Жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша тексеріс қорытындылары мен ұсынымдарды орындау жөнінде кеңес өткізілді 11.12.2025
11 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысының Туризм басқармасында туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша тексеріс қорытындылары мен ұсынымдарды орындау жөнінде кеңес өткізілді.Кеңес барысында мемлекеттік қолдау шаралары, туроператорлық қызметке лицензия беру тәртібі және туристік ақпараттық орталықтардың қызметі сияқты мәселелер қаралды. Бөлім басшылары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және рәсімдердің ашықтығын арттыруға бағытталған орындалған жұмыстар туралы есептерін ұсынды.Талқылауда нормативтік-құқықтық актілердегі олқылықтар, бақылау және құжаттарды тексеру тетіктерінің жеткіліксіздігі, сондай-ақ уәкілетті органдармен өзара әрекеттесу мәселелері сияқты негізгі проблемалық аспектілер көтерілді. Туризм және спорт министрлігіне, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігіне бірқатар ұсыныстар жолданғаны атап өтілді.Субсидиялау жөніндегі комиссияның жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шараларына ерекше назар аударылды, оның ішінде комиссия хатшысының функционалын қайта бөлу мәселесі қаралды. Туроператорларға лицензия беру тәртібін жетілдіру және олардың құжаттарының шынайылығын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар талқыланды.Туристік ақпараттық орталықтарды дамыту мәселелері бойынша туристердің қолайлылығы үшін қосымша QR-кодтардың орнатылғаны, көлік тораптары мен қонақ үйлермен жұмыстың кеңейтілгені, сондай-ақ қызмет көрсетушілердің есептілігіне қойылатын сапа талаптарының күшейтілгені атап өтілді.Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мамандарға анықталған тәуекелдерді жою жұмысын жалғастыру, уәкілетті органдармен өзара іс-қимылды күшейту және нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу процесін бақылауда ұстау тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1124039?lang=kk
ШҚО туризмін дамыту Мастер-жоспарын әзірлеу мәселелері бойынша кеңес өтті 11.12.2025
2025 жылғы 10 желтоқсанда облыс әкімдігінің ғимаратында Шығыс Қазақстан облысының туризмді дамыту Мастер-жоспарын әзірлеу мәселелеріне арналған кеңес өтті. Отырысқа мемлекеттік органдардың, туристік бизнес өкілдерінің және өңірлік ұйымдардың қатысулары болды.Туризм басқармасының басшысы Ирина Смит туристік саланың қазіргі жағдайы, 2026 жылға жоспарланған іс-шаралар, санитарлық-гигиеналық инфрақұрылымды дамыту және мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат ұсынды.Кеңес барысында туристік сала кәсіпкерлері өзекті мәселелерді және туристік қауымдастықтың жұмысын қайта жандандыру жөніндегі ұсыныстарды жеткізді. Сондай-ақ «СПК «Ертіс»» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанатбек Мирзабеков өңірдің туризмді дамытуға арналған Мастер-жоспар жобасын және оны жетілдіру бойынша бастамаларды таныстырды.Талқылау барысында қатысушылар пікір алмасып, саланың негізгі сын-қатерлерін айқындап, оларды шешу жолдарын қарастырды. Ерекше назар инфрақұрылымды дамытуға, туристік қызметтердің сапасын арттыруға, кәсіпкерлерді қолдауға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын күшейтуге бағытталды.Кеңес Мастер-жоспарды бірлесіп жетілдіруді және барлық мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескеруді жалғастыру жөніндегі уағдаластықпен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1124048?lang=kk
Минскіде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық саладағы өзара іс-қимылы талқыланды 11.12.2025
Минск, 2025 жылғы 11 желтоқсан – Беларусь астанасында «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық саладағы өзара іс-қимылы туралы» тақырыпта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің сыртқы саяси ведомстволарының жыл сайынғы консультациялары өтті. Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Әлішер Сүлейменов және СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры Ерлан Жетібаев қатысты.Іс-шараға сондай-ақ Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы (бақылаушы ретінде), сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің өкілдері қатысты.Кездесу барысында Достастық қызметінің ақпараттық сүйемелдеу тиімділігін арттыру, ТМД кеңістігінде өткізілетін маңызды халықаралық шараларға ақпараттық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қатысушы мемлекеттердегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы практикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.Ортақ ақпараттық қатерлерге, соның ішінде ТМД медиакеңістігінде дезинформация мен фейктердің таралуына бірлесе қарсы тұрудың маңыздылығы аталып өтті.ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық өзара іс-қимыл жөніндегі келесі сімаралық консультациялары 2026 жылдың IV тоқсанында өткізіледі деп жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1124058?lang=kk
Мемлекеттік органдардағы жемқорлықпен күрес: әділетті қоғам құрудың басты алғышарты 11.12.2025
Жемқорлық – қоғам дамуына бөгет жасайтын, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін төмендететін және экономикалық тұрақтылыққа кері әсер ететін басты мәселелердің бірі. Бұл құбылысқа қарсы іс-қимыл жүргізу – заман талабы ғана емес, әділетті және дамыған мемлекет қалыптастырудың ажырамас бөлігі.Курчатов қаласында біз жемқорлықтың кез келген көрінісіне қатаң түрде қарсы тұру қағидатын ұстанамыз. Мемлекеттік органдар азаматтар алдында ашықтықты, әділдік пен жауапкершілікті қамтамасыз етуі тиіс. Осы мақсатта әкімдікке жемқорлыққа қарсы заманауи құралдар енгізіліп, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және бақылауды күшейту бағытында тұрақты жұмыстар жүргізілуде.Цифрландыру жемқорлықты азайтуға ықпал ететін маңызды құралдардың бірі. Электрондық қызметтер адам факторын шектейді, қағазбастылықты азайтады және сыбайлас жемқорлық схемаларының орын алу мүмкіндігін төмендетеді. Қаламызда азаматтарға мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі айқын ұсынатын онлайн-платформалар кеңінен қолданылуда.Билік пен тұрғындар арасындағы ашық диалог та жемқорлықпен күрестің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Азаматтарға есеп беру, қоғамдық тыңдаулар өткізу және тұрғындарды қабылдау арқылы адамдар өздерін мазалайтын мәселелерді тікелей билік өкілдерінен сұрап, түсінік ала алады. Сенім деңгейінің жоғары болуы – жемқорлық тәуекелдерін азайтудың басты кепілі.Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыру ерекше мәнге ие. Сондықтан Курчатов қаласында этика, заңдылық және жауапкершілік мәселелеріне қатысты семинарлар мен оқыту курстары тұрақты түрде өткізіледі. Әрбір қызметкер қоғам алдындағы міндетін терең түсінуі қажет.Жемқорлықпен күрес азаматтардың белсенді қатысуынсыз мүмкін емес. Біз тұрғындарды сақ болуға, күдік тудырған жағдайлар туралы хабарлауға және қоғамда антикоррупциялық түсінікті қалыптастыруға үлес қосуға шақырамыз.Жемқорлықпен күрес – ұзақ мерзімді және жүйелі жұмыс. Бұл процесте билік, бизнес, қоғамдық ұйымдар және азаматтар бірлесіп әрекет етуі тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1124024?lang=kk
AlmaU-да жасанды интеллект орталығы AlmaU AI Lab ашылды 11.12.2025
AlmaU-да жасанды интеллект орталығы AlmaU AI Lab ашылды2025 жылдың 11 желтоқсанда Almaty Management University-де (AlmaU) Цифрлық технология және экономика мектебінде AlmaU AI Lab Жасанды интеллект орталығы ресми түрде ашылды. Жаңа алаң білім беру, ғылым, өнеркәсіп және кәсіпкерлікті біріктіруді мақсат етеді.Университет жай ғана технологияны енгізумен шектелмей, жасанды интеллекттің қоғамға, экономикаға және қаланың дамуына қызмет ететін жаңа көзқарас ретінде қалыптастыруды мақсат етті. AlmaU бұл бағытты Абайдың «Tolyq Adam» философиясына негізделген «Tolyq AI» тұжырымдамасына айналдырады – этика, адам және қоғамдық мағына негізінде дамитын жасанды интеллект моделі. Бұл тұжырымдама Абайдың «Толық адам» іліміндегі тұтастық қағидасына сүйенеді.«Жасанда интеллект қуатты қозғаушы күш, бірақ ол бағыт көрсететін компас емес. Бағытты әлі де адам айқындайды. Бізді ЖИ адамдарды алмастырады деген қорқыныш емес, роботша жұмыс істейтін адамдар алаңдатады. AlmaU орындаушыларды емес, шығармашыл тұлғаларды дайындайды», – деді AlmaU-дың негізін қалаушысы және президенті Асылбек Қожахметов құттықтау сөзінде.Жаңа Орталықтың алғашқы міндеті – білім беруді жаңарту және ғылыми-зерттеу базасын нығайту. Бүгінде AlmaU оқу бағдарламаларына профессор Тимур Бакибаев пен Қуаныш Әбешев әзірлеген Oqulabs және Delicatest AI платформаларын енгізді. Бұл платформалар күрделі тапсырмаларды тексеруді автоматтандырады, студенттердің әрекетін талдап, адал емес әрекеттерді анықтайды және академиялық көрсеткіштер бойынша объективті аналитика ұсынады.Орталықтың ғылыми базасы мақсатты және гранттық қаржыландыру жобалары аясында қалыптастырылған, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласын технологиялық диверсификация және цифрлық трансформацияға бағытталған бағдарламалары бар. Осы жобалардың нәтижесінде AlmaU Labs ASUS және ZERDE Business Solutions компанияларының екі мини-суперкомпьютерімен жабдықталды.Екінші маңызды міндет – мемлекеттік сектор және нақты экономиканың сұраныстарымен жұмыс істеу. Алғашқы пилоттық жоба «Қостанай минералдары» АҚ-мен бірлесе жүзеге асырылып жатыр. Команда руданың ылғалдылық мөлшерін болжауға арналған жасанды интеллект моделі әзірледі, ол сынақтарда айтарлықтай экономикалық тиімділік пен өндіріс процестерін оңтайландыру әлеуетін көрсетті. AlmaU Labs сонымен қатар көлік, қоршаған орта, қауіпсіз қала ортасын құру және ресурстарды басқару бағыттарында да шешімдер әзірлеуге дайын.«Бұл орталық Алматы үшін практикалық шешімдер әзірлеуге зор әлеуеті бар. Келесі жылы біз AlmaU университетімен бірге қалалық ортаны жақсартуға бағытталған бірнеше практикалық шешімдерді әзірлеуді жоспарлап отырмыз, әсіресе жасанды интеллект саласындағы стартаптарды дамытуға айрықша назар аударамыз», – деп атап өтті Алматы қаласының цифрлық даму департаментінің басшысы Олжас Жанабек.Үшінші бағыт – кәсіпкерлікті дамыту. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген студенттер өздерінің AI-жобаларын құрып, стартап-жарыстарға қатысып, акселерациялық бағдарламалардан өтіп, серіктестердің деректеріне және қаржыландыруға қол жеткізе алады, сондай-ақ компаниялар мен мемлекеттік органдарға өз шешімдерін ұсына алады.Іс-шара барысында AlmaU мен Almaty HUB, Алматы қаласы әкімдігі, Teachers Lab, Tech People Community арасында меморандумдарға қол қойылды. Сонымен қатар «AI in Education» тақырыбында панельдік пікірталас өтті. Қатысушылар ЖИ-ді этикалық қолдану, білім беру процестерінің цифрлануы, мамандарды дайындау және болашақ білім жүйесін қалыптастырудағы халықаралық стандарттардың рөлі туралы талқылады.AlmaU AI Lab-тың ашылуы Қазақстандағы білім беру, ғылыми зерттеу, мемлекеттік сектор және кәсіпкерлік экожүйесін дамытуға бағытталған ауқымды серпін болып табылады. Бұл бастама еліміздің цифрлық трансформациясын жеделдетіп, халықаралық стандарттарға сай жаңа білім кеңістігін қалыптастыруға өз үлесін қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1124000?lang=kk
Салық төлеушінің төлқұжатын жасау ережелері мен мерзімдері 11.12.2025
ҚР ҚМ МКК «Салық төлеушінің паспортында қамтылған мәліметтер тізбесін, оны қалыптастыру және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру қағидалары мен мерзімдерін белгілеу туралы» ҚМ 2025 жылғы 17 қазандағы № 917 Бұйрығының бекітілгені туралы хабарлайды. Құжат ҚР Салық кодексінің 36-бабы
4-тармағын іске асыру мақсатында қабылданды.Бұйрық салық құпиясына жатпайтын салық төлеушілер туралы ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай деректерді жария орналастыру тетігін енгізу азаматтарға, сатып алушыларға және қызмет пайдаланушыларға оның тарапынан бұзушылықтар анықталған кезде өтініштер мен шағымдарды кейіннен жіберу үшін салық төлеушіні сәйкестендіруге мүмкіндік береді.Қабылданған нормалар қоғамдық бақылаудың тиімді құралын құра отырып, кәсіпкерлік субъектілерінің ашықтығы мен жауапкершілігін арттырады. Мәліметтердің ашықтығы салық жүйесіне деген сенімді нығайтуға және салық заңнамасын сақтау деңгейін арттыруға ықпал етеді.Бұдан басқа, қоғамдық тамақтандыру және сауда салаларында қызметін жүзеге асыратын салық төлеуші халықты хабардар ету үшін салық төлеушінің паспортын тікелей бақылау-касса машиналары тұрған және жалпыға бірдей қолжетімді жерлерге орналастыруға міндетті.Салық төлеушінің паспорты уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1124688?lang=kk
Шымкентте «TAZA KAZAKHSTAN» акциясы аясында тағы бір шара өтті. 11.12.2025
Шымкентте «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясы жалғасуда. Бүгін Металлургов саябағына жиналған жастар абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Шараға қалалық Жастар ресурстық орталығының белсенділері, еріктілер және түрлі оқу орындарының студенттері қатысты. Жастар ресурстық орталығының директоры Жансерік Жұманның айтуынша, қатысушылардың көп болуы экологиялық сананың артқанын көрсетеді. "Бүкілхалықтық акцияны қолдауға келген жастардың белсенді қатысуы мені жігерлендірді. Олар қала тазалығына өз үлестерін қосып қана қоймай, өскелең ұрпаққа үлгі болып жүр. Сонымен қатар, олар қала тұрғындары арасында экологиялық сауаттылықты насихаттап, өз іс-әрекеттерімен көрсетуде", - деді ол. Қаланың мектеп ұжымдары да өз үлестерін қосты. Республика көлемінде өткен акцияға No75 орта мектептің ұстаздары мен оқушылары өз үлестерін қосты. Студенттерге қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сананы дамыту, қоршаған орта мен табиғи ресурстарды сақтауға әрбір азаматтың жеке үлесі туралы дәрістер оқылды. Оқушылар топпен жұмыс жасап, экологиялық жағдайды жақсарту бойынша өз идеяларын ұсынды. Осындай іс-шаралар қаланың барлық мектептерінде өтті. «Таза Қазақстан» акциясына Шымкенттегі басқа аудандардың еңбекшілері мен тұрғындары да белсенділікпен қосылды. Еңбекші ауданында Ә.Әлімбетов көшесіндегі No195 және No197 үйлердің аулаларында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Тұрғындар мен коммуналдық қызметкерлер аумақты қоқыстан тазартып, қураған ағаш бұтақтарын кесіп тастады. Кейбір тұрғындар жасыл алқаптарды жаңа маусымға дайындап, ағаш діңдерін әктеді. Еңбекші ауданы әкімі аппаратының басшысы Пернебай Айтжанов мұндай шаралар қаланың экологиялық жағдайын жақсартуда маңызды рөл атқаратындықтан, алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті. Абай ауданына қарасты «Асар» шағын ауданында да Жантөре көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің аулаларында сенбілік өтті. Әл-Фараби ауданында «Север» ықшамауданындағы No39, No43, No44, No46 үйлердің аулаларын тазалауға тұрғындар белсене қатысты. Қаратау ауданына қарасты «Нұрсәт» ықшамауданында No1 ғимараттың тұрғындары «Аманат» партиясы Шымкент қалалық филиалының өкілдерімен бірлесіп сенбіліктер өткізіп, жоғары белсенділік танытты. Шымкентте «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты түрде жүзеге асырылуда және тұрғындар арасында экологиялық сананы дамытуға және таза, жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған жұмысын жалғастырады.
ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ АКЦИЯ ӨТТІ 11.12.2025
Шымкент қаласында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бүгін қала жастары Металлург саябағында бас қосып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Шараға қалалық Жастар ресурстық орталығының белсенділері, еріктілер және түрлі оқу орындарының студенттері қатысты.Жастар ресурстық орталығының директоры Жансерік Жұманның айтуынша, акцияға қатысушылардың көп болуы экологиялық мәдениеттің артып келе жатқанын көрсетеді.– Жалпыұлттық акцияға атсалысуға жиналған жастардың белсенділігі қуантады. Олар қала тазалығына үлес қосып қана қоймай, өскелең ұрпаққа үлгі болуда. Сондай-ақ, тұрғындарға экологиялық мәдениетті дәріптеп, өз істерімен дәлелдеп жатыр, – деді ол.«Таза Қазақстан» акциясынан қала мектептері де қалыс қалмады. Шымкент қаласындағы №75 жалпы орта мектеп ұжымы мен оқушылары жалпыұлттық акцияға өз үлесін қосты.Мұнда оқушыларға қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті дамыту, әрбір азаматтың тазалықтың және табиғи ресурстардың сақталуына қосатын үлесі жайлы түсіндіріліп, арнайы дәріс өткізілді. Оқушылар топ-топқа бөлініп, экологияны сақтау үшін тиімді ұсыныстарын айтты. Мұндай іс-шаралар қаладағы барлық мектептерде ұйымдастырылды.«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тазалық жұмыстары қаланың өзге де аудандарында жалғасты. Еңбекші ауданында Ә.Әлімбетов көшесіндегі №195 және №197 үйлердің аулаларында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Аудан тұрғындары және коммуналдық сала өкілдері бірігіп, аумақты қоқыстан тазартып, ағаш бұталары кесілді. Кейбір тұрғындар ағаш діңдерін әктеп, жасыл желекті жаңа маусымға дайындауға атсалысты.Еңбекші ауданы әкімдігі аппаратының басшысы Пернебай Айтжанов мұндай іс-шаралардың алдағы уақытта да жалғасатынын, сондай-ақ олардың қала экологиясын жақсартуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.Абай ауданы Асар шағын ауданында Жантөре көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің аулаларында да тұрғындардың қатысуымен тазалық шаралары өтті. Әл-Фараби ауданында Теріскей шағын ауданындағы №39, №43, №44 және №46 үйлердің аулаларында ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына жергілікті тұрғындар белсенді қатысты. Қаратау ауданында Нұрсат шағын ауданындағы №1 үйдің тұрғындары мен «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалы өкілдері бірлесіп, аумақты қоқыстан тазартып, қатысушылар үлкен белсенділік танытты.Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» акциясы алдағы уақытта да жалғасын тауып, қоғамдық сананы қалыптастыруға және қала экологиясын жақсартуға елеулі үлес қоспақ.
Қазақстан 2028 жылға қарай май өнеркәсібі өнімдерінің экспортын 1 млрд АҚШ долларына ұлғайтуға ұмтылуда 11.12.2025
11 желтоқсанда Астанада Мемлекеттік органдардың, салалық қайта өңдеушілердің, экспорттаушылардың, бизнес-қауымдастықтардың және халықаралық әріптестердің қатысуымен 2026-2028 жылдарға арналған қазақстандық май өнімдері экспортын дамыту жөніндегі Жол картасының ресми тұсаукесеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Бұл бастама Қазақстанды жылдық экспорттық айналымы 1 млрд АҚШ долларынан асатын, қосылған құны жоғары өнім экспорттауда нарықтық мүмкіндіктері кеңейтілген елге айналдыруға бағытталған. Бұл елдің экономикалық жәнеәлеуметтік өсіміне елеулі үлес қосады.Жол картасы Еуропалық одақ қаржыландыратын «Ready4Trade Орталық Азия: Транскаспий көлік дәлізі арқылы өркендеуге жол» жобасы аясында Халықаралық сауда орталығының (ХСО) үдерістері, әдіснамасы және техникалық қолдауын пайдалана отырып, Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы мен «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бірлесе әзірленген. Бұл жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу үлесін 70%-ға дейін ұлғайту, импортқа тәуелділікті төмендету, дайын өнім экспортын дамыту және ішкі бағаларды тұрақтандыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған.Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Делегациясының Ынтымақтастық жөніндегі бөлімінің басшысы доктор Йоханнес Бауэр атап өткендей: «Бүгінгі іс-шара маңызды кезеңді білдіреді. Соңғы бір жыл ішінде Қазақстанның мемлекеттік институттары, жеке сектор өкілдері және ITC сарапшылары салалық диагностиканы, компаниялар арасында сауалнаманы және бірнеше кеңес беру кезеңдерін өткізді. Соның нәтижесінде бүгін біз валидациядан өткізіп отырған, бірлескен әрі негізделген Жол картасы әзірленді. Бұл Жол картасы, ең алдымен, ұлттық құжат болып табылады — ол Қазақстан тарапынан әзірленіп, қалыптастырылған және соған тиесілі. Ал Еуропалық Одақ ITC-мен бірге бұл процесті қолдағанын мақтан етеді».Экспорт жол картасы алдағы үш жылға арналған саланы дамыту бойынша шаралар кешенін айқындайды: шикізат тапшылығын жою, агротехнологияларды енгізу, логистикалық мәселелерді шешу, инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ қаржы құралдары арқылы фермерлер мен өңдеушілер үшін қолайлы жағдайлар жасау. Мақсатқа жетудің негізгі факторларының бірі ретінде егіс алқаптарын жеделдетіп әртараптандыру және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін майлы дақылдарды қабылдау және сақтау жөніндегі инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Бүгінгі таңда отандық май өнеркәсібі үлкен әлеуетке ие едауір өзгерістердің алдында тұр. Қазақстан әлемдік ауыл шаруашылығы тауарларының нынарығында өз позициясын белсенді түрде нығайтып келеді — еліміз күнбағыс майының әлемдік ТОП-10 экспорттаушысының қатарына, сондай-ақ күнбағыс күнжарасының Еуропалық одаққа жеткізуші ТОП-3 елінің қатарына кіреді. Сонымен бірге, қазақстандық май өнімдері әлемнің 20-дан астам еліне экспортталады.Жол картасын әзірлеуге мемлекеттік органдардың өкілдері (Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және басқалар), бизнес қауымдастықтары (Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы, Қазақстантұқым өндірушілер қауымдастығы), сондай-ақ халықаралық серіктестер — Еуропалық одақ пен Халықаралық сауда орталығының өкілдері атсалысты.Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Жол картасында көзделген іс-шараларды іске асыру үшін мемлекеттік-жекеменшік платформа құру жоспарланған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1123994?lang=kk
"SmartFinance Expo 2026" Форумы: Қазақстан Республикасының Жаңа Салық кодексіндегі бағдары 11.12.2025
"SmartFinance Expo 2026" Форумы: Қазақстан Республикасының Жаңа Салық кодексіндегі бағдары“Шәкәрім Университеті” КЕАҚ алаңында жоғары оқу орнының оқытушылар құрамының, экономика факультетінің 3-4 курс студенттерінің, салық кеңесшілерінің және аутсорсингтік компаниялардың қатысуымен Форум өтті.Абай облысы бойынша МКД спикері Тұрлыбекова Әсем салық жүйесін жеңілдетуге бағытталған бірқатар негізгі өзгерістерді атап өтті, оның ішінде: салық есептілігін 30% - ға қысқарту, салықтар санын 20% - ға төмендету, салық жеңілдіктерін оңтайландыру, сараланған ставкаларды енгізу, инвестициялық белсенділікті ынталандыру, жеке тұлғалардың объектілеріне салық салудағы оң өзгерістер және басқа да өзекті бағыттар. әкімшілендіру.Семей қаласы бойынша МКБ өкілі Райымханов Дияз арнайы салық режимдері мен оларды қолдану шарттары бөлігіндегі өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ ҚҚС өзгерістері, салық ставкалары бойынша ақпарат берілді.Жанды диалог барысында студенттер мен бизнес өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ҚҚС, ЖТС және салық заңнамасының басқа да аспектілері бойынша есепке қою сияқты маңызды тақырыптар бойынша құзыретті жауаптар алды.Өзара іс-қимылдың бұл форматы салық сауаттылығын арттыруға ғана емес, сонымен қатар білікті мамандардың жаңа буынын қалыптастыруға да ықпал етті.Студенттер өз кезегінде теориялық білімді практикада қолдануға, сарапшылардың пікірлерін тыңдауға және кәсіпкерлердің нақты салық міндеттерін жақсы түсінуге бірегей мүмкіндік алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1123907?lang=kk
Өскемен мәслихатының депутаттары Тұрақтандыру қорының өнімдерін өткізу объектілеріне көшпелі мониторинг жүргізді. 11.12.2025
Өскемен қалалық мәслихатының депутаттары кәсіпкерлік бөлімінің және «Ертіс» ӘКК өкілдерімен бірлесіп тұрақты комиссиялардың көшпелі отырысы шеңберінде Тұрақтандыру қорының өнімдерін сататын сауда нүктелеріне барды.Шығу қорытындысы бойынша тауарлар ассортименті мынадай бағамен ұсынылғаны атап өтілді:қант - 432 тг/кг;күнбағыс майы - 720 тг/л бастап;қарақұмық жармасы - 221 тг/кг;күріш - 432 тг / кг;өлшенетін рожки - 305 тг/кг;картоп - 162 тг/кг;сәбіз - 172 тг/кг;пияз - 131 тг/кг;қырыққабат - 172 тг/кг.Өнім фотосуретте көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан сауда орындарында сатылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1123912?lang=kk
Жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру 11.12.2025
2025 жылғы 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «ШҚО бойынша кәсіпкерлік қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің алаңында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіруге арналған семинар өткізді.Семинар барысында Департамент басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Асхат Жибитаев 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша өзгерістерді, дифференциалды ҚҚС мөлшерлемелерін, ҚҚС бойынша есепке қою және артық төленген соманы қайтару тәртібін жан-жақты түсіндірді.Әрі қарай Камералдық мониторинг басқармасының басшысы Гүлжанат Беркутова арнайы салық режимдері (АСР) бойынша жаңашылдықтарды баяндады. Белгіленген режимдердің саны жетіден үшке қысқарды: өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған АСР, жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР және шаруашылық немесе фермерлік қожалықтарға арналған АСР.Баяндамалар аяқталғаннан кейін семинар қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық түсініктемелер алды. Талқылауға Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова қатысты.Арнайы назар аударылған тақырып – кассалық бақылау машиналарын (КҚМ) қолдану және 2.0.3 хаттамасына көшу мәселесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1123925?lang=kk
Алматы облысы инновациялық әлеуетін күшейтуде 11.12.2025
Алматы облысының өңірлік дамыту орталығы және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті цифрлық технологиялар, ғылыми зерттеулер және өңір экономикасына инновацияларды енгізу бағытында жаңа мүмкіндіктер ашатын өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Құжат экономика салалары бойынша инвестициялық және цифрлық жобаларды бірлесіп дамыту жұмыстарын көздейді. Тараптар жасанды интеллект, үлкен деректерді талдау, цифрлық платформалар сияқты шешімдерді енгізу бағытында өзара әрекеттесетін болады. Суперкомпьютер базасында қала инфрақұрылымын және климаттық процестерді модельдеу, көлік жүйесін интеллектуалды басқару, төтенше жағдайлар тәуекелін болжау, энергетикалық желілерді оңтайландыру сияқты цифрлық трансформацияның пилоттық жобаларын әзірлеу және тестілеу мүмкіндігі қарастырылған.«Бүгін біз өңірдің болашағына жұмыс істейтін маңызды қадам жасадық. Меморандумға қол қою заманауи зерттеу технологияларына жол ашады. Ғылым, бизнес және мемлекеттік сектордың синергиясы Алматы облысының цифрлық трансформациясына күшті серпін береді деп сенеміз. Алдағы жылдары біз жобаларды басқару, логистика, АӨК, өнеркәсіп және басқа да салаларға интеллектуалды шешімдерді енгізе аламыз», — деді Акжол Исақов.Меморандумға қол қою Алматы облысының заманауи инновациялық экожүйесін қалыптастырудағы маңызды қадам болмақ. Елдің жетекші университетімен ынтымақтастық өңірге экономикада озық шешімдерді белсенді енгізуге, ғылыми-білім беру әлеуетін күшейтуге және болашақтың цифрлық салалары үшін жоғары білікті кадрлар даярлауға мүмкіндік береді. Инвесторлар мен бизнес үшін бұл жобалардың сапасын арттыруға, іске асыруды жеделдетуге және тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік беретін жаңа құралдар мен технологиялардың пайда болуын білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1123928?lang=kk
Қостанай облысында алғашқы күн электр станциясы іске қосылды 11.12.2025
Қостанай облысында өңірдің энергетикалық дамуы үшін тарихи маңызы бар оқиға болды — Б.Майлин ауданында қуаты 22,6 МВт болатын алғашқы күн электр станциясы пайдалануға берілді. Жобаны АО «Варваринское» компаниясы жүзеге асырды. Бұл нысан Мемлекет басшысының жаңартылатын энергия көздерін дамыту және Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі «жасыл» генерация үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында салынды.Станцияның салтанатты түрде іске қосылуына облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, өңір үшін бұл қадамның ерекше маңызын атап өтті:«Бұл электр станцияларының іске қосылуы энергия ресурстары тапшылығын айтарлықтай қысқартып, жаңа инвестициялар тартуға және ірі жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай қалыптастырады. Жасыл энергетика – жаңғырудың, инновациялардың және өңір болашағына деген жауапкершіліктің нышанына айналып келеді», – деді облыс әкімі.Өңірдегі алғашқы күн станциясы: экономика мен экологияға қосқан үлесЖаңа күн электр станциясы заманауи жоғары тиімді күн панельдерімен жабдықталған және Қостанай облысындағы алғашқы нысан болып табылады. Қуаты 22,6 МВт болатын станция мыңдаған тұрғын үй мен кәсіпорындарды электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Жоба өңір экономикасы үшін де маңызды. Оның құрылысына 7,2 млрд теңге инвестиция салынды, нәтижесінде 16 тұрақты жұмыс орны ашылды. Күн энергиясының пайдаланылуы электр қуатына жұмсалатын шығындарды едәуір азайтады. Сонымен қатар, «таза» энергия өндіру дәстүрлі энергия жүйесіне түсетін жүктемені төмендетіп, көмірқышқыл газының шығарылуын азайтады. Бұл станцияны экономикалық тұрғыдан тиімді әрі экологиялық маңызы жоғары жобаға айналдырады.Solidcore Resources бас атқарушы директоры Виталий Несис жобаның компания стратегиясындағы орнын атап өтті:«Біз өндірісіміздің қоршаған ортаға әсерін барынша азайтып, оның энергия тиімділігін арттыруға ұмтыламыз. Жаңа күн электр станциясы бізге осы мүмкіндікті беріп отыр. Бұл нысан – Қостанай облысын дамытуға қосқан үлесіміз және жауапты әрі инновациялық өндірістің айқын мысалы», – деді ол.Жоба аясында жалпы ауданы 98 000 м² болатын 36 мыңнан астам күн панелі орнатылды. Күн станциясының жылдық өндірісі шамамен 28,5 млн кВт/сағатты құрайды.Энергетикалық көшу: өңір даму қарқынын үдетудеҚазақстан энергетикалық жүйені жаңғыртуды жүйелі түрде жалғастырып келеді, бұл жерде Қостанай облысы да белсенді рөл ойнауда. Бүгінде өңір 0,45 ГВт электр қуатын тұтынса, соның тек 0,12 ГВт-ын ғана өзі өндіреді. Қазіргі таңда Арқалық пен Қостанай ауданындағы екі жел электр станциясы өңірдегі жалпы генерацияның 37%-ын қамтамасыз етіп отыр.Облыс әкімі атап өткеніндей:«Біздің мақсат – тек электр энергиясы өндірісін арттыру ғана емес, өңірді ұзақ жылдар бойы тұрақты дамытатын экологиялық таза, тиімді энергетикалық жүйе қалыптастыру».Жаңартылатын энергияның алты ірі жобасыБиыл облыста жалпы құны 560 млрд теңге болатын жаңартылатын энергия көздеріне арналған 6 ірі жоба іске асырылуда. Олардың қатарында – төрт жел станциясы, күн электр станциясы және газ-поршеньді электр станциясы бар.Бұл нысандардың іске қосылуы облыстың электр энергиясын өндіру көлемін 10 есеге – 0,12 ГВт-тан 1,2 ГВт-қа дейін арттырып, аймақтың қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Осы алты жобаның екеуін АО «Варваринское» жүзеге асыруда:күн электр станциясы (СЭС),газ-поршеньді электр станциясы (ГПЭС).Газ-поршеньді станция: өңірдің энергетикалық тұрақтылығын күшейтуҚазан айында қуаты 40 МВт, құны 14,3 млрд теңге болатын газ-поршеньді электр станциясының құрылысы басталды. Станция іске қосылғаннан кейін электр жүйесіндегі пиковый жүктемелерді өтеу үшін маневрлік қуат көзіне айналады.Екі жоба да кәсіпорынның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр.Газ станциясы күн станциясының тәуліктік тұрақсыз өндірісін теңестіріп, түнгі, таңғы және кешкі уақытта қажетті электр қуатын өндіріп отырады. Сонымен қатар, станция АО «KEGOC»-тың сұранысына сәйкес жүйелік операторға реттеуші қуат беретін болады.Бұл – еліміздегі «жасыл» энергия мен маневрлік газ генерациясы ұштасқан алғашқы кешенді жобалардың бірі.Өңір дамуы мен инновациялар жолындаЖаңартылатын энергия көздері бойынша жаңа нысандардың іске қосылуы энергия тапшылығын азайтып қана қоймай, инвестиция тартуға, өнеркәсіпті дамытуға және өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін күшейтуге қолайлы жағдай қалыптастырады.Қостанай облысында іске қосылған алғашқы күн электр станциясы – инновациялардың, технологиялық жаңарудың және өңірдің болашағына деген жауапкершіліктің айқын белгісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1123865?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Сақтағанов Н.А. жұмыс сапары аясында Алтай ауданына барды. 11.12.2025
Сапар барысында ол өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып, жергілікті активпен кездесу өткізді және бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сапар қорытындысы бойынша уәкілетті қызметтерге тиісті тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1123763?lang=kk
"KazAID елшілері" жобасына қатысушыларды іріктеуді аяқтап, елшілердің бірінші командасы құрылды 11.12.2025
"KazAID елшілері" жобасына қатысушыларды іріктеуді аяқтап, елшілердің бірінші командасы құрылды.Биыл біз белсенді және талантты жастардан көптеген өтінімдер алдық. Жүздеген үміткерлердің ішінен біз тұрақты даму идеялары мен халықаралық күн тәртібін ұсынуға дайын 19 мықты, креативті және ынталы қатысушыларды таңдадық.Елшілердің арасында шетелде — Ресейде, Түркияда, Италияда, Чехияда, Жапонияда және Венгрияда оқитын Қазақстан студенттері бар екені ерекше қуантады. Жобаның ел ішінде де, одан тыс жерлерде де жас көшбасшыларды біріктіретін осындай үлкен географиялық ауқымы бар екеніне қуаныштымыз.KazAID елшілері жарқын ойлауы, мықты азаматтық ұстанымы, тілдерді білуі және коммуникацияларға заманауи көзқарасы бар азаматтар. Алдағы 6 айда олар KazAID-ті әлеуметтік желілерде таныстырып, дамуға ресми көмек, KazAID жобалары және халықаралық ынтымақтастықтың нақты мысалдары туралы әңгімелейтін болады.Жақында біз сізді әр елшімен, мотивацияларымен және құндылықтарымен таныстыра бастаймыз. Әлемдік аренада Қазақстан жастарының дауысын күшейтуді және орнықты даму идеяларын ілгерілетуді жалғастырамыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1123779?lang=kk
ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Авторлық құқық және сабақтас құқықтар жөніндегі тұрақты комитетінің (АҚТК) 47-сессиясына қатысты 11.12.2025
Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Вице-министр ДЗМҰ басшылығына жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастырып, Қазақстандағы зияткерлік меншік саласында жүзеге асырылып жатқан реформаларды қолдағандары үшін алғысын білдірді.Қазақстан делегациясы сессияға қатысушыларға елде жүргізіліп жатқан ұлттық реформалар жөнінде мәлімет берді. Атап айтқанда, құқықтарды ұжымдық басқару жүйесінің ашықтығын, есептілігін және тиімділігін арттыруға арналған Біртұтас цифрлық платформаны (БЦП) іске қосу барысы таныстырылды. Сонымен қатар бұл платформа ұжымдық басқару саласындағы заманауи цифрлық тетіктер мен ашықтықты арттыруға қызығушылық танытқан халықаралық кәсіби ұйымдарға да ұсынылды.ДЗМҰ алаңында Индонезия Сыртқы істер министрінің орынбасарымен, сондай-ақ Бразилия мен Сауд Арабиясының өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті. Тараптар авторлық құқық саласындағы цифрландырудың өзекті бағыттарын, ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін және цифрлық ортада сыйақыны әділ бөлуге қатысты халықаралық тетіктер әзірлеу жөніндегі Индонезия ұсынған бастаманы талқылады.ДЗМҰ басшылығымен келіссөздер жүргізіліп, ДЗМҰ Бас директорының орынбасары Сильви Форбенмен өткен кездесуде Қазақстанның құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарын цифрландыру бағытындағы тәжірибесі ұсынылды. Форбен ханым елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың өзектілігін атап, жобаның әрі қарай жалғасуына қызығушылық білдірді. Ол бастаманың жаңашылдығын және оның халықаралық кәсіби орта үшін ерекше маңызды екенін баса айтты.Сонымен қатар өтпелі экономикасы бар елдер департаментінің директоры Хабип Асан, Application Incubator директоры Гленн Макстравик және авторлық құқық бойынша аға сарапшы Мишель Алиенмен бірқатар жұмыс кездесулері ұйымдастырылды. Кездесулер барысында ынтымақтастықтың өзекті бағыттары мен ДЗМҰ-ның технологиялық бастамалары, соның ішінде жасанды интеллектті пайдалану және тауар белгілерін сараптаудағы заманауи тәсілдер қарастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1123737?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н. А. Сақтағановтың Алтай ауданының тұрғындарымен кездесуі 11.12.2025
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Сақтағанов Н.А. жұмыс сапары аясында Алтай ауданына барды. Сапар барысында ол өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып, жергілікті активпен кездесу өткізді және бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сапар қорытындысы бойынша уәкілетті қызметтерге тиісті тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-parygin/press/news/details/1123738?lang=kk
Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата - аналар жұртшылығымен Онлайн-кездесу 11.12.2025
2025 жылғы 10 желтоқсанда Осакаров ауданының білім бөлімі инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата - аналар жұртшылығымен кезекті онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге 25-тен астам ата-ана қатысты. Кездесу барысында бүгінгі күннің өзекті мәселелері, атап айтқанда: «Қосымша білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді іске асыру туралы» мәселелер қаралды. Барлық сұрақтарға толық және ашық жауаптар берілді. Қорытындысында ауданның ата-аналар жұртшылығы берілген ақпарат үшін алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1123702?lang=kk
2026 жылғы Салық кодексіндегі жаңашылдықтарды азаматтар мен кәсіпкерлерге түсіндіру 11.12.2025
Көксу ауданы бойынша МКБ-де ашық есік күні өтті. Іс-шара аясында тұрғындар мен кәсіпкерлерге арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылып, басқарма мамандары 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі бағыттары мен ерекшеліктері туралы жан-жақты түсіндірді.Кездесу барысында қосылған құн салығы, корпоративтік және жеке табыс салығына қатысты негізгі өзгерістерге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қатысушыларға салықтық әкімшілендіруді жеңілдету шаралары, шағын және орта бизнес субъектілері үшін жаңа мүмкіндіктер, әкімшілік жүктемені азайту және салықтық рәсімдердің ашықтығын арттыру жөнінде ақпарат ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1123703?lang=kk