Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Қарағандыға Қалибек Қуанышбаев атындағы театр гастрольдік сапармен келеді 16.11.2024
Қарағандыға Астанадан Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры гастрольдік сапармен келеді.Қарағандылық өнер сүйер қауым 23 қараша күні сағат 14:00-де Оралхан Бөкейдің "Ұйықым келмейді" драмасын тамашалай алады.Режиссері – Базыл Сұлтанғазы.Сол күні сағат 20:00-де көрермендерге "Кешкі 7" спектакль-концерті ұсынылады. Режиссер – Базыл Сұлтанғазы, қоюшы-суретші – Шынар Елембаева.Қойылымдар С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының сахнасында өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/879051
Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен тасқынның алдын алу туралы жиын өтті 16.11.2024
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Атырауда жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіЖылыой ауданы Құлсары қаласында Құрсай каналының 32 шақырымы тазартылып, тереңдетілді. Мұндай жұмыстар осы айда Жем өзенінде басталды. Жалпы ұзындығы 55 км болатын жағаның 1,5 км тазарып-тереңдетілді. Бұдан бөлек 58 км қорғаныс бөгетін салу жоспарланып, оның 24 км-і тұрғызылды,-деді С.Шәпкенов.Облыс әкімі жиында су шаруашылығы құрылыстарын басқаруға алу үшін «Табиғат» мекемесі құрылғанын айтты.- Тасқын кезінде тұрғызылған 590 км бөгетті облыс теңгеріміне алу жұмыстары жүріп жатыр. Көктемге дейін аталған бөгеттердің сапасын тексеріп, қажет болса, жаңадан тұрғызылған бөгеттерді нығайтамыз. Жайық өзенінің өткізу қабілетін арттыруда Каспий теңізіне шығыс беттегі сағасы тереңдетілуде. Бұл Құрманғазы ауданы Қиғаш өзенінде жалғасуда. Су тасқынына дайындық жұмыстары жүйелі жүріп жатыр,-деп атап өтті С.Шәпкенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/879138
Облыс әкімдігінде ҚР ӘРПК нормаларын сақтау жөнінде семинар-брифингі өтті 16.11.2024
Абай облысы әкімдігінде ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын сақтау мәселелері жөнінде семинар-брифингі өтті. Шара қала және аудан әкімдері аппараттарының басшылары, әкімдіктердің дербес бөлімдерінің мамандары, сондай-ақ облыстық басқармалар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың, облыс әкімі аппараты қызметкерлерінің қатысуымен өтті.Брифинг барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, азаматтарды қарау барысында туындайтын мәселелерді айтты. Олардың көпшілігі тек нормативтік талаптарды сақтау мәселелеріне ғана емес, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдары шағымдар мен өтініштерді қарау кезінде кездесетін қиындықтарға да қатысты болды.Кездесудің мақсаты – әкімшілік рәсімдер саласындағы заңнаманы қолдануға қатысты өзекті мәселелерді талдау, сондай-ақ қатысушылар арасында тәжірибе алмасу. Талқылау барысында нормативтік талаптардың сақталуына да, азаматтардың арыз-шағымдарымен жұмыс істеу барысында туындайтын қиындықтарға да қатысты мәселелер көтерілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/879106
ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің "Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасының, 2-фазасы" жобасын басқару тобының консультаты Төлебай Сағадиұлы өз жұмысы жайлы айтып берді 16.11.2024
Қазақстанда су шаруашылығы саласында он мыңнан астам адам еңбек етеді. Министрлік құрылған күннен сушылардың мәртебесін арттыру бағытында белсенді жұмыс атқарылуда.Осыған орай ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің "Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасының, 2-фазасы" жобасын басқару тобының консультаты Төлебай Сағадиұлы өз жұмысы жайлы айтып берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/879113
СҚО-да полицейлер мен депутат дропперлерден шығынды талап ету мәселесін талқылады 16.11.2024
СҚО-да полицейлер депутаты Евгений Кинцелмен кездесті. Жиын барысында жалдамалы алаяқтан шығынды талап ету жолдары және интернет-алаяқтықпен күресудің басқа да шаралары талқыланды.Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде жедел-уәкілдер мен тергеушілердің облыстық мәслихат депутаты Евгений Кинцелмен жұмыс кездесуі өтті. Жәбірленушілерге Қазақстан Республикасы Азаматтық-құқықтық кодексінің 953-бабын (Негізсіз баюды қайтару міндеті) түсіндіру мәселесі басты назарда болды.Ол интернет-алаяқтар келтірген зиянды дропперден – алаяқтық арқылы алынған ақшаны банк картасы арқылы ала бастаған адамнан талап етуге мүмкіндік береді.Кездесуде төрағалық еткен Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Қайрат Қасымбеков атап өткендей, интернет-алаяқтық туралы барлық іс бойынша тергеушілер жәбірленушілерге осы баптың ережелерін түсіндіреді.Осы тәжірбиені белсендi қолдану адамдарды сыйақы үшiн өзiнiң банк картасын күмәндi қаржы операциялары үшiн бөгде адамдарға беруге азғырылудан бас тартуға мәжбүрлеуі тиiс.Бұдан бөлек депутат желілік алаяқтардың алдына кедергі келтіруі мүмкін заңнаманы және кейбір банктік рәсімдерді жетілдіру бойынша полицейлердің практикалық ұсыныстарын тыңдады.Олардың ішінде алаяқтық құрбандарының шотындағы қаражатты қозғалысына тосқауыл қоюды жеңілдетеді. Евгений Кинцел полиция қызметкерлерінің осы және басқа да ұсыныстарын депутаттық қоғамдастықтың талқылауына шығаруға уәде берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/879116
Астанада Қазақстан мен Словакия қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті 16.11.2024
Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Словак Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қорғаныс министрі Роберт Калиняк әскери білім беру мен бітімгерлік қызмет саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Словакия қорғаныс ведомствосы делегациясының Қазақстанға жұмыс сапары аясында Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінде кездесулер жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/879096
Қазақстандық әскери қызметшілер Әзербайжанда теңіз арнайы күштерінің курстарынан өтті 16.11.2024
Әзербайжан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімдерінің бірінде теңіз арнайы күштерінің арнайы курсынан өткен әскери қызметшілердің оқуды аяқтауға арналған рәсімі өтті. Оған Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел қатысты.Әзербайжан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштері қолбасшысының міндетін атқарушы бірінші дәрежелі капитан Теймур Муршудов қазақстандықтарға курсқа қатысқаны үшін алғысын білдірді. Ол Әзербайжан тарапы тәжірибе алмасуға, бірлескен курстар мен жаттығулар өткізуге дайын екенін атап өтті.Өз кезегінде Елші Әлім Байел президенттер екі елдің қарым-қатынасын одақтас ретінде бағалайтынын атап өтті. Барлық салада, оның ішінде әскери ынтымақтастық саласында да тәжірибе алмасу жүріп жатыр.Дипломат соңғы екі жылда бірлескен оқу-жаттығулар саны едәуір өскенін айтты. Олардың кейбірі Қазақстан мен Әзербайжан тәуелсіздігі тарихында тұңғыш рет екіжақты негізде өткізілген. Ол сондай-ақ биылғы жылдың шілде айында Маңғыстау облысында өткен «Бірлестік» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуында Әзербайжан контингенті саны жағынан Қазақстан Қарулы күштерінен кейінгі екінші орында тұрғанын атап өтті.Ә. Байел теңіз арнайы күштерін оқытудың оңай емес екенін, сондықтан курсты сәтті аяқтаған жауынгерлер нағыз батырлар екенін алға тартты. Бакуден олар курстық сертификаттармен және естелік сыйлықтармен оралады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/879143
Қазақстан СІМ-де Венесуэламен ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды 16.11.2024
Астана, 2024 жылғы 6 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Венесуэла Боливариан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Росальба Ло Буэ Антиконы қабылдады.Тараптар Қазақстан мен Венесула арасындағы саяси, сауда-экономикалық және шарт-құқықтық салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Латын Америка елдеріндегі ахуалын талқылады.Көпжақты форматтағы, әсіресе БҰҰ шеңберінде ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара әрекеттестікті кеңейту бойынша күш-жігерді жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/879132
Жаныңда жүр жақсы адам 16.11.2024
10 қараша - Қазақстан Республикасының Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні қарсаңында мемлекеттік қызметшілердің «мінсіз беделін» қоғам арасында кеңінен насихаттау және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлер бейнесін ұжым алдында көтермелеу, жастарға үлгі болу мақсатында мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға бағдарланған «Жаныңда жүр жақсы адам» айдарының кезекті қонағы – мемлекеттік қызметте адал да абыройлы еңбек етіп жүрген әріптесіміз Министрліктің Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті директорының орынбасары Гүлмира Маутханқызы Маутхановамен жүргізілген сұқбатты ұсынамыз.Құрметті Гүлмира Маутханқызы сізді алда келе жатырған кәсіби мерекеңіз Қазақстан Республикасының Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күнімен құттықтай отырып, мереке қарсаңында өзіңізбен цифрландыру саласының маманы ретінде сұқбат жүргізсем деп едім.Бүгінгі уақыт талабына сәйкес IT саласының қатысынсыз бірде-бір бағытты елестету мүмкін емес, жалпы бұл саланың дамуы қашаннан бастау алды, қысқаша тарихына көз жүгіртсек?Шынымен де қазіргі уақытта өмірімізді цифрлық технологияларсыз елестету мүмкін емес.IT саласының дамуына қысқаша тоқталатын болсам, 1970 жылдары американдық IBM компаниясы ең алғаш микропроцессорды іске қосты. Микропроцессордың шығуы дербес компьтерлердің пайда болуына ықпал етті, яғни бұл есептеу технологиясындағы нағыз революциялық қадам болды.Кейін 1990 жылдардың басынан бастап бүкіләлемдік ғаламтор (world wide web) дами бастады, бұл интернеттің жаппай құбылыс ретінде пайда болуына әкелді. Интернеттің пайда болуы көптеген жаңа мүмкіндіктерге жол ашты: электрондық пошта (e-mail), интернет-дүкендер, іздеу жүйелері, әлеуметтік медиа және т.б. пайда болды.2000 жылдары мобильді технологияларды жаппай енгізу IT саласын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі болды. 2007 жылы Apple компаниясы смартфондар мен планшеттер дәуірін ашқан алғашқы Iphone-ды ұсынды.Сонымен бірге, осы жылдары бұлтты есептеу инфрақұрылымы дами бастады. Amazon Web Services, Google Cloud және Microsoft Azure сияқты компаниялар бұлтты шешімдерді ұсына бастады.Мобильді құрылғылар мен бұлтты техологиялар адамдарға кез-келген жерден кеңсеге немесе үйге байланбай-ақ құжаттарға, электрондық пошталарға, жұмыс тапсырмаларына және бейнеконференцияларға оңай әрі жеңіл түрде қол жеткізуге мүмкіндік берді.Соңғы онжылдықтарда IT индустриясы жасанды интеллект, машиналық оқыту және үлкен деректерді талдау саласындағы жетістіктердің арқасында революциялық өзгерістердің жаңа толқынын бастан кешіруде.Бұл технологиялар медицина, қаржы мен білімге дейін әртүрлі салаларда қолданылады.Осылайша IT саласының дамуын негізгі 4 кезеңге бөлер едім.А.ж. қыркүйек айында Министріміз Ж. Мадиев бұқаралық ақпарат құралдарында «еліміз әлем бойынша цифрлық басқару саласында орнын нықтады, яғни биыл Біріккен ұлттар ұйымының 2024 жылғы UN E-Government Survey есебіне сәйкес электронды үкімет бойынша жаһандық рейтингте 24 орынға көтерілдік»,-деді, бұл жақсы көрсеткіш болып саналады ма, бұл туралы не айта аласыз (қандай үлкен жобалар іске асты, корпорация, орталықтардың құрылуы..., цифрлық трансформация)?Электрондық үкімет бойынша жаһандық рейтингте 24 позицияны иелену еліміз үшін жақсы көрсеткіш деп есептеймін. Сонымен қатар, «онлайн қызметтердің сапа индексі» көрсеткіші бойынша әлемнің 193 елі арасында 10 орынды иеленгенімізді атап айтқым келеді.Қазіргі уақытта еліміз цифрландыру саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтатын болсам, 2023 жылы 50 млн. қызмет онлайн режимде көрсетілді және бұл қызметтердің 92 % біздің азаматтарға үйден қол жетімді. Egov мобильді қосымшасын ай сайын 4,6 млн адам пайдаланады, аталған қосымшада өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті жоқ цифрлық құжаттар қол жетімді.Сонымен қатар, жасанды интеллект негізінде отбасының цифрлық картасы жобасы іске асырылды. Бұл жоба – азаматтарға әлеуметтік көмек туралы мақсатты хабарламалар жіберу арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсынады. Аталған жоба шеңберінде 30-дан астам мемлекеттік қызметтер проактивті форматқа ауыстырылды.90-нан астам мемлекеттік дерекқорларды бірыңғай деректер қоймасына біріктіретін «Smart Data Ukimet» жобасы іске асырылды, бұл жоба деректерге негізделген шешімдер қабылдауға және әрбір азаматтың қажеттіліктеріне бейімделген проактивті қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді.Өзіңіз қызмет етіп отырған сала туралы айтсаңыз. Оны ілгерілетуде қандай бастамалар қолға алынуда, салаға қатысты қандай өзгеріс, жаңашылдық бар?Цифрлық трансформация саясаты саласына тоқталатын болсам, қазіргі уақытта біздің Департамент Цифрлық кодекс жобасын әзірлеу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізуде. Цифрлық кодекс – цифрлық кеңістіктегі өзара әрекеттесуді ұйымдастыруға бағытталған цифрлық технологияларды пайданалуды реттейтін ережелер мен нормалар жиынтығы болып табылады.Өздеріңіз білетіндей, кез-келген заң шығару процесі дәйекті кезеңдерден тұрады, оларды сақтау міндетті болып табылады. Цифрлық кодекс жобасы сараптамалық қоғамдыстық, бизнес пен мемлекеттік органдарың қатысуымен әзірленді, қазіргі уақытта Үкімет Аппаратының қарауында және қабылдау мерзімі - 2025 жылдың аяғына жоспарланған.Сонымен бірге, цифрландырудың платформалық моделіне көшуге мүмкіндік беретін нормалар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау және статистика, халықты қорғау, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы шеңберінде қабылданды (Заңға 2024 жылы 5 шілдеде қол қойылды).2024 жылдың қазан айында жоғарыда аталған Заңды іске асыруға бағытталаған 20-дан астам заңға тәуелді актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қабылданды.Қабылданған нормалар цифрландырудың платформалық моделіне көшуді, сондай-ақ қызметтер мен процесстерді біртұтас экожүйеге біріктіруді ілгерлетеді.Сіздің мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліңіз 9 жылға жуық екен, өз ісіңіздің маманы ретінде сіздің пікіріңіз, мемлекеттік қызметшінің жаңа болмысы қандай болу керек? «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» дегенді қалай түсінесіз?Жаңа болмыстағы мемлекеттік қызметшіні рухани-адамгершілік құндылықтарды ұстанатын, өзінің тұлғалық дамуын алдыңғы орынға қоя білетін, іс жүзінде оның нәтижесін көрсете алатын, білімді, кәсіби маман деп білемін.«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» дегенді ел игілігі үшін кәсіби білімімен және таза еңбегімен халыққа сапалы, адал ниетпен риясыз қызмет көрсететін, қажырлы еңбегімен табысқа жеткен тұлғаның бойында кездесетін үш негізгі қасиет деп түсінемін.Сіз меритократия қағидатымен Министрлігімізде сарапшыдан бастап департамент директорының орынбасары лауазымына дейін сатылап көтерілген өз ісіңіздің кәсіби маманысыз, жалпы осы жоғарлатылуыңыз уақытылы ма әлде ертерек жүзеге асырылып тұр ма, қалай ойлайсыз?Басшылық лауазымға көтерілу сатысында жұмыс тәжірибесіне байланысты қандай ұсыныс айтар едіңіз?Ата-анам үнемі әр нәрсенің өз уақыты бар, бәрі өз уақытымен болады деп айтып отырады. Шүкіршілікті жақсы көретін халықпыз ғой. Сондықтан мемлекеттік қызметте жоғарылауым ерте немесе кеш жүзеге асырылды деп айта алмаймын. Алланың қалауымен өз уақытында орындалды деп есептеймін.Басшылық лауазымына көтерілу сатысында жұмыс тәжірибесіне келетін болсақ, дәл қазіргі уақытта орталық мемлекеттік органдарда басшылық лауазымына өту талаптары күрделі деп есептеймін.Мысал келтіретін болсам, біліктілік талаптарында орталық мемлекеттік органда басқарма басшысы лауазымына өтетін үміткердің жұмыс тәжірибесі бес жылдан кем болмауы керек. Бұл қазіргі білікті де білімді жастардың басшы лауазымына өтуіне кедергісін тигізетін бірден-бір фактор.Осыған орай, білікті де білімді жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында оларға тек жақсы жалақы мен әлеуметтік пакетті ғана ұсынып қоймай, сондай-ақ кәсіби даму мүмкіндіктерін ұсыну және біліктілік талаптарын, оның ішінде жұмыс тәжірибесіне қойлатын талаптарды қайта қарау керек деп ойлаймын.Өзіңіз қай жердің тумасысыз, еңбек жолыңызды қашан, қайда бастадыңыз, жанұяңызда кім бар, жұмыстан тыс уақытта жақсы көретін ісіңіз (хобби) қандай?Мен Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының тумасымын. Еңбек жолымды 2015 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін аяқтағаннан кейін Астана қаласында Басқару колледжінде арнайы пәндер оқытушысы ретінде бастадым.Жанұямда – ата-анам, ағам бар, кішігірім, қарапайым отбасында тәрбилендім.Жұмыстан тыс уақытта спортпен, оның ішінде жүгірумен айналысқанды, сонымен қатар кітап оқығанды және youtube платформасынан әртүрлі бағыттарға арналған подкастарды көргенді ұнатамын.Қазақстан Республикасының Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне байланысты әріптестеріңізге тілегіңіз?Барлық әріптестерімді және осы саланың барлық қызметкерлерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Іске асырылып жатқан жобалардың кәсіби өсуі мен қарқынды дамуын тілеймін.Сіздерге кемелдікке, креативтілікке ұмтылуды және цифрландыру өсу мен даму үшін орасан зор мүмкіндіктер беретінін естен шығармай, осы салада талмай еңбек етуді тілеймін!Менің еңбек жолымды бағалап, сұқбатқа шақырғаныңызға алғысымды білдіремін. Құрметті Гүлмира Маутханқызы!Сізді де кәсіби мерекеңізбен құттықтаймын!Сізге зор денсаулық, жұмысыңызға табыс, жанұяңызға амандық тілеймін. Алтын уақытыңызды бөліп, сұқбаттасқаныңызға көп рақмет. Сұқбаттасқан:Жансая Қаршығақызы МолдағалиеваҚазақстан Республикасы Цифрлық даму,инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігініңӘдеп жөніндегі уәкіліАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/879185
Астананы көгалдандыру: жергілікті суару жүйелері және қала тұрғындарының жайлылығы үшін миллиондаған өсімдік 16.11.2024
Биыл қалада бір миллионға жуық жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер) отырғызылады. Оның басым бөлігі қазірдің өзінде отырғызылды, сол сияқты жасыл белдеу де назардан тыс қалған жоқ. Сондай-ақ, жасыл желектер көрікті жерлерге, мәдени, спорттық, білім беру және т.б. нысандарға отырғызылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Биыл 170-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді.Мысалы, Байқоңыр ауданында 1500-ден астам ағаш, 8 мың шаршы метрден астам гүлзар, 732 п.м. бұталы қоршау, 5000-нан астам сәндік гүлді бұталар отырғызылды.2025 жылы тұрақты суаруды қамтамасыз ету және екпелерді қолдау үшін 1500 ағаш, 31 мың бұта, 6 мың шаршы метр гүлзар және т.б. отырғызу жоспарланып отыр. Көгалдарды тұрақты суару және күтіп-баптау үшін биыл ұзындығы 28,8 шақырымды құрайтын 5 аумаққа жергілікті суару жүйелері орнатылды. Бұл шаралар жасыл кеңістікті сақтауға және суды тұтыну мөлшерін азайтуға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/879062
Бос жерден жасыл аймаққа дейін: Астанада аулалар мен қоғамдық кеңістіктер қалай абаттандырылып жатыр 16.11.2024
Астанада абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Оның аясында жайлы демалыс орындары ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Биыл 170-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Мұның бәрі қала тұрғындары үшін жайлы қалалық орта құру үшін жасалады. Қала тұрғындары мен қонақтары бос уақытын өткізетін тартымды орындар көптеп ашылды.Кешенді жұмыс қаланың әр ауданында гүлзарлар, қоғамдық кеңістіктер, саябақтар болуы үшін полицентрлік қағидаты бойынша жүргізіледі.Мысалы, Байқоңыр ауданында 60 аула мен 13 қоғамдық кеңістік абаттандырылды, оның 8-і бос жерде орналасқан, оның бесеуінде кешенді абаттандыру жүргізілді.Бұрын бос тұрған учаскелер қазір абаттандырылған аймаққа айналды: жасыл желектер отырғызылды, көше жиһаздары мен жарықтандыру орнатылды, бұл қала тұрғындарының демалуы үшін жайлылық жасайды. Абаттандыру процесінде қаланың шетіне де ерекше назар аударылады.С.Торайғыров көшесі, 2 мекенжайына іргелес аумақта, Толстой-Абыралы көшелерінің қиылысында, Өндіріс елді мекеніндегі Құрманғазы көшесінде, «Қоянды» саяжай алабында, Кирпичный елді мекеніндегі Көксеңгір көшесінде, Қазқалашық елді мекеніндегі Қарақұм көшесінде, Мұнайшылар елді мекеніндегі Әл-Фараби көшесінде, Өндіріс елді мекеніндегі Тайбурыл көшесінде тұрған бос жерлерге жаңа қоғамдық кеңістіктер ашылды. Мұнда демалуға арналған тыныш орындар, әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңдары, спорт аймақтары бар. Бұл тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасайды.Астананың барлық ауданы жөндеу-қалпына келтіру жұмысымен қамтылды. Келесі жылы аулалар мен қоғамдық орындарды (гүлзарлар, желекжолдар, саябақтар) абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/879065
Астанадағы әлеуметтік көмек: жыл сайын 187 мың тұрғын қолдау алады 16.11.2024
Елордада жыл сайын әлеуметтік қолдаумен 187 мыңнан астам азамат қамтылады. Олардың қатарында жасы бойынша зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедек адамдар, мүгедек балалар, көпбалалы отбасылар, Алтын алқа және Күміс алқа алқаларымен марапатталған аналар, сондай-ақ әлеуметтік аз қамтылған азаматтар бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Мереке және атаулы күндерде біржолғы ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл көмек түрін қаланың 165 мыңға жуық тұрғыны алады. Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 140 мыңнан астам адам тегін қызмет алады. Олардың арасында ХӘОТ үшін әлеуметтік көмек, жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу, қатты отын сатып алуға, газдандыруды қосуға, ауыз қуысын протездеуге дейінгі тегін санациялау және тіс протездеуге, тегін жол жүруге, коммуналдық қызметтерді төлеуге, атаулы әлеуметтік көмек бар.Мысалы, жыл басынан бері Байқоңыр ауданында «Qazaq oil» компаниясының қолдауымен «Игі істер марафоны» акциясы аясында 1500 мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтығы түрінде көмек көрсетілді. Демеушілердің қолдауымен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасы 120 тонна көмірмен қамтамасыз етілді, олар: жасы бойынша зейнеткерлер, пешпен жылытылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын мүмкіндігі шектеулі адамдар, көпбалалы отбасылар және т.б.«Мектепке жол» акциясы аясында аудан мектептерінің 1200 оқушысына мектепке қажетті керек-жарақтар берілді.Сонымен қатар, ана мен баланы әлеуметтік қолдауға ерекше назар аударылады. Елордада 34 248 көпбалалы отбасы тұрады, оның ішінде 27 мыңы – 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар. 7 088 ана Алтын алқа және Күміс алқа алқаларымен марапатталды.Қазіргі уақытта Астанада атаулы әлеуметтік көмекті 2 400-ден астам отбасы алады, оның құрамында 12 мыңнан астам адам бар.Сонымен қатар, Астанада Мемлекеттік қызметтерді біріктіретін және оларды «бір терезе» қағидаты бойынша көрсететін «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері мұнда 37 000-нан астам сұрақ бойынша 35 000-нан астам адам жүгінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/879073
Апатты тұрғын үйден заманауи кешендерге дейін: реновация Астанаға қандай өзгеріс әкеледі 16.11.2024
Елордада ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы аясында апатты үйлерді бұзу және елорда тұрғындарын жаңа тұрғын үйлерге көшіру қарастырылған. 2024 жылы 33 апатты үйдің тұрғындары 703 пәтерге көшіріледі, осылайша елорданың 3000-ға жуық тұрғыны жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.2013 жылдан бастап 286 апатты үйдің тұрғындары қоныс аударды, 4500-ден астам отбасы жаңа абаттандырылған пәтерлер алды.2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту жобасы аясында 206 апатты үйдің тұрғындары Астанада 4 710 пәтерге көшіріледі.Мысалы, Байқоңыр ауданында инвесторлармен бірлескен жұмыстар басталды. Жаңарту елорда ауданының орталық бөлігінде 343 гектар жерді қамтиды.Бағдарлама аясында Бас жоспарға сәйкес Байқоңыр ауданының аумағында 865 ескі және ескірген тұрғын үйлер бұзылады.Оның орнына көпқабатты тұрғын үйлер, 9 білім беру мекемесі, 7 денсаулық сақтау нысаны, оның ішінде 4 емхана, 3 медициналық орталық, 6 спорт және мәдениет нысаны, 27 коммерциялық нысан, оның ішінде СОО, бизнес-орталықтар, қонақ үйлер мен паркингтер, сондай-ақ 6 сквер салу жоспарланып отыр.Бүгінгі таңда ауданда Кенесары, Асан қайғы, Тараз көшелерінің қиылысындағы ескі үйлерді бұзу жұмысы басталды.Тұрғын үй қорын жаңарту тұрғын үйді және үй орналасқан жер учаскесін реквизициялау тәртібімен апатты (ескірген) тұрғын үйді бұзу және одан азаматтарды көшіру жолымен қаланың «ескі» кварталдарын кешенді реконструкциялауды көздейді.Жобаның шарттары бойынша авариялық үйлердің тұрғындарына құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес бөлмелер санына және тұратын адамдар санына қарамастан, ауданы бойынша бірдей мөлшерде, бірақ кемінде бір бөлмелі жаңа пәтерлер беріледі.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін ТК жөндеу, лифтерді ауыстыру, жеңілдетілген әлеуметтік тұрғын үй салу, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.Осы бағыт бойынша жұмыс жоспарлы түрде жүріп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/879086
Алматы облысында жаңа инновациялық мектеп ашылды 16.11.2024
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округіне қарасты Өрікті ауылында 1500 орынға арналған жекеменшік «ALTYN ADAM» инновациялық мектебі ашылды. Бұл білім ордасы заман талабына сай, жаңа құрылғылармен жабдықталған және оқушыларға сапалы білім беруге бағытталған. Мектептің ашылу салтанаты ауыл тұрғындары, облыс басшылығы, құрметті қонақтар мен мектеп ұжымының қатысуымен өтті.Салтанатты шараға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Исағұлова Гүлсара, «Kapital Construction» компаниясының президенті және мектеп құрылтайшысы Төренияз Ринат Оралсейітұлы, сондай-ақ облысымыздың құрметті азаматтары, ақжаулықты аналар, ардагер ұстаздар, оқушылар мен ауыл тұрғындары қатысты.Ашылу рәсімі Исағұлова Гүлсараның құттықтау сөзімен басталды. Ол өз сөзінде білім беру саласындағы осындай маңызды жобалардың қоғамның дамуына тигізетін оң әсерін атап өтіп, жергілікті кәсіпкерлердің игілікті істеріне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, өңірдегі білім беру сапасын арттыруға бағытталған бұл мектептің ауыл жастары үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.«Kapital Construction» компаниясының президенті және мектеп құрылтайшысы Төренияз Ринат Оралсейітұлы да жаңа білім ордасының ашылуымен құттықтап, өз сөзінде: “Бұл мектепті салу мақсатымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы бастамасында 1000 мектептің салынуына орай, кәсіпкерлер өз үлесімізді қосайық деп мектеп салып бастадық. Бірінші мектебімізді Іле ауданында аштық, екінші мектебімізді Еңбекшіқазақ ауданында ашып жатырмыз,” — деп атап өтті. Сонымен қатар, мектептің құрылыс жұмыстарының жоғары деңгейде жүргізілгені және оның халықтың талап-тілектеріне толық жауап беретіндігі туралы айтты.Бұл білім ордасы 1500 орындық, ал оның құрылысына 5,6 миллиард теңге қаражат жұмсалған. Мектептің жаңа ғимараты заманауи талаптарға сай жабдықталған және оқушылар үшін барлық қажетті жағдайлармен қамтылған.Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Алматы облыстық аналар кеңесінің төрағасы Гүлнара Сағатқызы Жошыбаева құттықтау сөз сөйлеп, мектептің ауыл жастарына білім мен даму жолында үлкен мүмкіндік сыйлайтынын атап өтті.Жаңа мектептің ашылуы — Алматы облысының білім саласына қосқан үлкен үлесі әрі ұрпақ тәрбиесі мен білім беру жүйесін дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Енді осы жерде көптеген талантты шәкірттер тәрбиеленіп, олар еліміздің жарқын болашағына өз үлестерін қосатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/879082
Жылу желілеріндегі бейнетіркеуіш: нысандарды тексеру кезінде жылу инспекциясы инженерлерінің жұмысындағы жаңа стандарт 16.11.2024
Алматы жылу желілері тұтынушылармен өзара іс-қимыл кезінде жылу инспекциясының жұмысын жақсарту үшін нысандарды тексеру кезінде бейнетіркеуіштерді қолдана бастады. Бұл бастама инженерлер жұмысының дәлдігі мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ деректерді жинауды оңтайландыруға бағытталған.Бейне жетондарды енгізу – бұл күнделікті жұмыс барысында үдерістерді цифрландыру мен ашықтықты арттыруға жасалған қадам.«Кәсіпорнымызда инженерлердің жұмыс тиімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында бейнетіркеуіштер енгізілді. Бұл құрылғылар нысандарды тексеру кезінде жұмыс барысындағы маңызды сәттерді тіркеп, орындалған тапсырмаларды бақылауға, сондай-ақ кәсіпорын стандарттарының сақталуын қадағалауға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді жылу инспекциясының жетекші маманы.Бейнетіркеуіштер инженерлерге ақпаратты нақты уақыт режимінде жедел беруге, деректер архивін құруға және сапаны бақылауға көмектеседі. Бұл құрылғылар ықтимал мәселелерді анықтау мен штаттан тыс жағдайлардың алдын алуға арналған маңызды құрал болмақ.«Бұл шешім өзінің тиімділігін дәлелдеді: бейнетіркеуіштер қызмет көрсету сапасын арттырып, қателіктер ықтималдығын төмендетеді және даулы мәселелерді шешуге көмектеседі. Бейнежазба жағдайды объективті түрде қарауға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алады», – деді жылу инспекциясының басшысы Маржан Балбаева.Кәсіпорын өндірістік процестерді оңтайландыру, қауіпсіздікті арттыру және қызметкерлер мен тұтынушылар арасындағы байланысты жақсарту үшін заманауи технологияларды қолдануға тырысады. Бейнетіркеуіштерді енгізу – бұл жоғары сапа стандартына бағытталған тиімді әрі ашық өндіріс құруға жасалған тағы бір қадам.АлЖЖ атап өткендей, цифрлық технология жылу инспекциясы қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттырып, жемқорлық тәуекелдерін азайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/879000
Алматыда жыл соңына дейін бірыңғай видеомониторинг жүйесінің 50 мың видеокамерасы қосылады 16.11.2024
Алматыда 2024 жылдың соңына дейін 2022 жылы іске қосылған бірыңғай видеомониторинг жүйесінің (БВМЖ) 50 мың видеокамерасы қосылатын болады. Бұл туралы мегаполистің цифрландыру басқармасы хабарлады.Жыл басынан бері қазіргі уақытқа дейін қала әкімдігінің жобалық офисінің қолдауымен шығарылған 15 мың камераны ескере отырып, 45 мың камера қосылды, ал 2025 жылға қарай бұл сан 70 мыңға дейін артады. Видеожазбалар 209 жеке және 613 мемлекеттік нысандардан алынды.Сонымен қатар, Алматыда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің (АБК) 300 камерасы орнатылған. Осылайша, бүгінде 1 641 АБК жұмыс істейді.Сондай-ақ, осы жылдың соңына дейін 71 денсаулық сақтау объектісінің аумағында «Қауіпсіздіктің кешенді жүйесі» жобасын іске асыру аяқталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/879003
Алматыда кезекті нысан сот шешімі бойынша бұзылды 16.11.2024
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Курильская көшесі, 11-үй бойындағы екі қабатты ғимарат заңсыз тұрғызылған.Бұған дейін Danil ЖК тұрғын емес үй-жайдың меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру аясында орын алған бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік шаралар қабылданған болатын.Нұсқаманың талаптарын орындамауы салдарынан Басқарма объектіні бұзу үшін Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа талап арыз берді.2024 жылғы 14 мамырда Басқарманың талап-арыз талаптары қанағаттандырылды. Нысанды бұзу бүгін сот орындаушыларының қатысуымен басталды.Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 51 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», «KHAN», «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/879072
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында мүгедектігі бар 20 мыңнан астам адам әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қызмет алды 16.11.2024
Биылғы жылы әлеуметтік қызметтің 55 түрі техникалық оңалту құралдары және санаторлы-курорттық сауықтырумен қамтамасыз етілді.Ақтөбе облысында тұратын мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында қаралды. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның хабарлауынша, облыста 30241 мүгедектігі бар азамат тұрады, оның ішінде 5 305 бала. Жыл басынан бері портал қызметтерін ерекше қажеттіліктері бар 20 166 адам пайдаланған. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкердің үйдегі көмегі 388 ерекше балаға және 1655 жалғызбасты қарт адамдар және мүгедектерге көрсетіледі.«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 8 қоғамдық ұйым ерекше білім беру қажеттілігі бар 378 балаға оңалту көмегін көрсетеді. Сондай-ақ, мүгедектігі бар 743 ақтөбелік әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында стационарлық жағдайда арнайы әлеуметтік қызмет алады. «Инватакси» қызметі үзіліссіз жұмыс істейді. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі 1 849 адам инватакси қызметін пайдаланады. Арнайы көтергішпен жабдықталған 9 автокөлік қызмет көрсетеді», - деді Ләззат Оразбаева.Басқарма басшысы мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру мәселесіне де тоқталды. Жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларымен 1 449 мүгедектігі бар адам қамтылды. Оның 450-і тұрақты жұмысқа орналастырылды, 410 адам субсидияланған жұмыс орындарына жіберілді. Тағы 473 азамат «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтті, мүгедектігі бар 92 адам өз бизнесін ашуға грант алды.«2024 жылы жұмыс берушілердің мүгедектігі бар жандар үшін жұмыс орындарын құру жөніндегі шығыстарын субсидиялауға 14,1 млн теңге сомасына қаржы бөлінді. Есепті кезеңде 6,8 млн теңгеге 8 арнайы жұмыс орны құрылды. 70 кәсіпорында мүгедектігі бар 147 адамға квота белгіленді. Квотамен бүгінде 64 адам жұмысқа орналастырылды», - деп атап өтті басқарма басшысы.Сонымен қатар, Есет батыр шағын ауданында 150 орындық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығының құрылысы жалғасуда. Нысанды 2025 жылы тапсыру жоспарланып отыр.Баяндамашы сөзін тыңдай келе, облыс әкімі мүмкіндігі шектеулі жандарға объектілерге кедергісіз кіру, бейімдеу бойынша жұмысты жеделдетуді тапсырды. Бүгінгі таңда облыста жоспарланған 1292 нысанның 874-і бейімделген. Сондай-ақ оларға қоғамда инклюзивті орта құру жөніндегі жұмысты күшейту және денсаулық сақтау, білім беру мекемелерімен неғұрлым тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/879004
ҰҚШҰ Дағдарысқа қарсы әрекет ету орталығының өзара іс қимыл жөніндегі мамандары Астанаға жиналды 16.11.2024
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Дағдарысқа ден қою орталығы өзара іс-қимыл жасауға уәкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының жиыны Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде өтті.Іс-шараға ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Фазылолла Баденов және ҰҚШҰ Дағдарысқа қарсы әрекет ету орталығының бастығы генерал-майор Арсен Рахманов қатысты.Отырыста Орталық Азия өңіріндегі әскери-саяси ахуалды талдау ұсынылып, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздігінің қазіргі заманғы қатерлері мен сын-тегеуріндері айқындалды.Жиын барысында қазіргі заманғы террористік қатерлер, ақпараттық өзара іс-қимылды жетілдіру, күнделікті қызметте және дағдарыстық жағдай туындаған кездегі тапсырмларды орындау үшін байланыс жүйесін дамыту және т. б. туралы баяндамалар оқылды.Іс-шара аясында ҰҚШҰ дағдарысқа қарсы әрекет ету орталықтары мен ұйымға мүше мемлекеттердің ұлттық басқару органдары арасында ақпарат алмасудың проблемалық мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.Дағдарысқа қарсы әрекет ету орталықтары өкілдерінің келесі жиыны 2025 жылы Қырғызстанда өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/879023
АШМ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту бойынша шаралар қабылдауда 16.11.2024
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.ҚР АШМ агроазық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова мемлекеттік қолдау шараларының арқасында жыл сайын тұрақты өсім байқалатынын атап өтті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісі саласында өсім байқалады. Өндіріс көлемі 2,1% - ға артып, 3,1 трлн. теңгеге жетті. АӨК өнімінің экспорты 5,3 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл ретте экспорттың жалпы көлеміндегі өңделген өнімнің үлесі 43% - ға дейін өсіп, 2,2 млрд. АҚШ долларына жетті.«Салаға инвестициялар ағыны артып келеді. 2023 жылы тамақ өнімдерін өндірудің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 156 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11% - ға артық. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 118,8 млрд. теңге сомасына 48 инвестициялық жоба іске асырылды. Бұл жетістіктер инвестициялық субсидияларды, шикізатқа субсидияларды, салықтық жеңілдіктерді қамтитын мемлекеттік қолдаудың тиімді шараларына негізделген», - дамудың үш негізгі бағытын атап өтті Назгүл Хатепова.Сонымен, ұн, жарма, макарон және басқа да өнімдер өндіретін 350 кәсіпорын астық өңдеумен айналысады. Ұн өндірісі (3,2 млн.тонна) ішкі тұтынудан асып түседі және экспорттық жеткізілім көлемі бойынша (1,9 млн. тонна) әлемде жетекші орындардың бірін алады. Саланың дамуын ынталандыру үшін инвестициялық субсидиялар (50% дейін), кредиттер мен салықтар бойынша жеңілдіктер, сондай-ақ экспорт кезінде көлік шығындарын өтеу көзделген. 2024-2026 жылдар кезеңінде астық өңдеу бойынша 13 жобаны іске асыру жоспарлануда. Қытайға астық өңдеу өнімдерінің экспортын кеңейту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.Майлы дақылдарды өңдеумен 80 кәсіпорын айналысады. 2023 жылы олар 672 мың тонна май өндірді, бұл ішкі тұтынудан едәуір асады (368 мың тонна). Ағымдағы жылы өндірісті 750 мың тоннаға дейін ұлғайту болжанып отыр.Қант өндірумен 2023 жылы ішкі нарық қажеттілігінің 44% (507 мың тонна) қамтамасыз еткен 4 жұмыс істеп тұрған зауыт айналысады, бұл ретте қанттың 13% - ы отандық шикізаттан өндірілген. Саланы қолдау үшін субсидияларды, салықтық жеңілдіктерді ұлғайтуды қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шаралары күшейтілді және Жамбыл облысы мен Павлодар қаласының Шу қаласында екі жаңа зауыт салу мәселесі қаралуда.Сүт, ет, тері және жүнді қоса алғанда, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселелері қозғалды.2023 жылы 2,1 млн. тонна сүт өңделді, жалпы сомасы 584,8 млрд. теңгеге сүт өнімдері өндірілді. Қайта өңдеумен қуаттылығы жылына 2,7 млн. тонна сүтті құрайтын 180 кәсіпорын айналысады, жалпы жүктемесі шамамен 77%. Импортты одан әрі алмастыру және қуаттардың жүктемесін арттыру үшін ККМ құрылысына жеңілдікпен кредит беру жобасы іске асырылуда. Қуаттылығы жылына 400 мың тонна (құс етін есептемегенде) және жүктемесі 54% болатын 210 ет өңдеуші кәсіпорын жұмыс істейді. Салқындатылған ет нарығы 101% – ға, шұжық өнімдері 60% – ға, консервіленген ет өнімдері 28% - ға қамтамасыз етілген.Теріні өңдеумен 9 кәсіпорын айналысады, жүн өңдеумен - 13. Теріден желатин және жемшөп қоспаларын өндіруді дамыту, сондай-ақ өрескел және жартылай өрескел жүнді қайта өңдеу кәсіпорындарын ашу жоспарлануда. Алматы қаласында қуаттылығы 7 мың тонна желатин өндіру бойынша бір жоба, СҚО мен Алматы облысында жемшөп қоспаларын өндіру бойынша екі жоба іске асырылды.2024 жылдың 9 айында азық-түлік өндірісі 2,4 трлн.теңге құрады. (2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8% - ға өсім). Бірқатар сүт өнімдері, қант және өсімдік майы өндірісінің өсуі байқалады.Үкімет 2028 жылға қарай азық-түлік өнімдерін өндіру көлемін 1,4 есеге ұлғайтуға және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін 70% - ға дейін жеткізуге бағытталған ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті.Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/879047