Жаңалықтар
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТАҒЫ «АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІНДЕ ЕҢБЕК ОЗАТТАРЫ МАРАПАТТАЛЫП, ЖӘРМЕҢКЕ ӨТКІЗІЛДІ 16.11.2024
Түлкібас ауданында жылдағы дәстүрге сай «Алтын күз 2024» мерекелік іс-шарасы өтті. Шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов және аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев аудан кәсіпкерлерін, еңбек адамдарын мерекелерімен құттықтап, ауыл шарушылығы саласында жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген еңбек озаттарын алғыс хат, төс белгі және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Басқосу соңы концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Еңбегінің жемісін көріп отырған ауданның еңбек озаттары мемлекеттік қолдаулардың арқасында тыңғылықты жұмыстар жүргізіп, өзіндік жақсы көрсеткіштерімен жылды қорытындылауда. Атап айтсақ, биылғы 9 айда ауыл шаруашылығы саласында 39,1 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Оның ішінде мал шаруашылығы 17,6 млрд. теңгені құраса, өсімдік шаруашылығы өнімі 21,5 млрд. теңгеге жетіп отыр.Сонымен бірге аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде Түлкібаста өндірілетін ауыл шаруашылығы тауарлары жергілікті тұрғындарға 15-20 пайыз арзан бағада ұсынылды. Мол өнімді тиімді бағада алған аудан тұрғындары шаруалардың еңбегіне дән риза екендіктерін жеткізді.Аталған шараға аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов қатысып, сауда қатарларын аралады. Іс-шараның негізгі мақсаты – шаруалар өндірген өнімдерді тұтынушыларға делдалсыз, тікелей ұсыну.Жәрмеңке барысында 20 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеңілдетілген бағада сатылды. Сонымен қатар мерекеге орай ауыл шарушылығы техникасы мен асыл тұқымды төрт түліктің көрмесі ұйымдастырылды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/879289
ЖҮЗУДЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР РЕКОРД ЖАҢАРТТЫ 16.11.2024
Алматы қаласында жүзуден Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатының екінші күні аяқталды. Су айдынындағы додада кіл мықтылар өнер көрсетуде. Айтулы жарыста Түркістан облысының спортшылары тарихи нәтиже көрсетті. Олай дейтін себебіміз, 2014 жылы қойылған рекордты 10 секундқа жаңартып, өз мықтылықтарын дәлелдеді. Жарыста 4×200 метр эстафета еркін жүзуден Бөтакөз Оспанова алтыннан алқа тақса, 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Аделаида Пчелинцеваға тең келер қарсылас болмады.Айта кетейік, ел чемпионатына 21 команда, 233 спортшы қатысты. Оның ішінде 139 ер және 94 әйел бар. Осындай аламанда ғаламат нәтиже тіркеген сайыпқырандар – Түркістан облыстық су спорт түрлері мектебі мен облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірттері. Жаттықтырушысы – Жанас Шалдарбеков.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/879292
ТҮРКІСТАН: ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА ТҮЙТКІЛДЕР ТАРҚАТЫЛДЫ 16.11.2024
Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, облыстық терроризмге қарсы комиссияның мүшелері мен құзырлы органдардың басшылары, тиісті департаменттердің басшылары және аудан, қала әкімдері қатысты.Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, жиынның күн тәртібінде оңалту жұмысымен айналысатын теолог - мамандардың жұмыстарының тиімділігі, діни атрибутикаға қатысты туындаған мәселелер, жастар ортасында интернет кеңістігі арқылы теріс діни ағымына кіруіне қатысты мәселелер және оларды шешу жолдары пысықталды. 2024 жылдың 9 ай қорытындысымен ТҚК қызметі саласындағы орындаушылық тәртіп туралы мәселелер талқыланып, баяндамалар мен сын-пікірлер тыңдалды сондай-ақ, сала басшылары мен аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар берілді.Мәжіліс соңында ақпарат кеңістікті жақсарту, ата-аналардың жауапкершілігін күшейту, ұлттық құндылықтарымызды бағдар ету мәселелері сөз етілді.Айта кетейік, биыл облыс әкімінің төрағалығымен Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының 3 отырысы және облыстық ТҚК аппараты жанындағы жұмыс тобының 21 мәжілісі өткізілген. Маңызды мәселелер қаралып, тиісті ұсыныстар берілген.Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы жағдайлардың күрделігіне байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы №589 «Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Жарлығы қабылданған. Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясы консультативтік-кеңесші орган міндетін атқарып келеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/879295
Бейнеуде алғаш рет заман талабына сай аудандық кітапхана мен жаңа кинонеатр ашылады 16.11.2024
Жақын күндері Бейнеуде тұңғыш рет кинотеатр ашылады. Қазір соңғы дайындық жұмыстары жүргізілуде. Аумағы 400 шаршыметр болатын ғимарат 180 орынға арналған. Билет құны 500 теңгеден басталады. Мұнда Мансап орталығы арқылы жұмыссыздық кезегінде тұрған 10 адам жұмысқа алынады.Сондай-ақ бүгінде Бейнеу ауданында алғашқы заманауи кітапхананың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.Көлемі 825 шаршыметр болатын 2 қабатты ғимарат бір мезетте 62 адамды қабылдай алады. Ғимаратта оқушы балаларға, ересектерге және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 5 оқу залы, кітап сақтау қоймасы мен интернет желісімен жабдықталған арнайы кабинеттер бар.Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады.Айта кетсек, қазіргі Бейнеудің ескі кітапханасы 218 123 дана кітап қорын қамтиды. Кітапханада 62 қызметкер жұмыс істейді. Биылғы жылдың 10 айында кітапханаға 89 мың адам келіп, олардың 26 765-і тұрақты оқырман ретінде тіркелген.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/879235
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Бейнеу ауданы тұрғындарымен кездесті 16.11.2024
7 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Бейнеу ауданының орталығындағы «Абыл» мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, жергілікті халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.Алдымен аудан әкімі Рахымжан Шалбаев 9 айдағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады.Рахымжан Шалбаевтың айтуынша, ауданда үш ауысымда білім беретін мектеп жоқ. Алайда бала туу көрсеткіші жоғары болғандықтан және басқа өңірлерден көшіп келушілер санының көптігіне байланысты мектеп қажеттілігі бар. Осы мақсатта «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында екі мектептің құрылысы жүріп жатыр.Аудан халқының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасына бейнеуліктер белсенді қатысуда. Бүгінге дейін 57 жоба қаржыландырылып, 69 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл облыс бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.Ауданда ауыз су мәселесі шешілген. Тұрғындардың 97,7%-ы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған. Бүгінде Сарға ауылына ғана тіршілік нәрі көлік тасымалы арқылы жеткізіледі. Мәселені шешу мақсатында Сарға ауылында су тазарту ғимараты мен кентішілік су құбырын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізіліп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жоба облыстық бюджет комиссияның қарауына ұсынылды.Аудан 100% табиғи газбен қамтылған. Бейнеу ауылындағы 9 көшені қамтитын жол құрылыс-монтаж жұмыстары да аяқталды. Жалпы, Бейнеу ауданында 490 шақырым жол бар, оның ішінде 178 шақырымы аудандық маңыздағы жол болса, 312 шақырымы ауылішілік жолдар. Аудандық маңызы бар жолдардың 36,5%-ы, ауылішілік жолдардың 35,8%-ы қатқыл табанды жолдарға жатады.Кездесуде аудан тұрғындары облыс әкіміне толғандырған мәселелерін жеткізіп, шешімін күткен түйткілдерді ортаға салды. Халықтың басым көпшілігі Бейнеу ауданына қарасты ауылдардағы инфрақұрылымдық және әлеуметтік қажеттіліктер туралы сөз қозғады.Атап айтқанда, Бейнеу ауылында жер асты суларының деңгейі көтерілуіне байланысты дренажды кәріз жүйесінің қажеттілігі, ауылішілік көлік және жаяу жүргіншілер жолдарын салу, жұмыссыздық, апатты жағдайдағы көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарын кезекке қою, ауданға бөлінетін автогаз көлемін ұлғайту, денсаулық сақтау, спорт, теміржол вокзалын жаңартуға қатысты сауалдарын жолдады.Облыс әкімі тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді шешу үшін тиісті органдарға тапсырма берді.Төрт сағатқа созылған кездесуден соң, Нұрдәулет Қилыбай аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/879256
Көкшетау қаласында резервуарлар салу және ұңғымаларды бұрғылау жұмыстары жүргізілуде 16.11.2024
Көкшетау қаласында сумен жабдықтауды жақсарту мақсатында бірқатар жобалар іске асырылып жатыр. Соның бірі, жер асты суларының қосалқы кен орнында ескі резервуарлар қайта жөнделуде.Мердігерлік ұйым «ВТК СтройМонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2024 жылғы тамыздан бастап жалпы сыйымдылығы 600 м3 болатын екі жаңа су сақтайтын резервуар салуды іске асырылуда. Бұл екі жаңа резервуардың құрылысы жинақталған су көлемін едәуір арттыруға, тіпті жоғары тұтыну кезеңінде де қала тұрғындарын тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Бұған қоса, қолданыстағы инфрақұрылымды жақсарту шеңберінде көлемі 500 м3 ескі резервуар қайта жаңартылатын болады. Бұл оның қызмет ету мерзімін ұзартуға және суды сақтау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.Жобаның маңызды элементі жер асты суларының қосалқы кен орнында үш жаңа ұңғыманы бұрғылау болып табылады. Жаңа ұңғымалар жүйеге қосымша су ағынын қамтамасыз етеді, бұл әсіресе қаланың ауыз суға деген қажеттілігінің артуы жағдайында маңызды болып келеді.«Бұл жұмыстарды іске асырғаннан кейін қала тиімдірек және сумен жабдықтау сенімді жүйесіне ие болады. Бұл инфрақұрылымның ықтимал төтенше жағдайларға төзімділігін арттырады және тұтынушыларға қолжетімді су көлемін арттырады» дейді «Су Арнасы» кәсіпорнының бас директоры Ю.Шенгальц.Жалпы жұмыстар жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/879248
Алматының 13 университеті Азияның үздік жоғары оқу орындарының рейтингіне енді 16.11.2024
QS Asia University Rankings 2025 рейтингіне Қазақстанның 35 жоғары оқу орны кірді, оның 13-і Алматыдан.QS агенттігінің өкілдерінің айтуынша, Қазақстан жоғары оқу орындары жақсы серпін көрсетіп, өткен жылмен салыстырғанда 60 пайыздан астам көрсеткішке жақсартқан.Мысалы, 22 қазақстандық жоғары оқу орны өз позициясын жоғарылатты, үш ЖОО өз позициясын сақтап қалды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті рейтингтің алғашқы 100-іне енді. Сондай-ақ, Satbayev University 89-шы орынды иеленіп, ТОП-100 қатарына кірді.Бір жылдық үзілістен кейін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті рейтингке қайта оралып, 801-850 санатына енді.Айта кетейік, Азияның үздік жоғары оқу орындарының рейтингіне 25 ел мен аумақтан 985 жоғары оқу орны қатысты. Қазақстандық жоғары оқу орындары үшін ең үлкен бәсекелестік Үндістан, Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындары болды.Бұл рейтингті әлемдегі ең беделді агенттіктердің бірі QS Quacquarelli Symonds әзірлейді, ол университеттерді академиялық бедел, жұмыс берушілердің беделі, оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы, ғылыми жарияланымдар және халықаралық зерттеулерге қатысу сияқты критерийлер бойынша бағалайды.Алматының 13 университеті мен олардың QS Asia University Rankings 2025 рейтингіндегі орындары:1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 29-орын.2. Satbayev University – 89-орын.3. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – 131-орын.4. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті – 149-орын.5. Қазақстан-Британ техникалық университеті – 230-орын.6. КИМЭП университеті – 269-орын.7. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті – 305-орын.8. Narxoz University – 345-орын.9. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – 345-орын.10. Алматы технологиялық университеті – 354-орын.11. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті – 751-800-орын.12. «Тұран» университеті – 751-800-орын.13. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – 801-850-орын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/879290
Облыс әкімі Татарстан Республикасының Раисымен кездесті 16.11.2024
Татарстан Республикасындағы Абай облысының мәдени күндері аясында Қазан қаласына жұмыс сапарымен Абай облысының делегациясы келді. Сапар барысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Татарстан Республикасының Раисы Рустам Минниханов кездесті. Бұл сапардың мақсаты – екі аймақ арасындағы байланысты, әріптестік қарым-қатынасты нығайту, мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту.Қазақстан мен Татарстанның ынтымақтастығы кең ауқымды мәселелерді және экономикалық, мәдени саланы қамтиды. Әріптестік бастамалар екі жақты қарым-қатынастарды тереңдетуге ықпал етеді.Тараптар атап өткендей, мәдени ынтымақтастық – өңіраралық қатынастардың ажырамас бөлігі. Семей қаласында татар өнер мектебі табысты жұмыс істеп келеді. Шаһарда татар халқының ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайға ескерткіш пен халық қаһарманы Мұса Жәлелдің бюсті бар. Қазан қаласында Абай Құнанбаевтың бюсті ашылды. Сонымен қатар, облыс орталығында Сабантой жыл сайын кең көлемде атап өтіледі. Негізгі татар мейрамына мыңдаған азаматтар қатысады.«Біз ресейлік-қазақстандық қарым-қатынастар аясында Татарстанмен ынтымақтастықты дамытуға берілген мүмкіндікті жоғары бағалаймыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан үшін Татарстан экономиканың түрлі салаларында сенімді дос, сенімді серіктес болды және солай болып қала береді. Татарстан Республикасы – дәстүр, бабалар даналығы мен заманауи мәдениет, инновация тоғысқан бірегей мекен. Біздің қоғамымыз әртүрлі мәдениеттер мен дәстүрлерді біріктіреді. Сіздің басшылығыңызбен қазіргі Татарстан көптеген елдерге, сондай-ақ Ресейдің басқа аймақтарына үлгі болды. Абай облысы түрлі салаларда екі жақты қарым-қатынастарды дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Осы сапар аясында Татарстан Республикасының заманауи жетістіктерімен танысуға және сауда-инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға тамаша мүмкіндік туып отыр. Өйткені, өткеніміз ортақ, тарихымыз, салт-дәстүрлеріміз ортақ», - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.Осы орайда Нұрлан Ұранхаев Татарстан Республикасының Раисы Рустем Миннихановты «Бибігүл» қазақ халық аспаптар оркестрінің концертін тамашалауға шақырды.️Сонымен қатар, білім, ғылым, туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастық екі тарап үшін де үлкен мән- маңызға ие. Бұл бағыттарды дамыту халықтар арасындағы байланысты нығайтып, екі мәдениеттің де бірегей дәстүрлері мен жетістіктерін қолжетімді етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/879250
Татарстанда Абай мұражайы қорындағы жәдігерлер көрмесі ашылды 16.11.2024
Татарстан Республикасының Қазан Кремлінің көрме залында Абай облысының мәдени күндері аясында «Жидебай-Бөрілі» мәдени-әдеби-мемориалдық музей-қорығы ұйымдастырған «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» атты көрменің ашылуы болды.Қазан қаласына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев бастаған Абай облысының делегациясы көрменің ашылуына қатысты.Қазақстанның мәдени-тарихи орталығы атанған Семей қаласы Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов сынды даңқты тұлғаларымен әйгілі. Дәл осы жерде 1940 жылы еліміздегі тұңғыш Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы ашылды. Қазір республикалық музей-қорық саналатын мәдениет ошағының Абай облысында он филиалы бар.Көрмеге Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезовке қатысты жәдігерлер қойылады. Бұл Татарстан тұрғындарын қазақтың ой алыптарының өмірі мен қызметімен таныстыратын жеке заттар, кітаптар мен қолжазба материалдар.Абай 1885 жылы, көзі тірісінде қалалық тарихи-өлкетану мұражайына қазақ халқының өмірі мен тұрмыс-тіршілігін жан-жақты көрсететін 60-тан астам жәдігерді сыйға тартты. 1964 жылы оның 23-і музейге берілді. Бұл – домбыра мен ақынның аңшылық белбеуі, сойыл, былғары сауыт және т.б. Көрмеде Абай оқыған медреседегі кітаптар да қойылды. Бұл ХVIII-XIX ғасырлардағы араб, парсы және түрік тілдеріндегі бірегей басылымдар. Сондай-ақ, Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мұхтар Әуезовтің жеке заттары көрсетілді.Көрмеге мұражай қорынан барлығы 80-нен астам жәдігер қойылмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/879258
Ербол Мырзабосынов әлем чемпионатында жарқын жеңіске жеткен палуандармен кездесті 16.11.2024
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елордада жуырда ғана Албания астанасы Тиранада күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесіп, палуандарды марапаттады.Іс-шараға Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов, еркін күрестен ересектер арасындағы жеңімпазы Нұрқожа Қайпанов (70 кг), еркін күрестен 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан (97 кг), грек-рим күресінен күміс жүлдегер Ержет Жарлықасын (63 кг), әйелдер күресінен күміс медаль иегері Жәмила Бақбергенова (72 кг) және жаттықтырушылар құрамы қатысты.Министр кейінгі жылдары күрес түрлерінен ұлттық құрама палуандары тәуір нәтиже көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Әсіресе, жақында 23 жасқа дейінгі жастар және ересектер арасындағы олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионатында ерекше нәтиже тіркелді.Жерлестеріміз байрақты бәсекеде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 2 алтын және 2 күміс медаль иеленді.«Албаниядағы әлем чемпионатында біздің палуандар өздерінің шеберлігін, табандылығынәлемге паш етті. Бұл жеңіс тек сіздерге ғана емес, тұтас елге үлкен шабыт сыйлайды. Сіздердің жеңістеріңіз – жас ұрпаққа үлгі-өнеге, оларға биік мақсаттарға жетуге серпін беретін нағыз патриоттық тәрбиенің үлгісі. Маңызды жеңістердің бірі ретінде Нұрқожа Қайпановтың алтын медалін ерекше атап өту керек. Сондай-ақ күміс медальға қол жеткізген Ержет Жарлықасын мен Жәмила Бақбергенова да мықты спортшы екенін дәлелдеді. Ризабек Айтмұханды айырықша атап өткім келеді. Ол бір жылда екі жас санатындағы әлем чемпионатында топ жарып, өз салмағында рекорд орнатты. Бұл оның 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадада сәтті өнер көрсетуіне жол ашады деп сенемін», - деді Ербол Мырзабосынов.Жиын соңында министр Ризабек Айтмұхан мен Ержет Жарлықасынға Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері атағын табыстап, спортшылар мен жаттықтырушыларды Алғыс хатпен марапаттады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/879236
Қанат Шарлапаев АДБ өкілдерімен кездесті 16.11.2024
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Азия даму банкінің вице-президенті Инмин Янмен кездесу өткізді.Кездесу барысында республика бойынша кәріз тазарту құрылыстарының жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.Кеңеске ҚР ӨҚМ, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков, Орталық және Батыс Азия бойынша АДБ Бас директоры - Евгений Жуков және Қазақстандағы АДБ өкілдігінің директоры - Утсав Кумар қатысты, Нұрлан Солтамбеков – «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма Төрағасы.Анықтама: Азия Даму Банкі (АДБ) көпжақты даму қаржы институты болып табылады. Ұйымға мүше 68 мемлекеттің 49-ы Азия – Тынық мұхиты аймағында және 19-ы одан тыс жерлерде орналасқан. АДБ-ның жаһандық мақсаты кедейлікті төмендету болып табылады. Осыған байланысты АДБ дамушы мүше елдерге халықтың кедей топтары, жан-жақты әлеуметтік даму және тиімді басқару мүдделерінде орнықты экономикалық өсуге қол жеткізуге жәрдем көрсетеді. Қазақстан 1994 жылы АДБ мүшесі болды.Кездесу қорытындысы бойынша АДБ өкілдері іске асыруға жоспарланған жобалардың әзірленуін хабардар етті. Сондай-ақ жобаның құрылымына, инвестициялық және операциялық шығындарды қайтару көздеріне қатысты алдын ала ақпарат алмасу жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/879183
Алматыда Раис Баширидің жеке көрмесі ашылды 16.11.2024
Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде суретші Раис Баширидің «Айналамыздағы ғалам» атты жеке көрмесі ашылды.Көрме абстрактілі өнер арқылы ғалам философиясы мен ғарыш құпияларын зерттейтін суретшінің көп қырлы әлеміне үңілуге мүмкіндік береді. Көрермен хаоста үйлесімділік табуға ұмтылып, шындық пен ғаламға жаңа көзқараспен қарауды үйренеді.Суретші Раис Баширидің әрбір туындысы әр жарық бөлшегінің қуатын сезіну үшін бояуды ырғақпен қолдана отырып, кең палитра кенеп бетіне түскен түпсана кітабы секілді. Галактикалық пішімдер мистикалық энергиямен ұштасып, шексіздіктің пердесін ашып көрсететіндей.Монументалды туындылар философия мен автордың жеке сезімдері арқылы көрерменді түсіне енген бейнелермен, заман белгісімен және әлемнің жасырын сырларымен жүздестіреді.Көрме 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/879249
Биік үйлердегі қауіпсіздік 16.11.2024
Қарағанды облысында ТЖМ құтқарушылары тұрғын үй кешендерінің тұрғындары үшін «Биік үйлердегі қауіпсіздік» акциясын өткізді.Бұл акцияның мақсаты-өрт қауіпсіздігі ережелері туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру.Іс-шара аясында құтқарушылар ағымдағы жылғы өрттердің статистикасы туралы айтып, олардың пайда болуының негізгі себептерін атап өтіп, ықтимал салдарын талқылады. Өрт қауіпсіздігі талаптарына ерекше назар аударылды. Тұрғындарға өрт сөндіргіштер сияқты алғашқы өрт сөндіру құралдарын қалай пайдалану керектігі көрсетіліп, шартты өрт ошағына суды қалай дұрыс беру керектігі түсіндірілді.Аталған іс-шара соңында тұрғындарға өрт кезіндегі іс-әрекеттерге, балалардың терезеден түсуінің алдын алуға, сондай-ақ ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына түсуге бағытталған бейнероликтер көрсетілді.Бұл акцияның мақсаты-өрт қауіпсіздігі ережелері туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру.ҚР ТЖМ еске салады: биік ғимараттарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету-бұл азаматтық қорғау органдарының басқарушы компаниялары мен қызметтерінің міндеті ғана емес, сонымен қатар әрбір тұрғынның жеке жауапкершілігі. Тұрақты жаттығулар, жүйелерді тексеру, ережелерді сақтау және өрт болған жағдайда нақты іс-қимыл жоспары қайғылы жағдайдың алдын алуға және өмірді сақтауға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/879259
Орталық Азия елдерінде «жасыл» авиацияны дамыту туралы 16.11.2024
Екіжақты кездесу барысында Қазақстан Республикасының Экология министрі Ерлан Нысанбаев пен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Николя Ралло мырза авиацияны тұрақты дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқылады.«Авиацияны тұрақты дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселелері біз үшін үлкен маңызға ие және біз ИКАО-ның жаһандық стандарттарды белгілеудегі және халықаралық ынтымақтастықты ілгерілетудегі рөлін бағалаймыз.Біз ИКАО-ға Қазақстандағы авиация саласының экологиялық тұрақтылығы мен дамуына қолдау көрсеткені үшін ризамыз және экологиялық мақсаттарымызды іске асыру бойынша тиімді өзара іс-қимылға мүдделіміз», - деп атап өтті Министр.Қазақстан авиация саласында көміртегі ізін азайту үшін ИКАО-ның халықаралық стандарттарын интеграциялау бойынша белсенді жұмыс істеуде. Біздің еліміздің халықаралық авиация үшін көміртегі шығарындыларын өтеуге мүмкіндік беретін халықаралық авиациядағы көмірқышқыл газының шығарындыларын өтеу және азайту тетіктеріне қатысуы негізгі бағыттардың бірі болып табылады.Айта кету керек, ИКАО техникалық көмек көрсетіп және шығарындыларды бақылау мен экологиялық таза технологияларды енгізу мәселелері бойынша оқыту бағдарламаларын жүргізеді. Бұл тренингтер жергілікті мамандардың құзыреттерін дамытуға бағытталған және Қазақстанға авиация саласының экологиясы саласындағы озық халықаралық тәжірибелер мен стандарттарды бейімдеуге көмектеседі. Бұл ынтымақтастық сонымен қатар елдің жалпы экологиялық тұрақтылығын арттыру үшін маңызды болып табылатын авиациялық паркті жаңғыртуға бағытталған зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізуді қолдауды қамтиды.Сондай-ақ ИКАО-ға мүшеліктің арқасында Қазақстанның ұйымға мүше басқа мемлекеттермен ынтымақтасуға және осы платформаны тәжірибе алмасу және авиациядағы көміртегі ізін азайтуға бағытталған үздік тәжірибелерді қолдану үшін пайдалануға мүмкіндігі бар. ИКАО қолдауымен Қазақстан Орталық Азия елдерінде «жасыл» авиацияны дамыту жөніндегі өңірлік жобаларға қатыса алады.Кездесу соңында Е.Нысанбаев Орталық Азия өңірінде қоршаған ортаны қорғау және орнықты технологияларды енгізу мәселелері бойынша ИКАО-мен бірлескен жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/879264
«Synergy Consulting Infrastructure and Financial Advisory Inc.» компаниясының өкілдерімен кездесу 16.11.2024
ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев «Synergy Consulting Infrastructure and Financial Advisory Inc.» компаниясының өкілдері Анкит Чатурведи мен Бахр Абдукадиров мырзалармен кездесті. Кездесу барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.Қазақстан барлық негізгі Халықаралық табиғат қорғау келісімдеріне қосылғаны белгілі.Мысалы, өткен жылы БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясында (СОР28) Мемлекет басшысы Қазақстанның метан бойынша Жаһандық міндеттемелерге қосылуы туралы мәлімдеме жасады.Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2027 жылға дейін 2 млрд. ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде.«Ел аумағын ескере отырып, Қазақстанның офсеттік орман жобаларын іске асыру үшін зор әлеуеті бар. Бүгінгі таңда Ақмола облысында жалпы ауданы 14,5 мың гектардан астам көміртекті орманды отырғызу жобасы және Алматы облысында жалпы ауданы 3,5 мың гектар жаңа биоәртүрлі орманды отырғызу жобасы іске асырылуда», - деп атап өтті М. Ошурбаев.Тараптар сондай-ақ инвесторларды тарта отырып, қалдықтардың түзілуін қысқарту және қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу мәселелерін талқылады.Қорытындылай келе, вице-министр экологиялық проблемаларды шешуге және баршаның тұрақты болашағын қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды іске асыру бойынша жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/879282
АЛМАТЫДА ЕЛІМІЗДЕГІ АЛҒАШҚЫ ІШЕК АУРУЛАРЫН ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ 16.11.2024
Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында еліміздегі ішектің қабыну ауруларын (IҚА), қысқа ішек синдромын (ҚІС) емдеу және нутритивтік түзету жөніндегі алғашқы Мамандандырылған орталық ашылды.Крон ауруы мен ойық жаралы колитті қамтитын ішектің қабыну аурулары бүкіл әлемде жиі кездеседі. АҚШ пен Еуропа елдері сияқты табысы жоғары елдерде 6 миллионға жуық адам IҚА-дан зардап шегеді. Жағдайлардың саны дамушы өңірлерде, соның ішінде бұрын сырқаттанушылық салыстырмалы түрде төмен болған Азияда да өсуде.Қазақстанда әрбір 100 мың адамға шамамен 5-10 IҚА жағдайы келеді деп есептеледі және бұл көрсеткіш, әсіресе диагностиканың жақсаруын және аурулар туралы хабардарлықтың артуын ескере отырып, өсе беруі мүмкін.Қысқа ішек синдромы - сирек кездесетін, бірақ ауыр жағдай, әдетте жарақаттар, аурулар немесе Крон ауруы сияқты IҚА асқынулары салдарынан аш ішектің маңызды бөліктерін хирургиялық алып тастағаннан кейін пайда болады.Ішектің қабыну аурулары мен қысқа ішек синдромы ұлттық денсаулық сақтау үшін үлкен сынақ болып табылады, ол жан-жақты шешімді және жақсы дайындалған мультидисциплиналық команданың үйлесімді жұмысын талап етеді. Орталық жоғары сапалы диагностиканы, заманауи емдеу бағдарламаларын және психоәлеуметтік қолдауды қоса алғанда, пациенттердің осы санатына мамандандырылған көмек көрсетеді. Негізгі бағыттардың бірі клиникалық тамақтану (оның ішінде энтералды және парентералды тамақтану) мәселелері бойынша консультациялық көмекті қамтитын нутритивтік түзету болады.«Орталықтың негізгі міндеттері - IҚА және ҚІС пациенттерінің өмір сүру сапасын арттыру, сондай-ақ болжамды жақсарту және ықтимал асқынулардың алдын алу. Біздің орталықтың бірегейлігі диагностика үшін заманауи технологиялардың және терапияның үлкен арсеналының болуында ғана емес, сонымен қатар пациенттерге оңалту және емдеу үшін қызметтердің толық спектрін алуға мүмкіндік беретін мультидисцплиналық команданың болуында жатыр. Біз әрбір пациентке сапалы көмек, сондай-ақ толыққанды өмірге оралу үшін қажетті қолдауды алуға ұмтыламыз»,-деп бөлісті Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма Төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Жамиля Қайбуллаева.Анита, в общем чате фото возьмиНа сайт и в соцсетиАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/879207
ШЫМКЕНТ: БОЗАРЫҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ 16.11.2024
Бүгін Қаратау ауданындағы 10 мыңға жуық халқы бар Бозарық тұрғын алабына газ берілді. Газ құбырының құрылысы 2023 жылы басталған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен әңгімелесу барысында газдандыру кез-келген қаланың дамуындағы аса маңызды қадам екенін атап өтті. Газбен қамтамасыз ету мегаполистің экологиясын айтарлықтай жақсартуға ғана емес, сонымен қатар тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қала әкімі тұрғындарды газды пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырды. Бүгінде тұрғын үйлерді газдандырудың екінші кезеңі аясында 700-ге жуық абонент көгілдір отынға қол жеткізді. Жыл соңына дейін үшінші кезең жүзеге асырылғаннан кейін тағы 700-ден астам абонент көгілдір отынмен қамтылады. Бұл ретте жыл соңына дейін Ынтымақ-2, Тассай және Қаратөбе шағын аудандарын газдандыруды аяқтау жоспарлануда. Айта кетейік, газ желісіне қосылуды жылдамдату үшін тұрғындар «QazaqGaz Aimaq» АҚ-на өтініш білдіріп, құжаттарды тапсыруы қажет. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/879084
ШЫМКЕНТ: Ж.ШАНИН ТЕАТРЫНЫҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ 16.11.2024
Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында Орталық Азия елдері театрларының IX Халықаралық театр фестивалі өтуде. Өнер мерекесіне Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Қарақалпақстан, Татарстан, Әзірбайжанның театр ұжымдары қатысуда. Салтанатты жиын Ж. Шанин театрының 95 жылдығына арнайы дайындалған бейнефильммен бастау алды.Фестивальдің ашылу салтанатына арнайы қатысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков шығармашылық ұжымға тілегін білдірді. - Мәдениет пен өнер – ел өміріндегі өте маңызды сала. Өнер – ұлттың жаны, ал мәдениет – рухани келбеті. Бұл қос құндылықты өркениетіміздің өзегі деуге болады. Оны сақтап, байыта түсу – ортақ парыз» – деп Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, 95 жылдық тарихында түрлі кезеңдерді бастан өткерген театр, бүгінде мәдениет саласының маңызды рухани ордасына айналып отыр. Осынау жылдар ішінде еліміздің іргелі рухани орталықтарының бірі ретінде жасампаз халқымыздың және жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, тарихи сананы жаңғыртып, өнерді өрге сүйреп келе жатқан бұл театрдың отандық мәдениеттің дамуына қосқан үлесі қомақты деп білемін - қала әкімі. Өнерпаздар классикалық және заманауи қазақ драматургиясының үздік шығармаларын ұсынып, ұлттық құндылықтарын дәріптеп келеді. Театр сахнасынан майталман өнер өкілдері қанат қақты. Қазір мұнда 88 адам жұмыс істейді. Өнер саласында қажырлы еңбек еткен үздіктер Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шымкент қаласының әкімінің алғыс хаттары және құрмет грамоталарымен марапатталды. Фестивальдің қорытындысы мен жабылу салтанаты 11 қарашада «Tulip Hall» мәдениет сарайында өтеді. Үздік өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар марапатталады. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/879101
Теміртау қаласында жыл мұғалімі таңдалды 16.11.2024
Теміртау қаласына "Жыл мұғалімі – 2024" қалалық педагогикалық шеберлік байқауының жеңімпазы анықталды. Нәтижесінде дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Жандос Сембаев жыл мұғалімі атанды.Кәсіби шеберлік таразыланған байқаудың ақтық мәресінде қала мектептерінен келген сегіз педагог өзара кім мықтыны анықтады. Педагоктар үш кезең бойынша сынға түсті: Бұл «Мұғалімнің визит карточкасы», «Таратуға тұрарлық педагогикалық идея» тақырыбында ораторлық шеберлікті көрсету және «Мұғалімнің жексенбі күні» атты үй тапсырмасы. Мұнда педагогтар дәстүрлі қатал ұстаз бейнесінен шығып, мұғалімнің ең алдымен жарқын тұлға екенін көрсетті.Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені – әйелдер гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жандос Сембаев қанжығалады. Оған 100 000 теңге сомасына сертификат табысталды. Дәл осындай ақшалай сертификаттарға байқаудың басқа да жүлдегерлері ие болды.– Бар білгенін бала бойына сіңіріп, тарыдай болып келген оқушыны «таудай» етіп шығаратын ол мұғалім мамандығы. Ұстаз болашақтың іргетасын қалайды. Өйткені, сенің алдымен адам, онан соң маман болуың да көп жағдайда осы оқытушыға байланысты.Мұғалім де үйренуден оқудан жалықпауы керек. Бұл байқау жай ғана жарыс емес, педагогикалық шеберлік пен шабыттың нағыз мерекесі, – дейді Дене шынықтыру мұғалімі Жандос Сембаев байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/878972
Қарағандыға Қалибек Қуанышбаев атындағы театр гастрольдік сапармен келеді 16.11.2024
Қарағандыға Астанадан Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры гастрольдік сапармен келеді.Қарағандылық өнер сүйер қауым 23 қараша күні сағат 14:00-де Оралхан Бөкейдің "Ұйықым келмейді" драмасын тамашалай алады.Режиссері – Базыл Сұлтанғазы.Сол күні сағат 20:00-де көрермендерге "Кешкі 7" спектакль-концерті ұсынылады. Режиссер – Базыл Сұлтанғазы, қоюшы-суретші – Шынар Елембаева.Қойылымдар С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының сахнасында өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/879051