 өңірінен спортшылар жиналды. Бұл – Азия чемпионатына іріктеу турнирі, мұнда қатысушылар жоғары бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. Сонымен қатар, чемпионат жастардың салауатты өмір салтын ұстануға деген ұмтылысын қалыптастыруға ықпал етеді», - деп атап өтті чемпионатты ұйымдастырушы Нұрсұлтан Әлиақбаров.Полиция подполковнигі және Астана қаласы департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының өкілі Әлия Қибатқызы бұл іс-шара балаларға спорттың және салауатты өмір салтының маңыздылығын көрсетуге бағытталғанын айтты.«Турнирге жоғары дәрежелі спортшылар мен жаттықтырушылар қатысады, олар өздерінің тәжірибесі арқылы тыйым салынған заттарды қолданғаннан гөрі спорттық жетістіктерге ұмтылудың жақсы екенін көрсетеді», — деп атап өтті ол.Чемпионат 400-ге жуық қатысушының басын қосты. Бұл бәсеке оларға ерекше тәжірибе беріп, халықаралық турнирлер алдында командалық рухты нығайтты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/880743
Астанадағы ауа райының қолайсыздығы: коммуналдық қызметкерлер қардың салдарымен қалай күреседі 16.11.2024
Астананы ақ ұлпа басты, қар таңертеңнен бері үздіксіз жауып жатыр. Жауын шашынның көп түсуіне байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.11 қарашада елорда бойынша қар тазалау жұмыстарына 1,3 мыңнан астам арнайы техника мен 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды.Ережеге сәйкес, ең алдымен жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.10 қарашадан 11 қарашаға қараған түні қаладан полигондарға 20 мың текше метрден астам қар, 2 096 ауыр жүк рейсі шығарылды.Қар жауа бастағаннан бері Астанада бір апта ішінде 57 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 4595 жүк рейсіне тең. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/880786
Абай облысы бойынша 2024 жылғы қазандағы тұтыну бағасының индексі 16.11.2024
www.stat.gov.kzБаспасөз хабарламасы№ 10242024 жылғы 11 қараша Абай облысы бойынша 2024 жылғы қазандағы тұтыну бағасының индексі Облыс бойынша инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну баға индексі 2024 жылғы қазанда өткен айға қатысты алғанда 100,9 % құрады. 2024 жылғы қазанда облыс бойынша тұтыну бағасының индексіпайызбен 2024 жылғы қазан2024 жылғы қаңтар- қазан2023 жылдың қаңтар- қазанына2024 жылдыңқыркүйегіне 2023 жылдыңжелтоқсанына Барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер100,9106,8108,6Азық-түлік тауарлары100,4104,6106,4Азық-түлік емес тауарлар101,7106,9106,6Ақылы қызметтер100,8110,0114,7 Азық-түлік тауарларының арасында 2024 жылғы қазанда 2024 жылдың қыркүйекпен салыстырғанда 1 санаттағы жұмыртқа–5,2%, май және тоң май–1,7% (күнбағыс майы–2,3%, тұздалмаған сары май–1,9%), шай–1,2%, темекі өнімдері–1%, сүт өнімдері–0,6% (сүзбе (майлылығы 5-9%–2,1%, пәстерленген сүт–1%, қаймақ, айран (майлылығы 2,5%–0,6%, қатты ірімшік–0,1%), кондитерлік өнімдері–0,5%, сиыр еті, ұнтақ жарма–0,2%, жемістер мен көкөністер-0,1% (ақ қауанды қырыққабат–1,1% басты пияз–0,1%), балық және теңіз өнімдері, сөк, алкогольдік ішімдіктер–0,1% қымбаттағаны тіркелді.Қызылша–4,2%, сәбіз–2,3%, қант–2%, картоп–1,5%, жармалар–0,4% (қарақұмық жармасы–0,9%, сұлы–0,2%, арпа жармасы–0,1%), күріш, шұжықтар–0,1% арзандай түсті.Азық-түлік емес тауарлардан қатты отын–4,1%, фармацевтикалық өнімдері–2,5%, сұйытылған газ (баллондағы)–2,4%, жеке қолданатын тауарлар–2,1%, киім және аяқ киім–1,5%, жуғыш және тазалағыш заттар–1,3%, бензин, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсетуге арналған материалдары–0,1% қымбаттады.Ақылы қызмет бойынша байланыс қызметтері–2,3%, жолаушылар көлігінің қызметі–1,8%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметі–1,6%, амбулаториялық қызметтер–1,4% өсті.________________________________________________________________________________________________________________ Әдіснамалық түсініктемелерИнфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі (ТБИ) халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алған тауарлары мен қызметтеріне бағалардың өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығы 508 ұстанымды біріктіреді. Бағаларды тіркеу облыс орталығының және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір тобы бойынша меншіктің әртүрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі. Агрегаттау үшін қолданылатын салмақтау жүйесінің шығыс бөлігі өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі. 2022 жылғы қаңтардан бастап ТБИ құрылымында азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%-ды, азық-түлік емес тауарлар–30,2%-ды, ақылы қызметтер 29,1%-ды құрайды. www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер /Баға статистикасы Орындаушы:A. E. ЕрнароваТел. +7 7222 36-27-25Баға статистикасы бөлім басшысы:Г.Т. ШакшановаТел. +7 7222 36-27-25Адрес:180000, Cемей қаласыМәңгілік ел көшесі, 25 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/880873
ХАБАРЛАНДЫРУ Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрық жобасының орналасқаны туралы хабарлайды 16.11.2024
ХАБАРЛАНДЫРУҚазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 171 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрық жобасының орналасқаны туралы хабарлайды.Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз.Толығырақ:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15281111(с) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/880801
Астанада Сирия бойынша кезекті халықаралық кездесу өтіп жатыр 16.11.2024
2024 жылғы 11 қарашада Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге арналған Астана процесі аясындағы халықаралық келіссөздердің 22-ші раунды басталды.Бұл кездесуге қатысу үшін Қазақстан елордасына 11 делегация келді. Сирия Үкіметінің келіссөз тобына Сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрдің орынбасары Айман Раад жетекшілік етсе, Сирия оппозициясы атынан Ахмад Тома басшылық етуде.Сонымен қатар кездесуге кепілгер елдердің делегациялары қатысуда: Ресей делегациясын Сириядағы жағдайды реттеу бойынша РФ Президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясын ТР СІМ-нің Екіжақты саяси қатынастар жөніндегі бас директоры Мустафа Юрдакул, ал Иран делегациясын ИИР СІМ-нің Арнайы саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Али Асгар Хаджи басқаруда.Келіссөздерге бақылаушы ретінде Иордания, Ливан және Ирак өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар – Біріккен Ұлттар Ұйымы, БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы және Қызыл Крест өкілдері қатысуда.Бұған дейін хабарланғандай, ү.ж. 11-12 қарашада делегациялардың екіжақты және үшжақты консультациялары өтеді, олардың қорытындысы ретінде делегация басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс пен баспасөз конференциясы өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/880805
ТЖМ жылыту маусымында өрттердің алдын алуды күшейтуде 16.11.2024
Төтенше жағдайлар министрлігі жылыту кезеңінде өрттердің алдын алу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. Бұл дәстүрлі түрде азаматтардың жылыту кезеңінде жылыту аспаптарын белсенді пайдалануы салдарынан өрт шығу қаупінің жоғары болуымен сипатталады. Осыған байланысты ведомство өрттердің санын азайту және азаматтардың өмірі мен мүлкін барынша қорғау үшін алдын алу жұмыстарын күшейтуде. Бұл кезеңдегi басты мiндеттердiң бiрi үйлердегi, әсiресе халықтың әлеуметтiк осал топтары арасындағы орын алатын өрт санын азайту болып табылады. ТЖМ азаматтарға жылыту жүйелері мен электр аспаптарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін еске сала отырып, аулаларды аралауды, рейдтерді, нұсқамалықтарды белсенді жүргізуде. Профилактикалық жұмыста көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге, мүгедектерге және азаматтардың басқа да әлеуметтік осал топтарына ерекше көңіл бөлінеді. ТЖМ бастамасымен волотерлар, полиция және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Астана қаласында кезекті рейд жүргізілді. Оның аясында ТЖМ қызметкерлері жеке меншік үйлердің иелерімен кездесулер өткізді. Оларға жылыту жабдықтарын, пештер мен электр құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі ережелерін еске салды. Тұрғындардың қалауы бойынша пештер мен түтіндіктер тексеріліп, бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою бойынша ұсыныстар берілді.Бүгін Астанадағы профилактикалық рейд барысында ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Төрегелдиев: «Жылыту маусымында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды. Өйткені жылыту аспаптары мен пештерді пайдалану өрт шығу қаупін арттырады. Біз адамдарды жылыту жабдықтары мен электр аспаптарымен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері туралы хабардар ете отырып, профилактикалық іс-шараларды белсенді жүргізудеміз. Алдын алу - біздің қайғылы оқиғаларды болдырмаудың негізгі құралы. Біз барлық тұрғындарды осы жылыту маусымы еш қиындықсыз өтуі үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз», - деп атап өтті. Қауіпсіз жылыту маусымына дайындық аясында әлеуметтік осал азаматтар тұратын 100 мыңнан астам тұрғын үй аулаларды аралаумен қамтылды. Бұл іс-шаралар ықтимал қауіп-қатерлерді жедел анықтауға және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа әкімдіктермен және еріктілермен бірлесіп тұрғын үйлерде автономды өрт сөндіру датчиктерін орнату бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. 2020 жылдан бастап ТЖМ ұсынысы бойынша азаматтардың үйлеріне 107 мыңнан астам автономды датчиктер орнатылды. Олардың уақытылы жұмыс істеуінің арқасында биыл 248 адам құтқарылды. Ағымдағы жылы алдын алу іс-шаралары барысында ТЖМ қызметкерлері әлеуметтік осал азаматтардың үйлеріне 14 мыңнан астам жаңа датчиктер орнатқан. Бұл құрылғылар өрттер туралы ерте ескертуді қамтамасыз етеді, бұл тұрғындардың қауіпсіздігін айтарлықтай арттырады және өрттер санын азайтуға ықпал етеді. Қауіпсіздікті арттыру үшін жасалып жатқан күш-жігерге қарамастан, жылыту маусымының басынан бері Қазақстанда тұрғын үй секторында 650 өрт тіркелді. Осы өрттердің нәтижесінде 59 адам құтқарылды, өкінішке орай, 31 адам қаза тапты, ал 20 азамат күйіп, түрлі дәрежедегі жану өнімдерімен уланды. Төтенше жағдайлар министрлігі барлық азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Әсіресе, өрт қаупі едәуір артатын жылыту маусымы кезінде.Өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтауға шақырамыз:- жарамды пештер мен электр аспаптарын ғана пайдаланыңыз;- пештің қызып кетуіне және электр желілерінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеңіз;- түтінді уақтылы күйеден тазартыңыз;- пештің және электр аспаптарының ақауларын үнемі тексеріп отырыңыз;- пеш жағуды балаларға тапсырмаңыз;- жағу үшін тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдаланбаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/880756
Денсаулық сақтау министрі Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді 16.11.2024
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, Айша бибі ауылында орналасқан фармацевтикалық өнім өндіретін «Super-Pharm» ЖШС қызметімен танысты.Ақмарал Әлназарова жұмыс сапары аясында фармацевтика саласының жағдайын бағалап, жергілікті өндірушілермен өзара тиімді ынтымақтастық орнату, медициналық бұйымдардың қолжетімділігі мен сапасын арттыру жолдарын талқылады.Министр Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровпен бірге «Super-Pharm» ЖШС-ның басшылық құрамымен кездесіп, кәсіпорынның өндірістік қуаты мен өнім шығару үдерісін назарға алды.Кездесу барысында компанияның өндірістік қуатын кеңейту, фармацевтика саласына инновациялық технологияларды енгізу және медициналық бұйымдардың қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мәселелері талқыланды.«Super-Pharm» ЖШС — Қазақстандағы бірреттік медициналық бұйымдарды өндіретін жетекші компания. 2006 жылы құрылған кәсіпорын тоқыма емес материалдардан, пластиктен жасалған өнімдер мен шприцтер шығарады. Үш өндірістік желісі бар зауыт жылына 300 миллион дана өнім өндіре алады. Бүгінде 600-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Негізгі тапсырыс берушілері арасында «СК-Фармация» ЖШС және мемлекеттік, жеке медициналық мекемелер бар.Компания алдағы уақытта өндірістік қуаттарын арттыру және жаңа желілерді іске қосуды жоспарлауда.Сапар соңында кездесудің қорытындылары шығарылып, Жамбыл облысындағы фармацевтика саласын дамыту және одан әрі ынтымақтастық бағыттары белгіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/880783
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 200-ДЕН АСТАМ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА 16.11.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте «Ауыл – Ел бесігі» жобасының орындалу барысы талқыланды. Облыс әкімі жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне мемлекет бөлген қаржыны тиімді жұмсауды тапсырды.– «Ауыл – Ел бесігі» жобасын сапалы жүзеге асыру керек. Бұл жоба елді мекендердің инфрақұрылымы мен тұрғындардың өмір сапасының жақсаруына тікелей әсер етеді. Сондықтан аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма басшылары бірлесіп, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелеуі тиіс. Қаржы уақтылы игеріліп, құрылыс өз мерзімінде аяқталуы қажет. Қаржы бар, ауа райы қолайлы, жұмысты жалғастырыңыздар, – деген Дархан Сатыбалды құрылысы кешеуілдеген нысандар тіркелген аудан, қала әкімдерінің есептерін тыңдап, сын-ескертпе айтты. Жұмысты жандандыруды тапсырды.Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, биыл Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 181 елді мекенде 213 жобаны іске асыруға 29,5 млрд. теңге бөлінді. Олардың арасында өтпелі нысандар да бар. Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 156 жаңа жобаның 153-іне жеңімпаз мердігер анықталып, келісімшарттар жасалған. Биылғы 1 қарашаға жоспарланған 23,6 млрд. теңгенің 20,6 млрд. теңгесі игерілді немесе жоспар 87,2 %-ға орындалған.Жыл қорытындысымен 152 жобаны пайдалануға тапсыру жоспарланған. Биыл 1 қарашадағы жағдайға 27 жоба пайдалануға қабылданса, 125 жоба енді аяқталады. Өтпелі жобалар бойынша биылғы жылдың 1 қарашасына жоспарланған 9,6 млрд. теңгенің 7,8 млрд. теңгесі игерілді немесе жоспар 80,7 %-ға орындалған.Жиын соңында өңір басшысы аудан-қала әкімдеріне бұл жұмыстарды жылдам аяқтап, жұмысты жандандыру керектігін ескертті. Жобаның орындалуы тұрақты бақылауға алынған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/880748
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙЕ ТҮСТІ 16.11.2024
Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» бағдарламасын ұйымдастыру бойынша аудан, қала әкімдерінің рейтингі әзірленді. Әкімдердің жұмысын бағалау барысында ауданда ұйымдастырылған сенбіліктің тұрғындардың қатысуы, сенбілікке тартылған техника саны, Полиция департаменті тарапынан құқық бұзушылықтарды анықтау, «Birge – taza Qazaqstan!» ақпараттық жүйесіне түскен өтінімдер бойынша кері байланыс орнату, тұрғын үйлердің және кәсіпкерлік нысандарының іргелес аумақтарының тазалығына мониторинг жүргізу сияқты критерийлер басшылыққа алынды. Бағдарламаны ұйымдастыру бойынша аудан, қала әкімдерінің рейтингісі туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов аппарат жиынында баяндады.Оның айтуынша, Түркістан қаласы және Бәйдібек, Мақтаарал, Жетісай, аудандарының бағдарламаны ұйымдастыру көрсеткіштері жоғары деңгейді көрсетсе, Сарыағаш, Шардара, Түлкібас аудандары және Арыс, Кентау қалалары орта деңгейдегі көрсеткіштерге қол жеткізді. Ал, аудандарда жұмыс төмен.Аймақ басшысы қоқыс үйінділері жиі пайда болатын аумақтарға жергілікті полиция күштерін тарта отырып, рейдтік жұмыстарын жүргізуді, қоқыс тастамау жөнінде белгілер орнатуды және үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуді тапсырды.Бүгінгі таңда «Taza Qazaqstan» телеграмм бот платформасына 543 өтінім түскен. Оның ішінде, 526 өтінім орындалды, 1 өтінім – орындалу барысында, 16 өтінім мағынасыз болғандықтан, қайтарылған.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жұмыстар облыс көлемінде күнделікті өткізілуде. Нақтырақ атқанда, қазіргі таңда облыста жалпы 712 ауқымды сенбілік өткізілді. Аудан мен қалаларға кіреберіс аумақтарын реттеу, тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар биыл қоғамдық орындарда заң талаптарын бұзған тұлғаларға 26 мыңға жуық хаттама толтырылып 305,7 млн теңгеге айыппұл салынды. Абаттандыру қағидасына сәйкес іргелес жатқан аумақтың тазалығы бойынша 60 902 жеке тұрғын үй мен 29 954 кәсіпкерлік объектісіне мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде, 1 381 ескерту беріліп және 647 айыппұл салынды. Қағиданың сапалы орындау бағытындағы жұмыстар күнделікті жүргізілуде.Бұдан бөлек, көппәтерлі 120 тұрғын үйдің сыртқы келбеттерін ретке келтіріліп жаиыр. Оның ішінде, 81 тұрғын үйдің сыртқы келбеті ретке келтірілді. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін толық аяқталады.Қазіргі уақытта елді мекендерді көгалдандыру бойынша 467 535 түп ағаш отырғызылатын орындар белгіленіп, тиісті жұмыс жүргізілуде.Жауапты басқарма қызметкерлері Сарыағаш және Келес аудандарын қарасты елді мекендердің санитарлық тазалығының жай-күйіне мониторинг жұмыстарын жүргізді. Анықталған кемшіліктерді ретке келтіру жұмыстары атқарылды.Жалпы тазалық жұмыстарының тұрақты жүргізілуі, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауына алынған.Айта кетейік, қазан айындағы көрсеткіштер бойынша бағдарламаны ұйымдастыруда Түркістан облысы елімізде ең үздік деп танылды.Жиында Зұлпыхар Жолдасов жылыту маусымының барысы туралы баяндады. Бюджеттік мекемелер, тұрғын үйлер мен жылыжайларды қоса есептегенде өңірде жылыту маусымына қажетті көмір көлемі 684,1 мың тоннаны құрап отыр. Қазіргі уақытта 434,1 мың тонна көмір жеткізілген. Аймақтағы әлеуметтік маңызы бар нысандар: білім, денсаулық, мәдениет және спорт мекемелері көмірмен толық қамтамасыз етілген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/880750
Маңғыстау облысының Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы тағайындалды 16.11.2024
11 қараша күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Маңғыстау облысының Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы болып Құдайберген Алмағамбетов тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы Мәлік Әбдіқадыров таныстырды.Құдайберген Алмағамбетов 1986 жылы туған. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде информатика мамандығын және Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетінде экономика және бизнес бакалавры мамандығын тәмамдаған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандарды даярлау орталығында қосымша курстардан өткен.Еңбек жолын 2003 жылы компьютер жөндеу және техникалық қызмет көрсету саласында бастаған. Кейінірек университет зертханасында бағдарламашы ретінде қызмет атқарып, мектептерге арналған электронды оқулықтарды әзірлеу жобаларына қатысты. Алматы қаласындағы сервис орталықта системотехник қызметін атқарып, қала әкімдігінің пайдаланушыларына техникалық қолдау көрсеткен.2009-2011 жылдары Маңғыстау облысы әкімдігінің «ИВЦ» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында системотехник, жүйе инженері және техникалық бөлімнің бастығы қызметтерін атқарды. Осы кезеңде ол электрондық құжат айналымы жүйелерін енгізу және қызметкерлерді оқыту сыныптарын ұйымдастыру бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асырды.2011-2016 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар бөлімінде бас маман, бас инспектор, кейіннен бөлім жетекшісі қызметтерін атқарды. Бұл қызметте ол мемлекеттік органдардың функцияларын автоматтандыру және «Электрондық үкімет» компоненттерін енгізу бойынша жобаларға жетекшілік етті.2016 жылдан бастап Маңғыстау облыстық ақпараттық технологиялар орталығының директоры болып қызмет атқарды. Бұл лауазымда ол орталықтың жұмысын жақсартып, өңірдегі цифрландыру деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды жобаларды іске асырды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/880768
Алматыда 1972 жылы салынған мектепті күрделі жөндеу аяқталды 16.11.2024
Жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған 1200 оқушыға арналған мектеп ғимараты 20 жылдан астам уақыт бойы күрделі жөндеу жүргізілмеген. Алдында болған жұмыс сапары кезінде қала басшысы мердігерге бірқатар тапсырмалар берген еді,атап айтқанда, ғимараттың кіреберіс тобын кеңейту, іргелес аумақта арықтарды жабдықтау. Қолданылатын материалдардың сапасына және мектептің заманауи жабдықталуына ерекше назар аудару.Қала басшысының айтқан ескертулерінен соң жөндеу жұмыстары кезінде ғимарат сейсмикалық күшейтілді, шатыр, жылу жүйесі, сумен жабдықтау және су бұру желілері жөнделді. Оқу орнының аумағы абаттандырылды, спорт стадионының негізі қайта қалпына келтірілді.Сондай-ақ, Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша денешынықтырумен айналысу үшін шағын футбол және баскетбол алаңдары, үстел теннисіне арналған алаң, ашық ойындар мен тренажерлер орнатылды. Мектептің периметрі бойынша қоршаулар ауыстырылды.Мектеп оқушылары барлық жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін 6 қарашада жаңартылған ғимараттың парталарына оралды.«Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, мектептер, балабақшалар салу және оларды жаңғырту – біз жүргізіп жатқан жұмыстың басымдығы. Қалада шағын аудандарда салынған мектептер заманауи стандарттарға әкеледі. Мысал ретінде №9 мектеп болып табылады және осы бағыттағы жұмыс жалғасады», - деп атап өтті Ерболат Досаев.Алматы қаласының Әуезов ауданында барлығы 55 мектеп бар, оның ішінде 33 мемлекеттік және 22 жекеменшік мектеп, онда 59 мың оқушы оқиды. Мұнда алғашқы жайлы мектеп қыркүйек айында ашылды. Жаңа мектеп № 97 мектеп-гимназияның орнына салынды. Бұрынғы ескі мектеп 60 жылдан соң апатты деп танылды және бұзылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/880767
Алматыда коммуналдық техника құрастыратын цех іске қосылды 16.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Әуезов ауданында жеке инвестиция есебінен ашылған жаңа сауда-кеңсе ғимараты мен арнайы техниканы құрастыру цехының жұмысымен танысты.1,8 га жер учаскесінде «Евразия СТ» компаниясы ғимаратты реконструкциялап, оған іргелес аумақты көріктендіру жұмыстарын жүргізді. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 3 млрд теңге, бұл 50 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.Биыл қазан айында компания «Eurasia Special Machines» (ESM) коммуналдық машиналар мен жабдықтарды құрастыру цехын іске қосты. Мұнда жолдарды күтіп ұстау және тазалау үшін әртүрлі әлемдік брендтердің арнайы көлік құралдары мен жабдықтарын жинау жоспарланып отыр.Компания болашақта техника түрлерін көбейтіп, жобалық қуатқа шыққанда жылына 30 көпфункционалды «Pony P4» машиналары, 50 су себу кешендері, 30 қоқыс таситын машина, 50 көктайғаққа қарсы материалдарды тарататын құрал және басқа да техникалар шығарады деп күтілуде.Алматы көшелерін санитарлық тазалауға жауапты «Алматы Тазалық» кәсіпорны бірнеше электрлі әмбебап тротуар тазалайтын машиналар, аралас жол тазалау машиналары және сұйық реагенттерді таратқыштарды сатып алды.Кешен аумағын аралау барысында мегаполис басшысына канализациялық құдықтарға арналған неміс өндірісінің фрезерлік техникасы таныстырылды.«Біз бұл техниканы ұзақ күттік. Баршамызға белгілі, қалада люктердің айналасындағы асфальт негізінен қолмен өңделеді, ал бұл техника жабындыны дәл мөлшерде фрезерлеп, люктерді дұрыс орнатуға мүмкіндік береді. Бұл еңбек өнімділігін арттырады. Әрбір аудан және жолдардағы люктерге қызмет көрсететін су және жылумен жабдықтау кәсіпорындары осындай техникамен жабдықталады. Қала үшін көшелерді тазалауға, жолдарды жөндеуге арналған сапалы көпфункционалды техниканың болуы маңызды», – деді Ерболат Досаев. Сондай-ақ, бұл бағытта жұмыс істейтін кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/880772
Ақтөбеде майор Батыр Оразымбетовты соңғы сапарға шығарып салды 16.11.2024
Оқу-жаттығу ұшулары кезінде қаза тапқан ұшқышпен қоштасу рәсімі Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында өтті.Оған Әуе қорғанысы күштерінің басшылығы, әскери оқу орнының ұжымы, қайғылы жағдайда қаза тапқан Батыр Қайратұлы Оразымбетовтың туыстары мен жақындары қатысты.Әуе қорғанысы күштері әскери институты авиациялық эскадрильясының офицер-нұсқаушысы майор Б. Оразымбетов – осы оқу орнының түлегі.Қызмет барысында Әуе қорғанысы күштерінің бөлімшелерінде әртүрлі лауазымдардан өтті. Биылғы жылдың көктеміндегі су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты. Офицер мерейтойлық және еңбек сіңірген жылдары үшін медалдарымен марапатталған.Майор Батыр Оразымбетовтың соңында жұбайы мен екі баласы қалды.Әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан ұшқыштың есімі оның туыстары мен әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/880761
12 қарашада Demo Day өтеді 16.11.2024
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік органдардың цифрлық вице-министрлерінің қатысуымен Demo Day ұйымдастырадыКүні: 2024 жылғы 12 қарашаУақыты: 15:00Өтетін жері: Астана қ., Қонаев көшесі 6, 2-қабат, «ҚазақстанТемірЖолы» көрме залыDemo Day шеңберіндегі кезекті таныстырылымды ҚР Көлік министрлігі өткізеді. Министрлік тарапынан автомобиль, теміржол, теңіз және әуе көлігі, сондай-ақ автожол саласындағы цифрлық жобалар Digital Transport Day іс-шарасында көрсетіледі.Іс-шараға мемлекеттік органдар, жетекші көлік-логистика және теміржол компаниялары қатысады.Көлік саласындағы соңғы цифрлық трендтермен танысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! БАҚ аккредитациясы үшін байланыс телефоны:+7 778 552 8116 – Еңлік БердірахмановаАккредитация 11 қараша сағат 18:00-ге дейін қабылданады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/880777
«Таза Қазақстан»: Теміртауда талай жылдан бергі қоқыс алаңдары жойылды 16.11.2024
Теміртау қаласында Аманжолов және Подгорная көшелеріндегі ірі рұқсат етілмеген қоқыстарды жою жалғасуда. Шара "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында бюджет қаражаты есебінен жүргізілуде.Аманжолов көшесіндегі қоқыс үйіндісі тамыз айының соңында тазартыла бастады. "Ботақара 2030" ЖШС мердігерлік ұйымы қызметкерлерінің айтуынша, мұнда тұрмыстық және құрылыс қоқыстарының көп мөлшері жиналған. Қалдықтардың арасында шыны ыдыстар, сынған плиткалар, автокөлік бөлшектері, пластикалық терезелер, сынған есіктер, тұрмыстық қоқыс жәшіктері және т. б. заттар бар. Сондай-ақ аумақта терең шұңқырлар пайда болды. Жол салу кезінде қиыршық тас қазумен байланысты болған, кейін олар тұрмыстық қалдықтарды тастайтын орындарға айналған.– Қоқыс көп. Шамасы, ұзақ уақыт бойы осында жиналған. Бұл негізінен тұрмыстық және құрылыс қалдықтары, – дейді "Ботақара 2030" ЖШС өкілі Рахат Омаров. – Біз қазірдің өзінде 65 мың тоннаға жуық қоқыс шығардық. Осыдан кейін баумақты қалпына келтіруді бастаймыз, оны тегістеп, ретке келтіреміз.Қазір 6 адам және 8 арнайы техника жұмыс істейді. Күн сайын қоқыс артқан техникалар 30–40 рейс жасайды. Жұмыс аптасына 6 күн жүреді.– Қоқыс алаңдарын жоюға арналған шығындар облыстық мәслихат депутаттарымен келісіліп, Қарағанды облысының экологиялық шаралар жоспарына енгізілді. Біз бұл кешенді жұмыстың арқасмында қаланың экологиялық жағдайына оң әсерін тигізетініне сенімдіміз, – деді Теміртау қаласы әкімі орынбасары Ринат Қыдырбеков. Қоқыс алаңдарын жою жұмыстары қараша айының соңына дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/880717
Қазақстан мен Бразилия парламентаралық диалогты кеңейтуде 16.11.2024
Астана, 2024 жылғы 11 қараша – Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Қазақстан-Бразилия парламентаралық достық тобының бірінші отырысына қатысу үшін Астанаға сапары аясында Бразилияның федералды депутаты – «Қазақстан-Бразилия» парламентаралық достық тобының төрағасы Клаудио Кажадумен кездесті.А. Рахметуллин бразилиялық депутатты ҚР-дағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысымен таныстырды, сондай-ақ жаһандық күн тәртібі мен халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимыл контекстіндегі еліміздің сыртқы саясатының негізгі басымдықтары туралы айтты. Сондай-ақ ол Бразилия Қазақстанның Оңтүстік Америка құрлығындағы маңызды серіктесі болып қала беретінін атап өтіп, парламентаралық диалог екі елдің саяси ынтымақтастығының негізгі тетігі болып табылатынына және Қазақстан мен Бразилия арасындағы қатынастардың барлық кешеніне қуатты серпін беретініне сенім білдірді.Өз кезегінде К. Кажаду қазақ дипломатын Бразилиядағы қазіргі саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдаймен және Оңтүстік Америка өңіріндегі соңғы үрдістермен таныстырды. Сонымен қатар федералды депутат Қазақстанның халықаралық сахнадағы жетістіктерін, оның ішінде Орталық Азия өңіріндегі шешуші рөлін жоғары бағалады.Сондай-ақ келіссөздер күн тәртібінде Бразилиа қаласында алтыншы сімаралық саяси консультацияларды табысты өткізу контекстінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ биылғы жылы Порту-Алегри қаласында «Қазақстан-Бразилия» іскерлік кеңесінің III отырысы мәселелері тұрды. Сұхбат барысында 2025 жылы Бразилияда өтетін COP30 климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық конференция аясында екі елдің тығыз ынтымақтастығы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Кездесу барысында тараптар «Қазақстан-Бразилия» достық тобының алдағы бірінші отырысының өзекті мәселелерін талқылады және екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы байланыстарды кеңейту арқылы саяси өзара іс-қимылды дамытуға өзара қолдау көрсету туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/880747
Ақтауда ауыз су көлемін ұлғайту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда 16.11.2024
Ақтау тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Каспий» зауытында су тұщытатын үш қондырығының біреуін қосуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр.Бұл жұмыстарға жауапты мердігер мекеме - «Каспиан Конструкторс Траст» компаниясы.Мердігер мекеменің жұмысты кешеуілдетуіне байланысты, қондырғыны іске қосуда іркіліс болды. Мердігер компания басшылары қараша айының соңына дейін 10 000 текше метрлік қондырғыны іске қосуға уәде беріп отыр.Жалпы зауытты модернизациялау жұмыстары үш жылдан бері жүргізілуде. Жоба бойынша зауыттың өндірістің қуатын 40 000 м3-қа дейін арттыру көзделген.-Технологиялық тәртіпке сәйкес, қондырғыларды іске қосқаннан кейін, он күндей су дайындалады. Оның ішінде қосу-реттеу және залалсыздандыру жұмыстары бар. Бекітілген жоспарға сәйкес, қалаға 20 қараша күні бірінші 5000 м3 су беріледі. Ал қараша айының соңына дейін зауыт қондырғы арқылы 10 000 м3-қа жуық суды беруді жоспарланып отыр, - деді «Каспий» су тұщыту зауыты ЖШС директоры Серік Гусман.Сондай-ақ, Ақтауда Құйылыс кен орнынан «Каспий» су тұщыту зауытына дейінгі ұзындығы 47 шақырым су құбыры салынуда. Мердігер мекеме – «Алъянс ЛТД» ЖШС. Құрылыс жұмыстарына 15 арнайы техника және 32 қызметкер жұмылдырылды. Аталған жоба қаладағы ауыз су жетіспеушілігі мәселесінің реттелуіне септігін тигізеді.-Құйылыс кен орнынан «Каспий» су тұщыту зауытына дейінгі ұзындығы 47 шақырым, диаметрлері 900 мм құрайтын су құбыры салынуда. Жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін, жартылай учаскесінде құбырды сумен толтыруға қоятын боламыз, - деді облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы Анвар Туляков.Сонымен қатар, Ақшұқыр ауылында орналасқан «Ақтау» су тұщыту зауыты да қала тұрғындарын қосымша сумен қамтамасыз етуде.«Ақтау» су тұщыту зауытының құрылысы жеке инвестор тарапынан 2020 жылы басталған болатын. Зауыт 2023 жылдың наурыз айында қолданысқа берілді.-Аталған зауыт тәулігіне 5 000 м3 ауыз су өндіреді. Зауыт өндірген ауыз суды ОСЖТ-4 арқылы қаланың жоғары шағын аудандарына береді, - деді облыстық энергетика және ТКШ басқармасының сумен жабдықтау және су бұруды дамыту бөлімінің бас маманы Жүсіп Мұхамед.Жалпы Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылы осыған дейін ОСЖТ-4 арқылы «МАЭК» ЖШС және «Ақтау» су тұщыту зауыты арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілген болатын. Биыл жаз айларында Сайын Шапағатов ауылында қуаттылығы тәулігіне 4 000 м3 ауыз су өндіретін қондырғы орнатылды. Бүгінде Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылы аталған қондырғы арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Бұл өз кезегінде босаған су көлемін Ақтау қаласына бұруға мүмкіндік берді.Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/880679